Инфоурок Иностранные языки Другие методич. материалыДоклад: «Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамытуда мұғалімнің қолданылатын әдіс-тәсілдері»

Доклад: «Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамытуда мұғалімнің қолданылатын әдіс-тәсілдері»

Скачать материал

«№ 1 жалпы білім беретін орта мектеп-интернаты» КММ

КГУ «Общеобразовательная средняя школа-интернат №1»

 

 

 

 

 

 

 

«Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамытуда мұғалімнің  қолданылатын әдіс-тәсілдері»

(Педкеңес аясында)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: қазақ тілі пәні мұғалімі

Шопанова Гүлсара Арманбекқызы

 

 

 

 

 

Петропавл  қаласы

2014-2015 оқу жылы

    Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі мектептегі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологиялар арқылы дамытудың қажеттілігін негізгі мақсат етіп қойып тұрғаны анық. Жаңа педагогикалық технологияларды күнделікті сабақ барысында пайдалану – ХХІ ғасыр талабы болғандықтан, мұғалімнің мақсатына, мүддесіне сай, өзінің шеберлігіне орай оқыту формалары мен модульдерін таңдауға мүмкіншілік жаратылған. Сонымен қатар, оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, мектептердің тәжірибесіне енуде. Жаңа әдістерді оқушының  зияткерлік,  іздемпаздық, адамгершілік, рухани тағы басқа да адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізетіні сөзсіз. Осы аталған барлық қасиеттерді оятатын, сонымен қатар әрі қарай дамытатын модуль – сын тұрғыдан ойлау модулі болғаны айдан анық. Өзімнің жеті жылдай педагогикалық тәжірибеме сүйене отырып, сана елегінен  жеті модульдің маңыздылығы мен қажеттілігін саралап, сын тұрғыдан ойлау модулінің менің оқушыларыма тиімділігін анықтадым. Себебі, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, терең ойлай білуін, эстетикалық көзқарастарды пайымдауын, баға беруін, танымдық  белсенділігін арттыруға бағытталған. Сонымен қатар, сын тұрғыдан ойлау – оқушыларымның алатын білімдерін сапалы етеді, оның толыққанды жеке тұлға болып қалыптасуына негіз болатынына сенімім кәміл. Барлық заманда  ұстаз  өз шәкіртінің ойлау қабілетін дамытуға тырысқан. Ұстаз үшін баланың өз ойын толық, ашық және еркін жеткізуі маңызды. Қазақстан Республикасының Президенті – Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында «ХХІ ғасырдың табалдырығы алдында білім беру капиталға айналуда. Оның өзі мазмұны жөнінен стратегиялық ресурстармен бәсекелесе алады. Елдің даму деңгейі осы арқылы бағаланатын болады»- деп, сапалы білім беруге ерекше назар аударылып отыр.

 Сын тұрғысынан ойлау – ойлау мен пікірлесуді дамытатын сала. Оқушыны мұғаліммен, достарымен, құрбыларымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге

баулитын стратегия.

   Модульдің басты мақсаты – дамыта оқыту негізінде сын тұрғысынан ойлау арқылы ойлау мен пікірталасу қабілеттілігін дамыту, балаларға терең білім беру.  Жаңа технология ретінде сын тұрғысынан ойлау, ең озық әдістерді дер кезінде игеру, іздену арқылы бала бойына дарыту, одан өнімді нәтиже шығара білу – әрбір ұстаздың басты міндеті болып табылады. Мектеп қабырғасында «Қазақ тілі пәнін оқытуда тиімді әдіс – тәсілдерді қолдана отырып, оқушыларды өз бетінше  жұмыс істеуге үйрету» атты әдістемелік мәселемен айналысамын. Әдістемелік мәселе төңірегінде іздене отырып, табылған ақпарат пен мәліметтерді беретін сабақтарымда тиімді қолдана білуге тырысамын. Үйрену процесі – бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрды. Оқушылар жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан бастаймын. Осы арқылы ойды қозғату, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер етіп, жүзеге асыруды көздеймін. Осы кезеңге тап болатын «Топтау», «Түртіп алу», «Ойлану», «Болжау» сияқты  тәсілдерден басталады. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші бағдары – оқушының белсенділігін арттыру,өйткені, үйрену – енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет екені даусыз. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, парталасымен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады, тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушыларым бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырды.

  Сондай әдіс-тәсілдердің бірі – диалогты оқыту болып табылады. Бұл әдіс-тәсілдің түрін өз тәжірибемде жиі қолдануға тырысамын. Дәлірек айтсам, 2 сынып оқушыларымен  диалогтың қарапайым түрін, яғни сұрақ, сұрақтарға жауап беру деңгейінде өткіземін. Мысалы,  2 «б» сыныбында «Менің досым» атты сабағы барысында оқушылар бір-бірімен өз достары жайлы шағын диалог жүргізе білді.

 Қазақ тілі апталығы аясында 4 «а» сыныбында «Қазақ тілі сабағында» атты ашық сабақ өткіздім. Сабақ жоспары сыни тұрғысынан ойлау технологиясы негізінде құрылған. Сабақ барысында оқушылар  топтық жұмыс арқылы диалог құра білуге дағдыланды.

 Оқушылар мәтінге сүйене отырып диалог құрды. Әр топ білім деңгейіне сай диалог құрды. Мәселен, білімі жоғары оқушылар тобына сұрақтары бар, жауаптары жоқ үлгісіндегі диалогты толықтыру тапсырмасы берілді. Білім деңгейі орта оқушыларға жауаптары бар, сұрақтарын толықтыру қажетті үлгідегі диалогты орындау тапсырылды. Білімі нашар оқушылар сұрақтары мен жауаптарында тастап кеткен сөздерді орнына қою тапсырмасы берілді. Барлық топтар алға қойылған тапсырмаларды  жақсы орындады. Дегенмен, тапсырма орындау барысында кемшіліктер де болды. І топ оқушылары диалог құру барысында кей сөздердің аудармасын білмегендіктен, сұрақтар мен жауаптар кезінде қателіктер жіберді. Алайда мұғалімнің көмегіне сүйене отырып, өз қателіктерін дұрыс жауапқа өзгерте білді. Бұған дәлел ретінде бейне материалдарға сүйенуге болады.

  Міне, осындай әр түрлі әдіс-тәсілдерге  сүйене отырып, жұмыс жасайтын болсам, менің оқушыларым үлкен өмірде өз мамандығының қас шебері болып, нарық бәсекелестігіне дайын бола алатын тұлға болуына сенімдімін. Тек тер төгу арқылы білім шыңына өрлей аламыз. Сондықтан менің әлі де алатын белестерім мен бағындыратын  шыңдарым алда екеніне сенімдімін. Сөз соңын Конфуцийдің мына пікірімен аяқтағым келеді:

«Бір жыл алдына-ала ойлаған ел – нан өсіреді,

 Он жыл алдына-ала ойлаған ел – бау өсіреді,

Жүз жыл алдына-ала ойлаған ел – жас ұрпақ өсіреді».

                                                                      

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Доклад: «Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамытуда мұғалімнің қолданылатын әдіс-тәсілдері»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Микробиолог

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 609 644 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.11.2015 932
    • DOCX 19.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шопанова Гульсара Арманбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 12363
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Итальянский язык: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель итальянского языка

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Основные методики в области преподавания испанского языка

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания немецкого языка с учетом требований ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 16 регионов

Мини-курс

Психологическая работа с эмоциональными и поведенческими проблемами

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 67 человек из 34 регионов

Мини-курс

Архитектурное творчество для подростков (обучение детей от 12 лет и старше)

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Концепции управления продуктом и проектом: стратегии и практика.

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе