Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Другие методич. материалы / Доклад на тему "Тарих пәнін оқытудағы сын тұрғысынан оқыту технологиясының рөлі"

Доклад на тему "Тарих пәнін оқытудағы сын тұрғысынан оқыту технологиясының рөлі"

  • История

Поделитесь материалом с коллегами:

Тарих пәнін оқытудағы сын тұрғысынан оқыту технологиясының рөлі


«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» 

                   Н.Ә.Назарбаев


Қазақтың кемеңгер ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек» деген болатын.

Қазіргі таңда жас ұрпаққа ХХІ ғасыр деңгейінде жан-жақты білім беру күн тәртібінде тұрған өзекті мәселе болып отыр. Яғни жас ұрпақты тәрбиелеу мен білім беруде мұғалімдер қауымына ерекше жауапкершілік пен міндет жүктеліп отыр.Сондықтан да, қазіргі кезде Қазақстанда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру деңгейіне жетуге ат салысуда.

Қазіргі заман талабы – оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Оқытудың жаңа технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болуы мүмкін емес.

Қазақтың дара тұлғасы Ж.Аймауытов: «Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер» деген болатын.

Қоғам барған сайын күрделене түсуде.Жаңа ғасырға сай өзгеше қабілет, қасиетке ие ұрпақ қалыптасып келеді. Ал осының барлығы тікелей білім-ғылым саласына байланысты. Сондықтан білім беруді жетілдіру, ақпараттандыру,білім алушылардың танымдық,шығармашылық қабілетін арттыру, оқу дағдысын жетілдіру мәселелері көтерілуде.

Педагогикалық инновация ,жаңа педагогикалық технологияға негізделген сабақтың дәстүрлі емес типтері,жаңа ақпараттық технологияны пайдалану тірек-сигналдар технологиясы, проблеманы оқыту, интерактивті оқыту,интеграция,модульдік оқыту тағы басқа қайысын алсақ та жас жеткіншекті ,жеке тұлғаны білімімен,біліктілікпен қаруландырудың түрлі құралдары болып табылады.

Бүгінгі таңда сабақ өткізудің инновациялық технологиялары көбеюде. Инновациялық оқыту ерекшеліктері мыналарды қамтиды:

-Жеке тұлғаға бағдарланған технологияларды оңтайлы қолдану арқылы инновациялық білім берудің дамуы;

-Ғылыми мектеп негіздеріне сай кәсіби құзіретті мамандар даярлау жүйесін жасау;

-Кәсіби білім беру және инновациялық қызметті кіріктіру қабілеттілігі;

-Оқу орнының отандық және шетелдік өзекті ортамен ынтымақтастық инфрақұрылымын дамыту.

-Оқу орнында жалпы және кәсіби құзыреттілікті дамытуда бәсекелестік қалыптастыру;

-Жаңа мақсаттарға сәйкес ұйымдастыру құрылымын және басқару мен өзін - өзі басқару әдістерінм жасақтау.

Инновациялық оқытудың тиімділігі оқушылардың өз бетінше жүргізілетін жұмыс деңгейімен анықталады, өз бетінше тиімді жұмыс істеуіне қажетті тапсырманы үш түрге бөлуге болады.

1.теориялық білімді тәжірибеде қолдана білуге үйрететін тапсырмалар.

2.белгілі заттар мен құбылыстарға іс жүзінде әсер етуге дағдыландыратын тәжірибелік тапсырмалар.

3.теориялық білімді тәжірибеде шығармашылықпен қолдануға дағдыландыратын тапсырмалар.

Орыстың ұлы педагогі К.Ушинскийдің «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» демекші, біз - ұстаздар қауымы үнемі жаңалыққа жанымыз құмар болып, қандай да болмасын жаңа инновациялық технологияларды өз пәндерімізге байланысты тиімді түрде қолдана білуіміз керек.

Міне , осы орайда мен тарих пәні бойынша «сыни тұрғыдан ойлау қабілетін оқу мен жазу арқылы дамыту» бағдарламасын қолданып келемін.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л.Стил, Куртис С.Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады.
Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Біздің елімізге Джордж Соростың ашық қоғам институты, “Сорос-Қазақстан” қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады.

Сын тұрғысынан ойлау – оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама.

Бұл технологияның басты мақсаты – дамыта оқыту негізінде “Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту” бағдарламасын іске асыру, балаларға терең білім беру. Бұл бағдарлама Қазақстан қоры жанынан 1998 ж. қазан айынан бастап жүргізіліп келеді. Жаңа технология ретінде ең озық әдістерді дер кезінде игеру, іздену арқылы бала бойына дарыту, одан өнімді нәтиже шығара білу – әрбір ұстаздың басты міндеті. RWCT бағдарламасы – ағылшын тілінен аударғанда “Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу” дегенді білдіреді. Бұл бағдарлама оқытудың 60 түрлі стратегияларынан: әдістерінен тұрады. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы бойынша ол:

-шыңдалған ойлау.кез келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сыни көзбен қарау;

-күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешімдер қабылдауға құштарлық;

-үйрету мен үйрену бірлігінен, үйренудің қызығушылығынан тұратын, үйренушінің сеніміне негізделген құрылым.

Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым 3 деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді.

Енді осы кезеңдердің мақсат-міндеттеріне толығырақ тоқталып өтейік.

І Қызығушылықты ояту. Үйрену процесі – бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғату, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін “Топтау”, “Түртіп алу”, “Ойлану”, “Жұпта талқылау”, “Болжау”, “Әлемді шарлау” т.б. деген аттары бар әдістер (стратегиялар) жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру.

Өйткені, үйрену – енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет екені даусыз. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады, тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады. Ойлау мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі

Мағынаны тану (түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі INSERT. Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында V – “білемін”, ― - “мен үшін түсініксіз”, + - “мен үшін жаңа ақпарат”, ? – “мені таң қалдырады” белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну – күрделі жұмыс. Сондықтан да, оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру – аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі. Үйретушілер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға, яғни байланыстар құруға дағдыландырады.

Тақырып туралы ой-толғаныс – бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді. Бұл үйрену сатысы – ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады. Әр түрлі шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейді. Осы кезеңді тиімді етуге лайықталған “Бес жолды өлең”, “Венн диаграммасы”, “Еркін жазу”, “Семантикалық карта”, “Т кестесі” сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады.

Жоба 60-қа жуық стратегиялардан тұратындығын жоғарыда айтқан болатынмын. Солардың кейбірімен таныстыра кетпекпін. Джиксо – ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты – жалпы мәселені алдымен жұпта, сосын ұжымда талқылау. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезінеді, оқуға деген жауапкершілігі артады. Әдісті қолдану төмендегіше ұйымдастырылады. Алдымен ұжым 4 адамнан тұратын топтарға бөлінеді. Бұл “жанұя” топтар деп аталады. Содан кейін 1, 2, 3, 4-ке санау арқылы 1-лер бөлек, 2, 3, 4 өз алдына “жұмыс” тобын құрайды. Оқуға ұсынылатын материалдың тақырыбы талқыланған соң осы мәтінді түсіну қажет екендігі ескертіледі. 4 логикалық бөлікке бөлінген мәтіннің 1-бөлігін 1-лер, 2-бөлігін 2 санын алғандар, 3, 4 нөмірлі топтарға оқуға тапсырылады. Жұмысты бастамас бұрын оқушыларға “жұмыс тобында” мәтіннің тиісті бөлігін жақсы меңгеру қажеттілігін, өйткені сол бөлікті “жанұя топ” оқушыларына түсіндіруге жауапты екенін, мәтінді тұтас түсіну әр оқушының ыждағаттылығына байланысты екенін түсіндіру қажет.
Келесі кезекте ұжым мүшелері бастапқы топтарымен қайта табысып, өздерінің үйреніп келген бөліктеріндегі мазмұнды ортаға салады. Осылайша ұжым мүшелері бірін-бірі оқытуға, сол арқылы ойлауға үйренеді.
ДЖИКСО стратегиясы мазмұнды жоғары табыспен меңгеру, оқығанды есте сақтау үшін өте тиімді. Оқушының оқуға деген қызығушылығы артады, ұжымда жақсы қарым-қатынас қалыптасады, саналы тәртіп орнайды.

Еркін жазу.

Бұл әдісті сын тұрғысынан ойлау жобасындағы сабақтың үшінші ой толғаныс кезеңінде пайдалану тиімді. Мұғалім сабақ бойына қарастырылған жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле түсу керек екенін т.б. жайлы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады. Жазуға уақыт береді. Уақыт аяқталған кезде оқушылар өз жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымда оқуға болады.
Оқушыларды алған білімдерін қорытуға, оған сын көзбен қарап, ойын түйіндеуге үйрететін бұл әдісті кез келген сабақта қолдануға болады.

Венн диаграммасы.

Бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін объектілердің сипаттамалары жазылады. Ал айқасқан жерге екеуіне ортақ сипаттар тізіледі. Салыстыруға арналған тапсырмаларды осы диаграммаға салып, оқушылар қызыға толтырады, яғни салыстыру сияқты күрделі ойлау операциясын меңгереді.

Ассоцациямен жұмыс.

Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастыруға бағытталған оқыту – ол өз бетінше шығармашылық тұрғыдан олай алатын жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған оқыту. Бұл тіл үйренушінің шығармашылық қабілетін дамытып, алған білімін шынайы өмірде қолдана алуға мүмкіндік туғызады.

Оқыту үрдісінде сыни тұрғыдан ойлау әрекетін енгізу оқушылардың өз бетінше білім алуына, әріптестерімен, оқытушымен бірге ой бөлісуге, алған білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын күнделікті өмірде жаңа жағдаяттарда қолданып, әрекет етуге, өз ойын, пікірін айта алуға және басқалардың ойымен санасып бірігіп жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Топпен бірігіп жұмыс жасау тұлға бойында шыдамдылық, мейірімділік, ұжымдық жауапкершілік, бірігіп бір мәселені шешу секілді жағымды қасиеттерді дамытады.

Қазіргі оқыту үрдісінде бір мәселені талқылау, оған өз көзқарасын білдіру, әріптес ойымен пікір алмасу секілді жұмыс түрлеріне көп көңіл бөлінеді. Дегенмен, кей жағдайда оқытушы оқушыға сұрақтар беріп оның сөйлеуіне, мәселеге пікірін білдіруге түрткі болдым дегенімен, оқушы мүмкіндігін шектегенін байқамай қалады. Көп жағдайда оқытушы оқушы ойын басқарады, яғни бағыт бер немесе жеткешілік етуден гөрі ол басшылық қызметіне ауысады. Бұл психологтар көрсеткендей, оқушылардың өз бетінше ойлау мүмкіндіктерін шектейді. Мысалы, дөңгелек үстел, пікірталас мәселесін оқытушы өзі дайындап, жоспарды еріп, оқушыдан сөйлеу барысында тек оған сүйенуін талап етеді. Яғни, өз ойын айтуда тұлғаға еркіндік бермейді. Студент мәселені түсінбей, маңызды, өзіне қажетті ақпаратты ала алмай, мәселені шешуге шығармашылық тұрғыдан келе алмай, өзінше ой қорытып, тұжырымдау және қызықты пікірлер айта алу қабілетін ие бола алмайды.

Мәселені ашуда жаңа ой, құнды пікір білдіру маңызды. Және ол міндетті түрде қорытындыланып, көрініске ие болуы оқытудың тиімділігін арттырады.

Тұлғаның сыни ойлау іскерліктерінің қалыптасуына тиімді тәсіл ретінде бізге ғалымдар «Ассоцациямен » жұмыс, «Мind Map» тәсілін ұсынады.

Бұл тәсілдер оқушының берілген мәселе бойынша ой қорытып, тұжырымдап, оны көрініс түрінде беруге мүмкіндік береді. Әрине, мұғалімнің ендігі шығармашылық әрекеті – осы мәселелерді жинақтап, жасалған жұмыс барысында оқушылар тарапынан жасалған шығармашылық жұмысты тілдік қарым – қатынас деңгейіне жеткізу.

«Mind Map» тәсіліне қысқаша тоқтала кетер болсам, аталған тәсілді шетелдік ғалым Т.Бузан ұсынады.

Тәсілді басқаша ойды, әңгімені жазып алу техникасы деп атауға болады. Жазу өте жылдам өтеді және оның өзінше құндылықтары бар. Алдымен сөз, ой, мәселе туындайды. Одан кейін қағазда көрсетілуге тиісті ойлар туындайды және олар шектелмейді. Жұмысты жеке және топта жасауға болады. Көп ойды бір уақытта мида сақтау психофизиологиялық тұрғыдан мүмкін емес. Сол себептен ойды көрініс ретінде көрсету келесі ерекшеліктерімен айқындалады:

-негізгі ой анық көрініске ие бола алады;

-көптеген ұғым, элементтер жеңіл танылып, олардың өзара байланыстары көрінеді;

-ассоциациятивтік ойлау дамытылып, қайталау тез және тиімді түрде өтеді.

Қорыта айтқанда, «Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерінен озады» деген ұлы ақын Абай сөзі барлық уақытта өз мәнін жойған емес. Озық ойлы, білімдар адамдар заманның, қоғамның дамуына, өзгеруіне өз үлесін қосады. Осындай қоғамдық әлеуметтік, мәдени өзгерістер, дамулар мектептің оқыту процесіне әсер етеді. Соңғы жылдары жеке адамды қалыптастыруды дамыту мен оған жан-жақты терең білім беру мақсатында оқытудың жаңа технологияларын ұсынылуда.

Инновациялық технологияның басты мақсаттарының бірі – жас ұрпақты оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру және осы заманға сай білімді, әрі білікті мамандар даярлау болып табылады.





























Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Т.Тұрлығұл «Мектепте Қазақстан тарихын оқытудың әдістемесі»

2. Нұрғазина Г.Е. Қазақ әдебиетін оқытуда сын тұрғысынан ойлау технологиясы: Көмекші құрал. – Семей, 2012 ж

3. А. М. Оңғарбай Тарих сабағында сыни тұрғыдан оқыту технологиясы

4. Тұрлығұлов Т.Т. Тарих сабағын жетілдіру жолдары Алматы






Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 18.10.2015
Раздел История
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров322
Номер материала ДВ-073951
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх