Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Информатика / Другие методич. материалы / Доклад на тему "Шағын жинақталған мектепте информатика пәні мұғалімінің ролі"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Информатика

Доклад на тему "Шағын жинақталған мектепте информатика пәні мұғалімінің ролі"

библиотека
материалов

Шығыс Қазақстан облысы,

Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылы,

«М.Ломоносов атындағы орта мектеп» КММ

Информатика пәнінің мұғалімі,

Садвакасова Зульфия Мадениетовна


Шағын жинақты мектептерде информатика пәні мұғалімінің ролі


Шағын жинақты мектеп – бұл біріктірілген сынып-комплект пен оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар шағын контингентті білім алушылардан тұратын жалпы білім беретін мектеп.
Қазіргі таңда шағын жинақталған мектептер біріктірілген сынып-комплектілерімен, сынып-комплектілерімен және толық емес сыныппен жұмыс жасайды.Республикалық статистикалық деректер бойынша ауылдық жерлерде 6032 жалпы білім беретін мектеп бар.
Оның 4139-ы ШЖМ. Бұл барлық санның 68,6 %-ы. Соның бірі Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылында орналасқан «М.Ломоносов атындағы орта мектеп» КММ-і де ШЖМ қатарында. Басқа ШЖМ сияқты бұл мектепте де оқушы санының аздығымен, сыныптарды біріктірумен, мұғалімдердің көп пәннен сабақ беруімен сипатталады. Барлығы мектепте 17 сынып комплектісі, 245 оқушы білім алады.

ШЖМ-де білім сапасы көбінесе сыныптардың дұрыс жинақталуымен анықталады. Екі сыныпты бір сынып-комплектіге жинақтағанда оқушылар саны 15 адамнан аспау керек. Бірінші сынып оқушыларын, сондай-ақ мектепалды даярлық сыныптарын сынып-комплект құрамына қоспаған жөн. Бұл кезеңде баланың психофизикалық денсаулығына және мінез-құлқына ықпалын тигізетін, психикалық қобалжуын күшейтетін жаңа жағдайға бейімделуі жүріп жатады. Контингенттің жетіспеушілігіне қарамастан 9-сынып оқушыларын бітірушілер ретінде басқа сыныптармен қосуға болмайды, себебі бұл оқушылар санатының соңғы емтихандарға дайындалуы үшін ерекше көңіл бөлуді қажет етеді.

Жоғары сыныптарды (10-11) біріктіруге жол берілмейді, яғни қорытынды аттестаттауға және бейінді оқыту кезінде білім беру мазмұнының вариативтілігіне байланысты негізделген.Егер бірінші сынып оқушыларының саны 3 адам болса, сабақ жеке режимде жүргізіледі. Осы көрсетілген ережелерді ескере отырып, біздің мектепте де сыныптарды жинақтау жұмыстар жүргізілген. Соның 1-4 сыныптар аралығында бір сыныпта (2,3,4 сынып) 4 оқушы, 5-9 сыныптар аралығында бір сыныпта (6,7 сынып) 4 оқушы ШЖМ жағдайында оқытылады. Жас ерекшелігі әртүрлі жастағы әр оқушыны жекелеп оқыту және оның даму динамикасын қадағалап, арнайы мектеп психологымен жасалған психодиогностикалық талдаудың қорытындысын есепке ала отырып, сыныптар біріктіріледі.
Соңғы 15 жылда ШЖМ-ның саны күрт өсті. Әр төртінші мұғалім ШЖМ жағдайында жұмыс істесе және әр алтыншы қазақстандық оқушы ШЖМ жағдайында оқиды. Қазіргі кезде ШЖМ-де қызмет ететін мектеп педагогтары үшін қызметін реттейтін жетілген нормативтік-құқықтық база, арнайы оқу жоспары, білім беру процесін ұйымдастыру құралдары мен әдістемелік құралдары қажет болып отыр.Қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологияның жетілген заманында ШЖМ информатика пәні мұғалімінің ролі зор. Информатика пән мұғалімі өз сабақтарында бір сабақта бірнеше сынып тақырыптарына толық дайындықпен келіп, оқушының ақпараттық – комуникациялық технологияларды тиімді пайдалануға, толық меңгере алуына жағдай жасау керек. ШЖМ информатика пәнін оқыту пән мұғаліміне үлкен шеберлікті қажет етеді. Бұл жерде мектебіміздің биылғы оқу жылының даму бағдарламасына енгізілген «Кембридж» тәсілдерін пайдалану, сабақ барысына енгізу пән мұғаліміне өте қажет және тиімді. Биылғы 2014-2015 оқу жылында мектептің даму бағдарламасын орындау мақсатында жаратылыстану-математика пәндер бірлестігінің әдістемелік онкүндіктің орнына әдістемелік айлық жоспарға енгізіліп, бірлестіктің әр пән мұғалімі тізбектелген 4 «Lesson stydu» зерттеу ашық сабақтарын жоспар бойынша өткізді. Көбінесе тізбектелген зерттеу сабақтарын әртүрлі жас ерекшеліктердегі сынып-кешендегі отырған оқушыларға өте тиімді, білім сапасын көтеруге зор ықпалын тигізеді. Интербелсенді әдістер бір сабақта бірнеше сыныптар мен уақытты тиімді пайдаланып жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Жалпы информатика пәнінде сабақ барысы 50% -теориялық, 50%-практика берілген. Информатика пәнінің мұғалімі оқушының жеке ерекшеліктері мен қабілеттері ескере отырып, оқыту мен тәрбиелеу технологияларын таңдап, тиімді пайдалану керек. М.Ломоносов атындағы орта мектебінде 3 сыныпта кең жолақты Интернетке қосылған, 1 информатика кабинеті, 1 жабдықталған физика кабинеті, 1 жабдықталған химия кабинеті және 1 жабдықталған мультимедиялық кабинеті жұмыс істейді. Мектепте сымсыз WI-FI желісі жұмыс істейді. Бұл оқушылардың Интернет желісін кеңінен пайдалануға мүмкіндік береді. Көптеген ШЖМ –дің кең жолақты Интернетке 10,3% қосылған, 44% -ы интерактивті жабдықтармен жарақтандырылған, 1130 физика, 1410 химия, 1576 биология, 85 информатика кабинеті жоқ.
Сапалы білім алу мен табысты әлеуметтенуге бірдей қол жеткізу үшін ШЖМ- ге білікті мамандарды арнайы жоғарғы оқу орындарында дайындау және білікті арттыру институттарында 5 жылда 1 рет арнайы курстар ұйымдастырылып, пән мұғалімдері сертификатталып отыру қажет.

Информатика пәні бойынша сапалы білімге қол жеткізу үшін білім алушының қажеттілігін қанағаттандыруға ықпал ететін білім берудің дамытушылық және шығармашылық, сипаты басым болу керек. Ол әрине пән мұғалімінің білім беруде жаңашылдықты енгізуіне байланысты.
Білім стандарты бойынша информатика пәні аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат оқытылады. ШЖМ бұл сағат саны өте аз, сол себепті жас ерекшеліктері әртүрлі жастағыларды біріктірілген сынып-кешендерде оқыту негізінде вариативтік және оқушылық компонент сағаттарынан міндетті ретінде арнайы әр сыныпта 1 сағат санын бөліну қажеттілігі туындайды.
Информатика пәнінің мұғалімі өзінің қолданатын педагогикалық технологиясын, жас ерекшеліктерін ескере отырып оқытуды, сын тұрғысынан ойлауды, оқытудың жеке, ұжымдық тәсілдерін, топтық-үдемелі, модульдік, жобалық оқытуды, ақпараттық-коммуникациялық оқытуды және оқытудың басқа да технологияларын пайдаланған орынды. Технологияландыру тиімді пайдалану арқылы пән мұғалімі нәтижеге толық қол жеткізе алады.

Бірлестіктің әдістемелік айлықта информатика пәнінен өткізілген тізбектелген сабақтардағы қолданылған СТО, интербелсенді, АКТ, т.б әдіс –тәсілдер сынып – комплектілерінде оқитын оқушылардың білім сапасының жоғарлағаны көрінді. 6-7 сыныбында барлығы 4 оқушы, 6 сыныпта – 1 оқушы, 7 сыныбында – 3 оқушы, оқыту тілі орысша. 6 сыныптағы информатика пәнінен 100% білім сапасын көрсетсе, 7 сыныпта білім сапасы – 70% білім сапасын көрсетіп отыр. Бұл сыпытағы оқушылар білім стандарты бойынша бағдарламаны толық меңгеріп, оқушылардың білім – білік дағдылары қалыптасқан.

ШЖМ әрбір білім алушының сапалы білім алудағы конституциялық құқығын іске асыруына жағдай жасау информатика пәнін оқытуда пән мұғалімінің ролі зор және пән мұғалімі өзінің кәсіби білімін үздіксіз жетілдіріп отыру қажет.















Қолданылған әдебиеттер:


  • Қазақстан Республикасында Шағын жинақталған мектептерді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы. Астана, 2010 жыл.

  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім беру стандарты, Астана, 2012 жыл
























«М.Ломоносов атындағы орта мектеп»КММ









Шағын жинақты мектептерде

информатика пәні мұғалімінің ролі



Садвакасова Зульфия Мадениетовна- информатика пәнінің мұғалімі












Мамай батыр ауылы

2014 жыл


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 11.01.2016
Раздел Информатика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров176
Номер материала ДВ-325945
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх