Логотип Инфоурока

Получите 30₽ за публикацию своей разработки в библиотеке «Инфоурок»

Добавить материал

и получить бесплатное свидетельство о размещении материала на сайте infourok.ru

Чёрная пятница

-75%

На все курсы повышения квалификации и профессиональной переподготовки

Инфоурок Литература СтатьиДоклад на тему: Жастай берген тарбие - жас кайынды игендей

Доклад на тему: Жастай берген тарбие - жас кайынды игендей

Скачать материал
библиотека
материалов

hello_html_m7356bc88.jpg

«Жастай берген тәрбие - жас қайыңды игендей»

Қазақстан Республикасы өркениетті елдер қатарына қосылу жолында саясиэлеуметтік. экономикалық өзгерістерімен қатар білім саласындағы басты мәселе - келешек ұрпақты заман талабына сай интеллектуалы жоғары, мәдениеттілігі имандылығымен ұштасып жататын елжанды азамат етіп тәрбиелеу.

Тәрбие - халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпактың бойына сіңіру.

Бүгінгі таңда XXI ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тәлім-тәрбие мен білім беруді жетілдірудің басты мақсаттарын айқындап, ұлттық сананы қалыптастыру көкейкесті мәселелердің бірі.

«Тәрбие - ұлағатты іс», - деп ұлы ойшыл эл-Фараби айтпақшы, тәрбие қызықты, қиын, өнегелі бала болашағына жол сілтейтін ғажайып жұмыс. Қыздарымыз қылықты, ұлдарымыз ұлықты болып, халқымыздың ұлттық өнерін, салт-дәстүрін ұстанып, ата- ананы сыйлап, туған жерді аялау, қонақ күту, үлкен-кішіге қайырымдылық көрсету, еңбекқорлык, әдептілік нысандарын бойларына сіңіріп, казақ шежіресін танып білсе, өнерлі де өнегелі, тәрбиелі болары сөзсіз.

Баланың адамдармен қарым-қатынас жасауы, қоғамға енуі отбасынан басталады Сондай-ақ, отбасының баланың психологиялык, физиологиялық дамуы мен қалыптасуы үрдісіндегі рөлі де ерекше. Отбасы -тәрбие ошағы. Отбасының балаға тәрбие беруінің кызметінің ерекшелігі - оның тұрақтылығында. Қоғамдық ережелер, ең алдымен, отбасында қабылданып, мойындалады. Қазақстан Республикасының Ата Заңының 27-бабында да «балаларына қамқорлык жасау жэне оларды тәрбиелеу - ата-ананың етене құқығы, әрі міндеті» деп белгіленген.2 Әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті, саналы, иманды, білімді, Отанының сүйікті және кішіпейіл азаматы болып жетілуін қалайды. Сондықтан да, олар өз балаларын тәрбиелеудің нәзік жақтарының заңдылықтарын білуі шарт.

Жасөспірімнің білімі қалыпты болса да, тәрбиесі жеткіліксіз болса, қоғамға тигізер кесірі мол. Сондықтан қазіргі таңда мектептің алдында тұрған өзекті мәселе - білім берудің гуманитарлық үлгісі негізінде тәрбие жүйесін жетілдіру.

«Жалпы білімді ізгілендіре отырып, тәрбие беру жолдары қандай» деген орынды да ойлантар сұрақ туын

Ж.Аймауытов «Тәрбиеге жетекші» еңбегінде «Тәрбиенің негізгі мақсаты - мінезді түзеу,

адамшылыққа қызмет ету, адал еңбек ете білуге тәрбиелеу- леу» деп жазса, В.Белинский «Адамның тәні сияқты, жанына да тәрбие керек, онсыз жан семіп қалады, енжарлықтың ми батпағына батады» деп санайды.

Әл-Фарабидің айтуынша, «адамды жануарлардан ерекше бөліп түрған қуат оның ақыл, парасаты, яғни сөйлей, ойлай алу қабілеті». Осы қабілеті арқылы адам тәрбиесі саналы түрде жүргізіледі.

Оқытудың басты мақсаты - біліммен қаруландыру. Ал сол білімді оқушы зердесіне сенімділікпен сіңіру, адамгершілік нормаларына сәйкес келетін мінез-құлықты, ынта-ықыласты қалыптастырады. Оқыту ақыл-ой тәрбиесімен тығыз байланысты. Ақыл-ой тәрбиесі балаларға білім берумен қатар олардың танымдық қабілеттерін: байқағыштық, зейінділік, есте сақтау, зеректік, қиял, сөйлеу, ойлау, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға көмектеседі.

В.Сухомлинский ақыл-ой тәрбиесін дұрыс ұйымдастырудың негізгі жолдарын атап көрсетті.

Әрбір мұғалім - тәрбиеші. Өйткені оқушы мен ұстаз арасында рухани бірлік болғандықтан, оқыту тек білім беру емес, сонымен катар түрлі қатынастар жасау үрдісі де.

Тәрбиенің әдістері - тәрбиелеу міндеттерін шешуге бағытталған тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланысты іс- әрекетінің тәсілдері.

Тәрбие жұмысын тиімді жүргізуде бірден-бір құрал - баспасөз, теледидар, радио, т.б Баспасөзде тәрбиелік мәні зор мақалалар жарық көріп, теледидарда тәлімдік мәні жоғары деректі кинолар көп көрсетіліп, тағылымды ойындар, жастарға ой саларлық қойылымдар ұсынылып тұрса, ұрпақ тәрбиесіне ықпалы мол болмақ.

«Ел боламын десең, бесігіңді түзе. ¥лт боламын десең, қызыңды түзе»,- деп Б.Момышұлы атамыз айтқандай, ертеңгі ұрпақтың тәрбиесін бүгіннен қолға алар болсақ, елді қолда ұстар батыр ұлдарымызды, ұлтымызды тәрбиелейтін аруларымызды теріс жолдан аулақ ұстап, тәрбие бергеніміз жөн. Нашақорлық, шылым шегу, жат әдет бала санасына кері әсерін тигізбесе, оң бағытқа сілтемейтіні айдан анық. Қай ата-ана болсын баласына тәрбие бергенде жаман болсын деп емес, жақсы болсын деп үйретеді.

Қазақ халқының тәрбиесі атам заманнан өмірлік тәжірибеге, ата-бабаның дала тіршілігі қалыптастырған дәстүріне негізделген. Қазақ тағылымдарын негізге ала отырып, мен мынадай қағидаларды баршамызған ортақ деп санаймын.

Тәрбие кешіктірілсе, кешірілмейтін, дұрыс бағыт алмаса, қайта қалпына келмейтін нәзік те күрделі, кәделі де сауапты, игілікті де ізгілікті істеріміздің бірі.

Жалпы адамзатқа тән ізгілік қасиеттер өз әке- шешесін, туған жерін сүюден, ана тіліне, ұлттық өнер мен мәдениетке деген сүйіспеншіліктен туындайды. Сондықтан тәрбие ісінде оқушыларды өзін қоршаған әлеуметтік ортаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуден бастап, әлемдік өркениетті, мәдениетті меңгеруге, бағалауға тәрбиелеу - оқу- тәрбие ісінің басты міндеті болып саналады.

Тәрбие дегеніміз - баланың сезімін оятып, жақсылық жасауға ,мәдениетті, адамгершілігі мол, білімді, саналы, еңбекқор, ата салтын, ана тілін кұрметтейтін, «үлкенге - құрмет, кішіге - ізет» жасай білетін адам етіп баулу деген сөз.

«Тәрбие ережеден емес, өнегеден тұрады» деген сөзді басшылыққа ала отырып, тәрбие бағытының жолы сан тарау екенін дәлелдегісі келеді.

Тәрбие әлеміне ене отырып, оның әр бағыты бізді неге үйретеді, үйренгеннен қандай жақсы үлгі аламыз, қандай азамат болып өсетінімізді болжайық.


















«Тәрбие - тал бесіктен» деген сөздің мағынасына үңілсек, ұрпақ шырылдап жерге түскен сәттерінен тәрбие ананың сүтімен, әлдиімен, бесік жырымен бойларыңа сіңеді. Ал, өсе келе қоршаған орта. ауыл; табиғат, адамдар қарым-қатынасы өз тағылымдарына үйрете отырып, жақсы азамат болып өсулеріне жағдай жасалады.

Енді мына кестедегі сөздердің тәрбиенің қай түріне жататындығына назар аударайық.

Даналық сөздерімен оза білген қазақ халқымызда «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген сөз бар. Осындай айтылып жатқан қаншама сөз сендер үшін қажеті болып жатса, оны сендер ұғып, санаға тоқып, біліп өссеңдер ол ұстаз еңбегінің текке кетпегені.

«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне» келсек: біз - халықтың нақыл сөзінен сусындаған. аталар сезімен өсіп-өнген, бабалар,даналар өсиетінен тәрбие алған, ұлылар тәрбиесіне тағзым еткен дана халықтың ұрпағымыз




  • Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
    Пожаловаться на материал
Скачать материал
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
Краткое описание документа:

Данный материал является докладом для учащихся 8-го класса, в котором говорится о раннем и семейном воспитании. Ведь только направляя учащихся в нужном направлении, мы можем не бояться за их будущее. Хорошо воспитанному поколению можно дать хорошее и качественное образование. Надеюсь, что мой доклад будет в помощь для многих.

Проверен экспертом
Общая информация
Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Методические аспекты при изучении литературы «серебряного века» в современной школе»
Курс повышения квалификации «История русской литературы конца 20 - начала 21 вв. и особенности ее преподавания в новой школе»
Курс профессиональной переподготовки «Русский язык и литература: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Методические аспекты при изучении русской литературы последней трети XIX века в современной школе»
Курс повышения квалификации «История и философия науки в условиях реализации ФГОС ВО»
Курс повышения квалификации «Правовое регулирование рекламной и PR-деятельности»
Курс повышения квалификации «Финансы: управление структурой капитала»
Курс профессиональной переподготовки «Русский язык как иностранный: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Использование элементов театрализации на уроках литературного чтения в начальной школе»
Курс профессиональной переподготовки «Организация технической поддержки клиентов при установке и эксплуатации информационно-коммуникационных систем»
Курс профессиональной переподготовки «Методика организации, руководства и координации музейной деятельности»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности по водоотведению и очистке сточных вод»
Курс профессиональной переподготовки «Техническая диагностика и контроль технического состояния автотранспортных средств»
Курс профессиональной переподготовки «Организация и управление службой рекламы и PR»

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.