Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Физкультура / Другие методич. материалы / Доклад по физкультуре на тему «ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ДЕНСАУЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУДАҒЫ РОЛІ»

Доклад по физкультуре на тему «ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ДЕНСАУЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУДАҒЫ РОЛІ»

  • Физкультура

Поделитесь материалом с коллегами:

«ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ДЕНСАУЛЫҚТЫ   НЫҒАЙТУДАҒЫ РОЛІ»
Мемелекеттің барылық құрылымдардың маңыздың мәселердің бірі-салауатты өмір салты. Мектептегі дене тәрбиесінің негізгі міндеттерінің бірі оқушылардың салауаттылыққа деген ынтасын  қалыптастыру.Салауатты өмір салты-өмір тіршілігі оқушылардың денсаулығы бір қатар факторлардың әсерлеріне тікелей байланысты болады,олардың ең маңыздысы-өмір салты.Оқушылардың салауатты өмір салтын құрайтын қозғаушы мүшелерге мыналар жатады.                                                                                                                      
•    еңбек және демалыс тәртібін дұрыс қолдану,    
•    қозғалыс  белсенділігін ұйымдастыр,      
•     тазалықты сақтау,   
•    шынығу талаптарын орындау ,       
•    зиянды әдеттерден сақтандыру,    
•    оқушылардың өз ара қарым-қатынастарды қалыптастыру,       
•     ағзаның психо физикалық жағдайын еске алу,    
Осы жағдайды оқушы өзінің денсаулық деңгейін анықтай алады.Ол үшін  оқушылардың  анатомиялық ,физикалық ,психологиялық ,ақыл-ой қабілеттік денгейін,ағза мүшелерінің дұрыс жұмыс жасауы керек.Оқушылардың өзі денсаулық денгейін анықтай білуге үйретуге керек.Олар өз мүмкіншіліктерін білгенен кейін, біз оларға денсаулықты нығайтаын жолдарды, әдіс амалдарды үйретеміз.Салауатты өмір сүру-тіршіліктің биологиялық өзгерістері ғана емес,сонымен қоса әлеументтік маңызы зор құбылыс.Адам баласы туған күннен бастап өмір бойы тіршілік қабілетін  жоғалтпай жас ерекшеліктеріне қарай қызымет етеді.Осы құбылыстар ағзаның орталық жүйке жүйесінің негізі реттеуші бөлігі мидың адам өмірінде атқаратын қызыметі-тіршіліктің негізгі көзі.Салауатты өмір сүру үшін оқушылар дене тәрбиесінде, дене шынықтыру жаттығуларының бір түрімен тұрақты түрде шұғылданған жөн. Оқушылардың спортпен шұғылданған кезде, ағзаларының мүмкіншіліктерін біліп алуы керек. Бұл жағдайда оқушылар салауатты өмір сүремін, ұзақ жасаймын деп жүріп, ағзаларына мүмкіншіліктен тыс күш алуы мүмкін. Адам денсаулығы өмірде өте маңызды көп фокторларға тәуелд.Денсаулық физикалық,психикалық,әлеументтік болып бөлінеді. 

 

 

•    Физикалық-адам ағзасында функциялардың өздігінен реттелуі, функциялық үрдістердің келісімді өтуі, 
•    психикалық-ауруды болдырмау және одан арылу,                                                                         
•    әлеументтік – адамның әуелметтілік белсенділігінің, яғни қоршаған ортамен араласуы,
дене тәрбиесінің маңызды міндеттерінің бірі мектеп оқушыларының сауалатты өмірге деген ықылас жігерін  қалыптастыру болып табылалы.
Олай болса оқушылардың сауалатты өмір салтын қалыптастыруда отбасының балаға деген тәрбиесінің маңызы зор
•    ата – ананың балаға деген қамқорлығы, 
•    баламен тығыз қарым – қатынасты дамыту,
•    баланың күйзеліс сезімін бақылау,
•    баланың білімін, оқуға деген ынтасын бақылау,
•    қоршаған орта және ересектермен қарым-қатынастарын бақылау,
•    денсаулыққа нұқсан келмейтін іс-әрекет қимылдарына мән беру,
•    еңбек пен демалыстың тиімді пайдалануын қадағалау .                            Салауатты өмір салтын меңгерген оқушы төмендегідей қасиеттере ие болады.Демек, осындай оқушы өзінің  құзіреттілік мәртебесіне сай деп ойлаймын.Сонымен қорта айтқанда «Салауатты өмір салтын» нақты өмір жағдайында денсаулықты сақтап нығайтудағы оқушының әлеументтік, кәсіптік және биологиялық фунцияларын толық орындауды қамтамасыз етуге бағытталған тіршілік әрекеті. Дене тәрбиесі сабағы тек қана жаттығуларды орындау емес, сонымен қатар, оқушылардың еңбек сүйгіштікке, қаржылыққа, төзімділікке, батылдыққа, жігерлікке, патриоттыққа, отан сүйгіштікке тәрбиелейтін пән.Дене шынықтыру-спорттық жаттығулар ғана емес, жеке тұлғаның маңызды адамгершілік белгісі, оқушыларды тәрбиелеуге және «Салауатты өмір салтын» сақтауға, оларды естен шығармауға жетелеу. «Бірінші байлық-денсаулық», «Дені саудың жаны сау»-деп 
 ата –бабамыз айтқандай, дендеріңізге саулық тілеймін.













Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы жаңа инновациялық технологиялардың тиімділігі



Жоспары:
І. Кіріспе 
Салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру
ІІ. Негізгі бөлім
Дене тәрбиесі сабағында жаңа инновациялық технологиялардың тиімділігі
ІІІ. Қорытынды

І. Кіріспе
Салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру
Қазіргі кезде білім беру мекемелерінің алдында тұрған міндеттердің бірі – жас ұрпақтың салауатты өмір сүруге көзқарасын қалыптастыру, олардың денсаулығын сақтауға, қоршаған ортасын таза ұстауға және жоғары, сапалы білім алып, сол білімді келешектегі өмірінде пайдалана білуге тәрбиелеу. [1.4]

Өмір салты мен денсаулық арасындағы өзара байланыс салауатты өмір салты ұғымын құрастырады. Салауатты өмір салтын насихаттауда, салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру мәселелерін жетілдіретін, осы саладағы басымдылықтарды анықтайтын ғылым да, өскелең ұрпақты оқыту, тәрбиелеу формалары мен жаңа әдістерді ұстанатын білім де қажет. Мектеп оқушыларының салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы алған білімдері болашақ азаматтардың денсаулығын сақтап қалуға берік тірек болады.
Мектеп оқушыларының салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру бұл:[3.4]

- Біріншіден, жеке тұлғаның өзін қоршаған жансыз және жанды табиғи ортамен жан – жақты үйлесім тауып, өз ғұмырын Отаны, елі, отбасы және өзі үшін барынша пайдалы өткізу дағдысын қалыптастыру;

- Екіншіден, салауатты өмір салты – ол денсаулықтың үйлесімді дамып, сақталуы мен орнығуын қамтамасыз ету мақсатында денсаулықты нығайтуға бағытталған іс – шараларды жүргізу.
Мектептегі оқушы денсаулығын сақтау мен қалыптастырудың басты мақсаты: тұлғаның психологиялық, дене – қимыл әрекеттерінің мүмкіндіктері мен жас ерекшеліктерін ескеріп, гигиеналық ұғымдарды, салауатты өмір салтының уәждамаларын, жеке бас тазалығын жете түсіндіру;
Олардың мінез – құлқында белгілі гигиеналық тұрақтылықты қалыптастыру, өзіне - өзі қызмет ету, денсаулығын сақтау, нығайту, мәдени – гигиеналық мінез – құлық дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін қандай жағдайларға назар аудару керек?
Өмір салты дегеніміз не?
Бұл жеке адамның тіршілік етуге бағытталған мүмкіндіктерін қалыптастыру. біздіңше, адамның әлеуметтік – психологиялық және биологиялық жақтан салауатты өмір салтын қалыптастыруға мына жағдайлар негіз бола алады:
- белсенді қозғалыс нәтижесінде организмді шынықтыру дене тәрбиесі немесе спортпен шұғылдану;
физикалық еңбектің гигиеналық талаптарын жүзеге асыру;
- жеке және әлеуметтік гигиеналық талаптарын жүзеге асыру;
- қарым – қатынас және экологиялық мәдениетке жету;
- дұрыс жыныстық тәрбие алу;
- зиянды әдеттерден аулақ болу.

Салауатты өмір салтының бүгінгі маңызды мәселелерінің бірі – жасөспірімдер арасындағы ішімдікке салыну десек, қазіргі зерттеулерге қарағанда, оған салынудың әлеуметтік – патологиялық дамуы мына себептерге байланысты екені белгілі болып отыр:
- әлеуметтік – экономикалық жағдай;
- отбасындағы психологиялық орта;
- жұмыссыздық, мақсатсыздық немесе шектен тыс бос уақыт, т.б.
Сондықтан балаларды жасынан салауатты өмір салтына қалыптастыруға күш салып, зиянды әдеттерден сақтандыруымыз керек. Денсаулық тәрбиесі – ортақ мәселе. Халық санының өсуі, оның сапасы, деннің саулығы мемлекет әл – ауқатының дамуына мұрындық болады. Сондықтан да Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» деген еңбегінде соның 4 негізгі күшін атап көрсетті. Оның бірі – жер үстіндегі байлық деп отырғанымыз – адам, оның білімі мен іскерлігі, таланты мен мәдениеті, денсаулығы деген еді.[2]

ІІ. Негізгі бөлім
Дене тәрбиесі сабағында жаңа инновациялық технологиялардың тиімділігі

Білім – қоғамды тұрақтандыратын, рухани мұраны сақтайтын, ұрпақты ұрпаққа сабақтастыратын құрал. Қолда бар мүмкіндікті пайдаланып оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану, жаңа технологияны әркімнің өз сабағында пайдалану арқылы оқушы жастарды халықтың дәстүр үрдісінде адамгершілікке, салауатты өмір сүруге баулу дені сау ұрпақ тәрбиелеу дене тәрбиесі пәні мұғалімдерінің басты міндеті. Олай болса, оқыту мен тәрбиелеудің ой елегінен өтетін әдіс-тәсілдерін, жаңашыл педагогтардың тапқан әдістемелерін біліп қана қою жеткіліксіз, оны әркім өз мүмкіндігінше күнделікті сабақта пайдалану қажет. 

Өзімнің 9-сыныптарға өткізген «Акробатикалық жаттығулар» атты сабағымда алдымен оқушыларға өткен тақырыптарға байланысты сұрақтар бере отырып, бүгінгі жаңа сабақтың қандай тақырыпта өткелі тұрғанын ашып алдым. Сабақ барысында оқушыларға жеңілдетілген логикалық сұрақтар беріп, кейін күрделі сұрақтарды тапсырма ретінде бердім. Сұрақтарға байланысты жауабын тапқан оқушы, сол жерде практикалық түрде орындап көрсетеді. Сабақ кезінде оқушының ішкі позициялық көз қарасы мен бағыты айқын көрініс бере алады. Сонда ғана сабақ нәтижелі болып, білім сапасы артады. Осы бағыттарда әрбір мұғалімнің оқытуға, үйретуге өз тұғырнамасы болуы қажет. [3.5]
Олар мыналар:
- Әр оқушының білім деңгейін, қабілетін, мүмкіншілігін түсіну;
- Оқушының бойындағы жетістіктері мен кемшіліктерін қабылдау;
- Оқушыларға қиындықтарды жеңуге, кемшіліктерден арылуға көмектесу;

Дене шынықтыру пәнінің басқа пәндерге қарағанда көптеген ерекшеліктері бар. Мұнда негізінен оқушының қабілеті, бейімділігі баса назарда болуы керек. Дегенмен де оқушыларды бейімдеу, қабілетін дамыту, спортқа деген қызығушылығын арттыру жақсы ұйымдастырылған сабаққа байланысты. Сондықтан оқушылардың пәнге қызығушылықтарын арттыру мақсатында сабақта тақырыпқа байланысты спорт түрлерінің шығу тарихын, спорт түрлері дамыған елдерді спорттың әр саласындағы белгілі спортшылар өмірін алуға болады. 

Сондықтан да мұғалім сабақты тартымды етіп теория мен практиканы ұштастыруында жаңа инновациялық технологиялардың тиімділігі баса назарда болуы қажет. Бұл мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас, сабақты жақсы оқитын, спортқа бейім оқушылармен белсенді жұмыс істеп қана қоймай, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жақсы ойлар туғызып, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуін ойластыру. Барлық оқушылар өз қабілетін ең төменгі жеңіл тапсырмаларды орындаудан бастайды да, оларды міндетті түрде толық орындап болғаннан кейін ғана, келесі күрделі деңгейдегі жаттығуларды орындауға көшіп отырады. Бұл оқушылар арасындағы бәсекелестікті және әр оқушының өз қабілетіне, қызметіне сәйкес жоғары деңгейге көтерілуіне толық жағдай жасалады.

Осылай ойын элементтерін, әдістерін деңгейлеп орындату арқылы оқушылардың тапсырмаларды орындауда жинаған ұпайларын «даму мониторингі» кестесіне белгілей отырып, оқушы біліміне талдау жасап отыру қажет. Өтілетін тақырыптарға байланысты қызықты сергіту ойындарын ойнатудың да сабақ барысының сапасын арттыруға ықпалы көп. Атап айтсам: «Кім шапшаң?», «Көңілді ойындар!», «Мен чемпион!», сонымен қатар қозғалмалы ойындар және ұлттық ойындарды сабақта түрлендіріп өткізуге машықтандыру.

Дене шынықтыру пәнінде жаңа инновациялық технологияларды қолданудың орны орасаң болары хақ. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, білім сапасын көтеруге сыныптан тыс спорттық шаралардың да маңызы зор. Соның ішінде қазақтың ұлттық ойындары мен қозғалмалы ойындарын, әр түрлі жарыстарын, тоғызқұмалақ, арқан тартыс, аударыспақ сынды ойын түрлерін өткізіп отыру керек. Осындай жұмыстарды жүргізу нәтижесінде оқушылардың белсенділігі артып, спортқа деген бейімділігі қалыптасады. Оқушылардың танымдық қабілеттерін артырып, салауатты өмір сүру, адам денсаулығы осы спортқа байланысты екендігін түсінеді. Нәтижесінде оқушылардың білім сапасы артып, оқу тоқсандарында жоғары сапаға қол жеткізуге болады.

Жаңаша әдістерді сабақтарда үнемі қолданысқа енгізуде теория мен практиканың ұштасуына мән бергенде ғана жұмыстың мазмұндылығы көріне алады.Осы бағыттарда сын тұрғысынан ойлау және деңгейлеп оқыту технологияларының тиімді әдістерін дене шынықтыру пәнінде қолдануды ұсынамын. Алдымен «Дене шынықтыру пәні не береді?» –деген сұраққа:» Қимыл қозғалысты береді. Машықтандыру. Дене мәдениетін қалыптастыру. Денені шынықтыру, тәрбиелеу. Жалпы дамыту жаттығуларын меңгертеді. Мемлекеттік стандарттық бағдарламаны жоспарлай білуді, нормативтік тест жаттығуларды игертуді береді.

Дене тәрбиесі сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясын тиімді пайдалану. 
Осы технологияның шығармашылық бөлігін басшылыққа ала отырып, ой толғау жасауға болады. (мыс: дене шынықтыру сабағында сабақты ойын түрінде ұйымдастыру керек) осы арқылы, оқушылардың бейімділігін арттыруға болады. 

Күтілетін нәтиже - дене тәрбиесі пәніне деген қызығушылықтары артады. Оқушы шығармашылығы, өзін-өзі басқаруы, құрметі, эстетикалық талғамы артады. Дене шынықтыру сабағында 5-6 сыныптарға сергіту сәтін алуға болады. Өз тәжірибемде 5-сыныптарға өткізген «Эстафеталық жарыстар» атты сабағымда, алдымен оқушыларға ой толғау жасау мақсатында қазақтың ұлттық ойын түрлеріне тоқталуды, ұлттық ойындар туралы өз түсініктерін сұрай отырып, сабақ барысы кезінде орындатуды жоспарладым. Міне, осы арқылы оқушылар сабақтың жарыс түрінде топтық ойын әдісінде болатына көз жеткізеді.

Сабақты қызықты өткізу үшін мультимедиалық проектор арқылы қазақтың ұлттық ойындарының тарихын таныстырып өтіп, жасырылған сұрақтарды табуға машықтандыру, әр топқа белгіленген ұпай сандарына қарай бағалап отырдым. Кейін сабақ барысын: «Кім шапшаң?» бөлімі деп алып, бұл бөлімінде оқушылар белгіленген жерге дейін эстафеталық таяқшамен жүгіріп барып, белгілі жеріне жеткен кезде, тақтаға жазылып берілген есептерді шапшаң орындап шығып кейін қайтып келулері керек. Оқушылардың бұл бөлімде сабаққа деген қызығушылығының артуымен бірге, машықтанады, логикалық ойлау қабілеттері артады, қимыл-қозғалыс әрекеті дамиды.

Ал деңгейлеп саралап оқыту технологиясын қолдануда

Бұдан қандай нәтижелерге қол жеткізуге болады? Сабақ барысында:
Алдымен оқушының «Не?» деген сұрағына: Сабақта шынайылық, оқыту бар екенін көрсету.

Оқушының «Қашан?» деген сұрағына: Сабақтан кейін болатын жағдайды толық анықтатуға көз жеткізу қажет.

Оқушының «Қайда?» деген сұрағына: Оқушының және ұстаз арасындағы серіктесін анықтап, нәтижеге қол жеткізу қажет.

Қорыта айтқанда, мен алдымен жеке тұлғаның әлеуметтік, құзіреттілігін дамытуды керек еттім. Сол арқылы ұжымдық зерттеуге қол жеткіздім, яғни оқушының өзін-өзі басқарудағы әлеуеті артты. 

ІІІ. Қорытынды
Жаңа идеяларды қолдана отырып, орындалатын жұмыс бағытым;
1. Оқушымен қарым-қатынасты қалыптастыру.
2. Оқушының логикалық ойлау қабілетін дамыту.
3. Әр оқушының әрекетін, ұлттық болмысын пайдалануға жұмыстану.
4. Оқушының ұлттық моралының орындалуын қамтамасыз ету.
5. Оқушының санасын, сенімін, көзқарасын,білімін арттыру.
6. Оқушының парасатын, ойлауын қалыптастыра отырып машықтандыру.
Ең бастысы, оқу үрдісінде міндетті пәндерде оқушылардың теориялық білімін әлеуметтік тұрғыдан қалыптастыруға мән беру керек.

Жұмысымның нәтижесінде:
1) Әр оқушының білімі, қабілеті қалыптасады.
2) Оқушының бойындағы жетістіктері көрінеді.
3) Оқушылар қиындықтарды жеңеді, әлеуеті артады.
4) Жан-жақты дамуға қол жеткізеді.



Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 18.02.2016
Раздел Физкультура
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров141
Номер материала ДВ-467153
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх