Инфоурок Другое Другие методич. материалыДоклад на тему "Салт - Дәстүр – Асыл қазына"

Доклад на тему "Салт - Дәстүр – Асыл қазына"

Скачать материал

Салт - Дәстүр Асыл қазына

Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет - ғұрыптың тәрбиелік мәнін ұғындыру, баланың бойына адамгершілік қасиетін қалыптастыру, халық өнегесін үйрету, ата – аналармен тығыз байланыс жасау арқылы ортақ тәрбиеге жұмылдыру.

  1. Ата салтым асыл мұрам ардағым,

Бабалардың жалғастырар арманын

Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,

Өткенімді бүгінменен жалғады.

  1. Қазағымның салт-дәстүрі жаңғырған,

Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.

Салт-дәстүрді ардақтайық, ағайын.

Қазақ атты үлкен, кіші, балдырған.

Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де,

Үлкен, кіші, жасымыз, кәріміз де.



  1. Өнерлі халық – өмірмен халық, қазақтың әдет ғұрпына, салт-дәстүріне бағытталған. «Салт дәстүр асыл қазына»

Қазақ халқының салт-дәстүрі: отбасы, тұрмыс дәстүрі, еңбек дәстүрі, наурыз дәстүрі, ислам тағылымы, отау көрсету дәстүрі, тәрбие дәстүрі, қаза ғұрпы.

Әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс – тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптар тұғырының негізі салт ретінде қалыптасқан.

Шілдехана – Жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын ойын-сауық той.

Кіндіккесер – Нәресте туған сәтте оның кіндігін кесетін әйелдер (кіндік шешесі) дайын тұрады. Кіндік кесу мәртебелі, абыройлы іс.

Бесікке салу Жаңа туған баланы бесікке салу. Бесік – қасиетті, киелі құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі.

Қырқынан шығу – Баланың туғанына қырық күн толған соң оны ыдысқа қырық қасық су қүйып шомылдырады. Ол сәбидің жан-жүйесінің қалыптасып дені сау болып өсуіне деген ақ тілектен шыққан.

Тұсаукесер – сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып. Қазақтың өмір салты, өнер салты қолдану мен дәріптеуді ғұрып дейміз.

Қазақ халқында қалыптасқан ғұрыптар

Ат қою ғұрпы – Қазақ халқы жаңа туған сәбиге жақсы есімдер мен әйгілі адамдардың атын қойған. Сонымен бірге бала есімін беделді адамдарға қойғызады.

Айдар ғұрып – Балалардың төбе шашын ұзартып өсіріп, моншақ араластырып өсіріп қояды. Бұл ғұрып ер балаға жасалады. Сәбилер шаш орнына тұлым кекіл қояды.

Кекіл ғұрып – Жас балалардың шашын ұстарамен алып тастайды да, маңдайына бір шөкім шаша қалдырып, оның жиегін тегістеп қиып қояды.

Дәстүр – Халықтан атадан-балаға көшіп, жалғасып және дамып отырған тарихи әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық, кәсіптік, салт-сана, әдет-ғұрып, мінез –құлық, тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекеттер көрінісі.

Тыштырма дәстүр – сәбиді бесікке салар кезде бесіктің түбесі тұратын тесіктен құрт, ірімшік, тәттілер өткізіп «Тыштыма, тышпады ма» деп ырым жасайды және оны «Тыштырма» деп айтады. Тыштырманы әйелдер ырым етіп бөлісіп, бала-шағаларына үлестіріп береді.

Базарлық дәстүр – алыс сапарға шыққан адамдардың жақындарына (жерлес, көрші көлем, жас балаларға) әкелген сыйлығы.

Байғазы дәстүр – балалардың, жастардың жаңа киімі, заты үшін берілетін ақшалай, заттай сый.

Тілашар – баласы жеті жасқа толған соң балаға жаңа киім кигізіп оқу – жабдықтарын дайындап, шағын той өткізеді. Мұны тілашар тойы деп атайды.

Жеті ата дәстүрі – халқымыз кейінгі ұрпаққа жеті атасын білуді міндеттеген.

Астау дәстүрі – ет желініп болған соң төрде отырған ақсақал табақта қалған етті жас балалар мен жігіттерге асатады.

Жеті жұт – құрғақшылық, мал жұтау, оба (індет) өрт, соғыс, жер сілкіну, сел тасқын.

Жеті қазына – Ер жігіт, сұлу әйел, ілім-білім, жүйрік ат, құмай тазы, қыран бүркіт, берең мылтық.

Жеті атаны атаңыз: әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат.

Жеті жетімге нелер жатады:

Тыңдаусыз қалған сөз жетім,

Қиюсыз қалған боз жетім

Иесіз қалған жер жетім

Басшысы жоқ ел жетім

Аққу қазсыз көл жетім.

Елінен айрылған ер жетім

Замандасы қалмаса

Бәрінен де сол жетім.



Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Доклад на тему "Салт - Дәстүр – Асыл қазына""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Педагог-психолог

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 974 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.03.2016 1582
    • DOCX 18.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Коштаев Ербол Кабдыкалыкович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Коштаев Ербол Кабдыкалыкович
    Коштаев Ербол Кабдыкалыкович
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5352
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой