Инфоурок Физика Другие методич. материалыДоклад на тему "Су - тіршілік көзі"

Доклад на тему "Су - тіршілік көзі"

Скачать материал

Выберите документ из архива для просмотра:

Выбранный для просмотра документ Су т_рш_л_к к?з_.docx

hello_html_m34b09c1.png Оңтүстік Қазақстан облысы,

Ордабасы ауданы

18 колледж

Физика пәнінің оқытушысы Құлжан Сәлімбек Балханұлы


Су – тіршілік көзі.


Екі ғана әріптен құралған осынау мөлдір сұйықтықта тіршіліктің көзі жатыр. Бірақ күнделікті тұрмыстың ажырамас бөлігіне айналған су туралы біріміз білсек, біріміз біле бермейміз.      

Су – 11,11% сутегі мен 88,89% оттегінің химиялық қосылысы.  Жер гидросферасының  жалпы көлемі шамамен 1800 млн км3, судың дені — 1370 млн км3 дүниежүзілік мұхиттың  үлесінде, шамамен 13 мың км3 су бу күйінде атмосферада және 90 млн км3-ден көбірегі, яғни шамамен 2 пайызы құрлықтың тұщы суы болып табылады. Су биосферада орасан зор рөл атқарады, ол тірі заттектің маңызды құрамды бөлігі, онсыз тіршілік болмайды.

Физика пәнінің оқытушысы ретінде білім алушылармен табиғатта ең көп кездесетін және қарапайым судың қасиеттерін зерттей келе, «Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызған», қазіргі заманның соңғы жетістіктерінің бірі – интернетті қарай бастадық. Су туралы көптеген ғалымдардың зерттеулерін, ол туралы кітаптарын оқу арқылы біз білмейтін небір қызығылықты жайттарға тап болдық.

Жапондық психолог-ғалым Масару Эмото: «Су адамның психикалық энергиясын бойына сіңіре алады және оны ұзақ уақыт бойында «есіне» сақтап, тіпті басқаларға жеткізе алады. Судың бойына жинақталған таза энергия небір ауруларға ем болады» – деп жазады. Үндістандық ғалым Ранжит Моханди сумен емделуге болатынын, тек оны дұрыс қолдана білудің маңызы зор екендігін жазады. Ресей ғалымы В. Савченконың «күйдіргіш натрийдің қырық пайыздық ерітіндісін сұйықтық деп есептеуге қарағанда, адамның өзін сұйықтық деп есептеудің негізі көбірек» деп мәлімдеді. Еуропа елдерінде суды бірнеше рет қолдану қалыпты жағдай болып есептеледі: алдымен көкөністерді жуып, содан кейін сол суда ыдыстарды жуады және осы суды гүлге құяды. Бізде суды үнемдеудің осындай дәстүрі қалыптаспаған.

Ғалымдардың айтуынша расында да судың қасиеті өте мол. Мәселен су дене температурасын тұрақтандырады, азық, қалдық, оттегіні тасымалдайды, адам зейінін ашады, стресс пен депрессияны басады, ұйқыны жөнге келтіреді, көзге жанар береді, ағзада қан жасалуын реттейді, иммунитетті күшейтеді. Қанды сұйылтып, қан айналымы кезінде қоюлануының алдын алады, бүйрек және бауырдағы қалдықтарды (шлак) тазалап, дәруменнің және минералдардың таралуын қамтамасыз етеді, азық құрамындағы керекті элементтердің ағзаға сіңуін арттырады, ішектердің жұмысын реттейді, майлануын қамтамасыз етеді, кәрілікте есінен алжасудың алдын алуға көмектеседі. Су – мидың функциялары үшін күш және электрлік энергия көзі. Сонымен қатар ішіп жүрген суымыз денені жарақаттанудан қорғайтын, жасушалардың және бұлшық еттердің бірігуін қамтамасыз ететін, тері жасушаларын ылғалдандырып, сауықтыратын қасиеттерге де ие.

Жапондық ғалым Масару Эмото суды қатырып, мұз кристалдарын зерттеумен айналысқан. Оның зерттеулерінде суды жанды ағза ретінде қарастыруға болатынын, оның түрлі ақпараттарды сақтауға қабілетті екендігі анықталды. Судың әр түрлі музыканы, тіпті әр түрлі сөздерді әрқалай қабылдайтынын кейіннен қатырылған мұз кристалдары арқылы білуге болатынын байқады. Мысалы, Бетховеннің №5,6 және Моцарттың №40 симфонияларынан кейінгі мұз кристалдары өте әдемі алты бұрышты болып келсе, рок және хэви-металл стилдеріндегі музыкадан кейінгілері мағынасыз, ретсіз болып келген. Сонымен қатар, «рақмет», «махаббат және ілтипат» деген сөздерді «сен ақымақсың» деген сөзден ажырата алғанын байқады.

Бір отбасы мынадай тәжірибе жасайды. Үш ыдысқа су құйып, оған күріш салады. Отбасының барлық мүшелері бір ай бойы бірінші ыдысқа «рақмет», екінші ыдысқа «сен ақымақсың» деп айтып отырады. Ал үшінші ыдысқа ешқандай көңіл аудармайды. Бір айдан кейін бірінші ыдыстағы күріш көктеп, өскін шығып, иісі хоштана түскен. Екінші ыдыстағы күріш көгере бастаған. Үшінші ыдыстағы күріш тіпті қарайып, шіруге айналған, суы болса саси бастаған. Бұл тәжірибеден байқайтынымыз: ыдыс бір, су бір, күріш бір, тек сөз әр түрлі. Демек, сөздің суға қандай да бір әсері болады деген сөз. Ал елеусіз болу одан да қиынырақ екендігі шығады.

Жалпы ересек адамның денесінде 40-50 литр су болады. Қанның 83 пайызы, бұлшық еттердің 75 пайызы, мидың 74 пайызы, сүйектердің 22 пайызы судан тұрады. Денеде 20 пайыз су жетіспеушілігінің болуы өте қауіпті және ол өлімге дейін жетелейтін көрінеді. 

Біз өмірімізді анамыздың ішінде бастағанда ағзамыздың 99 пайызы судан тұрады. Жарық дүние есігін ашқанымызда денеміздің 90 пайызы судан тұрады. Ересек жасқа барғанымызда денеміздің 70 пайызы судан тұрса, кәрілік жетіп дүниеден өтерде ол 50 пайызды құрайды екен. Яғни бұл өмірде біздің тіршілігімізді қамтамасыз етіп отыратын су болғандықтан, суды терең зерттеу өте өзекті іс.

Сонымен бірге, бір-бірімізге жақсы сөздер, жақсы тілектер айтып отыруымыз маңызды. Ағзамыздың көп бөлігі су болғандықтан жақсы қарым-қатынас денсаулығымызға да көп әсер береді. Қазақта «Жақсы сөз – жарым ырыс», «Жақсы сөз жан семіртеді» деген сөздер бекер айтылмаса керек. Айналаңдағы адамдардан зәбір көру, жаман сөздер есіту, зорлық-зомбылық, апаттар туралы көріністер көру, мағынасыз музыкалар тыңдау арқасында ағзамыздағы судың сол ақпараттарды қабылдап, микроәлемінің структурасы бұзылып, сол арқылы қызметінің бұзылатындығын көпшілігіміз біле бермейді екенбіз. Өмірде елеусіз жүре беру де дұрыс іс емес. Елеусіз болу жаман сөздер естігеннен де зиян екен. ХХІ ғасырда елімізді одан әрі дамыта түсетін белсенді ұрпақты тәрбиелеу біздің қасиетті борышымыз екендігі даусыз. Тарихта аты қалатын жеке тұлғаларды тек тұлғалар ғана тәрбиелейді дегіміз келеді.







































Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Доклад на тему "Су - тіршілік көзі""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Кризисный психолог

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 584 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.03.2016 2122
    • RAR 192.2 кбайт
    • 15 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кулжан Салимбек Балханович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кулжан Салимбек Балханович
    Кулжан Салимбек Балханович
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 12523
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Теоретическая механика: векторная графика

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

ЕГЭ по физике: методика решения задач

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 117 человек из 45 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 117 человек

Курс профессиональной переподготовки

Физика: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель физики

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 127 человек

Мини-курс

Введение в экономическую теорию и практику

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы профессиональной деятельности эксперта в области индивидуального консультирования

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Занимательное обучение русскому языку: основы орфоэпии и тайны русской орфографии

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 34 человека