Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Доклад "Организация работы в центрах активности по технологии "Шаг за шагом"
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Я люблю природу», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 15 ДЕКАБРЯ!

Конкурс "Я люблю природу"

Доклад "Организация работы в центрах активности по технологии "Шаг за шагом"




Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

«ТӘЙ-ТӘЙ» ТЕХНОЛОГИЯСЫ БОЙЫНША БЕЛСЕНДІЛІК ОРТАЛЫҚТАРЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ


Кошанова Ардак Дамировна

«№7 «Ақ бота» ясли-бақшасы» КМҚК әдіскері

Семей қаласы


Сәбидің аттаған алғашқы қадамы – жаңа

өмірге басқан қадамы. Бұл ата-ана үшін,

біз үшін үлкен қуаныш, айтып жеткізе

алмайтын бақыт.


Халқымыз бала тәрбиесіне қашанда ерекше мән берген, өйткені бала біздің болашағымыз, өміріміздің жалғасы. Сондықтан бүгінгі таңда да балаларды қорғау әлеуметтік мәні зор, халықтық іс болып табылады. Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау, білікті, мәдениетті азаматы етіп тәрбиелеу барысында жасалып жатқан тың жұмыстар осыны дәлелдейді.

Білім беру саласының жай-күйін талдау бір жастан алты жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың жаңа стандарты өмірге келді. Бұл стандарт мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы деңгейі ретінде қазіргі тұрақты өзгеріп тұратын әлемде табысты бейімделуге қабілетті бала тұлғасының қалыптасуы мен дамуы үшін жағдайлар жасайды. Уақытында алынған мектепке дейінгі білімнің әр бала үшін де, еліміздің әл-ауқаты үшін де өмірлік маңызды рөлі бар.

Баланың жақсы тәрбиеленіп және оқуы тек әдейілеп құрылған дамытушы ортада мүмкін. Дамытушы орта баланың негізгі құзыреттілігін қалыптастыруға мүмкіндік жасайды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында белгіленген мектеп жасындағылардың өзіндік даму және танымдылық барысы, қоршаған әлеммен әлеуметтік байланысы дамытушы ортамен байланысты. Белгілі бір жастағы баланың психофизикалық ерекшелігі әр балаға жеке қатысты талап етеді. Ол балалардың дамыту оқытуындағы жүйелік қатынаспен негізделеді және қазіргі замандағы іс-әрекеті пәндердің мінездемелік бағытына сүйенеді, оның маңыздылығы және рөлі мектеп жасына дейінгі баланың психикалық және өзіндік дамуында.

Дамытушы-пән ортасы - бұл баланың өзіндік дамуындағы психикалық функциалардың жоғары дамуы, барлық дамытушы іс әрекеттер түрлерімен қамтамасыз етуші жүйелік шарты. Ол қатарына базалық құрлымдар, жеткілікті әлеуметтік танымдылық және баланың эстетикалық дамуын қосады.

Оларға қатысты:

  • Табиғи орта және бөлімдер, мәдени ландшафтар.

  • Дене тәрбие ойындары және сауықтыру орталықтары.

  • Танымды – ойындар ортасы.

  • Балалар кітапханасы.

  • Музыкалық театрланған орта.

  • Танымды дамыту ортасы және т.б.

Балабақша педагогтары баланың жеке тұлғалық ерекшеліктеріне сай, дамыту ойындарын ашық - өзінше ерекше, көп функциялы түрде өткізуге аса көңіл аударуда. ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында келесі психологиялық-педогогикалық критерийлары анықталған, ол танымдылық дамыту ортасына жауап береді:

  • баланың психологиялық даму деңгейіне сәйкес келу;

  • жүйелігі;

  • көп функционалды;

  • функционалды мүмкіндіктері және вариативтік маңызы.

Біздің мекемеде тәрбие-білім сапасын арттыруға байланысты жалпы жағдайларды жақсарту - басты міндет:

I. Білім мен тәрбие беруге арналған дамытушы ортаны жабдықтау қажет десек, ол мектепке дейінгі кезеңнің өзіндік ерекшелігі мен құндылықтарын сақтайтын, баланың балалығына бағытталуы шарт.

II. Тәрбиешілер кәсіби шеберліктерін үнемі шындап, білімін жетілдіруге жүйелі көңіл бөліп, ұжымның шығармашылық бағыт-бағдарын айқындап, оны жүзеге асыруға белсенділікпен атсалысуға және жағымды психологиялық ахуалдың тұрақтануына ықпал етуде. Сондай–ақ, отбасының сұранысы мен талап тілектерін қанағаттандыру және балаға берілетін білім мен тәрбие үрдісі жайында ата-анамен үнемі бірлескен ынтымақты негізінде жұмыс істеу де өте маңызды.

III. Балабақшада еңбек етуге толық жағдай жасалып, тәрбиелеу мен білім берудің технологияларын сауатты меңгеріп, жаңа педогогикалық әдіс-тәсілдер жүйесін кәсіби шеберлікпен игеріп, оны тәжірибеде пайдалануға шығармашылықпен үлес қосып отырамыз.

Бұл аталған мәселелер тәрбиелеу мен білім сапасын көтерудің жалпы жағдайлары болса, енді оған қажетті негізгі жағдайлар ретінде төменгі міндеттерді жүзеге асыру қажет:

  • Балабақшадағы жұмыс істейтін бағдарлама мазмұнын жаңарту және оны толық меңгерудің тиімді әдіс-тәсілдерін таңдай білу.

  • Мектепке дейінгі жастағы баланың өмірін қорғау және іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру.

  • Арнаулы мамандармен қамтамасыз ету және тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың тиімді жолдарын меңгерту.

  • Оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету.

  • Заттық- дамытушылық ортаны жабдықтау, оның тәрбиелік ықпалы болуына көңіл бөлу.

  • Педагогикалық ұжымның басқа да әлеуметтік институттармен, білім беру ұйымдармен өзара тығыз байланыста болу.

  • Тәрбие-білім беру жұмыстарында психологиялық қызмет көрсету.

  • Балабақша меңгерушісі мен тәрбиешілердің кәсіби біліктілігін үнемі көтеріп отыру.

  • Мектепке дейінгі ұйымдарды басқарудағы жаңашылдық, шығармашылдық және кәсіби шеберлікпен адами қасиеттердің басым болуы шарт.

Біздің ұранымыз: «Әр бала бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем бер!» Өз ісінде ізденушілікті қолданған балабақша ұжымы білім мен білікті жетілдіруде, сөйтіп болашақ ұрпаққа өмір талабына сай білім беруді басты мақсатқа айналдырады. Осы орайда «Тәй-тәй» бағдарламасын оқып үйреніп, оны 15 жылдан артық өз тәжірибемізде қолданып келеміз. Осы бағдарламамен жұмыс істеу арқасында тәрбие ісімізде оң өзгерістер болғанын байқап жүрміз.

Баланың өз бетімен дамуына «Тәй-тәй» бағдарламасының элементтерін меңгеруіне қазіргі кездегі өмірге қажетті мәселелерді шешу және білім мен дағдыға қалыптасу керек. Осы бағдарламады сол талаптарды тез қабылдау және оңай жаңаны қабылдау жағдайларын көруге болады. Соның ішінде әсіресе мыналарды атап өтуге болады.

  • өзгерістерді қабылдап, оны туғызу;

  • сын тұрғысынан ойлап, таңдауды жүзеге асыр;

  • мәселелерді қойып және шеше білу;

  • шығармашыл, тапқырлы болу керек және ойлай білу керек;

  • ел мен қоршаған ортаға қамқорлық жасау керек.

Мектепке дейінгі 3-5 жас аралығында балалармен, оның ата-аналарына арналған «Тәй-тәй» бағдарламасы - өзіндік жоғары бағдарламалардың бірі. Бағдарлама мектепке дейінгі балалармен жұмыс жүргізген шетелдің тәжірибелі оқымыстыларымен толықтырылып, әр баланың жеке дамуына көп көңіл бөлген. Бағдарлама әр мемлекеттің тәжірибелерінен алынып, сонымен сәйкес болуы керек. Сонымен қатар өзгермейтін және міндетті атрибутына жататын, оның бірнеше ерекшеліктері бар. Олар:

  • әр баланы жекелендіру;

  • белсенділік орталығын ұйымдастыру мен таңдау арқылы іс-әрекеттерін жоспарлауды жүзеге асыруда балаларға көмек көрсету;

  • отбасының қатысуы.

Біріншіден, балалар өз ойларын еркін айта алатын болады. Екіншіден, балалардың белсенділігі арта түсті, бір жағынан тәрбиешілердің бойында да ізденуге талпыныс күшейді. Балабақша тәрбиешілері – менеджер, дизайнер мамандықтарын игеруде. Сондай-ақ, белсенділік орталықтарындағы топтық жұмыстармен жекелей жұмыстар балалардың білім деңгейін көтеруге және қабілеттерін ұштай түсуге көп септігін тигізгеніне көздеріміз жетті.

Тәрбиешілер балаларды көпшіл болуға және көп білуге құмарлығын оятуға, жағдай жасауға жауап береді. Олар сонымен қатар, балалардың ұдайы өзгеріп тұратын талабына бағдарламаның сәйкес келуін әрқашан бақылап, қадағалайды. Жеке және топтық оқыту жоспарлауды тәрбиешілер ата-аналардың келісімімен, арнайы міндеттер төңірегінде үйлестіріп отырады. “Тәй-тәй” технологиясы тобына келуші ата-аналар, балаларының ынта-ықыласын және көп білуге құмарлығын, олардың қалай қарым-қатынас жасап, тіл табысатындығын зерттейді, таңдауын жүзеге асырады, қажетті қабілет, іскерлікті игереді, пайдалы әрі шығармашыл азамат болуы керектігін сезініп-пайымдауына көңіл бөледі.

Отбасымен байланыс жасау – ол ұжым қызметінің негізі бағыттарының бірі. Біз үнемі ата-аналармен қарым-қатынас жасауда дәстүрлі емес стратегиялар қолдануда, олар біздің мекеменің педагогикалық үрдісіне белсенді қатысады.

Бүгінгі күнде педагогикалық тәжірибеміз «Тәй-тәй» әдістемелік лабораториясына айналып келеді. Өйткені тәрбиешілер әртүрлі жолдармен өз ойларынан, шығармашылық қабілеттерімен лаборатория-шеберхана ісін көрсетуде.

Алдымен, орта кеңістігін ұйымдастыру арқылы, баланың таңдау мүмкіндігін жүзеге асады. Белсенділік орталықтары арқылы топпен жұмыс істеу жүзеге асырылады. Ойын және де басқа іс-әрекеттерге арналған әр түрлі материалдар мазмұнында әр топта бірнеше белсенділік орталықтары құрылған:

  • Сюжетті – рөлді ойын.

  • Манипулятивті (үстелде ойнайтын ойындар мен ойыншықтар).

  • Құрылыс.

  • Ғылым.

  • Әдебиет.

  • Бейнелеу өнері.

  • Ашық алаң.

Берілетін заттар бір жылдың ішінде балалардың даму деңгейі мен қызығушылықтарының өзгеруіне байланысты жаңарып отырылады. Материалдар мен құрал-жабдықтар балаларды жақсы ойнау мен ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қатыса алатындай, көз тартарлықтай бөлменің әр түрлі орындарына немесе жинақтау зонасына ыңғайлы орналасуы тиіс. Бұл зона белсенділік орталықтары деп аталады. Әр топта осындай белсенділік орталықтары болады.

Орталықтарда не болуы керек:

  1. Атауы мен нақты нұсқаулар. Орталықтарға айқындама немесе атау беру тиіс. Нұсқаулар бүкіл топқа баяндалуға тиіс, олар әрбір сәби түсіне алуы үшін жетерліктей қарапайым болуға тиіс. Балаларға орталықты қалай дұрыс пайдалану керек екенін көрсету қажет.

  2. Орталықты жарақтау үшін барлық қажетті жабдық және материалдар. Орталық материалдар әрдайым балалардың қол астында болатындай етіп жайғастырылуға тиіс. Балалар материалдарды басқа балалардың да пайдалана алуы үшін оларды қалай жинау керек екенін білуге тиіс.

  3. Әр түрлі іс-әрекеттер. Белсенділік орталығындағы іс-әрекеттер зеределенетін тақырыпқа қатысты болуға, қызықты болып табылатын әлде бір саланы зерттеуге немесе әлде бір машықты жаттықтыруға мүмкіндік беруге тиіс. Орталық балалардың түрлі қабілет деңгейлеріне жауап беретін болуға тиіс. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін ашық көріністер өте лайық.

  4. Бағалау құралы. Балалар өздерінің жұмыстары қалай бағаланатынын және аяқтаған жұмыстарын қайда қою керек екенін білуге тиіс. Балалар өздері жасаған жұмыстың немесе өз қатарластарының жұмыс сапасы туралы пайымдай алу үшін оларға жұмыс үлгісін беруге болады.

  5. Тартымды сырт көрінісі. Бұл соншалықты маңызды емес болып көрінгенімен, балалар сырт көрінісі тартымды орталықта жұмыс істегінді қалайды.

  6. Айқын мақсат. Орталықтар «ауыр жұмыстың» немесе «отырып істейтін жұмыстың» жай ғана баламасы болмауға тиіс. Балалар өздерінің орталықтардың өздерінде де, сондай-ақ орталықтармен жұмыс істеу нәтижесінде де көріп-білгендерін қолдана білуге тиіс.

Шындығында егер балалар не істеу қажет екенін білетін болса, мінез-құлықтың көптеген қырларын ретке келтіруге болады. Олар тапсырмаға тиісінше кіріседі және өздерін ұстайды.

Белсенділік орталықтарының атқарушылық стандарттары:

  • Балаларды әр түрлі мәселелерді шешуге, белсенді болуға, зерттеушілікпен айналысуға, бақылай алуға, сұрақтар қойып, мақсаттарына жетуге жетілдіру.

  • Балаларды кіші, үлкен топтарда және жекелей тәжірибе жасай алуды қамтамасыз ету.

  • Белсенділік орталықтары – бір күннің негізгі бөлімі. Онда тақырып жоспарларымен мәселелерді дәлелдеу жүреді.

Баланың даму ортасы – бұл мектепке дейінгі білім беру ұйымында балалар мен ата-аналардың өмірін ұйымдастырудың қамтамасыз ететін материалды – техникалық, санитарлы-гигеналық, эргономика, эстетикалық, психологиялық-педогогикалық шарттарының жиынтығы.

Мектепке дейінгі балалардың дамуы мен тәрбиесіне, оқытуына жағдай жасауда «Тәй-тәй» технологиясының тиімділігін алынған нәтижелер дәлелдейді. «Тәй-тәй» технологиясы педагогикалық ұжымға оқытудың жеке тұлғаға бағыттау қағидаттарын арқау етуге мүмкіндік жасады. Мұндай оқыту жеке тұлғаның білімін, зейінін, қабілетін және негізгі бақылау міндеттемесін, өз бетінше жұмыс істеу қабілеттілігін, белсенділігін, біліктілігін, тілдік, әлеуметтік еркіндігін, мінез-құлқын, өздік ойлау қабілетін және өзін-өзі бағалауының қалыптасуына мүмкіншілік жасайды. Балабақшада балалардың әр күнін мазмұнды әрі жайлы, қуанышты өткізуге мүмкіндіктері бар.

«Тәй-тәй» технологиясы бойынша жұмыс істейтін біздер үшін адам болу дегеніміз – бала тәрбиелеуде қайталанбайтын жеке қабілеттің, өзіндік көзқарасының, қызығушылық мүмкіндігінің болуы.

Егемен елімізде болып жатқан игілікті өзгерістер балабақша жұмысына да елеулі жаңалықтар әкеліп отырғаны дауыссыз. Ең бастысы, тәрбиешілер шығармашылығына жол ашылады. Демек, балаларға жүйелі білім, саналы тәрбие беру ісіне жаңа талап тұрғысынан қарап, оқыту мен тәрбие тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыруға міндеттіміз.





Әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. - Астана, 2008.

  2. «Тәй-тәй» технологиясы (негізгі ережелер).

  3. Мектепке дейінгі мекеменің дамуын басқару. - Москва, 2006.

  4. Левина Н.А. «Мектепке дейінгі мекеменің жұмысын бағалау критерийлері». - Волгоград, 2009.


Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 13 декабря. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-528969
Курсы профессиональной переподготовки
133 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 13 декабря
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>