Инфоурок География Другие методич. материалыДоклад по географии на тему "ГЕОГРАФИЯ САБАҒЫНДА ДИДАКТИКАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАР АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚҰЗІРЕТТІЛІКТЕРІН АРТТЫРУ"

доклад по географии на тему "ГЕОГРАФИЯ САБАҒЫНДА ДИДАКТИКАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАР АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚҰЗІРЕТТІЛІКТЕРІН АРТТЫРУ"

Скачать материал

ГЕОГРАФИЯ САБАҒЫНДА ДИДАКТИКАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАР АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚҰЗІРЕТТІЛІКТЕРІН АРТТЫРУ

 

Еліміздегі жаңа білім беру реформасы 12 жылдық білім беруге көшу арқылы шығармашылықпен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық үлгіні жасауды, «жалпыға арналған білімнен», «білім әркімге өмір бойы» үлгісіне көшуді мақсат етеді. Қазіргі қоғамдағы мұғалімнің міндеті ғылым мен техниканың қарқынды дамып келе жатқан заманда өмір сүруге икемді, қоғам пайдасына қарай өзін-өзі толық жүзеге асыруға дайын білімді, шығармашылыққа бейім, құзыретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру. Олай болса «құзырлық» деген не? Кәсіби құзырлылықтың қатарына қандай қабілеттер жатады деген сұрақтарға жауап іздеп көрейін.

         «Құзырлық» сөзі туралы қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігінде: «құзыр (компетенция) – жалпы алғанда қайсыбір тапсырманы орындауға қабілеттілік немесе бір нәрсені жасау» деп берілген.

Латын тілінен аударғанда «құзырлық – өз ісін жетік білу, танымы мол, тәжірибелі» деген мағынаны білдіреді. Белгілі бір саладағы құзырлықты меңгерген тұлға өз саласына сәйкес білім мен біліктілікпен қаруланған қандай да бір негізі бар ой-тұжырым жасайтын және тиімді әрекет ете алатын адамды есептеуге болады. Енді осы ұғымдардың мәнін тереңірек талдайтын болсақ, онда «құзыр» – тұлғаның белгілі бір пәндер шеңберіне қатысты білімі, біліктілігі, дағдысы мен іс-әрекеттері тәсілінің өзара байланысқан сапаларының жиынтығы, ал «құзырлық»–адамның іс-әрекеті саласына сай құзырлықтарды меңгеруі.  Құзырлылық белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар, білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді шешім шығара алады дегенді білдіреді. Кәсіби құзіреттілік деп педагогтың жеке бас сапалары мен оның психологиялық-педагогикалық және теориялық білімінің, кәсіби біліктілігі мен дағдысының, тәжірибесінің бір арнада тоғысуы деуге болады.

Кәсіби құзырлылықтың қатарына келесі қабілеттер жатады:

1. Бағдарлы құзіреттілік (азаматтық белсенділік, саяси жүйені түсіну, баға бере білу, елжандылық);

2. Мәдениеттанымдылық құзіреттілік (ұлттық ерекшеліктерді тани білу, өз халқының мәдениеті мен өзге ұлттар, әлем мәдениетін салыстыру, саралай білу қабілеті);

3. Оқу-танымдық құзіреттілік(өзінің білімділік қабілетін ұйымдастыра білу, жоспарлай білу, ізденушілік-зерттеушілік әрекет дағдыларын игеру, талдау, қорытынды жасай білу);

4. Коммуникативтік құзіреттілік ( адамдармен өзара қарым-қатынас тәсілдерін білу, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуы);

5.Ақпараттық-технологиялық құзіреттілік (ақпараттық технологиялармен, техникалық обьектілер көмегімен бағдарлай білу, өз бетінше іздей білу, таңдай, талдай білу, өзгерте білуді жүзеге асыра білу қабілеті);

6. Әлеуметтік- еңбек құзіреттілігі (әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға талдау жасай білу, шешім қабылдай білу, түрлі өмірлік жағдайларда жеке басына және қоғам мүддесіне сәйкес ықпал ете білу қабілеті);

7. Тұлғалық өзін-өзі дамыту құзіреттілігі (отбасылық еңбек, экономикалық және саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді білімі мен тәжірибесінің болу қабілеті)

Сонымен қатар, «құзырлылық тек кәсіби білімі емес, тұлғаның жалпы мәдениеті мен шығармашылығын дамыту қабілеті» деп түйіндейді белгілі оқымысты Т.Г.Браже.  Сондықтан бүгінгі ұстаз тек кәсіби білімін толықтырып қана қоймай, үнемі шығармашылықпен жұмыс жасауы қажет. Қазіргі таңда оқытудың әр түрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде. Жаңа технологияны, әдіс-тәсілдерді  меңгеруде мұғалімнің жан жақтылығы, біліктілігі қажет.

Қазіргі қоғамдағы әрбір мұғалімнің басты міндеттерінің бірі шығармашылыққа бейім, құзыретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру. Сондықтан да мен өзімнің география сабақтарымда дидактикалық тапсырмалар мен ойындарды қолдану арқылы оқушылардың құзіреттіліктерін қалыптастыруды басты мақсат етіп алдым. Өз тәжірибем бойынша білім сапасын арттыру жолдарын қарастыратын болсам, түрлі дидактикалық дамытпалы ойындар мен  шығармашылық тапсырмалар колданамын. Кейбіреулерін атап кететін болсам, «Адасқан әріптер»тапсырмасында орны ретсіз қойылған әріптерден тақырыпқа байланысты сөздер құрау тапсырылады. Содан кейін оқушылар шыққан сөздердің анықтамасын айтады, білмесе оны іздестірумен айналысады.Бұл тапсырма арқылы оқушылар логикалық операцияларды қолдана отырып дәлелдеуге үйренеді, өздігінен ізденіп ірекет етуге дағдыланады, байқампаздық және есте сақтау қабілеттері дамиды.

Мысалы:
ЮПЛОС - ПОЛЮС

САПТАС - ПАССАТ
НОСМУС - МУССОН
ФАЙТНУ  - ТАЙФУН

ДОНАРОТ – ТОРНАДО

ЛАПЬРЛЕАЛ  -   ПАРАЛЛЕЛЬ

«Сиқырлы сандар» дидактикалық ойынында оқушылар сандардың астында жасырылған сұрақтарға жауап беру арқылы өздеріне ұпай жинайды. Бұл дидактикалық сайыс-ойын арқылы оқушылардың жан-жақты білімдері кеңейе түседі, бәсекелестік қабілеттері артып сабаққа деген қызығушылығы оянады.

Мысалы:

Қазақстан қорықтары

10

20

30

40

50

Әлем саяхатшылары

10

20

30

40

50

Елтану

10

20

30

40

50

Жануарлар дүниесі

10

20

30

40

50

Өсімдіктердүниесі

10

20

30

40

50

                        

Қазақстан қорықтары

10-Қиыр Шығыста ғана кездесетін малиус боката алмасының жабайы түрлері кездесетін қорық (Наурызым)

20- Үстіртқорығындаөсірілетінжабайықойдыңтүрі  (Муфлон)

Әлем саяхатшылары

10- 1911 жылы «Фрам» кемесімен Антарктиданың жағалауына келген ол  4 жолдасымен  ары қарай итке жегілген шанаға отырып саяхатын жалғастырады.Ержүрек саяхатшы Оңтүстік полюске жетіп, онда Норвегияның туын қадайды. (Руаль Амундсен)

20- Орыс саяхатшысы және табиғат зерттеушісі Памирдегі ең үлкен мұздық осы адамның есімімен аталады. (Алексей Павлович Федченко)

 Елтану

10- Отын түрлерінің жетіспейтіндігіне қарамастан, елдің экономикасы өте жақсы дамыған елдердің қатарында. Энергетикалық ресурстардың 80 -дан астамын сырттан әкелінеді, шойын мен болат қорытудан дүниежүзінде ең алдыңғы орындағы ел. (Жапония)

20- Бұл елде 1993 жылдан бастап халыққа тегін электр энергиясы, су, табиғи газ және ас тұзын беру жүзеге асуда. Газ өнеркәсібі халықты жұмыспен қамтамасыз ететін сала. Суармалы егіншілік пен қойшаруашылығы басты орынды алады, Копетдаг тауының етегі атақты ахалтеке жылқысының Отаны.    (Түрікменстан)

Жануарлардүниесі

10- Өзіне қажетті қоректің бәрін эвкалипт жапырақтарынан алады, еш уақытта  су ішпейді. Тым ұйқышыл, түнде тамақ жеу үшін оянады, баяу қозғалады,оны қалталы аюд еп те атайды.  (Коала)

20- Шығыс Қазақстандағы  мүйізінен (панты) бағалы дәрілік шикізат алынатын жануар

(Марал)

Өсімдіктер дүниесі

10- Африка материгіндегі Намиб шөлінде өсетін бұл өсімдік 2000 жылға дейін тіршілік етеді. Жапырақтары ұшынан бірте-біртеқурап, сабағынан өсіп отыратын өте сирек кездесетін өсімдік.  (Вельвичия)

20- Амазонка бассейнінде жапырағының диаметрі 2 метр, 50 кг дейін жүк көтере  алатын гүлді өсімдік өседі. Ол қалай аталады. (Виктория-регия)

 

«Әріптерсөйлейді»дидактикалық тапсырма барысында әліппедегі а- әріпінен бастап я- әріпіне дейін жасырылған сұрақтарға дұрыс жауап табулары керек. Бұл тапсырманы сабақта пайдалану оқушылардың белсенділігін, шығармашылық қабілеттерін, қисынды ойлау, танымдық қасиеттерін арттырады.

 

 

Мысал:

А

Ә

Б

В

Г

Ғ

Д

Е

Ё

Ж

З

И

Й

К

Қ

Л

М

Н

Ң

О

Ө

П

Р

С

Т

У

Ұ

Ү

Ф

Х

Һ

Ц

Ч

Ш

Щ

Ъ

Ы

І

Ь

Э

Ю

Я

 

 

 

А-Бесіншімұхитдепаталатынқабық (Атмосфера)

Ә- Бұлмемлекеттіңастанасы-Баку қаласы (Әзірбайжан)

Б- Тәулігінебағытынекіретөзгертетінжел (Бриз)

В- Сиреккездесетінтүсті металл (Вольфрам)

Г-  Каспий теңізінің I ғасырдағыаталуы  (Гиркан)

Ғ- Қоғамда өндіргіш күштерінің сапа жағынан түбегейлі өзгерісі (ҒТР)

Д- Топырақтану ғылымының негізін салған ғалым окучаев)

Е- Картада Италия мемлекетінің пішіні неге ұқсайды  (Етікке)

Ё- Эфиопияның  астанасы  (Аддис-Абёба)

Ж- Семейде көпір салу үшін қаржылай көмек көрсеткен ел (Жапония)

З- Африкадағы «Қызыл металл» елі (Замбия)

И- Геотермальды энергияны  пайдаланатын ел (Исландия)

Й- Аустралияның  солтүстіктегі шеткі нүктесі (Йорк)

К-«Климат» сөзі грек тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді  Көлбеу»)

Қ- Қай жемісті «шөл падишасы» деп атайды (Құрма пальмасы)

Л- Бастапқы меридиан басып өтетін қала (Лондон)

М- Тропосфераны зерттейтін ғылым  (Метеорология)

Н- Салыстырмалы биіктікті өлшейтін құрал (Нивелир)

Ң- Марқакөл қорығының эндемик балығы  (Мөңке)

О- Мұнайды сыртқа экпорттайтын елдерді біріктіретін ұйым   (ОПЕК)

Ө- Қазақстанның экологиялық жағынан ең лас қаласы (Өскемен)

П- Ежелгі біртұтас материк (Пангея)

Р- Теңізшілер көкжиек бағыттарын қалай атады умб)

С- Ауа райын болжайтын адамдар (Синоптиктер)

Т- Ресей жеріндегі батпақтың 80 қай зонада орналасқан (Тундра)

У- Қала  халқының үлес салмағының өсуі  (Урбандалу)

Ұ- Әлемдегі көл кеме қатынасы дамыған аймақ  (Ұлы көлдер)

Ү- Канаданың   жалауында бейнеленген өсімдік  (Үйеңкі)

Ф- Финноскандинавияның шығыс бөлігінің  негізгі тұрғындары (Финдер)

Х- Жапонияның астанасы орналасқан арал (Хонсю)

Һ- Халықаралық «Қызыл кітап» басылып шыққан жыл (1966 жыл)

Ц-  «Құрылыс наны» (Цемент)

Ч- АҚШ-ның ірі мегаполистерінің бі рі(Чипитс)

Ш- Шығыс Қазақстандағы ең қуатты СЭС (Шүлбі)

Щ- Балқаш көлінің батыс бөлігінің суы қандай болып келеді (Тұщы)

Ъ- Қазақтанның «Қызыл кітабы» ұйымдастырылған жыл  (1978 жыл)

 Ы- Бұл қазан шұңқырды «Орта Азияның меруерті» деп атайды (Ыстық көл)

І-  Алматы қай таудың баурайында орналасқан  (Іле Алатауы)

Ь- Мұздар елінің астанасы (Рейкьявик)

Э- Аустралиядағы ең ірі көл (Эйр)

Ю- Қытайдың ұлттық валютасы (Юань)

Я- Қай түбек өзінің кіші екенін білдіреді (Ямал)

 

Нәтижесінде жоғарыда көрсетілгендей дидактикалық ойындар мен  тапсырмалардың  түрлері оқушыларды: ерекше ойлауға; өз идеяларын ашық айтуға; болжамдар жасай білуге; талдау мен синтез жасауға, салыстыра отырып айырмашылықтар мен ұқсастықтарды ажыратуға, белгісізге қарай табысты түрде қадамдар жасай білуге үйрете отырып, олардың бойларына құзыреттілік қасиеттердің белгілерін қалыптастырып, заман деңгейіне сай білім негіздерімен қаруландырады деп санаймын.

 

           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Баяндама тақырыбы: География сабағында дидактикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың құзіреттіліктерін арттыру

Орындаған: география пәнінің мұғалімі А.К. Сабырова

Қазан жалпы орта білім беретін мектеп, Май ауданы, Жұмыскер ауылы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Баяндама тақырыбы: Бастауыш сыныптарда жеті модульді кіріктіру технологиясының пайдаланудағы тиімділігі

Орындаған: бастауыш сынып мұғалімі Ж.К. Нажмиденова

Қазан жалпы орта білім беретін мектеп, Май ауданы, Жұмыскер ауылы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Доклад по географии на тему "ГЕОГРАФИЯ САБАҒЫНДА ДИДАКТИКАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАР АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚҰЗІРЕТТІЛІКТЕРІН АРТТЫРУ""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по экономической безопасности

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

«Құзырлық» сөзі туралы қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігінде: «құзыр (компетенция) – жалпы алғанда қайсыбір тапсырманы орындауға қабілеттілік немесе бір нәрсені жасау» деп берілген. Латын тілінен аударғанда «құзырлық – өз ісін жетік білу, танымы мол, тәжірибелі» деген мағынаны білдіреді.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 207 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.05.2015 1214
    • DOCX 72 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сматаева Акку Клышбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сматаева Акку Клышбековна
    Сматаева Акку Клышбековна
    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3197
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Формирование первичных компетенций использования территориального подхода как основы географического мышления с учетом ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 114 человек

Курс профессиональной переподготовки

Технологии географического образования

Педагог в сфере географического образования (учитель географии)

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация проектно-исследовательской деятельности в ходе изучения географии в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 430 человек

Мини-курс

Развитие коммуникативных и здоровьесберегающих навыков

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы программирования и мультимедиа: от структуры ПО до создания проектов

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек

Мини-курс

Искусство и техника: совершенствование в художественной гимнастике

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе