Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Другие методич. материалы / Доклад на тему: Тарих пәнінде инновациялық технологияларды пайдалану жолдары

Доклад на тему: Тарих пәнінде инновациялық технологияларды пайдалану жолдары

  • История

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gif«Тарих пәнінде инновациялық технологияларды қолдану жолдары»

Кулесова Анаргуль Жулдузовна

Құрманғазы аудандық оқушылар шығармашылық орталығының тарихи – өлкетану пән оқытушысы

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы барысында орта білім берудің жүйелі реформалануы қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие. Білім беру жүйесі қоғаммен бірге дамып, онымен бірге үнемі өзгеріп отырады. Қай кезеңде де жалпы білімнің атқаратын қызметі – жас ұрпақтың танымдық дүниесін байытып, дамуын қамтамасыз ету.

Бүгінгі тарихты оқытудағы басты мақсат - дүниежүзілік дамудағы адамзаттың орны ерекше екендігін, ол жасаған бүкіләлемдік құндылықтарды білетін, оларды Қазақстанның дамуы үшін пайдалануға ынталы, жан - жақты жетілген, өзінің тарихи тамырларын, қоғамдағы орнын түсінетін белсенді азаматтарды қалыптастыру. Осындай міндеттерді жүзеге асыруда тарихшы мұғалімдердің атқаратын орны ерекше.
Тарих пәнін оқыту, ұрпақтар бойына дарыту көп ізденістерді, сан түрлі әдістемелік тәсілдерді қажет етеді. Ізденетін мұғалімдер болса ғасырлар қойнауында тұнып жатқан бай шежірелер баршылық. Оны талмай ізденудің, жан - жақты талдаудың нәтижесінде күнделікті баспасөз құралдарынан табуға болады. Қазақ атамыз «Мың естігеннен бір көрген артық»дейді, бұл оқушы есінде ұзақ сақталар еді. Жиырма бірінші ғасыр мұғалімі, оның ішіндегі Тәуелсіз, зайырлы Қазақстанның тарих пәні мұғалімі жан жақты, білімді, өз ісін өте жақсы білетін ұлттық идеологиямен сусындаған азаматтар болуға тиісті. Ендеше бұл көп ізденісті, талмай еңбектенуді қажет етеді.

ХХІ ғасыр ұлттық бәсеке, ақпараттық сайыс, инновациялық технологиялар және экономикалық өзгерістерімен ерекшеленеді. Кезеңге сай интеллектуалды, дені сау, ой-өрісі жоғары, халықаралық деңгейге сәйкес бәсекеге қабілетті білімді жеке тұлғаны тәрбиелеу – мемлекеттің ең маңызды стратегиясы. Елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, оның мазмұнының түбегейлі өзгеруі, дүниежүзілік білім кеңістігіне енуі, бүкіл оқу әдістемелік жүйеге, мұғалім қауымы алдына жаңа талап-міндеттер қойып отыр.

Бұл міндеттерді жүзеге асырудың басты жолы әр мұғалім өз тәжірибесіне инновациялық технологияларды енгізе отырып, білім сапасын арттыру, оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыру.

Жаңа технологияларды қолданудағы басты мақсаттар:

  1. Оқушылардың мемлекеттік білім стандарты талаптарына сай білім алуын қамтамасыз ету.

  2. Оқушыларды пәнге қызықтыру, ынталандыру, оларды өз қабілеттеріне, мүмкіндіктеріне сенуге дағдыландыру.

  3. Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу дағдысын дамытып, шығармашылық белсенділігін арттыру.

Инновациялық технологияларды қолдана отырып, оқыту – бұл таным әрекетін ұйымдастырудың арнаулы формасы. Белгілі ғалым М.М. Поташник: «Инновация – оқу бағдарламасымен меңгертуде мұғалімнің оқытудың жаңа әдістемелері мен технологияларын тиімді игеруі,- деп анықтама береді.

Жаңа технологияларды меңгеру мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, адамзаттық келбеті мен біліктілігінің артуына әсерін тигізеді. Қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіне оқытудың жаңа технологиялары көптеп енуде.

Оқытудың жаңа технологиялары


Саралап деңгейлеп

оқыту

Сатылай кешенді талдау

Ақпараттық

Модульдік оқыту

Жобалық оқыту

СТО

Дамыта оқыту

Осы технологиялардың ішінде өз іс-тәжірибеме енгізіп, қолданып жүрген Саралап деңгейлеп оқыту,ақпараттық технология, сын тұрғысынан ойлау технологияларына ерекше тоқталамын.

«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы – оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне және жаңа талапқа сай оқытуда көмегі зор. Сын тұрғысынан ойлау-оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге көмектесетін бағдарлама.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша ІІ курс Қазақстан тарихы пәнінен «ҚР-ның Президенті» тақырыбында өткізілген сабағымның жүру бағытын ұсынамын:

Тақырыбы: Қазақстан Республикасының Президенті

Мақсаты: 1. ҚР Конституциясы бойынша ел басшысы-президенттің міндеттері,

құқықтары және сайлануы, оның лауазымды қызметі туралы түсінік беру.

2. ҚР Конституциясының баптарын ұғындыру, оны өмірде пайдалану жолдары және Президент туралы толық ұғым беру.

3. Оқушыларды еліміздің негізгі заңы – Конституцияны қастерлеуге, ел басшысы – Президентті құрметтеуге, елжандылыққа, адал, шыншыл болуға тәрбиелеу.

Көрнекілік: ҚР Конституциясы, ҚР Картасы, «Лидер»фотоальбом, интерактивті тақта.

Түрі: аралас сабақ

Әдісі: сын тұрғысынан ойлау технология тәсілдері: «топтастыру», «еркін жазу».

ҮІ. Жаңа тақырыпты бекіту.

А) ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмірбаяны туралы әңгімелесу.

Б)Еркін жазу тәсілі бойынша «Егер мен президент болсам...» тақырыбында шағын шығарма жазу. Шығармада ҚР Конституциясы бойынша президенттің міндеттері, құқықтары, қамтылуы тиіс.

Бұл сабақтың нәтижесінде

В) Ойталқы. « ҚР-ның Президентін сайлау науқаны. Сен кімге дауыс берер едің?».


Студенттердің шығармашылығы, өздігінен жұмыс істеу қабілеті дамыды





Отанға, халқымызға, еңбек және қоғамдық iс-әрекетке жауапкершiлiк сезiмi күшейды






Өз ойларын еркін баяндап білуге дағдыланды


Мақсатқа ұмытылуы қалыптасты


Ақпараттық технология

Білім беру жүйесіндегі жаңа ақпараттық технология дегеніміз – білім беру мекемесі мамандарының жұмысын жүзеге асырушы оқытудың әдістері мен формалары және балаларға білім беруші құрал.

Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан білімін көтерудегі басты нәрсе қазіргі кездегі жаңа ақпараттық технологияны пайдалану. Жаңа ақапараттық технологияны оқу-тәрбие ісіне пайдалану –білім сапасының деңгейін көтеретіні сөзсіз. Бүгінгі күні дүниежүзілік кеңістікте барлық білім беру мекемелерінде білім деңгейін арттыру үшін негізгі жолдардың бірі-білім саласын ақпараттандыру. Өз сабақтаырнда ақпараттық технологияларды: мультимедиа, виртуалды зертхана жұмысы, электронды оқулықтар, интернетпен жұмыс т.б. пайдалану мүмкіндігі толықтай жасалынды.

Ақпараттық технологияның нәтижелері:

  • Еліміздегі және шетелдердегі жинақталған ақпараттық ресурстарға ену;

  • Электрондық оқулықтар, виртуальдық лабораториялар, автотест программаларын жасақтап, қамтамасыз ету;

  • Отандық білім беру жүйесін әлемдік ақпараттық білімдік кеңістікке енгізу арқылы сабақтастыру.

Тәжірибеге сүйенсек, күнделікті сабаққа видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді, интерактивтік тақта мен мульимедиялық проекторларды пайдалану үлкен нәтижелер беретініне шүбә келтіруге болмайды. Кез келген сабағын қызықты өткізу үшін ізденіс, жаңаға ұмтылу жұмысын жүргізу әрбір ұстаз үшін бұлжымас қағида.Ақпараттық технология әдісімен өткізілген Қазақстан тарихы пәнінен І курста өткізілген «Қазақстандағы Ұлы Жібек жолының өркендеуі» тақырыбындағы сабақтың үлгісі.

Мақсаты: Ұлы Жібек жолының қалыптасуы, оның тармақтары, бағыттары және

халықаралық тарихи маңызы туралы түсінік беру.

2.Батыс пен Шығысты байланыстырған Ұлы Сауда жолының өркениеттің дамуындағы тарихи орнына баға беру.

3.Оқушыларды еңбексүйгіштікке, елжандылыққа, бірлік пен достыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: Карта «Ұлы Жібек жолы» электрондық оқулығы, интерактивтік тақта.

Түрі: аралас сабақ

Әдісі: ақпараттық технология.

Ү. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

§ 12 Қазақстандағы Ұлы Жібек жолының өркендеуі.

Б.з.д.ІІ ғасыр- б.з.ХҮІ ғасыр Ұлы Жібек жолы.

Ұлы Жібек жолы

Электрондық оқулықты пайдалана отырып, тақырыпты түсіндіру.



Солтүстік

Оңтүстік




Турфан, Қашқар, Самарканд, Ферғана

Хотан, Жаркент, Үндістан, Таяу Шығыс



Сауда

Білім




Ұлы Жібек жолы

дипломатиялық

Ғылым





Дін

Мәдениет



шаруашылық



Бұл сабақтың нәтижесінде



Ақпарат құралдарын пайдалануды жетік меңгерді


Ақпарат ресурстарымен жұмыс жасау қабілеттері артты






Пікірін нақты дәлелді мысалдармен ұштастыруға бейімделді



Өздігінен жұмыс істеуге мүмкіндік туғызады





Жобалық оқыту әдісі

Жобалық әдіс өткен ғасырдың басында АҚШ-та пайда болған. Оны «Проблемалық әдіс» деп те атаған. Американдық философ, педагог Д.Дьюн оқытуды белсенді негізде оқушының жеке қызығуына сай әрекетті түрде құруды ұсынған. Мұғалім ақпараттың жаңа көздеріне сілтеме жасап, өз бетінше ізденісте оқушының ойын бағыттай алады, проблемаларға қызығушылық танытуда жобалық әрекет арқылы алынған білімнің құндылығын көрсетеді.

Жобалық оқытудың мақсаттары:

  • Өзбетімен және еркімен әртүрлі білім көздерінен жетіспейтін білімді меңгеру;

  • Меңгерген білімді танымдық және практикалық есептерді шешу үшін қолдануға үйрену;

  • Әртүрлі топта жұмыс істей отырып, коммуникативтік дағдыны қалыптастыру;

  • Зерттеу жұмыстарын жүргізу ( проблеманы ашу, эксперимент жүргізу).

  • Жүйелі ойлау дағдысын дамыту.

Жобалық технологияның нәтижелілігі:

  • Оқушы өз әрекетін жоспарлай алады;

  • Әртүрлі жағдаяттарда шешім табуы;

  • Әртүрлі адамдармен жұмыс істеуі;

  • Болашақ өмірге бейімделуі.

Осы жобалық оқыту әдісі бойынша өткізілген ІІ курс Қазақстан тарихы пәнінен

«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» тақырыбында өткізілген сабағымды ұсынамын.

Мақсаты: 1.Жоңғар мемлекетінің қазақ женіне жүргізген жаулаушылық соғыстары, оның зардаптары және елімізді қорғаудағы қазақ хандары, билері мен батырларының ерлік істері туралы баяндау.2. Студенттерды тарихи деректер мен мәліметтерді пайдалана отырып, шығармашылықпен жұмыстандыруға дағдыландыру.3. Студенттерды Отансүйгіштікке, елжандылыққа, өз елінің бостандығы мен тәуелсіздігін қорғай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілік: ҚР-ның картасы, интерактивтік тақта, қазақтың ұлы хандары, билері мен батырларының портреттері, тірек-сызбалар.

Түрі: аралас сабақ

Әдісі: Жобалау технологиясы,зерттеушілік әдісі.

Проблема: Қазақ елінің тарихында 1723-27 ж.ж кезеңінің « Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» аталу себебін анықтау.

1635 ж

Жоңғар мемлекеті, оның Қазақ хандығына қарсы саясаты.

Ел басшысы

Жоңғар мемлекеті


1645 ж

Батур

Батыс Қытай


қонтайшы



1710,1715, 1717-19 ж

Көшпелі мал шаруашылығы



Проблемалық сұрақ: Жоңғар мемлекеті не себептен қазақ жеріне қарсы

жаулаушылық соғыс жүргізді?

Түйін: Қазақ хандығының үш жүзге бөлінуі және олардың бір-бірімен алауыздық

қарым-қатынаста болуы көрші елдердің біздің еліміздің жеріне қызығушылығын

туғызды.

Елімізді қорғаудағы Тәуке хан, Әбілхайыр хан, Абылай ханның жүргізген игі істері.

Проблемалық сұрақ: Жоңғарлардың жаулаушылық жорықтарына қарсы ұзақ жылдар

бойы тойтарыс бере алмаудың себептері неде?

Түйін:Үш жүз хандарының ұлы хан болуға таласы жүздердің арасындағы қарым

қатынасты шиеленістіріп жауға қарсы бірлесіп күресуіне кедергі келтіріп отырды.

  1. Еліміздің тәуелсіздігін қорғаудағы қазақ билері мен батырларының өшпес ерліктері.

Проблемалық сұрақ: Еліміздің тәуелсіздігін қорғауда жеңіске қалай қол жеткіздік?

Түйін:Үш жүздің басын біріктіріп, халықтың бірлігін, достығын нығайтып, азаттық

күресті дұрыс ұйымдастыра білген ұлы хандарымыздың, батырларымыздың, ерлік

Бұл сабақтың нәтижесі:

істерінің нәтижесінде.

Студенттердің аталған тақырып бойынша танымы артты


Әртүрлі жағдаяттарда шешім таба білді



Ғылыми ақпаратты талдау, өңдеу, жинақтай және оларды қолдана алуға бейімделді

Қарым-қатынас мәдениетін қалыптасты




Тарихи тұлғаның келбетіне сипаттама жасай алды



Білімді өздігімен меңгеруі




Қазіргі кезде ұлттық бәсекелестікке қабілеттілігі білім дәрежесімен ғана емес, дүниежүзілік деңгеймен салыстырылады. Еліміздің дамуына әсер ететін негізгі факторлардың бірі - білім беру саласының өркениет үлгісіне еніп, оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын жетілдіру. Білім беру ісіне жылдан-жылға жаңа инновациялық технологиялар енуде.

Басты мақсат – білім беру жүйесіне оқытудың жаңа технологияларын енгізе отырып, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, білім беруде ақпараттық технологияларды қолдану, жеке тұлғаны қалыптастыру, заман талабына сай білім алуға жағдай жасау.

Сол себепті, еліміздің білім беру жүйесінде түбірлі өзгерістер болып жатыр. Қабылданған білім стандартының, бағдарламалардың басты мақсаты - әлемдік білім кеңістігіне ену. Бұл мақсатқа жетудің басты жолы – білім жүйесіне инновациялық технологияларды енгізу.

Білім беру жүйесінде «Білім берудің инновациялық технологиялары» ұғымы енгізіліп, қолданылып жүр. Энциклопедиялық сөздікте «Білім берудің инновациялық технологиясы – бірыңғай мақсатпен біріккен және оқыту мен тәрбиелеудегі инноваиялық технологияларды қамтыған, оқыту, тәрбиелеу және басқару түрлерінің, әдістері мен оқу құралдарының жиынтығы» деп анықтама берілген. Инновациялық технология шығармашылық ізденісті талап етеді, туындаған инновациялық жағдаятқа сай әртүрлі тәсілдерді қолдану.

Тарих пәні мұғалімі ретінде өз сабақтарымда жаңа технологиялар әдістерін қолдана отырып, оқушылардың сапалы білім алуына, жеке тұлға болып қалыптасуына және шығармашылыққа баулып отырамын.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. ҚР-ның «Білім туралы заңы» Астана. Ақорда. 27.07.2007 ж №319-ІІІ ҚРЗ

  2. ҚР-ның 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. «Білім образования» №1 2004 ж

  3. «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы. Желтоқсан 2010 ж

  4. Ж.Қараев «Шығармашылық пен жасампаздықтың жаңа моделі». Алматы, 2004 ж

  5. В.С.Кукушкин «Педагогикалық технологиялар» Алматы 2002 ж

  6. «Қазақстан мектебі» (ғылыми-педагогикалық журнал) №4 2008 ж; №3 2009 ж; № 1,3 2010 ж.

  7. «Қазақстан тарихы» (әдістемелік журналы) № 4-6 2008 ж; №2-4 2009 ж; №5-7 2010 ж.

Автор
Дата добавления 18.10.2015
Раздел История
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров299
Номер материала ДВ-072850
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх