Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Доклад "Педагогикалық шеберлік негізі неде?"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Доклад "Педагогикалық шеберлік негізі неде?"

библиотека
материалов

Жамбыл облысы, Талас ауданы ,Қаратау қаласы

А.Байтұрсынұлы атындағы гимназия

Бастауыш сынып мұғалімі Жаңабаева Салтанат Қалыбайқызы


Педагогикалық шеберлік негізі неде?

 Заман ағысына сай біліммен қаруланған ой-өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған маман - уақыт талабы. Кеше ғана көк туын желбіретіп шаңырақ көтерген егемен елімізді өркениетке жетелейтін білім бастауында мектеп, ал сол мектепте жас ұрпақ бойына білім негізінің мәңгілік іргетасын қалаушы- ұстаз тұрады. «Мұғалімдер- қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе, ең «сынампаз» бөлігі болып табылады», - деп  Елбасы Н. Ә. Назарбаев бекер айтпаса керек. Сондықтан да бүгінгі таңда тәуелсіз елімізге білікті маман, өз ісінің шебері қажет. Ал педагогикалық шеберліктің негізі неде?

Шебер педагог білімді, тәжірибесі мол, жан-жақты бола отырып, оқушыларды жеке тұлға етіп қалыптастыру мақсатында білім мен тәрбиені ұштастыра алуы қажет. Әр оқушының дарындылығын айқындау, олардың дамуына қолайлы жағдайлар жасау, мектеп, жанұя, мұғалімнің ролін анықтау, студенттер мен мұғалімдер ұжымын қалыптастыру - педагогикалық шеберлікті жетілдіруге негізделеді деп есептейміз.

«Тәуелсіз елге - білікті маман» демекші, педагогикалық шеберліктің негізі, өткен пікірімізде айтып кеткеніміздей, білім мен тәрбиені ұштастырумен қатар – педагогтардың жаңа технологияны меңгере білуінде және оны өз тәжірибесінде қолдана алуында. Педагогикалық көзқарас бойынша, «технология » ұғымы – дәстүрлі оқыту әдістерінен басқа, ерекше үлгіде ұйымдастырылған «педагогикалық өндіріс» деген пікір өз уақытында педагог-ғалымдар тарапынан сынға алынғаны белгілі. Осы сыннан соң бірте-бірте «педагогикалық технологияны» оқыту үрдісінің құрамдас бөлігі ретінде сипаттап, оны дидактикалық үрдістер мен оқыту құралдарымен жабдықтауда жаңа ақпараттық технологияға негіздеу туралы мәселе қозғалады.

Педагогикалық шеберліктің тағы бір көрінісі – мұғалімнің шығармашылық іс-әрекеті, яғни оның тұлға ретінде жеке-даралығы және адамның индивид ретіндегі кейбір ерекшеліктерінің өзгеріске ұшырауы. Осыдан шығарар қорытындымыз: әрбір педагог мұғалім мамандығын таңдап алған соң, ол жауапкершілігін бірге ала жүруі керек. Ұстаз өз пәнін ғана емес, дүние сырын, қоғамдағы өзгерістерді, адам мінездерін, өнердің қуат әсерін білетін жан болуы қажет.

Біздің ойымызша, инновациялық технологиялар оқытуды ізгілендіру, яғни оқу құралдарын оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетінде пайдалануға көмектеседі. Оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдаланудың шарттарының өзі мұғалімнің әрдайым ізденісте, өздігінен білім алудың жағдайын туғызады. Ол педагогикалық шарттарға: инновациялық ізденіс қажеттілігі; инновациялық әдіс-тәсілдер жайлы білім; инновациялық әдіс-тәсілдерінің тиімді жолдарын қарастыру; инновациялық әдістерді меңгеру; инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану және білім беруді ұйымдастыру формалары; инновациялық әдіс-тәсілдерінін нәтижесінің болуы; инновациялық әдіс-тәсілдердің озық тәжірибелерін бекіту жатады. Инновациялық іс-әрекетті басшылыққа ала отырып, педагогикалық шеберліктің басқа құрауыштарының маңыздылығын жоққа шығармаймыз.

Адам қажырлы еңбегімен табиғатты өзгертсе мұғалім жалпы жасампаз еңбегімен жаңа адамды қалыптастырып, дамытып, жетілдіріп өмірге дайындайды. Оқушыларын тек біліммен қаруландырып қана қоймай, назарын, білгендерін жадында сақтауға, қабілетін, ойлауын, тіл шеберлігін ұштауға, дүниеге деген құштарлығын, өмірге деген көзқарасын дұрыс қалыптастырып, ықыласын, сенімін, төзімділігін, іскерлігін, ізденімпаздығын тағы басқадай танымдық қасиеттерін жетілдіріп, адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеуді өзінің өмірлік мақсаты, ізгілік мұраты деп санайды.

«Талант» деген сөзді әркім әр түрлі ұғынуы мүмкін. Талант көбіне, ақын – жазушылырда, әртістерде, өнер адамдарда кездеседі. Ал, «мұғалім болу – талант па, ол әркімнің қолынан келе бермей ме?» - деген сұрақ туады. Ұстаздың барлығы талант болып тумайды. Егер кез келген мұғалім ынта – ықылас қойып, табандылық танытатын болса, өз бетімен көп еңбектенсе, идеялық жағынан сенімді, саяси жағынан есейген азамат болса, өз пәнін жақсы білсе, оқытудың әдістемесін меңгеріп, бала психологиясын жете білсе, педагогикалық техниканы қалыптастыра алса, педагогикалық шеберлікке жету қасиеттеріне ие бола отырып, педагогикалық кәсіпті меңгерсе, педагогикалық әдепті бойына сіңірсе, онда талантты, шебер ұстаз бола алады.

Педагогикалық шеберлік – ұстаздық талантпен тығыз байланысты. К.Д.Ушинский: «Педагогика теориясын қаншама жетік білгенмен, педагогикалық әдептің қыр – сырын меңгермейінше бұған оның оның қолы жетпейтіндігін», - айтады. 
Педагогикалық шеберлік – тек қана мұғалімнің жалпы, жан – жақты және әдістемелік сауаттылығы ғана емес, ол – әр сөзді оқушылырға жеткізе білу, олардың толық қабыл алуы. Ұстаздық шеберлік: 1) мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымды, моральды бойына сіңірген адам екендігі; 2) пәнді жетік білген, ойын толық жеткізетін және оқушылардың бойында әдеп, әдет, дағды сияқты моральдық нормаларды сіңіре білгендігі; 3) оқыту мен тәрбиелеудің әдіс – тәсілдерін меңгерген, білгенін қызықты да, тартымды өткізе алатын, педагогикалық әдеп пен талантын ұштастырған адам ғана шеберлікке ие болады. Педагогикалық шеберлікте педагогикалық техника деп аталатын мәселеге мән беріледі. Мұғалім әр сөзін дұрыс сөйлеп, нық айтуы тиіс, оның жүріс – тұрысы, қозғалысы, отырып – тұруы оқушыларға ерсі болмайтындай дәрежеде болуы керек.

Педагогикалық шеберліктің негізі – балалардың өз еркімен дамуына жол ашу, оқу – тәрбие процесінде оқушылармен педагогикалық ынтымақтастықтар жұмыс атқарудың формаларын, әдістерін дамыту, шәкіртке деген қамқорлық пен сүйіспеншілікті арттыру педагогикалық шеберліктерінің басты сипаты болып табылады.

Болашақ ұстаздың педагогикалық мамандыққа өзін-өзі бағыттап, жұмысты ұйымдастыруы педагогикалық шеберлік негіздерін білумен шарттас. Бұл саланы зерттеуші ғалымдардың пікірінше педагогикалық шеберлік мынадай жүйелерге бөлінеді:
- педагогикалық іс - әрекеттегі гуманистік бағыттылығы;

- педагогикалық кәсіби білгірлігі;

- педагогикалық іс- әрекеттеке бейімділігі;

- педагогикалық техникасы.

Бұл аталған педагогикалық шеберлік жүйелері бір-бірімен тығыз байланыста жүзеге асады.

Зерттеу жүргізген ғалымдардың пікірінше, педагогикалық шеберлік жөніндегі ғылыми – зерттеу пайымдаулар мыналар:

- пеадагогикалық мақсаттылық, бағыттылық;

- тәрбие мен білім беру ісінің нәтижелілігі;

- әдістерді, құралдарды қолдана білудегі үйлесімділік;

- іс - әрекет мазмұнының шығармашылық сипат алуы.

Сонымен қатар әлеуметтік – қоғамдық өмірдің жаңаруына байланысты кәсіптік педагогикалық шеберлік деңгейіде дамуы тиіс. Педагогикалық кәсіптік шеберлікті дамыту міндеттер:
1. Педагогикалық білім бірлігі;

2. Педагогикалық кәсіпке бейімділігі;

3. Ситуацияларды меңгеру;

4. Балалардың психологиялық жағдайын меңгеру.

Курстың қысқаша мазмұны. Педагогикалық шеберліктің педагогикалық мәдениеттің компоненті ретіндегі мәні мен мазмұны. Педагогикалық шеберлікті қалыптастырудың негізі - кәсіби-педагогикалық іс-әрекет. Жаңашыл педагогтардың педагогикалық қызметтегі іс-тәжірибелерімен танысу Педагогикалық шеберліктің басты шарты педагогикалық эрудиция мен құзыреттілік. Мұғалімнің кәсіби компетенттілігі педагогикалық қызметті орындауға дайындық ретінде. Кәсіби педагогикалық қызметтегі мұғалімнің жеке басының қалыптасуы. Педагогикалық техника педагог шеберлігінің элементі ретінде. Педагогтің өзін-өзі тәрбиелеу және кәсіби шеберлігін қалыптастыруы. Тұтас педагогикалық процесті басқарудағы мұғалім шеберлігі Педагогтің сөзі тәрбиелік ықпал ету мен мағлұмат беру құралы ретінде. Педагог сөзі мен коммуникативтік іс-әрекет. Педагогтің сөйлеу мәдениеті. Мұғалімнің жеке атақ, абыройын, беделін қалыпта Кәсіптік шеберліктің құрамдас бөлігі педагогикалық қарым-қатынас. Педагогикалық қарым-қатынастың формасы – коммуникативті іс-әрекет. Педагогикалық қарым-қатынас және оның ұжым мен тұлғаның дамуына ықпалы. Педагогикалық қарым-қатынастың негізгі элементі педагогикалық этика. Педагогикалық этика - әдептілік - педагог қатынасы Студенттердің өзіндік және ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру.
Курстың тілі: қазақ, орыс тілінде
Курстың мақсаты: Болашақ педагог студенттер бойында оқу мен тәрбиелеудің, өзін-өзі жетілдірудің өнерін үнемі жетілдіріп отырудың қажеттілігін қалыптастыру және болашақ мұғалімдерді даярлаудың негізі ретінде кәсіптік іс-әрекеттің теориясымен қаруландыру.
Курстың міндеті: Болашақ мұғалімдердің өзінің кәсіби қызметіне жүйелі көзқарасын қалыптастыру; педагогикалық такт, педагогикалық этика ұғымдарының мәнін ашып түсіндіру.
Болашақ мұғалімдердің кәсіби маңызды жеке тұлғалық сапасын қалыптастыру (гуманизм, адамгершілік, жүйелі көре білу, педагогикалық ойлау, ұжымшылдық, педагогикалық әдеп, толеранттық және т.б.);
Білімгерлердің шығармашылық ғылыми-ізденіс жұмыстарға, өздігінен білім алуына дайындығын қалыптастастыру.
әне оның даму тарихы. Топографиялық дайындық. Мектептегі туристік - өлкетану жұмыстарының мазмұны және формалары. Мектептегі көпкүндік жорықтарды ұйымдастыру. 
Пәнді оқыту мақсаты: білімгерлерге туризмнің түрлерін, даму тарихын, маршруттық құжаттарды толтыру, туристік құрал-жабдығы, туристердің өлке танулық және қоғамдық жұмыстары, табиғи ескерткіштерді қорғау туралы терең түсінік беру.
Міндеттері: 
туризм және өлкетану жұмыстарының түрлерімен таныстыру;


  • туризмнің даму тарихын білу;


  • маршруттық құжаттарды толтыруды үйрету;


  • топографиялық карталардың ерекшеліктерімен, бағдарлау жолдарымен, шартты белгілермен таныстыру;


  • демалыс орынға шығар кезде табиғат жағдайларының (жауын-шашын, атмосфералық ылғал, мұздықтар, өзендер, көлдер, жер асты сулары, батпақтар, ылғал, географиялық қабатта алатын орны) маңызын және палаткаларды құру әдісін білу.

Бағдарламаның қысқаша мазмұны: Кіріспе. Рекреациалық география өзінің халықаралық және әлеуметтік сипатымен қоғам өміріне әлеуметтік және экономикалық сипатымен қоғам өмірінің әлеуметтік және экономикалық жағдайларына әсер етеді, ол манызды қоғамдық-экономикалық құбылыска айналып, терендеп бара жатыр. Рекрациалық география рекрациалық аймақтарда туристік демалыста қаида және қалай ұйымдастыру, саяхаттарға көнілді қалай аударту, туризмде қызықты жәнепайдалы не бар, ол құбылыс қай экономикалық әлеуметтікжәне табиғи себептерге байланысты.



Рекрациалық географияны дамыту оны ұйымдастыру. Рекрациалық географияны негізгі проблемаларын шешу. Рекрациалық географияның игеру объектісі территориалық рекреациалық жүйені оқып үйрену, оның негізгі типтері. Емдік сауықтыру, спорттық және танымдық типтерге жалпы шолу жасау.
Бағдарламаның қысқаша мазмұны: Кіріспе. Анторопогендік ландшафттану – ландшафттану ғылымының, табиғи антропогендік құрылымдарының антропогендік факторларының әсерінен болатын яғни, негізінен адамның шаруашылық іс - әрекетінен құрылып қалыптаскан табиғи антропогендік білім беруді зерттейтін ландшафттану ғылымдарының басты бағыты. Физикалық-география саласындағы негізгі бағыттың бірі ландшафттану ілімінің теоретикалық базасын оқыту; адамның шаруашылық әрекетінің қоршаған ортаға тигізер әсері; әр аумақтың табиғат ерекшеліктеріне ондағы өндіріс және ауылшаруашылығы өндірісінің тигізер әсері.Географиалық қабықтың физикалық-географиалық жіктелуінің және оларға адамнаң шаруашылық әрекетінің әсерін анықтау. Ландшафттардың антропогендік модификацияларын құратын факторларды зерттеу. Ландшафттардың антропогендік модификациясының динамикасындағы жылу және су балансынын анықтау.
Педагогикалық шеберлік деген не?
 Ұстаздың шеберлігі - талантты қажет ететін ерекше бір өнер емес, бірақ, ол басқа да мамандарды шеберлікке үйретуде қажет болатын мамандық. Жас ұрпақ тәрбиесіне бүкіл ғұмыры мен қажыр-қайратын және бойындағы асыл сезімдерін бағыттаған мұғалімдерді айтуға болады.
Ұлы ғұлама Әл- Фараби: "Ұстаз ... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің барлығын жадында жақсы сақтайтын, бұлардың ешнәрсесін ұмытпайтын ... алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі ..., меніңше шешен, өнер-білімге құштар қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ ..., жұрттың бәріне ... жақсылық пен ізеттілік көрсетіп ... қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек" дейді. 
Еліміздің болашағы бүгінгі мектеп қабырғасындағы ұрпақ екені даусыз. Ертең ел тізгініне ие болар жеткіншектеріміздің ғаламдық өркениеттен қалып қоймай, білімді, тәрбиелі, жан- жақты болып қалыптасуының қамтамасыз етілуі - мемлекеттік маңызы бар іс. Бүгінгі таңда білім саласында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Осы өзгерістерді жүзеге асыру, әсіресе, ұстаздарымыздың біліміне, кәсіби шеберлігіне көп байланысты. Парасаттылықты, адалдықты шәкірттерінің бойларына жас кезінен ұялататын ұстаздар десек, қателеспес едік. Сондықтан да ұстаз еңбегіне еш баға жетпек емес.
"Ұстаз дегеннің өзі - биік атауға тең. "Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз!"- деп ұлы данышпан Абай айтып кеткендей, және де ұстаздың өзі- адам құндылықтарды терең сіңірген, рухани жаны таза адам болуы, қазір жаңалықтар легімен енген соны технология, технологиялық дәуір. осыған орай қазіргі кезеңнің талабына сай өскелең ұрпақты білімді, мәдениетті, ұшқыр ойлы, халқының салт-дәстүрін дәстүрлей білетін, туған Отанын, жан- тәнімен сүйетін азамат дәрежесіне тәрбиелеу және осыған жетелеудің өзі педагогикалық шеберлік демекпін.
Абай атамыздың: «Ақырын жүріп анық бас, Еңбегін кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға» - деп айтқанындай, мұғалім үшін кәсіби шеберлікке жету, өз мамандығының данышпаны болу бір күнде пайда болатын дүние еместігін біз жақсы түсінеміз және өмір бойы ізденішулікті, зерттеушілікті талап ететін мамандық екенін анық аңғарғанда ғана толық нәтижеге жетуге болады. Мұғалімнің әрбір сөзі мен ісі, қимылы, киімі, аяқ алысы, жүрісі, көзқарасы психологиялық және ізгілік тұрғысынан шәкірт жүрегінен үлкен орын алады. Әрбір ұстаз үшін оқу – тәрбие процесін ұйымдастыруда мол білімділікті, ақылдылықты, дұрыс іскерліктер мен дағдыларды қолдануды қажет етеді. Осы ретте кейбір мәселелерді жаңаша көзқараспен қарастыруды жөн деп есептей отырып, мынадай эталондарды атап өтуге жөн көрдік:

- сабаққа педагогикалық – психологиялық талдау жасау;

- дамыта оқыту жүйесінің мәні мен міндеттері;

- сабақты ұйымдастырудың педагогикалық – психологиялық негіздері;

- мұғалім жұмысының шығармашылық сипаты.

Мұғалімнің кәсіби шеберлігі, зерттеушілік қызметі мұғалімдік жұмысқа дайындық барысында, іс – тәжірибеде және қайта даярлау кезінде қалыптасып тәрбиеленеді.

Ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсынов «Білім - біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік - сол білімді іске асыра білу дағдысы» - деп бекер айтпаған.

«Біліктілік» деп қандайда бір еңбектің түріне дайындалудың, дайындық дәрежесінің деңгейін айтады. Кез-келген қызметкер біліктілігін ұдайы жетілдіріп отыруы қажет.

Білім сапасының арттырудың кілті педагог қолында десек, оның білімін жетілдіру басты роль атқармақ. Егер педагог мамандардың біліктілігін жүйелі арттырса, онда үлкен жетістікке қол жеткізуге болары анық. Мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру екі бағытта жүргізілуі тиіс:

1.Мұғалімнің кәсіптік жұмысының мәнін үйлесімді өзгерту, яғни басты қызметтік нұсқауды орындау емес, күтетін нәтижеге жету үшін оқу үрдісін шығармашылықпен үйлестіру. 
2. Білім беру асында мұғалімнің зерттеушілік бағыттағы қызметін күшейтуге байланысты мұғалімнен кәсіптілікті кеңейтуді талап ету.

Біліктілікті арттырудың негізгі аспектілерінің ішінен мыналарды бөліп алуға болады: 
1. Қызметтік (Мақсаты, міндеті, жұмыс мазмұны, формасы, әдістер және нәтижесі).

2. Мазмұндық (Әдістемелік, ғылыми-теориялық білімді практикада қолдана білуге жағдай туғызу).

3. Басқарушылық (Талдау, жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, танып-білу. )

Осы 3 аспект бойынша біліктілігін жетілдірген маман өз қызметіне талап деңгейінде қарайтыны белгілі.

Ұстаздар үздіксіз ізденіп, өз білімін үнемі жетілдіріп жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдерді қолданып отырса ғана өзінің кәсіби шеберлігін арттырады.

«Мұғалім-өзі де оқуы керек. . . » - деп П. Ф. Каптеров айтқан еді.

Мұғалімнің өздігінен білім алуына нақты көмек көрсету үшін, тұлғаның кәсіптік қызмет саласындағы қажеттіліктерін, сұраныстарын, мүдделерін білуі қажет. Арнайы ұйымдастырылған әдістемелік жұмыс мұғалімнің жеке қажеттіліктерін ескеріп құрылуы тиіс. Мұндай жағдайда мұғалім біліктілікті арттырудың ұжымдық нормаларына қатыса отырып, өзін қызықтыратын мәселелерге жауап табатын болады.

 Педагогикалық шеберліктің негізгі белгілері: кәсіптік білім, біліктілік, дағды, кәсіптік қабілет, педагогтік әдептілік, педагогикалық техника жатады.

Қорыта келгенде, бүгінгі талапқа сай мектепте білім берудің жаңа саласына жетумұғалімнің мейірімділігімен, білімімен, шеберлігімен тығыз байланысты. Өз мамандығына жанжүрегімен берілген ұстаз ғана ұстаздық этиканы да, ұстаздық техниканы да, шеберлікті де жақсы меңгереді.
Мұғалімнің творчестволық қабілеті, жаңашылдық әрекеттері, біліктілігі, физиологиялық және психикалық сапасы, педагогикалық кәсіптік біліммен сәйкестенеді
Жаңашылдық творчестволық қуат шексіз, әрі үздіксіз қозғалыста дамиды. Бұл педагогикалық бағытта оқытушы мен оқушының өзара ықпалы, өзара дамуда, ынтымақтастықтан теңгермешілікке, дамудың жоғарғы деңгейіне жетуде мәні зор
Материалистік диалектика табиғатында үздіксіз даму, ғылыми білім мен тәжірибенің бірлігін, тұтастығын, сәйкестігін ашып көрсетеді.
Біздің ойымызша, педагогикалық шеберлік - бұл мұғалімнің кіріктірілген қасиеті, өйткені ол өзінін кұрамына өзара тәуелді, тыгыз байланысты бірліктерді, яғни білім, іскерлік, қабілет пен қасиеттерді камтиды. Әрине, педагогикалық шеберлік күрделі кұрылым болғандыктан, онын мәнін ашуды, оны түсінуге деген әр түрлі көзқарас тұрғылары қалыптасқан. Қазіргі заман сұранысына орай, біз педагогикалық шеберліктің негізі инновациялык іс-әрекет деп тұжырымдаймыз. Тек жанашылдыкка деген талпыныс, үздіксіз ізденіс мұғалімді өз ісінің биік шыңына жетелейді. Осы тұжырымды өлкеміздің мандай алды азаматтары, оз ісінін шеберлері К. Нургалиев, К. Бітібаева, Ж. Шайжунусов, еліміздін бір туар тұлғалары Р. Нуртазина, А. Ысқақов, Е. Очкур сынды ұстаздар қызметі негізінде жасадық. Олар өз педагогикалық іс-әрекет шыңына жаңашылдыққа ұмтылыс негізінде жетті. Бірак, инновациялық іс-әрекет, кәсіптік білім мен іскерліктерсіз және тұлғалык қасиеттерсіз жүзеге асуы мүмкін емес. Әсіресе, қазіргі таңда мұғалім шеберлікке қол жеткізу үшін өзін-өзі басқара алуы керек, бойында оптимизм, лидерлік қасиет, тәуекелге бел буа білу, қуаттылык, төзімділік сияқты тұлғалык касиеттері болуы тиіс. Аталған қасиеттер мұғалімді жанашылдыкка жетелейді, жаңаны жасауға ынталандырады

Жас ұрпақтың тәрбиесін тыңғылықты жолға қою үшін, сол тәрбиені жүргізуші мамандардың бойында этникалық көркем мәдниетті қалыптастыру шарт. Біздің қозғап отырған мәселеміз мәдениет жайында болғандықтан, мәдениет ұғымы жөнінде айтып өту орынды деп санаймын.

Мәдениет ұғымына берілген анықтамалар жетерлік, тек ағылшын тілді әдебиеттердің өзінде 160-астам, ал жалпы батыс европада 250-астам анықтама берілгені мәлім.

«Мәдениет» термині қазақ тіліне арабтың «маданият» — қала, қалалық деген сөзінен енген. Бұл орта ғасырлардағы мұсылман мәдениетінің өркендеу кезіндегі қалыптасқан түсінікпен байланысты. Мәдениетке берілген көптеген анықтамаларды альтернативтік деп атауға болады. Бұл жерде алдымен көзге түсетінімәдениетпен табиғатты «культура» мен «натураны» қарсы қоюшылық. Көне замандағы «культура» деген ұғым «жерді өңдеу» деген мағынаны берген. Кейінірек, дәлірек айтқанда, Цицеронның еңбектерінде (б. э. д. 45 ж) бұл сөздің мағынасы тереңдеп, «жанды жетілдіру» деген ұғымды білдіреді. Уақыт өте келе еуропалық тілдерде мәдениет сөзі «білім беру», «даму», «қабілеттілік», «құрметтеу» сияқты мағыналарға ие бола бастады. Қазіргі кездегі сөздіктерде мәдениетке төмендегідей анықтамалар берілген.

а) мәдениетбелгілі бір халықтың қол жеткізген табыстары мен шығармашылығының жиынтығы;

ә) мәдениетадамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері (полеолит мәдениеті, критмекен мәдениеті, қазақ мәдениеті ж. т. б. );

б) мәдениетадамдық өркениеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті ж. т. б. );

в) агромәдениет, көркем мәдениет т. б.

Мәдениет — жалпы алғанда материалдық және рухани болып екі бағытта қарастырылады. Бізге қатысты – рухани мәдениет. Рухани мәдениет – адамның, бір этностың бүкіл өмір сүру тәжірибесі барысында жинақталған құнды қасиеттер.

Көркем мәдениеті, рухани мәдениетке жатқызу дәстүрі өнердің барлық көріністерін қамтымайды деп есептей отырып, М. С. Каган мәдениетті үш салаға бөледі: материалдық, рухани және көркем. Онымен қазақстандық ғалым М. Х. Балтабаевта келіседі.

Ал, америкалық мәдениеттанушы Л. Уайт мәдениетті бір тұтас жүйе ретінде қарап, оны үш салаға бөледі. Бірінші – технологиялық сапа. Яғни, материалдық игіліктер мен оны жасайтын құралдар арқылы адамдар өзара және табиғатпен байланысқа түседі. Екінші – әлеуметтік сапа. Бұнда адамдар арасындағы қарым-қатынас, экономикалық, саяси, этникалық, кәсіби және т. б. Үшінші – идеологиялық сапа. Бұған идея, діни сенім, білім нысанының (символдық) түрлері, мифология, ғылым, халық даналығы т. б. жатады.

Сонымен, жоғарыдағы анықтамалардан кейін мынадай ой қорытуға болады: мәдениет – қоғамның бір саласы немесе бір бөлігі емес, сол қоғамның бір тұтас айғағы, әрбір ұлттың бітім-болмысы және әрбір ұлттың ұлт ретінде тіршілік етуінің тікелей дәнекері.

Көркем мәдениет – адамзат көркем шығармашылық өнерінің жиынтығы. Т. Тәжібаев 60-жылдардың басында жазған «Ауылдағы қазақ балаларының тәрбиесі және Қазақстан мектептері» атты мақаласындағы қазақтардың мәдени өміріндегі фольклор, музыка өнері, қолданбалы өнері және халықтың тәрбиелік дәстүрлері басты рөл атқарғанын ескертеді.

А. Сейдімбек өз еңбектерінде «…көшпелілердің ең алдымен сөз өнері, музыка өнері, қол өнері мәдени-рухани құбылыс ретінде дамыған және олар үшін өнер тек ана рухани-эстетикалық ләззат беріп қоймаған, сонымен бірге ел қамы, халық тағдырына да қатысты істерге қолқанат болып, саяси-әлеуметтік мәселелердің шешудің құралы да бола білген. Өнер көшпелілердің өмірінің реттеушісі» деп түйіндейді. Бүкіл дүниенің тұтастығын сақтап ұстап тұрған – әсемдік, сұлулық екені баршаға аян ақиқат. Егер адамзат әсемдікті, сұлулықты сезініп, оны қажетсінуден қалса, бәрі де хайуанданып кеткен болар еді; ал әсемдік те,  сұлулық та әр ұлттың өзінің көркем мәдениетінде екені де белгілі нәрсе. Халқымыздың «Қаз болам деген қарға оңбайды, қарға болам деген қаз да оңбайды» деген даналық көп қырлы сөзінің бір қырынан қарағанда, әр ұлт өзінің төл мәдениетінің аясында тәрбиеленуі керек екендігін дәлелдейді.

Оқу-тәрбие үрдісінің мазмұны оқушыларға адам, табиғат, оның әсем сұлулығының қоғам құбылыстарының тығыз байланыстығын меңгертуде, олардың дүниетанымын, эстетикалық көзқарастарын қалыптастырып, жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеуде барлық білім салаларымен әсіресе өнер пәндері өзара тығыз байланысуы қажет. Өнер пәндерінің сәйкестігіне байланысты мына пәндерді біріктіру (Аспапты музыка, ән өнері, сәндік- қолданбалы өнер, би қимылдары, сөз өнері) тұғаның этнокөркем мәдениетін қалыптастырудың төте жолы. Бұл жөнінде профессор М. Х. Балтабаев өз ғылыми мектебінде 1-4, 5-6, 10-11 сыныптар үшін тұжырымдаиалық жобасын жасады. Бұл жоба біздің ойымызша, мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелерінен басталып, үздіксіз, жүйелі түрде жоғары арнаулы білім беру мекемелерінде жалғасын табуы керек.

Білімнің негізі бастауыш мектепте  қаланатыны белгілі. Демек, біз жоғарыдағы мәселені шешу үшін, кадр мәселесі яғни, болашақ музыка пәні мұғалімдерінің және көркем-эстетикалық циклдағы пәндерді оқытатын мұғалімдердің этно-көркем мәдениетін қалыптастыру қажет. Бұл үшін көркем өнерімізді жеке-жеке емес, біртұтас дүние ретінде оқытуымыз керек.

Осыған орай мұғалімдер шеберлігін арттыру мәселесі қай кезде болсын педагогика ғылымында алдыңғы орында тұрғандығы белгілі. Оны зерттеушілер еңбектерінен айқын аңғаруға болады. Мәселен, мұғалім қызметі формалары мен түрлі әдіс-тәсілі С. Гусев, П.Груздев, С. Иванов, А. Моисеев, М. Рубенштейннің, педагогикалық іс-әрекеттің ғылыми негіздері Н. Александров, В. Ильин, И. Огородников, А. Пискунов, Н. Кузьмина, және т. б. зерттеулерінде кеңірек орын алған.

Педагогтың білім мен ақпаратты тасымалдаушы ғана болуы бүгінгі күнде жеткіліксіз. Ендеше бүгінгі мұғалім жоғары педагогикалық және психологиялық мәдениетті меңгеруі міндетті.

Психологиялық мәдениетке адамның психологиялық саулығы мен өзін-өзі және басқа адамдарды тануы, өзін-өзі ұстау және қарым-қатынас жасау мәдениеті жатады. Психологиялық құзырлыққа педагогикалық іс-әрекеттің кәсіби міндетті шешуге қажетті психологиялық білім мен іскерлік кешені кіреді.

Қазіргі таңда осы мәселе төңірегінде зерттеу жұмыстары қызу түрде жүргізілуде (О.Абдуллина, Б.Айтмәмбетова, В.Сластенин, А.Щербаков, Н.Хмель және тағы басқалар).

Педагогикалық іс-әрекет мәнін ашуда біз, ең алдымен, мұғалімнің кәсіби іс-әрекеті мен жалпы іс-әрекет мәселесіне назар аударғанымыз жөн. Бұл іс-әрекеттің жалпы теориясы М.Демин, Н.Гордеева, Б.Зинченко, Г.Батищев, М.Каган, А.Леонтьев, т.б. ғалымдарды еңбектерінде қарастырылады.

Дүниені танудың алғашқы түрі ғылыммен көрсетілсе, екіншісі мәдениетпен анықталады. Білім берудің маңызды мәселесі ретінде көптеген ғалымдар болашақ мұғалімдердің мәдениеттанымдық дайындығын алға тартады. Өйткені, педагогика ғылым мен мәдениетті негіз ретінде алып қарастырады, себебі, арнайы зерттеулер мамандарының жоғары дәрежедегі іс-әрекетін, біріншіден, оның мәдениетіне байланысты деп санайды.

Екіншіден, оқу үрдісі тек арнайы кәсіптік білім алу емес, қазіргі мәдениетке сай өмір сүруіне, тәрбиеленуіне байланысты болады дейді ғалымдар пікірінше.

Үшіншіден, қазіргі маман – ол ойлау жүйесінде қоғам мәселесіне байланысты өз пікірі бар, қарым-қатынас жасай алатын мәдениетті тұлға.

Төртіншіден, көптеген ғалымдар адамның рухани сезімін қалыптастыру үшін әлем мен отандық мәдениетке бейімделу керек деп есептейді.

Бесіншіден, болашақ мұғалімдер дайындау көтеру үшін «жалпы мәдениет деген не?» деген сұраққа жауап беруіміз керек. Қазіргі ғылымда нақтылы мәдениеттің анықтамасы қалыптасқан жоқ. Себебі, мәдениет жан-жақты қарастыруды керек ететін ілім. Ал философияда бірнеше пікір қалыптасқан. А. Здравомыслов, А. Ядов, О. Дробницский мәдениет тұлғаның іс-әрекетін қалыптастыратын әмбебап механизм деген анықтама берсе, мәдениет – материалдық және рухани құндылықтар жиынтығы деген пікірді  В. Пираранов, Ю. Ефимов, И. Громов, А. Арнольдов, Н. Чавчавадзе, т. б. білдірген. Ал мәдениет – қоғамдық өмірдің әлуметтік және рухани ортасында тұлғаның шығармашылық қырын көрсетеді деген ойды В.Библер, Н.Злобин, А.Леонтьев, И.Ильясова айтып жүр. Э.Маркаряннің пікірінше, мәдениетті жасайтын күш. Белгілі американ психолог-гуманисі А.Маслоу «мәдениет біздің психологиялық және биологиялық табиғатымызға өте жақын, сондықтан оқытудың негізі ретінде қарау керек», дейді.

Сонымен, мәдениет деген не? Мәдениет пен өркениеттіліктің өзара байланысы қандай? Мәдениет – адам әрекетінің, маналы қызметінің көрінісі. Олай болса, сол әрекеттің қызмет нәтижелері де мәдениет дәрежесін паш етеді. Мәдениет адамсыз жаралмайды. Адамның дамуы мәдениетке тікелей байланысты.

Мәдениетті түсіну үшін тарихи дәуірді білу, сол қоғамдағы өндірістік қатынастардың қандай болғанын анықтау, өмір салты мен рухани дүниесі қандай ерекшеліктерімен анықталатынын ажырата білу қажет. Ендеше мәдениетті адамның іс-әрекетін оның қоғамдағы қызметінен бөліп алып қарау мүмкін емес.

Б.Ананьев «Өмірде әрбір индивидке қажетті ойын, оқу, еңбек әрекеттері» десе, Ә.Алдамұратов «Іс-әрекет деп адамның белгілі бір мұқтаждығын қанағаттандыруға арналған белсенді қылықтары» дейді. Сондай-ақ, оқу үрдісін әрекет тұрғысынан зерттеушілер де (П.Гальперин, Ф.Талызина, А.Маркова, Г.Щукина тағы басқа) оқу әрекетінің жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көздеген нәтижеге жетуі тек қана оқу мотивтерінің дұрыс тәрбиеленуімен байланысты болатынын тұжырымдайды.

Оқу әрекетін дұрыс қалыптастыру үшін оның өзіне тән ерекшеліктері мен құрылымын, оқушыны дамытудағы атқаратын қызметін білу керек. Оқу әрекетінің өзге әрекет түрлерінен ең басты өзгешелігі: оқушының үнемі «Жаңа дүниеге енуімен», әрбір жаңа әрекетің бөліктерін игерумен, әрдайым оның бірінен екіншісіне ауысып отыруымен байланысты.

Маманның кәсіби тұлғалық  даму деңгейінің бес негізгі критерийі бар: руханилық, кәсіби-біліктілік, кәсіби әрекетке операциялық-технологиялық  дайындығы, шығармашылық белсенділік және бейімделу қабілеттілігі.

Рухани көрсеткіштер мына төмендегілер:

—     кәсіби әрекетке саналы қызығу;

—     қарым-қатынас жасай білу, айналасындағылармен араласу;

—     адамдарды түсіне білуі;

—     адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру (ар-намыс, борыш, жауапкершілік);

—     сөзі мен ісі арасындағы байланыс;

—     рухани құндылықтарды бағалау.

Кәсіби-біліктілігінің көрсеткішіне жататындар:

—     болжам жасау қабілеттілігі (жұмысын жоспарлау, қиындықтарының алдын алу, тағы басқалар);

—     әрекетінің жетістігі;

—     әрекетінің саналы деңгейі (ғылыми негізде жұмыс жасау);

—     стратегиялық, тактикалық міндетерін белгілеу;

—     кәсіби әрекетте түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана білу шеберлігі;

—     күрделі кәсіби міндеттерді шеше білу;

—     әрекеттің мақсаттылық деңгейі;

—     түрлі әдістемелер мен технологиялармен жұмыс істей білу;

—     зерттеу жүргізе білу дағдысы;

—     ұйымдастыру қабілеті.

Шығармашылық белсенділік көрсеткішіне мыналар жатады:

—     кәсіби әрекетте шығармашылық элементтерін қолдану;

—     шығармашылық материалының күрделі деңгейі;

—     өз шығармашылығын балаларға үйрете білу;

—     балалардың шығармашылық қабілетін дамыта білу.

Педагогикалық білім беруде оқыту мен тәрбиелеу технологиясына руханилық қосылмаса, онда күйреуге ұшырайды. Педагогикалық мәдениеттің прагматикалық және рухани бөліктерінің арасында байланыс бар. Педагогикалық еңбек адамның мәдениетті жасау мен дамытуда өз үлесін қосуына тікелей байланысты болады.

Педагогтың жеке дара мәдениеті – тұлға әлемі. Мұғалім мәдениеті өзін-өзі жетілдіру үшін педагогикалық еңбектің мақсатын және оларға жету тәсілдерін еркін таңдауға мүмкіндік беретін кәсіби іс-әрекет пен өзіндік сана-сезім негізінде қаланады, іс-әрекеттің кәсіби және интеллектуалды тәжірибесін меңгеру жағдайында туындайды.

Кәсіби мәдениет – еңбек нәтижесі мен адамзаттың жалпы мәдениетінің өнімі. Тұлғалық мәдениет дегеніміз, әлеуметтік іс-әрекеттің әр түрлі формалары арқылы әлеуметтік шараларды ережеге сәйкес өзін-өзі жүзеге асыруы, ал білім беру жүйесінде педагогтың қызметтік мәртебесіне пара-пар.

Қазіргі заманда оқыту мен тәрбиелеу теориясы мынадай жалпы ғылыми және жалпы әдіснамалық ұстанымдарға негізделеді: ғылымилық, адамгершілік, диалектикалық теория мен жүйелілік, қарым-қатынас пен педагогикалық шеберліктің, білім және басқа да заңдылықтар мен сабақтастығындағы ерекше қасиет.











Краткое описание документа:

Заман ағысына сай біліммен қаруланған ой-өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған маман - уақыт талабы. Кеше ғана көк туын желбіретіп шаңырақ көтерген егемен елімізді өркениетке жетелейтін білім бастауында мектеп, ал сол мектепте жас ұрпақ бойына білім негізінің мәңгілік іргетасын қалаушы- ұстаз тұрады. «Мұғалімдер- қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе, ең «сынампаз» бөлігі болып табылады», - деп Елбасы Н. Ә. Назарбаев бекер айтпаса керек. Сондықтан да бүгінгі таңда тәуелсіз елімізге білікті маман, өз ісінің шебері қажет. Ал педагогикалық шеберліктің негізі неде?

Шебер педагог білімді, тәжірибесі мол, жан-жақты бола отырып, оқушыларды жеке тұлға етіп қалыптастыру мақсатында білім мен тәрбиені ұштастыра алуы қажет. Әр оқушының дарындылығын айқындау, олардың дамуына қолайлы жағдайлар жасау, мектеп, жанұя, мұғалімнің ролін анықтау, студенттер мен мұғалімдер ұжымын қалыптастыру - педагогикалық шеберлікті жетілдіруге негізделеді деп есептейміз.

«Тәуелсіз елге - білікті маман» демекші, педагогикалық шеберліктің негізі, өткен пікірімізде айтып кеткеніміздей, білім мен тәрбиені ұштастырумен қатар – педагогтардың жаңа технологияны меңгере білуінде және оны өз тәжірибесінде қолдана алуында. Педагогикалық көзқарас бойынша, «технология » ұғымы – дәстүрлі оқыту әдістерінен басқа, ерекше үлгіде ұйымдастырылған «педагогикалық өндіріс» деген пікір өз уақытында педагог-ғалымдар тарапынан сынға алынғаны белгілі. Осы сыннан соң бірте-бірте «педагогикалық технологияны» оқыту үрдісінің құрамдас бөлігі ретінде сипаттап, оны дидактикалық үрдістер мен оқыту құралдарымен жабдықтауда жаңа ақпараттық технологияға негіздеу туралы мәселе қозғалады.

Педагогикалық шеберліктің тағы бір көрінісі – мұғалімнің шығармашылық іс-әрекеті, яғни оның тұлға ретінде жеке-даралығы және адамның индивид ретіндегі кейбір ерекшеліктерінің өзгеріске ұшырауы. Осыдан шығарар қорытындымыз: әрбір педагог мұғалім мамандығын таңдап алған соң, ол жауапкершілігін бірге ала жүруі керек. Ұстаз өз пәнін ғана емес, дүние сырын, қоғамдағы өзгерістерді, адам мінездерін, өнердің қуат әсерін білетін жан болуы қажет.

Автор
Дата добавления 31.05.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров1023
Номер материала 296216
Получить свидетельство о публикации

Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх