ЖЕКЕ
ТҰЛҒАНЫҢ ГУМАНИСТІК КӨЗҚАРАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ТӘРБИЕ МАЗМҰНЫ
Нарманова
Альмира Серикбаевна
М.Горький
атындағы №16 мектеп-лицей, Қазалы ауданы, Қызылорда облысы
Жоғары
мектеп педагогикасы бүгінгі күні көптеген жалпы ғылымилық, әлеуметтік-философиялық,
әлеуметтік-мәдени және адамгершіліктік-эстетикалық процестердің тоғысуына тап
келіп отыр, өйткені қоғамдық өмірдің күрделі талаптарына сәйкес тәрбиенің
құндылық сипаттарын қайта анықтау өзекті мәселе ретінде қарастырылуда. Ал оның
алғы шарты басты гуманистік құндылықтарды дамыту, яғни жеке тұлға ретінде тұлға
бойында қайырымдылықты, шыншылдықты,әділдікті, еркіндікті қалыптастыру
педагогика ғылымының прогрессивті ұстанымдарының бірі болып табылады. Олар,
әсіресе, тәрбие практикасында бүгінгі күні жалпыадамзаттық негізгі
құндылықтарды анықтау, бекіту үшін аса қажет. Болашақ мамандарды даярлау
барысында негізгі мақсат – шығармашылықпен жұмыс істей алатын, гуманистік
көзқарасы мен сенімдері қалыптасқан тұлғаны дамыту және қалыптастыру.
Оқу-тәрбие
процесін гуманитарландыру арқылы болашақ маманға бүкіладамзаттық құндылықтарды
дарыту арқылы, әрбір білімгерлердің тек білімі, біліктілігі және дағдысын ғана
емес адамгершілік сипатын анықтайтын өзіндік ручани байлықтарының санасын
арттыру жүзеге асырылады. Болашақ маманеның адами сапасының қалыптасу
дәрежесіне байланысты оның маман ретіндегі кәсіби деңгейі айқындалынады.
Сондықтан кәсіби білім, іскерлік пен дағды білімгердің тек тұлғалық
ерекшелігінің элементарлы негізі болады, ал қабілеттері мен құндылық
бағдарларының жан-жақты дамуы жоғары және өнімді қалыптасу деңгейі болып
табылады, яғни тәрбиелік мәдениеттің жоғарылауының, бүкіладамзаттық
құндылықтарды меңгеру арқылы гуманистік көзқарасының тұрақталуының көрсеткіші
болып алады. Білімгерлердің жалпыадамзаттық құндылықтар туралы білімдері мен
гуманистік көзқарасын қалыптастырудың ең тиімді, мүмкін болатын құралы –
берілетін білімдерге адами және рухани сипат беру болып табылады.
ХХ
ғасырдың соңымен ХХІ ғасырдың басында бұрынғы кеңестік жүйеде өмір сүрген
барлық ТМД елдерінде, оның ішінде Қазақстанда тәрбие теориясы мен практикасы
мәселесі үлкен дағдарысқа ұшырады. Ол: құндылықтылық, мақсаттылық, мазмұндық,
технологиялық, нәтижелілік деңгейлердің барлығында да көрініс тапты. Осыдан он жыл
бұрын жарық көрген К.Н.Шварцманның «Философия және тәрбие» атты кітабында батыс
елдеріндегі кездескен мәселелер біздің ХХІ ғ педагогикасының өзекті мәселелері
болып алдымыздан шықты. Өкінішке орай, алғаш рет адамзаттың мыңдаған жылдар
бойы жасұрпақ бойына сіңіруге бағытталған гуманистік, ізгіліктік принциптері
қажетсіз болып қалды. Нарықтық экономика әлемінде Неосфералық ақыл-ой дәуірі
мен этикаға жауап беруге қабілетті тұлғалардың бүкіладамзаттың қажетіліктері мен
қазіргі қоғамда үстемдік етуші және халықтың өзіне бүкпесіз бағыну саясатын
насихаттаушы, өзімшіл, әлеуметтік – рулықты басты мақсат етуші адамдардың
арасында тұрақты қарама-қайшылық қажеттіліктері қалыптасты. Күрделі әлеуметтік
және рухани қарым-қатынастарда өмір сүре алу үшін жас ұрпақ үнемі өзгерісте
болатын өндірісте, бизнесте, қоғамдық-саяси өмірде, түрлі қатынастарда
бағдарлана және соған лайықты әрекет ете алуы тиіс. Ол үшін оған өзінің
табиғилығын, имандылық бастауларын, өзін құрметтеу және басқаларды сыйлау
негіздерін жоғалтпауы керек, өзін-өзі тани білу мен үнемі жетілу қабілеттерін
дамытуы тиіс.
Классикалық
педагогикада «тәрбие» ұғымына үш түрлі түсініктер берілген және олардың зерттеу
нысанасына қатысты салыстырмалығы айтылған. Әлеуметтік өлшем бойынша «тәрбие»
жас ұрпақтың мәдениеті мен оның түрлерін меңгеру үшін арнайы ұйымдастырылған,
мақсатты-бағытты процесс. Бұл жүйенің педагогикалық ықпалы халықтың ірі
әлеуметтік топтарына, олардың жас және әлеуметтік ерекшеліктеріне қатысты
қоғамдық институттарға бағыталған.
Бұл түсінік
бойынша тәрбие процесінің үздіксіздігі, олардың құрылымдық тұтастығы жүйе
элементтері ретінде жанұяда, мектепке дейінгі мекемелерде, мектепте, жоғары оқу
орындарында, қоғамдық ұйымдарда қамтамасыз етілуі тиіс.
Тәрбиені
педагогикалық процесс деп түсіндіретін деңгейде «тәрбие-адамның ішкі дүниесіне
әсер ететін барлық педагогикалық ықпалдардың кірігуі (интерграциялану), яғни
адам бүкіл өмірінде өзіне қатысты тәрбиелік функцияларды атқарушы адамдар
арасында болады және олардың ықпалын тиімділік дәрежесі бойынша қабылдауы» -
деп тұжырымдауға болады. Тәрбие жүйесінің әрбір звеносы тәрбиеленуші үшін
өзіндік тәрбие ықпалын тигізеді. Тәрбиені кәсіби қызмет ретінде түсіндіретін
үшінші анықтамада педагог-тәрбиеші қызметі тәрбие субьектісі ретінде алынады және
түрлі тәрбие звеноларында нақты әрекеттер жүйесімен қызмет етеді.
«Тәрбие»
ұғымының түрлі анықтамалары мен түсініктерін қазіргі тәрбие көріністері контексімен
салыстыра отырып, Б.Т.Лихачев тәрбиені адамның сапалық қасиеттерімен бағалау
арқылы жаңа гуманистік анықтамасын берген жөн деп санайды. Аталған логика
бойынша тәрбие – адамның сапалық деңгейін мәндендіруші, оның тұрмысының
мән-мағынасы мен өмір сүру әдістерінің өзгеру динамикасынан туындайтын
педагогикалық өзара әсерлесу нәтижесі деп түсіндіруге болады. Тәрбиеге
гуманистік сипат беру мақсатында біраз ғалымдар оны әлеуметтендіру жеткілікті,
яғни бағытталған әрекет арқылы индивидке саналы түрдеқажетті қасиеттер мен
белгілерді сіңіруге болады (И.С.Кон) десе, біразы (Изотов М.З., Фромм Э.) жеке
тұлғаның қажеттіліктерін қалыптастыру мен оларды қанағаттандырудың мүмкін
болатын әлеуметтік тәсілдерін анықтау жеткілікті, ал Г.С.Батишев – адамға
өзін-өзі танып білу мен өз қажеттіліктерін анықтау мүмкіндігін беру қажет,
сонда ғана тәрбиеде гуманистік мазмұн бола алады деген. Дәстүрлі түсініктерде
(Я.А.Коменский, В.Зенковский) тәрбие «ұстап отыру механизмі» немесе
«мінез-құлықтық шектеу» делініп, этностық, туыстық қарым-қатынастар жүйесінде
өмірдің талабы мен ережелерінің, мәңгіліктік заңдары мен байланыс тәсілі
ретінде бағаланады, ал Р.Тагордың еңбектерінде «адамзаттың данышпандығының
шексіз ішкі бастауларын сыртқа шығарушы» деген тамаша анықтама беріледі.
Жоғарыда
келтірілген анықтамалар мен түсініктерге жасалынған талдау, тәрбиенің атадан
ұрпаққа біржақты берілетін тәжірибе мен бағалау тұжырымдары деп қабылданбай,
адамдардың бірге өмір сүруінің қарым-қатынастық және әрекеттік әсерлесуі
ретінде түсіндірілуі дұрыс деп санаймыз.
Тәрбиені
осылай түсіну тәрбиеленушіде өз өміріне қажетті мәселелерді имандылық жолымен
таңдау іскерлігін қалыптастырады, яғни өзінің ішкі табиғатына, жан қуатының
бастауларына сүйенуді міндеттейді. Бұл жағдайда тәрбие мақсаты тәрбиеленушінің
басқа адамдардың өмірі мен салыстыра отырып өз өміріне қатысты пайымдаушылық,
шығармашылық, ізгілік қарым-қатынас қалыптастыруға бағытталған. Орыс педагогы
К.Д. Ушинскийдің пікірі бойынша осы мақсатты: «Өмірдің барлық кездейсоқтарының»
соққыларына төтеп бере алуға мүмкіндік беретін білім адамды зиянды, әрі оны
бұзақы әрекеттерден құтқарушы және барлық қарым-қатынастардан қайырымды,
жағымды нәтижелер ала-алатын мүмкіндікке жетелейді» - деп өрнектеуге болады.
Осындай
түрде келтірілген мақсат педагог-тәрбиеші үшін басқа мазмұнға сәйкес сенімді
болуы мүмкін, өйткені ол нақты сипаттамалар мен мінез құлық нормаларының тиісті
жиынтығының бас тарту немесе басқаша сапалық мазмұнға ұмтылатын өзіндік
«тәрбиелік стандарт» болып өрнектеледі.
Бұл жағдайда
сөз талап етілетін қасиеттер мен сипаттамалардың стандартты жиынтығы туралы
емес, адамда тәрбие жұмысын педагогикалық ықпалы көмегімен қалыптасатын
тұрмыстық басымдылықтар (доминанттар) туралы яғни мағынасы мен мазмұны адамның
басты тұрмыстық ұстанымдарын таңдауды қамтамасыз ететін педагогикалық әсер ету
туралы болады. Аталған таңдаулардың тізбегі адам санасын өзектілену динамикасын
әрбір жекелеген жағдайларда анықтап бере алады.
Тәрбие
мақсатында осындай көзқарас ХХІ ғасырдағы адам тұлғасының ғарыштық мәселе
екендігін негіздейді. Бұл мәселеге қатысты әлдеқайда үлкен еркіндік дәрежесімен
адамдардың түрлі көріністері талап етіледі. Тек қана еркіндік шартына сәйкес
адамда- өзінің шын бет-бейнесін саналы түрде көрсету қажеттілігі мен мүмкіндігі
туындайды. Яғни, Е.Н.Трубецкойдың пікірінше: «Адам қайырымдылықты шын, еркін
жасай алмас еді, егер ол қайырымдылық немесе зұлымдылықты таңдауға қабілетті
болмаса».
Гуманистік тәрбие беру көзқарасының түрлі сипаттамаларына, олардың түрлі мазмұндарына
қарамастан тәрбиешіні тәрбиеленушінің ішкі саналық қасиеттерінің бағыттылығы
қызықтыруы керек. Шын мәнінде бұл бағыттылық рухани дамуға жол сілтейді, яғни
адамның өзінің тұрмыстық деңгей шеңберінен асу (шығу) арқылы толық
қанағаттануға жақындау болып табылады.
Рухани
даму, яғни адамзаттық құндылықтарды жеке адамның өмірлік өлшеміне айналдыру
тұлғаның гуманистік көзқарасын қалыптастырады. Орыс философы И.А. Колесникова
рухани даму туралы: «Жердегі өлшемге сәйкес адамға өлшеп берілген өмірлік
ролдердің барлық диапазонынан толық өтпей, жақын адамына сүйіспеншілік
көрсетпей туыстық пен жолдастық, шәкірт қатынасын, Отан және өз халқының
тағдырына жауапкершілікті, дінді- адамзат деп аталатын, тұтас әлемнің бір
бөлшегі ретінде сезіну мүмкін емес» - деп гуманистік көзқарасты қалыптастырудың
рухани критериилерін көрсетеді.
Аталған
рухани критерилер мағыналы болады, егер адамның құндылықтар жүйесінде төмендегі
ұстанымдары бар болса:
-
табиғат, табиғат заңдылықтары және олардағы
тіршілік белгілері;
-
адам және оның денсаулығы;
-
Отан, туыс, жанұя, тіл, әлеуметтік тұрмыстың түбірі
болып табылатын дәстүрлер;
-
Еркін еңбек және оның нәтижелері, олардың мәдени
және өркениетті жетістіктерінің заттануы;
-
Адамзат қатынасы мен адамзаттың өмір сүруін қамтамасыз
етуші махаббат пен бейбітшілік;
-
Сұлулық пен үйлесімділік, шындық пен
қайырымдылықтың критериі ретінде.
Осы
айқындалған мазмұн бойынша гуманистік тәрбие беру мән-мағыналарымен,
құндылықтарымен, адамның қарым-қатынастар жүйесімен, оның еріктік-сезісдік
сферасымен және рефлексивті (пайымдау) сферасымен жүргізілетін жұмыс; негізгі
әрекет критериін ұят деп, өз тұрмысының сапасын негіздеуші, өзін басты фактор
санайтын балада, жеткіншекте, жас адамда, ересектерде түсінуді, сезінуді,
бағалауды қалыптастыратын жұмыс болып табылады.
Отандық
және шетелдік педагогикада гуманистік дәстүрлер әрқашанда адам бойында «жүрек
көрегендігі», «рухани сезімдердің нәзіктігі», яғни адамның субективті әлемнің
кеңістігінде дамуы мен тәрбиеленуіне ерекше көңіл бөлуі кездейсоқтық емес.
Сондықтан ХХ ғасырдың соңында философтар мен педагогтардың білім беру мен
тәрбиеге жаңа көзқараспен қарап, олардың әлеуметтік функцияларын анықтауға
көңіл бөлді. Онда тәрбиенің гуманистік функциясы арқылы қоғамдық сананың барлық
сферасында көрініс табады және қоғамдық санада адам тағдырына қандай орын
берілуі, оның мемлекеттік қатынасқа тәуелді екендігі және сол арқылы әлеуметтік
құндылықтардың рухани мазмұны анықталатыны шешіледі. Басқаша сөзбен айтқанда,
жас ұрпақтың мәдениет негіздерін таңдау, оқыту және тәрбиелеу процестеріне
адамның өзіне және басқаларға қатысты қалыптастыратын гуманистік көзқарастары
мен сенімдері- адам өмірінің барлық сферасын гуманитарландырудың кепілі деп
санауға болады.
Аты- жөні
|
Нарманова Альмира
Серикбаевна
|
Жұмыс орны,
мамандығы
|
М.Горький
атындағы №16 мектеп-лицей, информатика пәні мұғалімі
|
Тақырыбы
|
Жеке
тұлғаның гуманистік көзқарасын қалыптастырудағы тәрбие мазмұны
|
Адрес,индекс,телефондары
/ жұмыс, үй.
Ұялы/ электрондық
пошта адресі (Е –mail )
|
Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы,инд.120400
Сот: 87024913443
р.т 51-8-49 д.т 24-1-18
|
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.