337948
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 6.900 руб.;
- курсы повышения квалификации от 1.500 руб.
Престижные документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ 50%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО сейчас!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок")

ИнфоурокГеографияДругие методич. материалыДоклад на тему Сын тұрғысынан ойлау – шығармашылық ойлау

Доклад на тему Сын тұрғысынан ойлау – шығармашылық ойлау

библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.

Сын тұрғысынан ойлау – шығармашылық ойлау


Бүгінгі жас ұрпақтың жаңаша ойлауына, олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуына, әлемдік сапа деңгейдегі білім, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру-жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселенің бірі. Бұрынғы қолданылған оқыту әдістерінде мұғалім басты орынды алып, оқушы тек тыңдаушы ғана болса, қазіргі сын тұрғысынан шыңдалған ойлаудың арқасында оқушы білім негіздерімен толығып, болашақты ойлауға құлшыныс алады. Бұл бағытта білім берудің әртүрлі нұсқаудағы мазмұны, құрылым, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әр түрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор. Бүгінде білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалды, адамгершілік, рухани азаматтық және басқа да көптеген адами қабілетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үлгісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Қазіргі уақытта заман талабына сай білім берудің дамуы бағыты мен тенденцияларын қамтитын 50-ден астам педагогикалық технология қолданылып жүр. Болашақта өркениетті елдердің жоғары технологиясын меңгеру дүниежүзілік білім кеңістігіне шығу, бүгінгі мектептің басты мақсаты деуге болады. Демек, қазіргі кезде оқытудың күн тәртібінде «Шәкірттерді қалай үйрету керек?» яғни, оқыту мазмұны мен әдістемесі болу керек деген сұрақтар тұр.

Озық ойлы ұстаздардың дені дәстүрлі оқытудың негізін құрайтын репродуктивтік үрдістен бас тартуда. Білім дегеніміз ойда сақталған мәлімет емес екендігіне баршаның көзі жеткен сияқты. Шындығында да «білім-ақпарат» формуласы бойынша оқыту әлдеқашан ескірген.

Ал оқытудың жаңашыл жобаларының философиясы бойынша ақпараттың барлық жиынтығын оқып білу адам мүмкіншілігінен тыс жатыр және де оқыту мен танымның басты мазмұны ақпаратты игеруде емес. Сондықтан да оқыту процесінде басты салмақ оқытушыдан оқушыға ауыстырылуы тиіс. Үйрету мүмкін емес, тек үйренуге болады деген өз ойымды, шығыс даналығында айтылатын «Маған айтсаң ұмытып қаламын, көрсетсең есімде қалар, ал істеуін көрсетіп берші, үйреніп аламын» яғни, бұл баланың ынтасын жетелеу арқылы оқыту, үйрету қажет деген сөзбен тұжырымдағым келеді. Сөйтіп, оқыту мен үйрету процесінің негізін белсенді іс-әрекеттер құрауы керек, оқушы тарапынан тек белсенді түрде меңгерілген білім ғана маңызды әрі тиімді.

Қазіргі кезде ортамызда орын алып жатқан оқытудың жаңашыл жобалары осындай философиялық негізді басшылыққа алған. Солардың бірі Қазақстанда 1997 жылдан бастап етек жая бастаған «Сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту» жобасы, (RWCT жобасы). Оқушылардың ойлау, қабылдау қабілетін аңғаруға топтық жұмыс өте тиімді, яғни сабақты деңгейлеп оқыту арқылы іске асыру және оқушыға тиянақты білім беру, оның сабаққа деген қызығушылығын арттыру, ізденгіштігін, байқампаздығын дамытып, жеке тұлға болып дамудың биіктігіне шығуына әкелер жолдың бірі- осы бағдарлама деген болар едім.

«Сын тұрғысынан ойлау-ең алдымен шығармашылық ойлау. Шығармашылық ойлау нәтижесінде жаңалық ашылады, тұлғаның дамуы жеделдейді»-деп Л.С.Выготский айтып өткендей, бұл бағдарлама арқылы оқушы өзіне керекті, өз өміріне жарата алатын ақпартты таңдай біліп, оны өздігінше игеруге көмек болатын әмбебап тәсілдерді үйренеді. Ендеше, бұл бағдарламаның сабақ құрылымына тоқталатын болсақ, мынадай сатылардан тұрады:

Қызығушылықты ояту сатысы

Бұл сатыны, сондай-ақ уәждендіру-оқушыларды қалай қызықтыру керек деген сұраққа жауап деп қарауға болады:

* оқушы өміріндегі контекске қатысы бар, шын мәніндегі мәселені ұсыну және оқыту мақсатын бірлесіп дайындау;

* оқушының бұрынғы тәжірибесімен байланыс орнату;

* жаңа идеяны түсінуге платформа дайындау.

Мағынаны тани білу сатысы

Оқушының білімін қалыптастыру деңгейінде, оны зерттеу, талдау, жауап табу үшін жеткілікті материал болу керек, ол үшін:

  • материалды меңгеру;

  • белгілі және жаңа білімді бөлу;

  • сұрақ қою;

  • барлық мүмкін байланыстарды өткізу.

Ой толғаныс сатысы

Жаңа алынған білімді айқындайтын және ұштайтын деңгейде оқушыда шешім қабылдай алатын мүмкіндік болуы керек:

  • оқығанын өзіндік ойлау тұрғысынан көрсете білу;

  • өз сұрақтарын қою және оған жауаптар табу;

  • болжам жасай білу және олардың дұрыстығын тестілеу;

  • жаңадан пайда болған жағдайларды тез түсінуде осы білімді қолдану.

Білім берудің сапасын жақсарту мақсатында СТО бағдарламасын мен өз сабақтарымда пайдаланып жүрмін. Сын тұрғысынан ойлау әдістерінің мені қызықтыратыны баланың өзі ізденіп, ойын дәлелдеуі. Бұл бағдарлама жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда, оқушылардың білім деңгейін көтеруде, балаларды шығармашылыққа баулуға, ойларын еркін айтуға, тез арада дұрыс шешімдер табуға ат салысатын бірден-бір тиімді бағдарлама деп есептеймін. Мұғалім оқушыны жан-жақты зерттей отырып, өз сабақтарын соған сай өзгертіп отыруы тиіс. Өзімнің 10 cыныпта география пәнінен өткен «Көлік және байланыс» атты ашық сабағымда осы бағдарламаның «Жигсо-2»(аквариум), «Ой шақыру», «Топтастыру», т.б. әдістерін сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілділігіне қарай лайықты пайдалана отырып, оқушылардың тереңде жатқан ойын дамытып, еркін жұмыс істеуіне жағдай жасадым. Сабақ барысында байқағаным оқушылар өздерінің ойларын еркін айтып, пікірлерін дәлелдей білді. Сонымен қатар сабақта сурет салып, салған суреттері бойынша әңгімеледі. Сабақ нәтижелі болу үшін балаларды қызықтыру керек. Сонда ғана оқушылар әрдайым ізденіс үстінде болады. Мәселені алдымен жұптап, содан соң ұжым арасында талқылап отыру қажет. Бұл жағдайда әрбір бала өзін жауапты сезініп, оқуға деген белсенділігі, қызығушылығы, жауапкершілігі артады. Нәтижесінде мұғалім мен оқушының біріккен жұмысында байланыс пайда болып, әрқайсысы өзінше деңгейге жетеді.

Бүгінгі таңда мұғалім қандай болуы керек, оның кәсіби біліктілігі қандай жолдармен көрінеді? Мұғалім ең алдымен, бала жанының тамыршысы болуы керек. Бала жүрегінің перделерін дәл тауып, оны айта білу оңайлықпен келмейді. Бұл ұстаздың өз мамандығына деген сенімділігінен, бейімділігінен, айқын мақсатынан және бала жүрегіне жол таба білуінен көрінеді. Осы үшеуі мұғалім мейірімділігімен ұштасқанда нағыз тамыршы бола алады. Оқыту деген ынта, барды асқан мейірімділікпен жеткізе білу ұстаз шеберлігінің бір қыры.

Өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, ұлттық қасиеттеріміздің асылдарын асқақтата отырып, шәкірттеріне нұр құятын ұстазды ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге болады. Бұл лайықты тұлғаға жету үшін үнемі ізденісте жүру қажет деп ойлаймын.



Общая информация

Номер материала: ДВ-089775

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Содержание и технологии школьного географического образования в условиях реализации ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «География: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс профессиональной переподготовки «Управление персоналом и оформление трудовых отношений»
Курс повышения квалификации «Методические аспекты реализации элективного курса «Основы геополитики» профильного обучения в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Основы местного самоуправления и муниципальной службы»
Курс повышения квалификации «Введение в сетевые технологии»
Курс повышения квалификации «Организация практики студентов в соответствии с требованиями ФГОС педагогических направлений подготовки»
Курс повышения квалификации «Управление финансами: как уйти от банкротства»
Курс повышения квалификации «Этика делового общения»
Курс повышения квалификации «Организация практики студентов в соответствии с требованиями ФГОС медицинских направлений подготовки»
Курс повышения квалификации «Формирование первичных компетенций использования территориального подхода как основы географического мышления с учетом ФГОС»
Курс повышения квалификации «Страхование и актуарные расчеты»
Курс повышения квалификации «Организация проектно-исследовательской деятельности в ходе изучения географии в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Педагогика и методика преподавания географии в условиях реализации ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Технический контроль и техническая подготовка сварочного процесса»

Благодарность за вклад в развитие крупнейшей онлайн-библиотеки методических разработок для учителей

Опубликуйте минимум 3 материала, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную благодарность

Сертификат о создании сайта

Добавьте минимум пять материалов, чтобы получить сертификат о создании сайта

Грамота за использование ИКТ в работе педагога

Опубликуйте минимум 10 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Свидетельство о представлении обобщённого педагогического опыта на Всероссийском уровне

Опубликуйте минимум 15 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данное cвидетельство

Грамота за высокий профессионализм, проявленный в процессе создания и развития собственного учительского сайта в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 20 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Грамота за активное участие в работе над повышением качества образования совместно с проектом "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 25 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Почётная грамота за научно-просветительскую и образовательную деятельность в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 40 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную почётную грамоту

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.