Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Доклад на тему "Жеке тұлғаға бағытталған сабаққа қойылатын талаптар"

Доклад на тему "Жеке тұлғаға бағытталған сабаққа қойылатын талаптар"


  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

Жеке тұлғаға бағытталған сабаққа қойылатын талаптар

Баланың жеке тұлға ретіндегі дамуы,өзіндік көзқарасының қалыптасуы,ой – өрісінің кеңеюі мектеп қабырғасында басталады.Сондықтан да 12 жылдық білім беретін мектептегі оқыту принципіне негізделіп,баланың жеке ерекшелігіне қарай қоғамдағы өзгерістерге бейім даму мүмкіндігін айқындауды қарастырады.

Жеке тұлғаға бағытталған сабақ дегеніміз – бұл мұғалімнің шығармашылық орта қалыптастыруы ғана емес,оқушылардың субъект ретіндегі өмірлік тәжірибесін үнемі назарда ұстануы,сол тәжірибеге сүйенуі.Ең маңыздысы – әр оқушының ерекше болмысын,тұлғалық қасиеттерін мойындау.

Жеке тұлғаға бағытталған сабақ дегеніміз – оқушыға деген құрмет,ізгі қатынас,оқушылардың тұлғалық ерекшеліктері ашылатын,қасиеттері қалыптасатын,мүмкіндіктері жүзеге асырылатын оқыту жағдаяты.

Қазіргі сабақтың негізгі компоненттері

1.Ұйымдастырушылық – сабақ бойы сыныпты ұйымдастыру,оқушылардың сабаққа дайындығы,тәртіп.

2.Мақсаттылық – оқушылар алдына сабақ мақсаты мен оның жеке кезеңдерінің мақсатын қою.

3.Ынталандырушылық – оқылатын оқу материалының берілген тақырып бойынша да,жалпы курс бойынша да маңыздылығын анықтау.

4.Коммуникативтілік – мұғалімнің сыныппен қарым – қатынас деңгейі.

5.Мазмұндық – оқылатын,бекітілетін,қайталанатын,өзіндік жұмыстар,т.с.с. материалдарды таңдау.

6.Технологиялық – сабақ типіне,берілген тақырыпқа,берілген сыныпқа арнап тиімді оқыту түрін,әдісі мен тәсілдерін таңдау.

7.Бақылау – бағалаушылық – сабақтағы оқушы іс – әрекетін бағалауда оны белсенділікке ынталандыру,танымдық қызығушылығын дамыту үшін пайдалану,қолдану.

8.Аналитикалық (талдау) – сабақты қорытындылау,сабақтағы оқушылар іс – әрекетін талдау,сабақты ұйымдастыру бойынша өз әрекетінің нәтижесін талдау.

Мұғалімнің сабаққа дайындалуы

Сабаққа дайындық барысындағы мұғалім әрекетінің алгоритмі:

1.Сынып оқушыларының ерекшелігін есепке алу:

*сынып деңгейі;

*оқушылардың пәнге қызығушылығы;

*сыныптың жұмыс қарқыны;

*білім,білік,дағдының қалыптасуы;

*әр түрлі жұмыс әрекетіне қарым – қатынасы;

*оқу жұмысының әр түріне,сонымен қатар дәстүрден тыс жұмыс түрлеріне қатынасы;

*оқушылардың жалпы тәртібі;

2.Жеке ерекшеліктерді есепке алу:

*жүйке жүйесінің типі;

*тіл табысушылығы;

*көңіл күйінің өзгеруі,эмоционалдығы;

*оқушылардың жаңа материалды қабылдауына басшылық жасауы;

*көңіл күйді төмендеуін жеңе білуі;

*өз білімі мен біліктілігіне сенімділігі;

*импровизация жасай білуі;

*техникалық оқу құралдары мен электронды есептеу техникасын,түрлі оқу құралдарын пайдалана білуі;

3.Сабақты жақсы өткізуге мүмкіндік беретін ережелерді сақтау:

Жалпы ережелері:

1.Сабақтың тақырыптағы,тақырыптың жылдық курстағы орынын анықтау,сабақтың жалпы міндеттерін бөлу;

2.Сабақ тақырыбына қатысты үш түрлі,ғылыми,ғылыми – көпшілік,әдістемелік кітаптарды таңдап алу,олардың мазмұнымен танысу;

3.Оқу бағдарламасын қарап шығу,түсіндірме хатты қайта оқу,берілген тақырып бойынша стандарт талаптарын оқып шығу,сабаққа байланысты мұғалімнен не талап етілетінін анықтау;

4.Оқулық материалын еске түсіру, тірек білім,білік,дағдыны бөліп алу;

5.Сабақ міндеттерін нақтылау,басты міндетті бөліп алу,оны оқушыларға түсінікті,олар қабылдай алатындай етіп тұжырымдап жоспарға жазу;

6.Сабақта оқушы нені түсінуі керек,нені есте сақтау керек,нені біліп,сабақтан нені үйренуі керектігін анықтау;

7.Оқушыларға қандай оқу материлын қандай көлемде,қандай мөлшерде баяндау керектігін,жетекші идеяларды дәлелдейтін қандай қызықты деректерді келтіруге болатынын анықтау;

8.Сабақ міндеттеріне сәйкес сабақ мазмұнын жіктеп алу,жаңа білім,білік,дағдыны қалыптастыратын,жаңа материалды игеретін тиімді тәсілдерді таңдап алу;

9.Оқушылардың дәптерлері мен тақтада не және қалай жазылатынын ойластыру;

10.Сабақты тұтас құбылыс ретінде қарастыра отырып,көзделген сабақ барысын сабақ жоспарына жазу;

Жекелеген ережелер:

1.Жинақы болу,оқушылар алдына міндеттерді нақты,түсінікті қою,материалды баяндау логикасын сақтау;

2.Мейірман болу,оқушыларға жекімеу,олардың түсінбегеніне немесе білмегеніне ашу шақырмау.Егер оқушылардың көбі бір нәрсені білмесе, не түсінбесе,онда қателікті оқу әрекетін ұйымдастыру тәсілдерінен іздеу керектігін есте сақтау керек;

3.Оқушы сөзін бөлмеңіз, сөзін толық аяқтауға мүмкіндік беріңіз.Жауаптың түсініксіз,нақты болмауы сұрақтың түсініксіздігі салдарынан болуы да мүмкін.

4.Қандай талап қойылғанын,оқушылардың оларды қалай түсінгенін міндетті түрде тексеріп отыру,тапсырмалар иен нұсқаулар қысқа, нақты берілуі керек.

5.Оқушылардың мұғалімді қалай тыңдап отырғанын қалтқысыз қадағалау.




Автор
Дата добавления 11.01.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров204
Номер материала ДВ-324946
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх