Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Доклад "Оқу мотовациясы төмен оқушылармен жұмыс жасау түрлері"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Доклад "Оқу мотовациясы төмен оқушылармен жұмыс жасау түрлері"

библиотека
материалов


Тақырыбы: «Оқушылардың сабақта іс – әрекетінің мотивациясы және оны жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау»

«Егеменді еліміз даму өркениеттің сара жолына түсіп, оның биігіне көтерілуі үшін өзінің экономикалық және саяси жүйесімен бірге рухани интеллектуалдық қуатын да одан ары жетілдіріп, молайтуы шарт» делінген Елбасының стратегиялық «Қазақстан 2030» бағдарламасында. Яғни, мемлекеттің білім беру саласындағы саясаты – тәрбиелі де өнегелі, парасатты да салмақты, рухани ішкі дүниесі бай ұлттық жетістіктерді тез қабылдайтын жеке тұлғаны қалыптастыру. Бұл заман талабына сай сапалы білім беру деген. Қазір өркениетті елу елмен іргелес болуға бел байлап, сондықтан қоғамдық өмірдің барлық саласын дамытуға зор көңіл бөлінуде. Соның бірі білім беру ісін жетілдіру.

XVIII ғасырда француз буржуазиялық революциясының қайраткері Жорж Жак Дантон «Халыққа наннан кейін ең қажеті – оқу орны» деген екен. Расында да, адамды адам етіп, ұйқысынан оятып, сергек сезім, рухани күш-жігер беретін білім мен ғылымға өнер атаулыға құштарлығын арттыратын оқу орны емей немене. Ал сол мектептің жүрегі – оқытушы. оқытушының негізгі міндеті – оқушыларға қазіргі өскелең өмір талабына сай білім беру және оларды осы өмірге бейімдеу. Ол оқу процесінде оқу мотивациясын қалыптастыру – оқушының пәнге қызығуын аттырады, олардың өздігінен ізденуіне, сөйлеу мәдениетін дамытуға, өз ойын еркін жеткізуге, өзара пікір таластыра білуге үйретеді.

Қазіргі уақытта мотивацияға психологиялық құбылыс ретінде әртүрлі түсініктемелер беріледі. Бір жағдайда ол – тәртіпті анықтайтын, бағыттайтын және қолдайтын бірлескен факторлар жиынтығы ретінде болса , екінші жағдайда бұл мотивтердің бірлестігі ретінде қарастырылады . Сонымен қатар, нақты іс-әрекетті бірқалыпты ұстау ретіндегі психикалық процесс болып , іс-әрекеттің нақты формаларын іске асыру әдісі мен бағытынын туындауын анықтайтын, мотивтің әрекеттік процесі және механизмі ретінде , іс-әрекет пен талаптануға жауап беретін процестердің бірлескен жүйесі ретінде қарастырылады.

Мотив пен мотивация – өзара байланысқан, өзара сертті психикалық категориялар және де әрекет мотивтері мотивацияның нақты базасында қалыптасады (яғни туынды мотивтер). Ол сол уақытта, бөлек мотивтерді өзгерту арқылы бас аяғына дейін мотивацияға әсер етеуге болады (яғни мотивация осы жағдайда негізгі болатын мотивтерге тәуелді болады). Және де мотивтер әрекеттерге, мотивация іс-әрекетке жатады.

1. Мотивация дегеніміз не?

Мотивация (ағылшын. motіvation) – қолданылу ыңғайына қарай қазақша "ниет", "түрткі", "кірісу", "жігерлену" сөздерінің мағынасына жақын келетін, қазіргі заман мәдениеті мен гуманитарлық ғылымдарында кең қолданылатын ұғым. Moveo латынша "қозғалу, әрекет ету" мағынасын береді, демек motіvation сөзбе сөз мағынада "қозғалту, әрекетке келтіру" мағынасын береді. Бірақ қазіргі заман мәдениетінде ол тіке мағынасында емес, көбіне көп ауыспалы, жетілдірілген, түрлендірілген мағынада қолданылады.

Бұл ұғымды алғаш рет немістің философы А. Шопенгауэр өзінің философиялық шығармасында жеткілікті төрт негіздің бірі ретінде қарастырған.


Мотивация – бұл сыртқы және ішкі қозғаушы күштердің жиынтығы, олар адамды белгілі бір қызметке итермелейді, шекараларға және қызмет формаларына сұрау қояды және осы қызметке белгілі бір мақсаттарға жетуде бағыт береді.


Сыртқы ізденушілік белсенділігі адамда мына жағдайда анықталады. Егер адам таныс емес жағдайға тап болса немесе шешімді табуға қажетті ақпаратты иеленбесе және де негізгі мотивтердің ықпалында болып, шынайы объектінің сыртқы ортасына сай ізденушілігіне мәжбүр болса, және де ол қажеттілікті қанағаттандыра алса («қолыма не түседі» принципі бойынша).

Ішкі ізденушілік белсенділігі қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін және оны алу шарттары нақты заттардың ойда шектен тыстылығымен байланысты.


Психология бойынша, мотивация – Адамды белгілі бір мақсатқа тарту күші немесе қажеттілік. Қажеттілік дегеніміз не?
Қажеттілік - бұл, не адам ішінде пайда болып және сонда болады, яғни, әр түрлі адамдарға жалпы жеткілікті болуы, бірақ сол уақытта әрбір адамға айқын дара көрінуі.

Оқу мотивациясындағы эмоцияның рөлін қарастырғанда оқушыда дұрыс мотивациялық бағыттылық тәрбиелеу, мақсатты қою оқушының оқуға деген эмоционалды қатынасына әсер етумен қоса жүріп отыруы тиіс. Эмоция, сөз жоқ, оқу процесінде мотивтеуші бағытқа ие.

Психологияда көрсетілгендей, эмоция өз-өзінен дамымайды, ол адам іс-әрекетінің ерекшеліктеріне және оның мотивациясына тығыз байланысты. Эмоцияның ерекшелігін кеңес психологы А.Н.Леонтьев атап көрсеткен. Олар мотивтер және осы мотивті жүзеге асырудағы іс-әрекеттің жетістік мүмкіндіктері арасындағы қатынасты бейнелейді.

Эмоция адамда мотивтің көкейкестілігі және адамның өз іс-әрекетін ұтымды бағалауына дейін пайда болады. Осы эмоциялар кез келген іс-әрекеттің өтуіне елеулі әсерін тигізеді, соның ішінде оқу іс-әрекетіне де. Эмоцияның реттеуші рөлі оның қандай да бір іс-әрекетпен қатар жүрген жағдайында ғана емес, сонымен бірге оның алдында болып, адамды осы іс-әрекетке енуге дайындағанда артады. Сондықтан эмоцияның өзі іс-әрекетке тәуелді және оған өз әсерін тигізеді.


Мотив - адамды айқын әрекеттерге шақырады. Мотив адамның " ішінде " болады, “ арнайы ” мінез - құлығы болады, адамның сыртқы және ішкі күшіне әсер ететін факторларға тәуелді болады, сонымен қатар оған паралель әрекет ететін басқа мотивтерге де тәуелді. Адам өз мотивіне ықпал ете алады, ол оны көтермелей алады немесе кейбір бәсекелестіктерді алып тастай алады.


Ал оқыту барысында мотивацияны дамытатын да оны жүзеге асыратын да мұғалім. Ал бастауыш сыныпта – шәкірттердің тілдік қарым – қатынас жасай алу біліктілігін жетілдіру, ойлау ұшқырлығы мен қырағылыққа дағдыландыру болғандықтан, менің де мақсатым сабақта оқушылардың оқу, ойлау және сөйлеу мотивациясын дамыту.

Мен сабақ барысында мынадай әдістерді қолданамын: сұрақ – жауап, сөйлеу, әңгіменің түсінігін айтқызу, кітаппен, мәтіндік жұмыс, диалогтік оқыту, буынмен оқу, рөлдік ойындар, проблемалық сұрақтар туғызу, сөзжұмбақтар шешу және құрастыру, жаңа сөздерден диалог құрау т. б.


Мотивация іс - әрекеті бір орында тұрып қалмайды. Ол іс - әрекет барысында өзгерістерге ұшырап отырады


Мысалы, сабақ барысында оқушыларды топқа бөліп, ойын, жарыс ретінде болса,

Сөзжұмбақтарды шешу арқылы,

Деңгейлік жеке тапсырмалар беріп,

Проблемалық сұрақтар беріп, ой туғызу

бір сөздің бірнеше мағына беретінін ұғындыру.

Мотивация түрлері:

Бірінші түр Адамның сыртқы ортадағы әрекетінен туылатын мотив. Бұл түрде мотивацияны жақсы білу ғана емес адамға бұл мотив қалай ықпал ететіне байланысты болады.

Екінші түр ішкі мотивациялық құрылымды қалыптастыру. Мотивацияның бұл түру тәрбиелік және оқулық жұмыстар арқылы жүзеге асады. Мотивацияның екінші түрін жүзеге асыру үшін көп жігер және ақыл керек. Себебі мотивациялаудың екінші түрі біріншісіне қарағанда нәтижесі жақсы болады.


Оң, теріс және тұрақты тұрақсыз мотивациялар

Оң және теріс мотивация

Адам еркін шабыттандырып, жігерлендіріп, белсенді етіп, үміткер етіп, қайтпас қайсар етіп сомдаған мотивация оң мотивация деп аталады. Ал, адам еркін салғырттандырып, енжар етіп, үмітсіз етіп, босбелбеу етіп, шегіншектетіп сомдаған мотивация теріс мотивация делінеді.

Тұрақты және тұрақсыз мотивация

Мотивацияның тұрақты - тұрақсыздығы, яғни оның адам әрекетіндегі ықпалының сақталу ұзақтығы адамның ішкі ұстанымының берік - әлсіздігіне, ниеттің шын - жалғандығына, кедергілердің сипатына, ортаның жол қою дәрежесіне байланысты болады.


Мотивацияның жасайтын әрекеттері:

жігерлік;

Тырысу;

Сөзінде тұру (шыншыл, әділ;)

Адамгершілік;

Бағыттылық


А. Маслоудың мотивация теориясы. Маслоудың қажеттілік иерархиясы. Бұның негізгі ойы адам қажеттіліктері. Бұл ертедегі теория. Бұл жерде адамның қажеттіліктерін 5 топқа бөлген.


Физиологиялық қажеттіліктер;

Адамның қауіпсіздігі;

Әлеуметтік қажеттіліктер - достық, қарым - қатынас

Адамды силау қажеттілігі;

Өзін - өзі көрсету;

Маслоу теориясына ұсынсақ, адам қажеттіліктерін белгілі бір орынға біріктіруге болады. Ең үлкен қажеттілік бұл өзін - өзі көрсету. Себебі адам әлеуметтік ортада өскісі келеді сондықтан бұл процесс шексіз.



Мотивация дегеніміз – көздеген мақсатқа жету үшін өзін және басқаларды жұмысқа ынталандыру. Мотивация адамдарда болатын әртүрлі қажеттіліктерге негізделген.

Оқу мотивациясы өте күрделі де, қызықты тақырыптардың бірі. Өйткені жан-жақты қарастыруға болады. Тақырыбымды келесідей сөздермен аяқтағым келеді: «Білім беру, оқыту мен дамыту үздіксіз процестер. Сондықтанда оқу мотивациясы айтылған үш процестердің кілті болады».





















Ақмола облысы

Аршалы ауданы

Волгодон орта мектебі










hello_html_m66941d9f.gif










Тақырыбы: «Оқушылардың сабақта іс – әрекетінің мотивациясы және оны жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау»







Дайындаған: Бастауыш сынып мұғалімі Кенжеғұлова Қарлығаш

Ертайқызы











Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 08.02.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров589
Номер материала ДВ-429380
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх