Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Статьи / Доклад «Оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде интерактивті технологияны тиімді қолдану жолдары»

Доклад «Оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде интерактивті технологияны тиімді қолдану жолдары»


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:



Батыс Қазақстан облысы

Теректі ауданы

Федоровка ауылы

Федоровка қазақ жалпы орта білім беретін мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Султанова Айнагул Байгалиевна


«Оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде интерактивті технологияны тиімді қолдану жолдары»



Егеменді елімізді өркениетке бастар жолдың бастауы - мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, мектептің жүрегі - мұғалім. Біз үшін мектеп білім мен тәрбиенің ордасы, келешектің тағдырлар парағы, ұрпақтар сабақтастығының тірі куәсі. Мұғалімі қандай болса- шәкірті де сондай болмақ.

Олай болса,қазіргі таңда мектепке білімді, Ахмет пен Мағжанның педагогикасынан сусындаған, жаңа оқу әдістемелері мен технологияларынан хабардар, шәкіртін бәсекелестік кеңістігіне шығара алатын Сіздердей білікті мамандар қажет.

Ұстаз мамандығын ерте бастан-ақ диқаншымен салыстырады. Себебі, ұстаз әр адам жанына білім дәнін себеді. Шәкіртін аялап өсіреді. Дәлірек айтсақ, қызметінің соңына дейін адамтану ғылымымен шұғылданады.

Әрине, осы бағытта іс-әрекетіміз оң нәтиже беру үшін оқу мазмұнының сапасына тікелей әсер етуші жаңа оқу бағдарламалары керек.

Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі - оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады. Қазіргі таңда да елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құру еніп, көкейкесті мәселе ретінде күн тәртібінен түспей отырғандығы мәлім. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Мектептің білім беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыруды талап етеді.

Сондықтан білім беруді жаңа сатыға көтеру үшін тек білім мазмұны мен оқыту әдістерін ғана емес, ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану арқылы оқытуды ұйымдастыру формаларын да жетілдіру керек.

Жаңа ақпараттық технологияның ерекшелігі-мұғалімдер мен оқушыларға өз бетімен бірлесіп, шығармашылықпен жұмыс істеуге мүмкіншілік береді.

Егемен елімізде болып жатқан өзгерістер мектеп жұмысына елеулі жаңалықтар әкеліп отырғаны даусыз. Ең бастысы, ұстаздар шығармашылығына жол ашылды демек, оқушыларға жүйелі білім,саналы тәрбие беру ісіне жаңа талап тұрғысынан қарап, оқыту тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыруға міндеттіміз. Өйткені, «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында» деп, Президентіміз Н.Назарбаев бізге ел сенімін жеткізіп отыр.

Шығармашылықпен айналысқан мұғалімнің сабағы өте сапалы өтеді, әрі оқушылардың оқуға деген қызығуын арттырады.





Бүгінгі таңда оқушыларға сапалы білім беру-ұстаздардың алдына қойылып отырған ең басты талаптардың бірі. Осы себептен ұстаздар үздіксіз ізденуге міндетті.

Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруда мұғалімдер көп ізденіп, жаңа оқыту технологияларын меңгеруі, әр түрлі әдіс-тәсілдерді білуі қазіргі таңда қажеттілікке айналып отыр. Менің алдыма қойған мақсатым-оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың әр пәнге деген қызығушылығын арттыру, ойлау қабілетінің белсенділігін қалыптастыру. Бұл мәселені дұрыс шешу үшін оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы, бастауыш сыныпта оқушының дүниеге өзіндік көзқарасының негіздерін қалыптастыру қажет.

Педагогикалық технологияларды сабаққа пайдалану өмір талабы. Заманның ақпараттық ағынына ілесу бүгінгі әрбір оқушының және мұғалімнің міндеті.

Мен өз сабақтарымда оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының әдіс-тәсілдерін жиі қолданамын.

Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез-келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым, бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауды сабақтарда үйрету.

Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасындағы мұғалімнің ролі қандай дейтін болсақ, ол процесінде оқушыларға серік болып бірге жұмыс жасап, оларға сеніммен қарап өз ойын, ақылын көрсете сөйлеуге қолдау көрсетіп отырады.

Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына шаралар орындалуы шарт:

  1. Сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек.

  2. Оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру.

  3. Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.

  4. Үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау.

  5. Оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету.

  6. Сын тұрғысынан ойлауды бағалау.

«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» жобасында жұмыс жасауды бастаған мұғалімдер бұл сабақтар баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға шығармашылығын қалыптастырудағы ықпал ететіндігін атап өтсе, оқушылар оқудың қызықты, жеңіл өтетіндігін, ұжымды бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі әрі тиянақтығы артатындығын баяндайды.

Мен осы шығармашылық жұмысымда мынадай педагогикалық «Ойын технологиясы», «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» сияқты технологияларды қарастырдым. Соның ішінде іс-тәжірибемде «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» технологиясын математика пәнінен «Пысықтау сабақ», сауат ашу пәнінен «Ү дыбысы мен әрпі», дүниетану пәнінен «Глобус-Жердің үлгісі», «Отбасы-шағын қоғам», қазақ тілі пәнінен «Зат есім», «Одағай» т.б. сабақтарда қолдандым. Баланың қызығушылығын оята біліп, мағынаны танып, түсіне білуге, ұжымдасып топпен жұмыс істеуге, барлық тоқығанын ойында талдауға саралап, салмақтап, өзіне, басқаға, сын көзбен қарауға, барлығын ой елегінен өткізуге оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясының көмегі ерекше болды.






Бүгінгі қоғамға, мектепке керегі де осылар.

Бүгінгі таңда отандық білім берудің ұлттық моделін құруға байланысты қыруар шаруалар атқарылатындығын атап өттік. Елбасының тапсырмасына орай білім саласында жүргізіліп жатқан оң істер де, халықаралық стандарттарға сәйкестендірілген қазақстандық білім беру жүйесіндегі реформалар да жұмысын жалғастыра береді.

Халықаралық деңгейдегі білімнің басты бір ерекшелігі-күшті нарықтық бәсекеге қажет кадр даярлау болса, ал бәсекеге қабілетті болудың алғышарты оның ішкі механизмін қалыптастыратын жүйе құру. Сондықтан да,құрметті ұстаздар, сөз қорытындысында, «Ұстаз жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінетін,көрген,естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі» деп, Әл-Фараби данамыз Сіздерге ғасырлар бойы өлмейтін баға беріп кетті.Сол бағаның қадір-қасиетін жерге түсірмеуіміз керек.

Іс-әрекеттеріңіз бен шәкірттеріңізге деген сүйіспеншіліктеріңізді біріктіру арқылы жаңа дәуірдің жаңа талаптарына ілесе беріңіз.

Мағжан Жұмабаевтың: «Алтын алаштың баласы бас қосқанда, қадірлі орын-мұғалімдікі»-деген аталы сөзі бойларыңызға дарып, келешекте әр түлектеріңіздің «ұстаздық мамандықты тандадым» деген сөзді мақтанышпен айтар мәртебеге жетіңіздер!





























Автор
Дата добавления 15.09.2016
Раздел Другое
Подраздел Статьи
Просмотров52
Номер материала ДБ-195756
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх