Инфоурок Другое Другие методич. материалыДоклад на тему:"ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ МЕКТЕПТЕН БАСТАЛАДЫ "

Доклад на тему:"ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ МЕКТЕПТЕН БАСТАЛАДЫ "

Скачать материал

 

 

 

 ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ МЕКТЕПТЕН БАСТАЛАДЫ

 

                        Нарманова Альмира Серикбаевна

                                                                        Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,

                                                                        Қазалы қаласындағы

                                                                        М. Горький атындағы №16 орта мектептің

                                                                        мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі

                                                                        орынбасары

 

      «… әрбір ұлтың баласы өз ұлтының арасында, өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті»                                                                                                                            М.Жұмабаев

        Еліміздің ертеңгі болашағы – бүгінгі  өсіп келе жатқан жас ұрпақ. Ендеше ертеңгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген бойында ұлттық сана, ұлттық психология қалыптасқан, парасатты азамат тәрбиелеп өсіру басты міндетіміз екенін үнемі назарда ұстауымыз кажет. 

       Еліміздегі әлеуметтік-эканомикалық өзгерістер мен бірге адам санасы да жаңғыруда.Бұл құбылыс елдігі білім беру жүйесін реформалауды, кеңейтуді талап етуде. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы мемлекеттік саясат жөніндегі ұлттық кеңес ұсынған гуманитарлық білім беру, тарихи сана мен азаматтардың жаңа әлеуметтік- эканомикалық мінез-құлқын қалыптастыру, этно-мәдени білім беру тұжырымдамалары нарықтық қатынастар әлеуметінің заңды талаптары.

         Ұлттық тәрбиенің тарихи бірізділікке бет бұруы орынды. Мұнда ұлттық психология мен ұлттық тәрбие өзара байланысты және ықпалдас жағдайда жүретіні анық. Олардың ара жігін ажыратуға болмайды. Соған сәйкес олардың табиғатын, құрамдас элементтерін, қалыптастыратын факторларын бір арнада зерттеген дұрыс. Өйткені, тарихи- дәстүрлі ұлттық тәрбиеге ықпал етсе, онда ұлттық тәрбие де өз тарапынан ұлттық психология белгілерінің сақталуына жағдай тудырады.

              Әр халықтың ұрпақ тәрбиелеудегі өзіне тән мәдени мұрасын оқу-тәрбиеге енгізудің ықпалы зор. Ұлттық тәрбие жүрекке жақын болғанымен ауқымы шексіз, белгілі бір жүйеге келтірілмеген тың дүниелер.

       Жеке тұлғаның эстетикалық талғамын арттырып, өнер өрнектері арқылы достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу басты мәселе болып отыр. Эстетикалық тәрбиенің міндеті – жас ұрпақты өмірдің барлық салаларындағы, адамның тұрмысындағы, еңбектегі, көркем өнердегі, табиғаттағы сұлулықты көре білетін, ұға білетін, бақылай алатын адам етіп тәрбиелеу. Ұлттық- тәлім тәрбие, мінез- құлық, салт-дәстүр, әдет-ғұрып қазақ елінің тәуелсіздігіне байланысты біртіндеп жүзеге асырылып келе жатқаны қуантады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында жан-жағымызға алаңдап, еліктеп, теңелуге тырыстық. Соның нәтижесінде халықтың болмысын өзгертуге үлес қосқан ұлы тұлғалар мен тарихи жағдайларды танып, соны түсініп, соған ниет, көзқарас пайда болды. Ұлттық ар-намысты сыйлауға, өткенімізге дұрыс баға беруге үйреніп жатырмыз. Жеке тұлғаны  ұлттық дүние танымын қалыптастыра отырып тәрбиелеуіміз қажет.

      Әрбір халықтың рухани – психологиялық қасиеттері тарихтан терең тамыр алады. Ұлттық психология ұлттың тағдырындағы қилы кезеңдері, яғни, жақсылық пен жамандық, өмір сүру салты мен шаруашылығы, қала берді саясат пен идеологияны бойына сіңіреді. Ұлттық сезім, мінез – құлық, ұлттық мүдде, ұлттық әдет-ғұрыптар, отансүйгіштік, ұлттық мақтаныш пен намыс, ұлттық талғам т.б. белгілер сол ұлттың рухының ізгі байлығының ажырамас бөліктері.

      Қазіргі заманда жеке тұлғаның тәрбиесінің табысты болуы ата-аналардың тәжірибесіне, кәсіби шеберлігіне, мәдениетіне өзара қарым-қатынасына, көзқарастарының және мақсаттарының бірлігіне байланысты.

      Жастардың өнегелі тәрбиелігінің басты міндеті – жеке тұлғаға ұлттық құндылықтар арқылы тәрбие беру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


          Жеке тұлғаға ұлттық құндылықтар арқылы тәрбие беру мақсатында халқымыздың

ұлттық тәлім-тәрбиесіне сүйене отырып  жеке тұлғаның нағыз азамат болып өсіп жетілуіне жағдай жасау керек. Өйткені жас ұрпақ халықтың ең қымбатты, ең қадірмен келешегі. Бұл сенімді ақтауға аға ұрпақ, әсіресе ата-аналар алдында зор міндеттер тұр. Олар ерінбей еңбек етіп жеткіншектерді тәрбиелеп, құрметті және жауапты мемлекеттік міндетті орындайды.

      Кең байтақ қазақ даласында өсіп өмір сүретін балалардың тәрбиесі олардың ата-аналарының күнделікті іс-әрекеттері мен көшпелі тұрмыс қалпына байланысты болған. Балалардың жастайынан тіл алғыштыққа, тәртіптілікке, жауапкершілікке, үлкендерді сыйлай білуге үйреткен. Сондықтан жас ұрпақ үшін кеңес, өсиет және  басқа да инабаттылық ұғымдар үйелмендер мінез-құлықтық нормасына айтылған.

     Мұндай өмірлік мәні бар мәселелерді шешуде үйелмен мүшелерінің бірлігі, олардың түсінушілігі мен дүниеге көзқарастары нығайады, ата-аналар мен балалар арасындағы мейірімді қарым-қатынас бір қалыпқа түседі, үйелмендік белгілі ереже жасалынады, ал олар барлық үйелмен мүшелері үшін жазылмаған заң болып қолданылады.

         Жастардың өнегелі тәрбиелілігінің басты белгісі – үй және мал шаруашылығының басқару тәсілдерін, жеке адамның ізгі қасиеттерін білу. Олар: ұйымдастырушылық қабілетін, еңбеккерлік, табандылық, тапқырлық, қамқорлық, ерлік т.б ересек қазақ балалары мен жігіт жасындағы жастар Ұлы қазан төңекерісіне  дейін арнайы мектепте оқып білім алған жоқ.. Олар өмірден, күнделікті тұрмыстағы тәжірибеден әдептілік ұғымдарды үйренеді. Халық аузындағы мақалдар мен мәтелдерді және ертедегі әңгімелерді, басқа да халық тағылымын қабылдап, мәніне түсінеді. Өйткені, бұл фольклорлық шығармаларда жеке адамның мінез-құлқы нақты көрсетілген, достық, адалдық, шындық, еңбек сүйгіштік сияқты имандылық қасиеттер жайлы психологиялық – педогогикалық ойлар берілген, үйелменде, қоғамда жеке адамдар арасындағы қатынас нормаларының қалыптасуы көрсетілген.

        Қазақ халқының дәстүрлері арқылы мектептер мен жоғарғы оқу орындарында ұлттық тәрбие қалыптастырудың нәтижелі болуы ұстаздың осы бағыттағы алған этно- білімдері мен әдістемелік дайындығының деңгейіне тікелей байланысты болғандықтан , қазіргі қоғамдағы қордаланған тәрбие проблемаларын шешуге ден қойып отырмыз.

       Барлық жерде оқу-тәрбие ісін ұлттандыру мақсаттарын жүзеге асыруда этнопедагогика пәні негізгі тірек, қозғаушы күш. Өйткені барлық оқу-тәрбие ғылыми зерттеу жұмыстарын этнопедагогикамен байланыстырып жүргізу тиімді әрі нәтижелі болмақ. Этнопедагогика ғылымы екі саладан тұрады: халықтың салт дәстүрлерінен құралған ауыз әдебиеті және ұлттық тәлім тәрбиенің жазу мәдениетіндегі көрінісі. Қазақ этнопедагогикасының негізгі саласы -әдеп. Әдеп – эстетика ғылымының « этика» деп аталатын үлкен саласының ұлттық мәдениетке тән қисынды баламасы, ұлттық педагогиканың алтын арқауы. Ұлттық тәрбие дәстүрлері тамашалауды қажет ететін көне дәуір ескерткіші ғана емес, ол ел тұрмысында , адамдар қарым –қатынасында, отбасылық өмрінде белсенді қызмет ететін жанды құбылыс тәрбиенің қайнар көзі.

          Ұлттық салт-сана  сол ұлттың мәдени дәрежесін рухани сапасын көрсетеді. Этнопедагогиканың негізгі бір саласы – ұлттық салт-дәстүрлер. Жар-жар, тойбастар, беташар,шілдехана, бесік жырлары ұлттық психологиямызға  көп әсер етеді. Ата- баба шежіресі адамды генофондық ғылыми тұрғыдан дұрыс ажырата білуге көмектеседі.

        Қазақ халқының сан ғасырдан бері тәрбие жөніндегі өнегелі істері мен сөздері, тұрмысы,мәдениеті, өнері,өмір тәжірибесі халық педагогикасының асыл қазынасы болып келді. Қай заманда болмасын ұрпақ тәрбиесі азаматтың парызы болды. Әрбір халық өзінің тарихы мен тәжірибесін жалғастыратын жас түлектерді ғасырлар бойы тәрбие әдістері мен тәсілдерін қолданып, өмір тәжірибесі сынынан өткен әдептілік, сыпайылық,адалдық, инабаттылық, іскерлік, мейірімділік, қайырымдылық, еңбексүйгіштік, үлкенді сыйлау, оған ілтипат көрсету сияқты қабілеттерді олардың бойына екті. Осылардың бәрі адамзат тәрбиесінде халық педагогикасының қандай роль атқаратындығын көрсетеді.

        Әрине, жастарға тәлім-тәрбие беруде тек ұлттық дәстүрлермен шектелуге болмайды. Сондықтан тәрбие ісі тиімді және нәтижелі болу үшін халық педагогикасына кешенді қараған жоқ.

        Халықтың даналық ойлары халық педагогикасының шамшырағы болған. Халық  даналығы мақал-мәтел, ертегі, өлең-жыр түрінде, ақын-жыраулардың шешендердің сөздері толғау, өсиет өлеңдері арқылы баяндалып отырған.

        Қазақ халқының өмір кешкен тарихында ұлттық ойындардың көптеген түрлері балалық,жеткіншектік, жасөспірімдік шақтағы балалар тәрбиесінде пайдаланылды. Ал қазіргі кезде ұлттық ойындардың көпшілігі тәлім-тәрбие саласында зор педагогикалық құралға айналды. Бүкіл халқымыздың ұзақ өмірінде өздері қызықтаған алуан ойын өнері болды. Ойын тек қана көңілд көтеру, көңілін шаттандыру ғана емес, ол өзінше ерекше қазақ халқының әлеуметтік өміріне байланысты тәрбиелік мағынасы зор жеке адамның дамып жетілуіне, қалыпсатуына әсер етуші факторлардың бірі болған.

         Қазір қайта өркендеу ұлттық мәдениет пен салт-сананың жаңғыру кезеңінде баспа беттерінде ұлттық ойындар туралы жазылған бірсыпыра мақалалар, құнды еңбектер пайда бола бастады. Солардың ішінде Е.Сағындықовтың «Қазақтың ұлттық ойындары» деген кітабын атауға болады. Кітапта ұлт ойындарының шығу жолдары мазмұны баяндалған. Олардың оқу тәрбие саласында үлгі түрінде шебер пайдаланып, бүгінгі және болашақ ұрпақтың игілігіне айналдыру қажет.

        Ұлттық қадір-қасиет дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, біздің заманымызға жетіп отыр.тәртіп пен мінез ерекшеліктері өзгеріп отырады.

Олар халқымыздың өмір сүру жағдайында, әлеуметтік-эканомикалық  және гографиялық ортасының шарттарына байланысты қалыптасалы.

         Халқымыздың рухани бейнесін бір жағынан әдебиет,өнер,ғылым, екінші жағынан мінез-құлық,ұлттық сезім, әдет-ғұрыптар т.б. бейнелейді. Ұлттық мінез-құлық ерекшеліктері адамдардың біріккен өмірі мен күресінде, әлеуметтік, табиғи-географиялық, материалдық мәдени жағдайының шарттарына  лайықты қалыптасады. Соның әсерінен әрбір адамға ұлттық мінез-құлық, саналы тәртіп,болымды қылықтар сезім көріністері, дәстүрлері, мен әдет-ғұрыптары пайда болады.

         Ұлттық мінез-құлықты халықтың бай тәжрибесі арқылы тарихи тұрғыда қалыптасқан әдетінің, жалпы және ерекше қасиеттерінің бірлігі деп ұғамыз.

         Біздің елімізге тәуелсіздік таңы атқалы бері оқушы бойынан жат әдеттерді аластап,өз дінімізді, рухымызды, салт-сана дәстүрімізді оқушы бойына қалыптастыру мақсатында әрбір сабақта өз қазақ халқымыздың мәдениетімен байланыстыра өтуды қолға алған жөн. Қазақтың өз заманына сай үрдісі, тәрбиесі бөлек болған. Баланы жастайынан еңбекқорлыққа, ақылдылыққа, шешендікке, әншілікке, спортқа баулып өсірген.

     Халқымыз ұлттық  тәлім-тәрбиеге сүйене отырып, жас жеткіншектің нағыз азамат болып өсіп жетілуіне қамқорлық жасаған. Өйткені жас ұрпақ халықтың ең қымбатты, ел қадірі мен келешегі.

      Бүгінгі таңда өздеріміз тәлім-трбие беріп жатқан бүлдіршіндер ертеңгі күні тек білімді кадр ғана емес, отанын жанындай сүйетін, ұлттық тарихы мен мәдениетін қастерлейтін, рухани кемелденгени азамат болып өсіп жетілуі қажет. 

       Бүгінгі мақсатымыз - әрбір оқушыға түбегейлі білім мен мәдениеттің негіздерін беру және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау. Адам бойындағы игі қасиет мектеп қабырғасында қаланады. Сондықтан еліміздің ертеңгі ұлт тізгінін ұстар жастарымыздың тәрбиесіне аса мән беруіміз қажет. Қазіргі қоғамға сай білікті де білімді, адамгершілік құндылығымен рухтанған, ұлттық сезімі жоғары адам тәрбиелеу.

 

 

 

 

 

 

ОҚУШЫЛАРДЫ  АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ МУЗЫКАЛЫҚ МӘДЕНИЕТТІҢ  ҚҰНДЫЛЫҒЫ

Нұрсейтова Ғалия Ораққызы

М.Горький атындағы №16 орта мектеп, Қазалы ауданы, Қызылорда облысы

 

         Рухы мықты адам  кез – келген дағдарыстан шыға алады. Қазіргі таңда бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастырудың қамтамасыз ететін факторларының бірі кәсіби біліктілігі жоғары мамандардың қажеттілігі. Осыған сәйкес, бәсекеге қабілетті, жоғары сапалы мамандарды даярлауда кәсіби біліктілігімен қатар, олардың бойында адамгершілік ұсынымдарын қалыптастырудың  өзектілігі байқалып отыр.бұл мәселелерді шешуге мәдениеттің соның ішінде музыкалық мәдениеттің атқаратын қызметі зор.

            Жас жеткіншек жақсылық пен жамандық, әділеттілік пен әділетсіздікті, абыройлық пен абыройсыздықты терең сезінеді. Сондықтан қоғамдық  өмірдің және адамның рухани әлемнің заңдылығын тану олар үшін жақсылық пен жамандықты музыкалық – эстетикалық тұрғыдан танумен бір мезгілде пайда болады.

            Қазақтың ұлттық мәдени орталығының мақсматтары мен міндеттері, ата  - бабаларымыздың озық дәстүрлері  мен өнерін өркендету болып отыр. Жаңа дәстүрдегі ұлттық мектептердің негізгі мақсаттары – қазақ тілінің аясында кеңейту, тіл дәрежесін көтеру, халқымыздың әдет  - ғұрып, мәдениетін, өнерін, салт  - дәстүрін заман талабына сай жаңғыртып, дамыту.

            Ата  - бабаларымыздың ғасырлар қойнауындағы сарқылмас мұрасы өскелең ұрпақ кеудесіне ұлттық сезімді ұялатып, келешек жастарды тәрбиелеу ісінде ерекше орын алады. Бұл мақсаттарды іске асырмаған жағдайда адамдық болмысымызды бағалап, сана сезімімізді биіктету мүмкін емес. Осыларды қабылдау арқылы, эстетикалық талғамы дамиды, өмір құбылыстарының мәнін ұғынып оған үңіле байыппен қарауды үйренеді, адамгершілік қасиеттері мен мінез – құлқы қалыптасады.

            Қазіргі таңда оқушыларды адамгершілік тұрғыдан тәрбиелеу мәселесі бүкілхалықтық іс болып отырғаны баршамызға мәлім. Соның күрделі салаларының бірі – жастарға музыкалық – эстетикалық тәрбие беру негізінен музыка сабағының үстінде іске асырылады. Музыка сабағының алдында негізгі мақсат  - шәкіртке музыканың құдіретті күшін таныту.

            Олардың санасына, еркіне, әсіресе олардың сезімі мен ұшқыр қиялына пайдалы әсер ету. Сонымен қатар бұл өмірдің түрлі жайтарын адам баласының қолы жеткен табыстарымен оның қолынан туған көркем өнер мұраларын тануға, өмір шындығын сезінуге, елін, жерін, отанды сүю  сезіміне баулу.

            Музыка – рухани жан азығы болса, оны жасайтын көркем өнер иесі – композитор. Композитор   - халықтың сүйікті, қадірлі де ардақты адамдардың бірі. Өйткені ол  халық өмірінің шындығын бейнелейтін өнер иесі. Бұл жерде Ұлы орыс халқының классикалық музыкасының атасы М.И.Глинканың: «музыканы жасайтын халық, ал біздер композиторлар оны тек өңдеуші ғанамыз» деген сөзін айтпасқа болмайды. Бұл сөзді композитордың халықпен тығыз байланыста болып, халық шығармашылығын әрі қарай дамытушы деп түсінуіміз керек.

            Музыка - өнердің ұлттық тілге, мемлекеттік шекараға бағынбайтын жанры саналады. Алайда, барлық өнер туындылары тәрізді музыкалық шығармаларда ұлттық таным мен түсініктен бастау алып, туған халқының мұңы мен  арманын бейнелегенде ғана шынайылық сипатқа ие болады. Ал бір адамның мұндай шығармалары өзгеше мазмұндық – сарандық құрап, халық көңіліндегі мәңгілік арманы мен рухтың әрі символына, әрі бұл ұлы сезімдерді ұрпақтан – ұрпаққа жалғайтын қайнар бастауға айналады.

 

            Музыканың терең ұғына білген данышпан Абай Құнанбаев:

            Көңілге түрлі ой салар, әсем ән мен тәтті күй.  Немесе

            Жақсы әнді тыңдасаң ой, көзіңмен, өмір сәуле көрсетер судай тұнық – деп музыканың әлеуметтік, этетикалық мәнін жоғары бағалаған.

            Шынында, Құрманғазы, Тәттімбет, Біржан сияқты өнер саңлақтарымыздың ғажайып шығармаларын түсінбеген, музыка өнерінің тамаша туындыларынан ләззат ала алмаған жан жоқ шығар.

            Қазақтың музыкасы – таңғажайып бай және көп түрлі әлдеқайда ілгері басқан музыка. Ол көптеген зерттеушілердің өз өмірін еңбек жолын арнауға тұрарлық мәселе екенін өзі – ақ дәлелдеп беріп отыр. Қазақтың көркем өнерінің бейнелік тілін меңгертуде, халқымыздың бай мұрасын игертуде құнды ой – піәкірлер мен татымды түйіндердің негізін қазақ ағартушыларының дүниетанымдық  көзқарастарынан байқаймыз. Оған дәлел Ш.Әулиханов, А.Құнанбаев, Ы.Алтынсариннің рухани қазынамыз мәдениет пен ұлттық өнердің қоғамдағы тәрбиелік рөліне айрықша мән бергені белгілі.

            Өткен замандарда қазақ даласын  ән – күймен шулатқан талай – талай ақын – жыраулар, әншілер  мен күйшілер  өмір сүрген. Олар Бұхар жырау, Ақан сері, біржан сал, Сүйінбай, Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Жамбыл, Кенен, Жұбанов, Күләш т.б. Міне, осы ата  - бабаларымыздың жасап кеткен қастерлі өнерін ХХ ғасырда қазақтың кәсіби музыкасы жалғастырып дамытты. Сондықтан халық өнері, фольклоры жалпы тәрбиеден отбасында, мектепте, оқу орындары мен көркем өнер мекемелерінде халық мәдениетін, өнерін, дәстүрін игеру осы өнер қайраткерлерінің өмірі мен шығармашылығы арқылы балалардың эстетикалық тәрбие беру көзделіп отыр.

            Кең тараған халық әндері мен  күйлері адамдарға  қатты әсер етіп, олардың өмір ауыртпалығын бір сәт естен шығаруға мәжбүр етеді, олардың бойына мейірім шуағын ұялатып, қуаныш сезімін тудырады. Оның үстіне қазақ халқының музыкалық шығармашылығында жастарға бағышталған өнеге – тәлім жатады. Олардан тәрбие идеясын көреміз. Мысалы: тарихта 1723 жылдар, қазақ – қалмақ соғысының нәтижесінде «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» өткен тарихилық қайғысы, мұңы музыкада өз өрнегін  қалдырды.   

            «Елім - ай» әні –

            Қаратаудың басынан көш келеді,

            Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.

            Қарындастан айрылған жаман екен,

            Екі көзге мөлдіреп жас келеді, - деп Шәкәрім  Құдайбердиевтің «Қазақ шежіресі», (Орынбор, 1911) атты ғылыми еңбегінде көрсеткен  зарлы әуенмен өткен шақты сезімімізге  - сөздің әрі әннің әуені арқылы орындаушының (домбыра, қобыз, сырнай т.б) арқасында әсер етіп отыр.

            Халықтық жастарды адалдыққа, адамгершілікке, сыпайылыққа, туған жердің табиғатын сүюге, мектебін, ата  - анасы мен ұстаздарын құрметтеуге, үлкенді сыйлауға баулыйды.  Әсемдікті, әдемілікті, халықтың рухани  байлығын қастерлеуге  үйретеді. Жеткіншек ұрпаққа  музыкалық эстетикалық тәрбие беруді дамыту  да мектептен тыс тәрбие мәні орасан зор міндет  атқарады. Ол мектептен  тыс мекемелер (музыкалық сыныптар, балалар театыры, филормония), бұқаралық ақпарат (родио, телевизия, кино) техникалық құралдар (балаларға, арналған күй табақтар, граммафон және могнитофон жазбалары арнайы музыкалық әдебиеттер), (кітап, журналдар, ноталық баспалар және т.б) арқылы жүзеге асырылады.

            Біздің жастарымыз мәдениетті, әрі  жан  - жақты дамыған азамат болу үшін тек музыканы жақсы көріп қоймай, кейбір музыкалық аспаптарда ойнап, музыка теориясын үйрене білу мақсатын алдына қоюда. Осы мақсатпен мектеп жанындағы, оқушы үйлеріндегі хор, би, оркестр жеке әншілердің көркем өнерпаздар үйірмелеріне қатысады. Өнердің барлық салаларынан білім алуға тырысады.  Бұл олардың музыкалық сауатын ашумен қатар, шаң қобыз , сазсырнай, жетіген, қобыз, скрипка, кларнет пен труба және фортопиано  сияқты музыкалық аспаптарда да ойнауына,  адамгершілікке тәрбиелеумен  қатар шығармашылық қабілеттерінің дамуына мүмкіндік жасайды.  

            Революцияға дейінгі  Қазақстанда арнаулы музыкалық оқу орындары, сондай – ақ  профессионалдық өнерде (жалпы европалық ұғымда), музыкалық жазу да болған жоқ. Халықтың музыкалық мәдениетті ауызекі халық шығармасымен- әнші,күйші, жыршы шығармашылығымен тарап, дамып отырды. Көп жағдайда  олар халықтан сал, сері,әнші,күйші,жырау, жыршы атағына ие болған шебер орындаушылар еді.Олар әрбір жанрдың  өзіне тән ерекшелігін жақсы білген.Олардың қазақ халық музыкасын, оның формаларын,ырғағымен әсемдігі мен талғампаздығын дамытудағы рөлі ерекше зор болды.

          Жас жеткіншек ұрпақты халқымыздың өнеріне, салт-дәстүріне, мәдениетіне баулу арқылы біз көп жақсы нәтижелерге жетеміз,ол үшін:

-         Ата-ана мен қауым орталығында, мектепте, отбасы тәрбиесінде баланы өнерге баулу,музыкалық аспаптарды – домбыра,сырнай,қобыз т.б ойнап әдет ету тәсілдерін қарастыру қажет;

-         Халқымыздың ұлттық музыкасын, мәдениетін,фольклорын, ата-бабаларымыздың келешек ұрпаққа қалдырып кеткен асыл мұраларын қазақ халқының біртуар азаматтарының, ұстаз-ағартушыларының, өнер қайраткерлерінің , ақын-жырларының, әншілерінің, күйшілерінің т.б олардың өмірі мен шығармашылығын қастерлей отырып, тәрбиелеп келешек  ұрпақтың санасына жеткізу.

          Бүгінгі таңдағы қазақтың музыка зерттеушілігіндегі ең үлкен сипат-ғылыми-зерттеу процесіне музыка танушы теоретиктермен қатар оған  домбырашылардың қатысуы. Бұл түсінікті де, себебі домбыра күйіне толыққанды ғылыми сипаттама беру үшін оны ішкі табиғат тұрғысынан танып білу қажет. Қазақ күйшілік өнерін ғылыми тұрғыдан қарағанда бұл зерттеу  саласымен күйші адамның айналысқаны абзал екені аян. Себебі күйші өнердің астарына бойлай білетін, күй дәстүрін жетік меңгерген өнер иесімен татымды, жемісті еңбек күтуге болады. Бұл ретте күйлердің ноталық жазылуына сәт сайын нақты орындаушының орындаған нұсқасымен салыстырып, тексеріп отыру керек. Бұл тәсілдің  өзімталдығын академик А.Қ. Жұбанов, Б.Аманов сынды музыка зерттеушілері өз еңбектерінде дәлелдеген.

          Жер бетіндегі халықтардың тілін өнерін,мәдениетін халқымыздың оның ішінде жасөспірімге сезіндіру, білдіру,үйрету – ең алдымен өз халқымыздың өнерін, мәдениетін, тарихи жолын игеру жолымен келіп жететіндігін ұғындыру, сезініп, іске асыру арқылы «адам-адамға дос», «халықтар достығы», тәрбие дәрежесінде баулу екенін ұмытпағанымыз жөн.

          Қорыта келе, біздің жаңарған дәуірімізде, жаңарған қоғамына  қарай алға басып келе жатқан мезгілде , мектеп жастарын адамгершілік рухта  тәрбиелеу жолында мектеп өмірін, мектеп әрбір сабақтың, соның ішінде музыка сабағын өткізудің ерекше маңызы болып отыр. Мектептің барлық сабағы секілді музыка сабағына да оқушылар адамгершілік тәрбие берудің  негізгі мақсаттарын  жан-жақты қамтып, олардың білімді,жоғары идеялы, табанды қажырлы етіп, алдарында қандай қиындықтар болмасын оны жеңіп шығатын жігерлі етіп тәрбиелеу  мақсатын орындауымыз қажет.

         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ТІРКЕУ ФОРМАСЫ

 

1.Тегі, аты-жөні: Нарманова Альмира Серикбаевна

 

2. Мекемесі, лауазымы: Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы қаласындағы

 

А.М. Горький атындағы №16 орта мектептің информатика

   

                                        Пәнінің мұғалімі

 

3. Автордың мекен жайы: индексі: 120409, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,

                                           

Әйтеке би кенті, Жұбатұлы көшесі №4 а үй

 

4. Телефон (халықаралық байланыс кодымен, ұялы) 8/72438/ 24118

 

5. Е – mail(міндетті) kz  sch 16 @ mail.ru

 

6. Мақала тақырыбы: Жеке тұлғаға ұлттық құндылықтар арқылы тәрбие беру

 

7. Секция: Тәрбие

 

8. Керекті техникалық құралдар: Компьютер

 

9. Жатақхана: Ия

 

 

 

  

                                        

                               

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖЕКЕ ТҰЛҒАҒА ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР АРҚЫЛЫ ТӘРБИЕ БЕРУ

    Нарманова Альмира Серикбаевна   Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,

                                         Қазалы қаласындағы  М. Горький атындағы №16 орта мектептің 

                                          тәрбие ісі меңгерушісі

      «… әрбір ұлтың баласы өз ұлтының арасында, өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті»                                                                                                                            М.Жұмабаев

        Еліміздің ертеңгі болашағы – бүгінгі  өсіп келе жатқан жас ұрпақ. Ендеше ертеңгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген бойында ұлттық сана, ұлттық психология қалыптасқан, парасатты азамат тәрбиелеп өсіру басты міндетіміз екенін үнемі назарда ұстауымыз кажет. 

       Еліміздегі әлеуметтік-эканомикалық өзгерістер мен бірге адам санасы да жаңғыруда.Бұл құбылыс елдігі білім беру жүйесін реформалауды, кеңейтуді талап етуде. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы мемлекеттік саясат жөніндегі ұлттық кеңес ұсынған гуманитарлық білім беру, тарихи сана мен азаматтардың жаңа әлеуметтік- эканомикалық мінез-құлқын қалыптастыру, этно-мәдени білім беру тұжырымдамалары нарықтық қатынастар әлеуметінің заңды талаптары.

         Ұлттық тәрбиенің тарихи бірізділікке бет бұруы орынды. Мұнда ұлттық психология мен ұлттық тәрбие өзара байланысты және ықпалдас жағдайда жүретіні анық. Олардың ара жігін ажыратуға болмайды. Соған сәйкес олардың табиғатын, құрамдас элементтерін, қалыптастыратын факторларын бір арнада зерттеген дұрыс. Өйткені, тарихи- дәстүрлі ұлттық тәрбиеге ықпал етсе, онда ұлттық тәрбие де өз тарапынан ұлттық психология белгілерінің сақталуына жағдай тудырады.

              Әр халықтың ұрпақ тәрбиелеудегі өзіне тән мәдени мұрасын оқу-тәрбиеге енгізудің ықпалы зор. Ұлттық тәрбие жүрекке жақын болғанымен ауқымы шексіз, белгілі бір жүйеге келтірілмеген тың дүниелер.

       Жеке тұлғаның эстетикалық талғамын арттырып, өнер өрнектері арқылы достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу басты мәселе болып отыр. Эстетикалық тәрбиенің міндеті – жас ұрпақты өмірдің барлық салаларындағы, адамның тұрмысындағы, еңбектегі, көркем өнердегі, табиғаттағы сұлулықты көре білетін, ұға білетін, бақылай алатын адам етіп тәрбиелеу. Ұлттық- тәлім тәрбие, мінез- құлық, салт-дәстүр, әдет-ғұрып қазақ елінің тәуелсіздігіне байланысты біртіндеп жүзеге асырылып келе жатқаны қуантады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында жан-жағымызға алаңдап, еліктеп, теңелуге тырыстық. Соның нәтижесінде халықтың болмысын өзгертуге үлес қосқан ұлы тұлғалар мен тарихи жағдайларды танып, соны түсініп, соған ниет, көзқарас пайда болды. Ұлттық ар-намысты сыйлауға, өткенімізге дұрыс баға беруге үйреніп жатырмыз. Жеке тұлғаны  ұлттық дүние танымын қалыптастыра отырып тәрбиелеуіміз қажет.

      Әрбір халықтың рухани – психологиялық қасиеттері тарихтан терең тамыр алады. Ұлттық психология ұлттың тағдырындағы қилы кезеңдері, яғни, жақсылық пен жамандық, өмір сүру салты мен шаруашылығы, қала берді саясат пен идеологияны бойына сіңіреді. Ұлттық сезім, мінез – құлық, ұлттық мүдде, ұлттық әдет-ғұрыптар, отансүйгіштік, ұлттық мақтаныш пен намыс, ұлттық талғам т.б. белгілер сол ұлттың рухының ізгі байлығының ажырамас бөліктері.

      Қазіргі заманда жеке тұлғаның тәрбиесінің табысты болуы ата-аналардың тәжірибесіне, кәсіби шеберлігіне, мәдениетіне өзара қарым-қатынасына, көзқарастарының және мақсаттарының бірлігіне байланысты.

      Жастардың өнегелі тәрбиелігінің басты міндеті – жеке тұлғаға ұлттық құндылықтар арқылы тәрбие беру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


          Жеке тұлғаға ұлттық құндылықтар арқылы тәрбие беру мақсатында халқымыздың

ұлттық тәлім-тәрбиесіне сүйене отырып  жеке тұлғаның нағыз азамат болып өсіп жетілуіне жағдай жасау керек. Өйткені жас ұрпақ халықтың ең қымбатты, ең қадірмен келешегі. Бұл сенімді ақтауға аға ұрпақ, әсіресе ата-аналар алдында зор міндеттер тұр. Олар ерінбей еңбек етіп жеткіншектерді тәрбиелеп, құрметті және жауапты мемлекеттік міндетті орындайды.

         Жастардың өнегелі тәрбиелілігінің басты белгісі – үй және мал шаруашылығының басқару тәсілдерін, жеке адамның ізгі қасиеттерін білу. Олар: ұйымдастырушылық қабілетін, еңбеккерлік, табандылық, тапқырлық, қамқорлық, ерлік т.б ересек қазақ балалары мен жігіт жасындағы жастар Ұлы қазан төңекерісіне  дейін арнайы мектепте оқып білім алған жоқ.. Олар өмірден, күнделікті тұрмыстағы тәжірибеден әдептілік ұғымдарды үйренеді. Халық аузындағы мақалдар мен мәтелдерді және ертедегі әңгімелерді, басқа да халық тағылымын қабылдап, мәніне түсінеді. Өйткені, бұл фольклорлық шығармаларда жеке адамның мінез-құлқы нақты көрсетілген, достық, адалдық, шындық, еңбек сүйгіштік сияқты имандылық қасиеттер жайлы психологиялық – педогогикалық ойлар берілген, үйелменде, қоғамда жеке адамдар арасындағы қатынас нормаларының қалыптасуы көрсетілген.

       Барлық жерде оқу-тәрбие ісін ұлттандыру мақсаттарын жүзеге асыруда этнопедагогика пәні негізгі тірек, қозғаушы күш. Өйткені барлық оқу-тәрбие ғылыми зерттеу жұмыстарын этнопедагогикамен байланыстырып жүргізу тиімді әрі нәтижелі болмақ. Этнопедагогика ғылымы екі саладан тұрады: халықтың салт дәстүрлерінен құралған ауыз әдебиеті және ұлттық тәлім тәрбиенің жазу мәдениетіндегі көрінісі. Қазақ этнопедагогикасының негізгі саласы -әдеп. Әдеп – эстетика ғылымының « этика» деп аталатын үлкен саласының ұлттық мәдениетке тән қисынды баламасы, ұлттық педагогиканың алтын арқауы. Ұлттық тәрбие дәстүрлері тамашалауды қажет ететін көне дәуір ескерткіші ғана емес, ол ел тұрмысында , адамдар қарым –қатынасында, отбасылық өмрінде белсенді қызмет ететін жанды құбылыс тәрбиенің қайнар көзі.

          Ұлттық салт-сана  сол ұлттың мәдени дәрежесін рухани сапасын көрсетеді. Этнопедагогиканың негізгі бір саласы – ұлттық салт-дәстүрлер. Жар-жар, тойбастар, беташар,шілдехана, бесік жырлары ұлттық психологиямызға  көп әсер етеді. Ата- баба шежіресі адамды генофондық ғылыми тұрғыдан дұрыс ажырата білуге көмектеседі.

        Қазақ халқының сан ғасырдан бері тәрбие жөніндегі өнегелі істері мен сөздері, тұрмысы,мәдениеті, өнері,өмір тәжірибесі халық педагогикасының асыл қазынасы болып келді. Қай заманда болмасын ұрпақ тәрбиесі азаматтың парызы болды. Әрбір халық өзінің тарихы мен тәжірибесін жалғастыратын жас түлектерді ғасырлар бойы тәрбие әдістері мен тәсілдерін қолданып, өмір тәжірибесі сынынан өткен әдептілік, сыпайылық,адалдық, инабаттылық, іскерлік, мейірімділік, қайырымдылық, еңбексүйгіштік, үлкенді сыйлау, оған ілтипат көрсету сияқты қабілеттерді олардың бойына екті. Осылардың бәрі адамзат тәрбиесінде халық педагогикасының қандай роль атқаратындығын көрсетеді.

        Әрине, жастарға тәлім-тәрбие беруде тек ұлттық дәстүрлермен шектелуге болмайды. Сондықтан тәрбие ісі тиімді және нәтижелі болу үшін халық педагогикасына кешенді қараған жоқ.

        Халықтың даналық ойлары халық педагогикасының шамшырағы болған. Халық  даналығы мақал-мәтел, ертегі, өлең-жыр түрінде, ақын-жыраулардың шешендердің сөздері толғау, өсиет өлеңдері арқылы баяндалып отырған.

        Қазақ халқының өмір кешкен тарихында ұлттық ойындардың көптеген түрлері балалық,жеткіншектік, жасөспірімдік шақтағы балалар тәрбиесінде пайдаланылды. Ал қазіргі кезде ұлттық ойындардың көпшілігі тәлім-тәрбие саласында зор педагогикалық құралға айналды. Бүкіл халқымыздың ұзақ өмірінде өздері қызықтаған алуан ойын өнері болды. Ойын тек қана көңілд көтеру, көңілін шаттандыру ғана емес, ол өзінше ерекше қазақ халқының әлеуметтік өміріне байланысты тәрбиелік мағынасы зор жеке адамның дамып жетілуіне, қалыпсатуына әсер етуші факторлардың бірі болған.

         Қазір қайта өркендеу ұлттық мәдениет пен салт-сананың жаңғыру кезеңінде баспа беттерінде ұлттық ойындар туралы жазылған бірсыпыра мақалалар, құнды еңбектер пайда бола бастады. Солардың ішінде Е.Сағындықовтың «Қазақтың ұлттық ойындары» деген кітабын атауға болады. Кітапта ұлт ойындарының шығу жолдары мазмұны баяндалған. Олардың оқу тәрбие саласында үлгі түрінде шебер пайдаланып, бүгінгі және болашақ ұрпақтың игілігіне айналдыру қажет.

         Халқымыздың рухани бейнесін бір жағынан әдебиет,өнер,ғылым, екінші жағынан мінез-құлық,ұлттық сезім, әдет-ғұрыптар т.б. бейнелейді. Ұлттық мінез-құлық ерекшеліктері адамдардың біріккен өмірі мен күресінде, әлеуметтік, табиғи-географиялық, материалдық мәдени жағдайының шарттарына  лайықты қалыптасады. Соның әсерінен әрбір адамға ұлттық мінез-құлық, саналы тәртіп,болымды қылықтар сезім көріністері, дәстүрлері, мен әдет-ғұрыптары пайда болады.

         Ұлттық мінез-құлықты халықтың бай тәжрибесі арқылы тарихи тұрғыда қалыптасқан әдетінің, жалпы және ерекше қасиеттерінің бірлігі деп ұғамыз.

         Біздің елімізге тәуелсіздік таңы атқалы бері оқушы бойынан жат әдеттерді аластап,өз дінімізді, рухымызды, салт-сана дәстүрімізді оқушы бойына қалыптастыру мақсатында әрбір сабақта өз қазақ халқымыздың мәдениетімен байланыстыра өтуды қолға алған жөн. Қазақтың өз заманына сай үрдісі, тәрбиесі бөлек болған. Баланы жастайынан еңбекқорлыққа, ақылдылыққа, шешендікке, әншілікке, спортқа баулып өсірген.

     Халқымыз ұлттық  тәлім-тәрбиеге сүйене отырып, жас жеткіншектің нағыз азамат болып өсіп жетілуіне қамқорлық жасаған. Өйткені жас ұрпақ халықтың ең қымбатты, ел қадірі мен келешегі.

      Бүгінгі таңда өздеріміз тәлім-трбие беріп жатқан бүлдіршіндер ертеңгі күні тек білімді кадр ғана емес, отанын жанындай сүйетін, ұлттық тарихы мен мәдениетін қастерлейтін, рухани кемелденгени азамат болып өсіп жетілуі қажет. 

       Бүгінгі мақсатымыз - әрбір оқушыға түбегейлі білім мен мәдениеттің негіздерін беру және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау. Адам бойындағы игі қасиет мектеп қабырғасында қаланады. Сондықтан еліміздің ертеңгі ұлт тізгінін ұстар жастарымыздың тәрбиесіне аса мән беруіміз қажет. Қазіргі қоғамға сай білікті де білімді, адамгершілік құндылығымен рухтанған, ұлттық сезімі жоғары адам тәрбиелеу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал
Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 277 566 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.05.2016 1182
    • DOCX 197 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нарманова Альмира Серикбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Нарманова Альмира Серикбаевна
    Нарманова Альмира Серикбаевна
    • На сайте: 7 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4088
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой