Инфоурок / Математика / Другие методич. материалы / Доклад "Оқушылардың білім сапасын көтеру және оны шешу жолдары "

Доклад "Оқушылардың білім сапасын көтеру және оны шешу жолдары "

Напоминаем, что в соответствии с профстандартом педагога (утверждён Приказом Минтруда России), если у Вас нет соответствующего преподаваемому предмету образования, то Вам необходимо пройти профессиональную переподготовку по профилю педагогической деятельности. Сделать это Вы можете дистанционно на сайте проекта "Инфоурок" и получить диплом с присвоением квалификации уже через 2 месяца!

Только сейчас действует СКИДКА 50% для всех педагогов на все 111 курсов профессиональной переподготовки! Доступна рассрочка с первым взносом всего 10%, при этом цена курса не увеличивается из-за использования рассрочки!

ВЫБРАТЬ КУРС И ПОДАТЬ ЗАЯВКУ
библиотека
материалов

Панфилов ауданы Жаркент қаласы А.В.Луначарский атындағы орта мектеп - гимназия мектепке дейінгі шағын орталық

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары М.Е.Ахметова


Оқушылардың білім сапасын көтеру және оны шешу жолдары


Білім сапасын арттыру жолындағы мақсат: пән бойынша ғылыми - әдістемелік зерттеулер жүргізу, оның нәтижесін талдау, ғылыми методикалық жұмыстарды дамытуды оқытудың тиімді әдістерін табу, дамыта оқыту: анализ, синтез, болжау әдістерін сабақ беруде жиі қолдану.

Білім сапасын арттырудың басты шарты олар: оқыту теориясының дамытылуы мен практикада орынды қолданылуы, оқыту программасы мен оқулықтардың, оқу құралдарының сапасын қамтамасыз ету, мектептің оқу-материалдық базасын жақсарту, мектептерді қажетті көрнекі және техникалық оқу құралдарымен толық жабдықтау, мұғалімнің әдістемелік шеберлігі, мектеп басшыларының мектепішілік ісін дұрыс ұйымдастыра білуі, ата-аналардың және басқа да қоғамдық ұйымдардың осы мақсатта жүйелі жұмыс жүргізе білуі.

Оқушылардың білім сапасын арттыру, ең алдымен мұғалімнің кәсіби шеберлігіне, оқушылардың оқу іс-әрекетін педагогикалық сауатты ұйымдастыра білуіне байланысты. Оқыту теориясы қаншалықты дамытылғанымен, оқу бағдарламасы қаншалықты жетілдіргенімен, оқулық пен оқу құралдарының сапасы барынша жақсартылғанымен, мектеп керекті оқу құралдарымен керегінше жабдықталғанымен, оқу процесінде осының баршасына жан бітіріп, іске қосатын, оларды оқушылардың бақылау, байқау, зерттеу, оқу, үйрету тағы сол сияқты іс-әрекеттер объектісіне айналдыратын кілт- мұғалімде.

Көрнекті неміс педагогі Адольф Дистервег 19-ғасырдың өзінде–ақ: «Жас мұғалімнің негізгі кемшілігі - өзіне белгілі материалды балаларға тегіс айтып беруге тырысуы». Ол нашар мұғалім шындықты (білімді) өзі айтып, хабарлайды, жариялайды, ал жақсы мұғалім шәкірттерді оны табуға үйретеді деп есептеді. Сондықтан мұғалім бүкіл сабақ барысында, оның әрбір кезеңінде оқушылардың танымдық іс-әрекетін жандандыра, белсендіре отырып, олардың көпшілігінің енжар қалмауын талап етіп, -ұстаз оқыту мазмұнының нәтижесі болуын-шәкіттердің білім сапасының жоғары болуын-олардың өз іс- әрекетерінің сипатына (енжар немесе белсенді) тікелей тәуелді екенін үнемі басшылыққа алуында. Оқушылар белсенділігін арттыру немесе олардың сапалы білім алуын ұйымдастыру үшін сабақ негізгі мынындай кезеңдерден тұрады:

  1. Мақсат қою кезеңі (нақты міндеттерді айқын сезіну)

  2. Іс-әрекетті жүзеге асыруды жоспарлау, ең тиімді әдіс тәсілдерді таңдап алу.

  3. Іс-әрекетті жүзеге асыру, оны орындау кезеңі. Бұл кезең әрекетті бақылау және қажет болған жағдайда оны қайта дұрыс құру арқылы жүзеге асырады.

  4. Нәтижені тексеру, орын алған қателерді түзету, алынған нәтижені жоспарланған іс-әрекет моделімен салыстыру, жұмыс нәтижесін қорытындылау, баға беру кезеңі. Оқушының оқып үйренуі, олардың сабақ үстіндегі танымдық іс-әрекеті нәтижелі болу үшін:олардың сабаққа ынта – ықыласын аударып, сабақтың мазмұнына қызығатындай етіп ұйымдастыра білуі керек.

Оқыту үрдісінде балаларға сапалы білім беру үшін олардың танымдық іс-әрекетінің мақсатқа жеткізетіндей әдіс-тәсілдерімен қаруландыру қажет. Оқушылар танымдық іс-әрекеттің әдіс-тәсілдерін меңгергенде ғана құбылыстың мәнін анықтау жолында, өздігінен білім сапасын арттыру мақсатында белсенді де, батыл әрекет ете алады.

Оқушылардың білім сапасын арттыруда біздің назар аударатын ең негізгі мәселелеріміз мыналар:

  1. Оқушылардың алдына бүгінгі тақырып бойынша меңгеретін негізгі мәселені мақсат етіп қою. Алдағы уақытта не істеу, қалай жасау қажеттігі жөнінде жалпылама бағыт беру.

  2. Оқушылар белгіленген бағыт бойынша материалдармен жұмыс істейді. Яғни олар таблицамен, схемамен, графиктік сызбалармен айналысады.

  3. Мұғалімнің сұрақтарына сүйене, схема, таблица және тағы басқа материалдар көмегімен өздері бақылап, байқап, жұмыс істеп көргендерінің ішінен ізделінді қасиетті бөліп шығаруға тырысады. Шығарылған есептің шығарылу жолын, оған нақты қандай дайын формулаларды пайдаланды, сол формуланың көмегімен қандай нәтижеге жеткенін пайымдайды.

  4. Оқушылар мұғалімнің көмегімен орындаған жұмыстарын тағы бір рет тексеруден өткізеді: анықтаған қасиеттердің дұрыстығына көз жеткізеді.

Ойлау әрекетін осы ретпен қалыптастыру барысында материалды игеруге оқушылардың мақсаты, қабылдауы, елестетуі, ұғынуы, есте сақтауы барлық психикалық әрекеттері түгел қатысады. Сондықтан сабақты меңгеру нәтижесі білім беріктігін қамтамасыз етеді.

Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыруда тағы бір ескеретін жайт оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру, өздігінен шығармашылық жұмыс істеуге бағыттау. Ол үшін әрбір оқушының даярлығы мен мүмкіндіктерін, қабілеттері мен білімдеріне сүйене отырып, сабақтың өту құрылымына талдау жасап, білімнің тиянақты түрде оқушыға түсінікті болуын, нақты дәрежеде игерілуін қадағалау қажет. Өтілген материалды үнемі жиі қайталап отыру, деңгейлік сұрақтарды қою игерілген білімнің терең және тиянақты болу мүмкіндігін ұлғайтады. Пәнге деген қызығушылықты дамыту үшін дидактикалық ойындарды пайдаланып оқушының логикалық ойлауын, өз бетімен жұмыс істеуін жандандыру қажеттігі шығады.

Оқушының біліміндегі олқылықты анықтау үшін тестік бақылау жұмысының орны ерекше. Ол біріншіден оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу әрекеттерін арттырады, оқытудың тиімділігіне қол жеткізеді, ойлау қабілетін,

шығармашылық белсенділігін арттырады, егер мұғалім дұрыс бағыт бере білсе. Сабақта тек материалды игеріп қана қоймай, игерілетін материал төңіреңінде төңірегінде проблемалар туғызып, оқушының тереңірек ойлануына, шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашу керек.

Есептерді шешуді үйрету үшін олардың түрлерін, қалай құрылғанын, қандай құрамдас бөліктерден тұратынын анықтаған жөн. Қандай да болмасын есепті шешуге кіріскенде оны мұқият талдап, талаптарын шарттарын анықтау қажет, яғни анализ жасау керек. Бірақ қайсібір оқушылар есепті шешуге біршама машықтанып қалады да, сол жолмен шешуге дағдыланады, яғни басқа жолмен шешуге талаптанбайды. Оларды есептерді шешу жолы басқаша да құруға болатынын проблемалық сұрақтар қою арқылы жетелеп, ой салдырып, өз беттерімен ізденіп, шешу жолдарына зер салып, оларды шешудің тәсілдерімен әдісі ерекшеліктерін түсінуге бағыттау керек. Осы бағытта жұмыс істеу үшін оқушының бойына алдымен оның ынтасын, шыдамдылығын, қажырлығын және білімділігін қалыптастыру керек. Содан кейін есептерді шешудің негізгі кезеңдерін ұқтыру керек.

  1. Есепті талдау, яғни оның түрін, шартын анықтау.

  2. Схемалық жазылуы, яғни өрнектеу, сызбасын даярлау, шартын құру.

  3. Шешудің тәсілдерін іздестіру, теңдеу құру, талдау.

  4. Шешуді орындау.

  5. Шешімнің дұрыстығын тексеру (жазбаша, ауызша).

  6. Неше шешім болатынын, қандай шарттың орындалатынын, шешімі болмайтынын зерттеу.

  7. Жауабын дәл әрі дұрыс тұжырымдау.

  8. Есептің шешімін талдап, басқа да тиімді жолдарын қарастыру.

«Ел боламын десең бесігіңді түзе» деп ұлы жазушы, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезов айтқан. Бұл сөзде мәні терең мағына жатыр. Еліңнің ертеңі – жас ұрпақты жақсылап өсір деген сөз. Сондықтан, бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, тәрбиелеу әр ұстаздың міндеті.

Қазіргі таңда білімге, ғылымға деген қызығуы жоғары, интеллектуалды жастар сомдау өзекті мәселе. Оны шешуге орта мектепте пәнді оқытуда ең алғашқы күннен бастап-ақ оқушылардың пәнге қызығушылығын, ынтасын арттыру керек және де білім беруде сабақты күнделікті өмірмен байланыстыра өту тиімді.

Сапалы білім беруде мұғалім міндеті – білім технологиясын бүгінгі күн талабына сай жетілдіру. Бағдарлама бойынша дифференциалдап оқыту, сабақ барысына прблемалы әдісті қолдана білу, сабақтың әр бойында барлық оқушылардың толық жұмыс істеуін қамтамасыз ету, қайталау жұмыстарын шебер ұйымдастыра білу, сабақ барысында әрбір оқушының ерекшеліктерін ескере отыру, олардың белсенді әрекеттерін, әсіресе, ұйымшылдық пен еңбексүйгіштік қасиетін әрі қарай дамыту - әрбір мұғалімнің биік міндеті.

Оқушылардың білімін жүйелі тексеріп, бақылап отыру оқушылардың жауапкершілікке, үнемі жұмыс істеуге баулып, оқушы білімінің тиянақтылығын, тереңдігін арттырады.

Сондықтан біз өз тәжірибемізде оқушыға сапалы, тиянақты білім беріп, білімділік дағдыларын қалыптастыруда оңайдан қиынға, қарапайымнан күрделіге қарай оқытудың жүйелілік ұстанымын басшылыққа аламыз, білім тексерудің сан алуан түрлерін қолданамыз. Үлкен бір тарау өткенде білімді жүйеге келтіру, есепке алу өрісін жетілдіру – басты мақсатымыз.

Оқушылардың білім сапасын көтеру үшін төмендегі негізгі ұстанымдарды еске сақтау қажет.

  • Оқу тәрбие жұмысын педагогикалық диагностикалық нәтижелеріне байланысты ұйымдастыру әр баланың іс-қабілетін анықтау, сұранысын білу;

  • Басты мақсат – балалардың бойындағы дарындылықты дамыту, шеберлігін арттыру, жеке шығармашылығын қалыптастыру;

  • Оқытудың мазмұны мен жетістігіне ғылыми талдау жасау.

  • Педагогикалық ізденіс барысында баланың ойлау жүйесінің дамуына болжау жасау, білім берудің өзгеше әдіс-тәсілдерін енгізу.

  • Оқушылардың жеке шығармашылығын дамыту үшін ұстаз өз шығармашылығын көтеру, іздену керек.


Общая информация

Номер материала: ДВ-296307

Похожие материалы