Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Доклад на тему СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Другое

Доклад на тему СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ

библиотека
материалов

СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ

ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ


Игильманова Актоты Нурбергеновна

«№26 орта мектебі» ММ

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Ақтөбе қаласы



Оқушы оқу үдерісіне белсенді қатысқанда ғана материалды терең меңгеруге қол жеткізеді. Басқаша айтсақ, жеке бағдарланған оқыту шеңберінде, оқушылардың сыныпқа келген кездегі бастапқы сенімдерін, білімін және өзіндік ойын негізге ала отырып, өз пайымдауын жасауға қабілетті екенін мұғалім түсінеді. Егер оқу үдерісі оқушы мен оқу материалын қосатын «көпірді салуға» негізделсе, онда осы үдерісті үйлестіретін мұғалімдер көпірдің екі жағын да қадағалай білуі тиіс. Мұғалімдер оқушылардың не білетінін және нені жасай алатынын, сондай-ақ олардың қызығушылықтарын, әр оқушының нені жақсы көретінін және не істегісі келетінін түсінуге тырысады.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Сыни тұрғыдан ойлау –бақылаудың, тәжірибенің , ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға,талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, шешім қабылдауға,ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға,басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді. Сыни тұрғыдан ойлау ойландыратын сұрақтарға жауап алу дейтін болсақ, сұрақ –сыни ойлаудың кілті. Мұғалім ең алдымен оқушыға өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыруына көмектесу керек. Қазіргі біздің қоғамға жаңа мағлұматтарды қабылдап қана қоймай, оны сын тұрғысынан ойлай отырып, ой елегінен өткізе білетін оқушылар керек. Заман талабына сай оқушылар осы мағлұматтар мен идеяларды өз беттерімен тәуелсіз меңгеріп қажеттеріне жарата білулері керек.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту мәселесі әлемнің түкпір- түкпірінен жиналған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Бұл тәжірибені жүйеге келтірген АҚШ ғалымдары Джинни Стилл, Куртис Мередит, Чарльз Темпл. Оқушылар алған білімінің негізінде:

  • түсінікпен қарауға үйренеді;

  • өз ойын топ алдында ашық айта алуға, қорғай білуге үйретеді;

  • Керек кезде өз көзқарасын дұрыс өзгерте білуге үйретеді;

ең бастысы- оқу мотивациясы өзгереді, өз бетінше ізденуге ұмтылдырады;

сабаққа қызығушылығы артып, балалардың белсенділігі өте жоғары болады.

Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету мақсатында осы мозайка әдісін әдейі алдым. Өйткені, суретті құрастыру - ой еңбегінің жемісі. Бұл бірақ оқушылар үшін қиынға соққан жоқ. Наурыз мейрамы туралы видео ролик көрсеттім де, оқушылардан: «Не туралы? Тақырыбы не деп ойлайсыңдар?» - деп ой тастадым. Сол арқылы оқушылар сабақтың тақырыбын өздері ашты. Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты әр түрлі техникаларын пайдалануға болады. Түрткі болуға арналған сұрақтар бірінші жауап алу үшін және оқушының жауабын түзетуге көмектесу үшін қажет, айталық, сұрақты қарапайым етіп қою, өткен материалға оралу, ойға салу, дұрысын қабылдау және толығырақ жауап беруге итермелеу.

Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты әр түрлі техникаларын пайдалануға болады. Түрткі болуға арналған сұрақтар бірінші жауап алу үшін және оқушының жауабын түзетуге көмектесу үшін қажет, айталық,сұрақты қарапайым етіп қою, өткен материалға оралу, ойға салу, дұрысын қабылдау және толығырақ жауап беруге итермелеу.

Тақырыпты мағынасын ескере отырып, азат жолдар бойынша бірнеше бөліктерге бөліп, әр топта талдату арқылы уақытты үнемдеуге болады. Әр топтың міндеті әр түрлі болғандықтан тапсырма оқушылардың қызығушылығын тудырды. Басым көпшілігі белсенді болып, өздерінің пікірлерін ұсынып, сұрақтарға жауап беруге белсене қатысады.

Жұптық жұмыс өзіне сенімі аздау балаларға жұмысқа қатысуға септігін тигізеді. Бұл стратегия балаларға әр түрлі жағдайда пікірталас кезінде әңгімеде өздерінің пікірлерін жеткізуге көмектесті. Кейбір оқушылардың айтқандары мені таңғалдырды. Мысалы, «тыныш оқушы» ашыла бастайды. Әр топқа бөлініп берілген проблемалар, оларды шешу үдерісі оқушылардың белсенділігін тудырумен қатар, уақытпен есептесу қажеттігін ұғындырып, өзін-өзі реттеуге әсер етеді. Жекелеген оқушылар қазақ тілінде жеткізе алмаған жерін орысша айтып қалып, өз ойын қалайда жеткізуге тырысып бағады.

Әдеттегі жұптық талқылаусыз бақылаумен салыстырғанда, жауаптардың түрлерінде, деңгейлерінде үлкен айырмашылық болады. Бір-бірінің пікірін, ойын толықтыру арқылы оқушыларға бір-бірін оқытуға мүмкіндік беріледі. Соның негізінде балалардың басқа оқушылардың жауаптарын тыңдауы - өздерінің ойларын қалыптастыруына көмектесті.

Сұрақтар оқушыларға анағұрлым толық жауап беруге, өз ойларын анық білдіруге, өз идеяларын дамытуға көмектесетіндей етіп құрылуы қажет, сондай-ақ «Сіз мысал келтіре аласыз ба?» деген сияқты сұрақтар тапсырманы орындау барысында оқушыға бағдар беріп отырады.

Кейде тақырыптың маңызын анықтауда мағынаны күшейту үшін және оны басқалардың да естуі үшін кей жауапты сөзбе-сөз қайталадым.

Балалардың ойлауын жоғарырақ деңгейде дамыту мақсатында сұрақ қоюға қатысты менің көзқарасым: алдын ала белгілі жауапты табуға арналған сұрақтардан гөрі сабақта көп жағдайда оқушылардың барынша ойластырылған әрі терең жауап беретіндей сұрақтарға басты назар аудару керек. Әрине, кей жағдайда есте сақтауға арналған тест сұрақтарын қайталауда жабық сұрақтар орынды. Дегенмен оқушылардың бар назарын осындай төмен дәрежелі сұрақтардың жауабын табуға аударсақ, біз оқушылардың ақпаратты игеру үдерісін бақылаудан шығарып аламыз. Оқушылар қысқа ғана жауап беруге дағдыланып алады.

Мұғалімдер бастапқыда қоятын сұрақтар ғана емес, оқушылардың жауаптарымен мұқият танысқаннан кейін туындайтын сұрақтардың да маңызы зор. Диалогтік әңгімеде мұғалім сұрақтары мен оларға берілген жауаптар, сонымен қатар оқушылардың да сұрақтары маңызды. Мәселен, аталған тақырыпты талдаған кезде оқушылар жекелеген сөздердің аудармасын сұрап отырды. Өйткені, кейбір сөздердің аудармасы оқулықта берілмеген болатын.

Оқушылар жауап ретінде тірек сызба құрып, соның негізінде анықталған сабақ тақырыбын дәптерге жазып, сабақтың мақсат-міндеттерін атай алды. Мәтінмен жұмыс жасау кезінде «Қандай жаңа ұғымдар кездесті?» сұрағы арқылы оқушылардың маңызды мәселеге назар аударуына бағыт беріп, оқушылар анықтаған жаңа ұғымдармен сөздік жұмысын жүргіздім.

Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізу үшін төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтарды да қолдандым. Неғұрлым жоғары дәрежелі сұрақтар қойылғанда, оқушылар ақпаратты белгілі бір жолдармен қолдануға, қайта құруға, кеңейтуге, бағалауға және талдауға ұмтылды.

Қазақ тілі сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында түрлі іс-шаралар арқасында оқушылардың бойынан іскерлік пен дағдыларды қалыптастыруға болатынын байқадым. Әркім өзінің жеке ойымен, өмірге көзқарасымен және ойлау қабілетімен ерекшеленеді. Мәселенің дұрыс шешімін тауып, ойын жеткізе біледі. Оқушылардың қазақ тіліне қызығушылығын арттыру үшін әдіс-тәсілдерді түрліше пайдаланамын. Өзара диалогқа түсу арқылы оқушылар еркін ойлай алды; жан-жақты ізденді; тіл байлығы жетілді; топтық жұмыс жасауға үйренді; шығармашылық белсенділігі артты; ақыл-ойы дамыды. Заман ағымы бізден кәсіби шеберлікті, қоғам дамуына сын көзбен қарай отырып, өзіміздің іс-әрекетімізде өткенді жаңамен байланыстыруды немесе жаңадан жаңаны таба білуді талап етіп отыр. Сондықтан күнделікті сабақта оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді қолдану - үлкен жетістік.

Қорыта келе айтарым, дәріс беруде жаңа технологиялар арқылы оқыту модулін қоса отырып, қазіргі заман талабына сай бәсекеге қабілетті, кез-келген жағдайда өз ойын еркін жеткізе білетін, әсершіл, әркез шешім қабылдауға бейім ұрпақ тәрбиелеуге ат салыса алатынымды сезіндім. Сонымен бірге, сұрақ-жауаптың нәтижесінде қазақ тілін жетік білетін оқушы даярлай алатынымды да байқадым.


Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық, 2012 ж.

  2. Қазақ тілі мен әдебиеті, 2009

  3. Қазақ тілі әдістемесі. №9-10, №11-12. 2010 жыл. Алматы қ. 

  4. «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» . Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2010 жыл.

Автор
Дата добавления 13.05.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров318
Номер материала ДБ-079752
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх