Инфоурок Другое Научные работыДоклад на тему "ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫ ӨЗДІГІНЕН ЖҰМЫС ІСТЕУГЕ БАУЛУ"

Доклад на тему "ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫ ӨЗДІГІНЕН ЖҰМЫС ІСТЕУГЕ БАУЛУ"

Скачать материал

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫ ӨЗДІГІНЕН ЖҰМЫС ІСТЕУГЕ БАУЛУ


Әжібай Динара Қосуаққызы

БҚО, Орал қаласы, Технологиялық колледждің математика пәнінің оқытушысы


Қазіргі кезде егемен елімізде білімді берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Осыған орай, соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық технологиялары жасалып мектеп практикасына енгізілуде. Әрбір мұғалімнің алдында оқушылардың үлгерімін жоғарлату мақсаты қойылады. Бірақ мұғалімнің сабақта таңдаған жұмыстың орташа ырғағы оқушылардың бірілеріне ыңғайлы, екіншілері үшін жылдам, қалғандарына тіпті баяу болуы мүмкін. Сондықтан мұғалім сабақта жаңа технологияларды қолданып, оқыту сапасын арттыруы қажет.

Жаңаша оқытудың мақсаты оқушылардың өздігінен үйренуін талап етеді.

Оқушыларды өздігінен жұмыс істеуіне баулу негізінде ғылыми жұмыстармен айналасуы негіз бола алады.

Ғылым – іс-ірекеттің ең бір қиын да, күрделі, көп ақпараттық білімді, білік дағдыны талап ететін бір саласы болып есептеледі.

Ғылыми жұмыстың тиімділігі оқушы өрісінің кеңдігіне, білімдігіне, ақпараттық мәдениетіне байланысты.

Оқушылар арасынан таңдалып алынған ғылыми жұмыспен айналысатын жас зерттеуші сауатты, көп салалы білімді болу керек.

Зерттеу жұмысы-шығармашылық үрдіс. Зерттеу жұмысын бастамас бұрын тақырыптаңдау қажет. Бұл үшін «бұл кімге қажет?» деген сұрақтар қойылады. Негізгі мақсат-жаңалық ашу, әрі бұл жаңалық адамға қажет болуы керек.

Ғылыми жұмыстың маңызды бөлігінің бірі – жаңа ой-пайым (идея) және болжам (гипотеза). Қиялсыз, тапқырлықсыз, жаңа ой-пайым табу қабілетінсіз зерттеуші табысқа жетуі мүмкін емес. Гипотеза – ғылыми болжау, зерттеуші жұмысының айрылмас серігі.

Жұмысты бастар алдында жоспар жасап алу қажет. Жұмыс жоспары «не істеу керек, қандай жолдары бар, қандай әдістер дұрыс?» деген сұрақтарды қамтиды.

Жұмыс жоспары мынадай құрылымнан тұрады:

  • Жоба тақырыбы мен мақсатты айқындау;

  • Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттер тізімін жасау;

  • Ғалымдардан, ғылыми жобалармен айналысатын адамдардан ақыл – кеңес сұрау;

  • Интернетке жүгіну;

  • Байқау, іздеу, жинақтау жұмыстарын жүргізу;

  • Тәжірибе жүргізу. Оны жүйелі түрде талдау;

  • Тәжірибенің нәтижесін шығару;

  • Қорытынды жасау;

  • Презентация жасау;

  • Жұмысты қорғауға дайындалу.

Дұрыс нәтижеге жету үшін оқушы жұмыс жоспары бойынша жұмыс жасау керек. Зерттеу жұмысына көп уақыт қажет. Қазіргі уақыттағы өзекті мәселесін білу, зерттеу нысанын таңдау үшін 7-8 күн, ақпарат көздерінің тізімдемесін жасап, оны анализдеу үшін 15-20 күн, жұмыстың мазмұнын талдау үшін 20-25 күн, оның тәжірибелік кезеңін жүзеге асыруға сондай бірнеше күн, тіпті бірнеше ай қажет. Соңғы кезең қағаз бетіне түсіріп, оны көркемдеп, презентация жасау үшін 10 күн қажет. Жұмыстың көркемделуі зерттеу жұмысында алатын орны бөлек. Кіріспе бөлімі 2-3 бет, зерттеу процесі мен оның нәтижелері 1-2 беттен кем болмауы, бұл жұмыстың барысына байланысты, (10 бетке дейін баруы мүмкін) зерттеу жұмысының қорытындысы 3-4 бет болуы қажет.

Әр оқушы ғылыми жұмысты жазу барысында күнделік жүргізгені дұрыс.

Ғылыми жұмыстың құрылымы мынадай:


hello_html_m54195340.png

Ғылыми жұмысты жазу, іздену тер төгетін еңбекті қажет етеді. Сондықтан зерттеу, ізденісте әрқашан балаға ақылшы-кеңесші ретінде мұғалім жетекшілік етуі тиіс.

Бұл сабақтан тыс уақытта жаңа технологияны қолдану болып табылады.

Сабақта оқушылардың өздігінен жұмыс істеуіне баулу үшін дербес оқыту көп септігін тигізеді. Сондай технологиялардың бірі – деңгейлеп саралап дамыта оқыту. Технологияның негізгі мақсаты – өздігінен дамуға ұмтылған жеке тұлғаның қалыптасуына жағдай жасау.

Бұл технология бойынша оқушылар жаңа тақырыпты өз бетімен игереді. Бұған көмекші құрал ретінде өз оқу құралы, электронды-әңгімелесуші оқулықтар, қосымша әдебиеттер болады. Мұғалім бұл жерде тек бағыттаушы мен ақыл – кеңес беруші. Алған білімдерін оқушылар қарапайым мысалдармен бекітеді. Кейіннен деңгейлік тапсырмалар орындай бастайды. Деңгейлік тапсырмалар 3А+2В+1С формуласы бойынша құрастырылады. Бірінші деңгейлік тапсырмалар«А», оқушылық деңгей, (5 ұпай) – бұл тапсырмалар білімнің төменгі шегі, міндетті түрде шығарылуы тиіс. Тапсырмалар:

  • үлгі бойынша орындалатын тапсырмалар болуы тиіс;

  • жаңадан келтірілген білімнің өңін өзгертпей қайталап, пысықтауына мүмкіндік беруі тиіс:

  • - жаңа тақырып үшін типті және өмірмен байланысты болуы керек.

Екінші деңгейлік тапсырмалар«В», алгоритмдік деңгей, (10 ұпай) – бұл деңгейдегі тапсырмалар күрделене түседі.

  • өзгертілген жағдайдағы тапсырмалар;

  • өткен тақырыптарды қамтуы тиіс.

Үшінші деңгейлік тапсырмалар«С», эвристикалық деңгей, (15 ұпай) – қисынды ойлау жүйесі жоғары балаларға арналған тапсырмалар болып табылады.

  • әр түрлі әдіс-тәсілдермен шешілетін есептер;

  • танымдық-іздену түріндегі күрделірек тапсырмалар.

Төртінші деңгейлік тапсырмалар«*», шығармашылық деңгей, (20 ұпай) – қосымша беріледі, дарынды, ізденімпаз, қабілетті балаларға арналады.

  • шығармашылық ойлауға қажет ететін тапсырмалар.

Деңгейлік тапсырмалар оқушының оқуға деген талпынысын арттырады, әрі бағалау кезінде қиындық туғызбай, бағалау жүйелі түрде жүргізіледі. Бағалау жүйесі былай жүргізіледі:

«А» деңгейін шығарған оқушы «3» деген баға;

«В» деңгейін шығарған оқушы «4» деген баға,

«С» деңгейін шығарған және қосымша шығармашылық тапсырманы орындаған оқушыға сәйкес «5» деген баға қойылады.

Мектептегі оқу үрдісін жаңаша дамыту, яғни оның нәтижесінің көңіл толарлықтай болуын қадағалау жаңашыл педагогтердің қолында. Бұл технологияларды қолдануға әлі де кеш емес. Егер мұғалім оқушылардың алған білімдерін сапалы еткісі келсе, онда сабағының өтуі туралы ойлануы тиіс.

Қорыта келе, деңгейлеп саралап дамыта оқыту технологиясының тиімділігі мынадай:

  • әр оқушы өздігінен білім меңгеру арқылы ізденеді;

  • өзара бәсекелестік арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады;

  • жеңілген әлсіздер ұпайларын көбейтуге тырысады;

  • мұғалім оқушылардың интеллектуалдық және жеке тұлғалық құндылықтарын есептей алады;

  • жасанды бағалаудан арыла алады, обьективті бағалау қамтамасыз етіледі

  • сыныптың психологиялық алаңдаушылығы төмендейді.

Елбасымыз Н.Назарбаев 2010 жылғы жолдауында «Біз толайым табыстарға қол жеткізіп, биік белестерді бағындырдық, алайда алар асуымыз әлі де алда» деп ой айта келіп, мұғалімдерге де үлкен міндеттерді жүктегені мәлім. Ендеше келешекте Қазақстанның қарыштап дамуына өз үлесін қосатын бүгінгі оқушы – ертеңгі азамат болғандықтан, оқу үрдісін жаңартып, білім сапасын арттыру мұғалім құзырындағы жауапты іс.


Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Доклад на тему "ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫ ӨЗДІГІНЕН ЖҰМЫС ІСТЕУГЕ БАУЛУ""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор по управлению персоналом

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 651 899 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.03.2016 1046
    • DOCX 128 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ажибай Динара Косуаккызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ажибай Динара Косуаккызы
    Ажибай Динара Косуаккызы
    • На сайте: 8 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 15532
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 473 человека из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 319 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 151 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Дизайн интерьера: от спектра услуг до эффективного управления временем

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологическая зрелость и стрессоустойчивость: основы развития личности и поддержки

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 221 человек из 57 регионов
  • Этот курс уже прошли 53 человека

Мини-курс

Психические защиты и психоаналитический взгляд на личное развитие

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек