1147567
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 5.520 руб.;
- курсы повышения квалификации от 1.200 руб.
Престижные документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ ДО 70%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО сейчас!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок")

ИнфоурокДругоеДругие методич. материалыДоклад на тему: "ЖОБАЛАУ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ ҚЫЗМЕТІ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ."

Доклад на тему: "ЖОБАЛАУ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ ҚЫЗМЕТІ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ."

библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.

ЖОБАЛАУ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ ҚЫЗМЕТІ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ


Байтохина Асемгуль Турмаганбетовна


Өрлеу» АҚ БАҰО Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, Деңгейлік бағдарламалар орталығының тренері



Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың
2012 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан халқына
«Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында
2050 жылға дейін
Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына енуі туралы нақты тапсырма берілді [1,с.3].

Оқушылардың функционалдық дамуы туралы мәселе алғаш рет Елбасының 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстанның дамуының негізгі бағыты» Жолдауында [2,с.9-10]. көтерілген болатын. Онда осы мәселе бойынша бес жылдық Ұлттық іс-қимыл жоспарын қабылдау туралы нақты тапсырма қойылған болатын.

Осы стратегиялық маңызды мәселені шешу тұлғаның негізгі функционалдық сапасын: белсенділігін, шығармашылық ойлау қабілетін қалыптастыру және бейтаныс жағдайда мәселенің шешімін таба білуін, кәсіптік даму жолдарын таба білуін, өмір бойы оқуын қалыптастыруға тікелей байланысты. Білім алушылардың функционалдық қабілеттері мектеп жағдайында қалыптасуға тиісті [2,с.15-17].

Функционалдық сауаттылықтың жалпы бағыты ретінде жалпы білім беру мектептеріндегі азаматтардың интеллектуалдық, рухани және дене дамуы, олардың білімін әлемдегі жылдам өзгеріс жағдайында әлеуметтік жағдайға бейімдеу Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың
2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында атап көрсетілген [3, с.20-21].

Жолдаудағы тапсырмаға байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 832 қаулысымен Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық іс-қимыл жоспары қабылданды (бұдан әрі – Ұлттық жоспар) [4, с.12-13].

Ұлттық жоспарда оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту процесін ғылыми-әдіснамалық, оқу-әдістемелік, материалдық-техникалық қамтамасыз етудің кешенді іс-шараларын жүргізу көзделген. Ол оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруды Қазақстан Республикасында білім сапасын жетілдірудің өзекті мәселесі ретінде қарап, оның бірөзектілігін, толықтығын және іс-әрекет жүйелігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Аталған жоспарда:

- оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың отандық және халықаралық тәжірибелерін зерделеу;

- оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі жүйелік шараларды іске асыру тетіктерін анықтау;

- білім беру мазмұнын: стандарттарды, оқу жоспарларын және оқу бағдарламаларын жаңартуды қамтамасыз ету;

- оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету;

- оқушылардың білім сапасын бағалау және оған мониторинг жүргізуді жетілдіру;

- қосымша білім беру жүйесін ұйымдастыру және мектептердің материалдық-техникалық базасын күшейту көзделген.

«Функционалдық сауаттылық» деген түсінік алғаш рет ЮНЕСКО-ның құжаттарында өткен ғасырдың 60-шы жылдарында пайда болған болатын және кейінірек зерттеушілер оны өз еңбектерінде қолдана бастады. Функционалдық сауаттылықтың ең кең анықтамасы бойынша оны тұлғаның әлеуметтік бейімділігінің, адамзаттың әр салалы қызметі мен білімі арасындағы интеграциялық байланыс деңгейін анықтайтын шама ретінде қарастыруға болады. Қазіргі жылдам өзгеріс жағдайындағы әлемде функционалдық сауаттылық адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге қарқынды араласуын, адамдардың өмір бойы оқуын қамтамасыз ететін негізгі базалық факторлардың бірі болып саналады.

Қазіргі таңдағы әртүрлі сауаттылыққа өзіне тән функционалдық сауаттылық сәйкес келеді. Сауаттылықтың мынадай түрлері бар:

а) жалпы мәдени – жаратылыстану, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша, сонымен қатар тарих және қазіргі көркем мәдениет бойынша білімнің болуы;

б) іс-қимылдық – жай адамдық қасиеттердің нормалары, қызметтік және басқа да этика, жағдайға қарай іс-қимыл жасау туралы білім және оларды түсіну;

в) әдіснамалық – теориялық білім мен әлеуметтік тәжірибенің интеграциясы негізінде білімді және өмірді түсінуді терең меңгеру. Соңғы сауаттылық басқалардың негізі болып табылады;

г) әлеуметтік-коммуникативтік – басқаларды түсіне білу, сөйлеу тілі арқылы және басқалай берілетін «тілдерді» түсіну, өзара түсіну дағдылары және бірге іс-қимыл жасау;

д) технологиялық – кәсіптік қызмет саласында мәселелерді тиімді және құзыретті шеше білу қабілеті;

е) экономикалық – шаруашылық қызметтердің теориялық білім негіздерін, экономикалық байланыстар мен қатынастың негізін түсіну; нақты қаржылық-экономикалық жағдайды талдай білу;

ж) азаматтық-құқықтық – кең қоғамдық аспектіде өз құқықтарын және міндеттерін білу және түсіну;

з) саяси – билік пен мемлекеттің әлеуметтік табиғатын түсіну, жалпы істерді жүргізу және ортақ мүддені қорғау туралы ептілік және дағдылар.

Функционалдық сауаттылық немесе құзыреттілік деп көп жағдайларда теориялық білім мен қоғамдық өмірдің әр саласындағы (экономика, технология, саясат, мәдениет) практикалық тәжірибені тиімді үйлестіру арқылы білім алушылардың әлеуметтік өмірдегі мәселелерді нормативтік тұрғыда талдау, шешу қабілетін айтады. [5, 6, с.26, 336] Функционалдық сауаттылық терминімен қатар жоғары функционалдық сауаттылық термині де қолданылады. Оған функционалдық талаптардан жоғары білім көлемінің, интеллектуалдық әлеуеттің, рухани әлемнің дамуы жатады.

Қазіргі кезде білімнің жаңа парадигмасына байланысты оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру үшін «зерттеу мәдениетін» меңгерудің маңызы зор.

Ғылыми әдебиетте «зерттеу мәдениетін» түсіндіретін әртүрлі анықтамалар бар.

Зерттеу мәдениеті деп зерттеу қызметін жүргізуге қажет білім, ептілік, дағды және құзыретті және теориялық және практикалық мәні бар зерттеу әрекетінің стратегиясы мен тактикасын анықтайтын көзқарасты айтады [7,с. 35–46.]. Зерттеу мәдениетінің жалпы құрылымында үш инварианттық: когнитивтік-бағалау, операциялық-әрекеттік және бағалық-мотивациялық компонент бар. Оқушылардың зерттеу мәдениеті негізінде жоғары сыныптарда қалыптасады [8,с.63-64]. Осы анықтамаға сүйене отырып, оны жобалау іс-әрекеті мәдениетіне бейімдеу арқылы оқушылардың жобалау және зерттеу жұмысының мәдениеті мынадай негізгі критерийлермен сипатталатынын байқауға болады: зерттеу мотивациясы, ойлаудың ғылыми стилі, зерттеуге ақпараттық және технологиялық дайындық, шығармашылық белсенділік. Аталған критерийлер оқушылардың жобалау іс-әрекетінің табыстылығын анықтауға бағытталған.

Білім беру ұйымдарындағы оқушылардың жобалау және зерттеу жұмыстары психологиялық-педагогикалық, оқу-әдістемелік, ұйымдастырушылық және басқа да проблемаларды кешенді шешудің сауатты ғылыми тәсілінің болуын талап етеді. Мұғалімдерде жобалау және зерттеу технологияларын меңгеру үшін тиісті деңгейде ғылыми-әдістемелік даярлықтарының болуы қажет.

Білім алушылардың зерттеу іс-әрекеті — шешімі алдын-ала белгісіз (табиғаттың заңдарын көрсету тәжіріибесінен өзге) шығармашылық, зерттеу мәселелерін шешуге байланысты және ғылым саласындағы зерттеулерге тән негізгі кезеңдердің (мәселені қоя білу, осы проблематиканы шешуге байланысты теорияны зерделеу, зерттеу әдісін таңдай ала білу және оны өз мақсатында қолдана білу, өз материалдарын жинау, оны талдау және жинақтау, өзіндік қорытынды) болуын ескеретін оқушылардың әрекеті болып табылады.

Білім алушылардың жобалау іс-әрекеті – оқушылардың бір мақсаттағы, келісілген әдістемесі бар жалпы жетістікке қол жеткізуге бағытталған оқу-танымдылық, шығармашылық және ойын әрекеті. Жобалау әрекетінің негізгі шарты ретінде әрекеттің алдын ала келісілген нәтижесінің, жобалаудың кезеңдерінің (жобалаудың мақсаты мен мәселелерін анықтау, жоспар құру, жобалауды іске асыруды ұйымдастыру), жобалауды іске асыру кезеңдерінің болуы айтылады.

Жобалау-зерттеу іс-әрекеті – жобалау бойынша мақсат пен мәселелерді анықтауға, әдістемелерді таңдау ұстанымдарын анықтауға, зерттеу барысын жоспарлауға, күтілетін нәтижені анықтауға, зерттеуді жүзеге асыруды бағалауға, керек ресурстарды анықтауға бағытталған іс-әрекет. Зерттеудің ұйымдастыру шеңбері болып табылады.

Оқу зерттеуі және ғылыми зерттеу. Білім саласындағы зерттеудің негізгі түйіні ол оқулық зерттеу болып табылады. Оқу зерттеуінің негізгі мақсаты «үлкен» ғылымдағыдай объективтік жаңа нәтиже алу емес, тұлғаларды дамыту болып табылады. Егер ғылымдағы негізгі мақсат жаңа білім өндіру болса, білім саласындаңы зерттеудің мақсаты - оқушылардың функционалдық дағдыларын жетілдіру, зерттеу түрінде ойлау қабілетін дамыту, субъективтік жаңа білімге (әр оқушыға маңызды да жаңа болып табылатын, өзіндік іс-әрекеттермен жинақталған білім) байланысты білім процесіндегі оқушылардың тұлғалық позициясын жандандыру.

Сондықтан зерттеу іс-әрекетінің негізінде білім беру процесін ұйымдастыруда бірінші орынға зерттеуді жобалау мәселесі шығады. Оқушылардың зерттеу жұмысын жобалаудың негізіне соңғы жүздеген жылдарда қалыптасқан зерттеудің моделі мен әдіснамасы алынады. Бұл модельде кез келген зерттеуге тән бірнеше қалыптасқан кезеңдер бар. Алайда оқушылардың зерттеу жұмыстары оқулық зерттеу жұмыстарына ғана тән, ғылыми қоғам дайындаған дәстүрлер негізінде жүргізіледі және дамиды.

Оқу зерттеуі іс-әрекетіндегі субъект-субъект қатынасының дамуы. Қалыптасқан оқу процесінде стандарттық позициялық схема «мұғалім — оқушы» жүзеге асырылады. Мұғалім білім береді, оқушы білім алады, ол процесс қалыптасқан дәстүрлі сынып-сабақ тәсімі түрінде өткізіледі. Зерттеу іс-әрекетін дамыту барысында аталған тәсімде қарама-қайшылықтар туады: сынып тақтасында көрсетіліп берілетін білімнің дайын эталоны жоқ, табиғатта көрінетін құбылыстар дайын тәсімдермен түсіндіруге жатпайды, нақты жағдайларға байланысты өзіндік талдауды қажет етеді. Бұл қоршаған ортадағы түсінудегі білім саласындағы объект-субъектілік парадигманың эволюциялық өзгеруіне, біртіндеп «әріптес-әріптес» бірлестігінің туындауына әкеліп тірейді. Мұғалім «жетекші-кіші жолдас» жұбы тәсімі бойынша практикалық әрекеттегі дағдыларды оқушыларда қалыптастырады. Мұндай ұстаз бен шәкірт аралығындағы қатынас жетекшінің жоғары беделі арқылы жүзеге асырылады.

Айтылғандарға байланысты педагогикалық кадрлардың біліктілігін көтеру бағдарламаларын және оларды қайта даярлаудың мазмұнын жоғары оқу орындарының, педагогикалық іскерлік орталықтарының және біліктіліктерді көтерудің өңірлік орталықтарының базасында қайта қарау және іске асыру қажет.

Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру мен дамыту мәселесі оның міндетті түрде ғылыми-зерттеу және әдістемелік қамтамасыз етілуін қажет етеді. Оқушылардың функционалдық сауаттылығының дамуы білім беру мазмұнын жаңартуды, жаңа оқу бағдарламаларын жасауды мен оқулықтарды қайта қарауды, алынған білімді оқу және практикалық жағдайларда қолдана білуді талап етеді.


Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Қазақстан Республикасының Президенті-Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты». www.akorda.kz.

2. Қазақстан Республикасының Президенті-Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» www.akorda.kz.

3. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 қаулысымен бекітілген).

4. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 832 қаулысымен бекітілген).

5. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау (12 жылдық оқытудың құрылымы мен мазмұнын жетілдіру бойынша экспериментке қатысушылар үшін әдістемелік ұсынымдар). – Астана, 2006. - 29 б.

6. Педагогические технологии: Учебное пособие для студентов педагогических специальностей / Под общей редакцией В.С.Кукушкина. - М.: ИКЦ «МарТ»: - Ростов н/Д Издательский центр «МарТ», 2006. - 336 с.

7. Исследовательская деятельность учащихся. Научно-методический сборник М.: 2007. – С.35–46.

8. Организация проектной учебно-исследовательской деятельности школьников. / Авт.-сост. И.И.Белова, С.М.Гетманцева, Ю.Н.Гребенникова, О.А.Гущина. – Великий Новгород, 2002. – 63 с.

Общая информация

Номер материала: ДВ-067586

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Подростковый возраст - важнейшая фаза становления личности»
Курс «Администратор гостиницы»
Курс «Гид-экскурсовод: Основы туристского сопровождения»
Курс повышения квалификации «Организация научно-исследовательской работы студентов в соответствии с требованиями ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Организация и предоставление туристских услуг»
Курс профессиональной переподготовки «Организация логистической деятельности на транспорте»
Курс повышения квалификации «Этика делового общения»
Курс повышения квалификации «Экономика: инструменты контроллинга»
Курс повышения квалификации «Основы менеджмента в туризме»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности секретаря руководителя со знанием английского языка»
Курс профессиональной переподготовки «Корпоративная культура как фактор эффективности современной организации»
Курс повышения квалификации «Актуальные вопросы банковской деятельности»
Курс повышения квалификации «Международные валютно-кредитные отношения»
Курс профессиональной переподготовки «Организация и управление службой рекламы и PR»
Курс повышение квалификации «Информационная этика и право»

Благодарность за вклад в развитие крупнейшей онлайн-библиотеки методических разработок для учителей

Опубликуйте минимум 3 материала, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную благодарность

Сертификат о создании сайта

Добавьте минимум пять материалов, чтобы получить сертификат о создании сайта

Грамота за использование ИКТ в работе педагога

Опубликуйте минимум 10 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Свидетельство о представлении обобщённого педагогического опыта на Всероссийском уровне

Опубликуйте минимум 15 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данное cвидетельство

Грамота за высокий профессионализм, проявленный в процессе создания и развития собственного учительского сайта в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 20 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Грамота за активное участие в работе над повышением качества образования совместно с проектом "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 25 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Почётная грамота за научно-просветительскую и образовательную деятельность в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 40 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную почётную грамоту

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.