Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / География / Другие методич. материалы / Доклад по географии. Табиғаттың ұлы кітабы

Доклад по географии. Табиғаттың ұлы кітабы

  • География

Поделитесь материалом с коллегами:

Табиғаттың ұлы кітабы

Жердің тарихын кезеңдерге жүйелеп, өткенді қайтадан қалыптастыру. Ал өткен геологиялық заман тарихының жалғыз ғана құжаты жыныс қабаттары. Кейінгілерінің кезектес жүйелерін, бір-бірімен арақатынастарын зерттейтін геология ілімінің саласын стртиграфия (латынша «стратум» — қабат) деп атайды. Бұл табиғаттың ұлы кітабы —жыныс қабаттарының қайсысы астында, қайсысы орта шенінде, ал қандайы үстінде екенін анықтап және құрамына қарай, ол қабаттарды бір жерден келесі аймақка қуалап, жалғастырып отыруға мүмкіндік береді. Тay жыныстарының қабатталу зандылығын 1669 жылы Николаус Стено көрсеткен еді. Ол зандылық — төмен жатқан қабаттың жасы кері, керісінше, үстіңгі қабат астындағысынан гөрі жас. Шөгінді жыныстар ішінен өсімдіктер мен жан-жануарлардын тасқа айналған қалдықтаран табуға болады. Ал Ч. Дарвиниің эволюциялық іліміне сәйкес геологиялық тарихти организмдер өзінің күнелту күресі жолында үнемі дамып, жетіліп отырады .Ендеше өшкен флоралар (өсімдік дүниесі) мен мақлұқаттар (фауна) қалдықтарына қарап, оларды жүйелей келе жыныс қабаттарының салыстырмалы жасқтауға болады. Осы тәсіл палеонтологиялық (грекше «палеос» — көне, «онтос»— тірі жан, «логос» — ілім) не биостратиграфиялық әдіс деп аталады. Әдісті алғаш рет XVIII ғасырдың басында ағылшын инженері В. Смит ұсынды да, кейінірек әйгілі ғұламалар Ж. Кювье мен А. Броньяр дамытты. Әзірше бұл тәсіл салыстырмалы геохронологиялық негізгі әдісі.

Сөйтіп, өсімдіктер мен жан-жануарлардың қалдықтарын жинастырып жүйелей- жіктей келе шөгінді (кейде вулкандық) жыныстардың кейінгі 700 млн жылда қалыптасқан салыстырмалы жасы анықталады. Сонымен геологиялық замандардың жалғыз ғана құжаты — жыныс қабаттары. Алдымен соларды жіктеп,әр тізбегіне ірілерінен ұсақтарға (ірісінің бөлшектеріне) бағынышты келесі аттар қойылған: эратема (т о п) —жүйе — бөлім — ярус; былайша айтқанда, ірі топтардың әрқайсысы жүйелерге, олар бөлімдерге, кейінгілер ярустарға жіктеледі. Екінші тұрғыдан терілген қабат бөлшектерінің әркайсысына сайма­сай олардың жаралған мезгілдері қажет. Сондықтан оларға дәлмедәл мезгілдік (хронологиялық) терминдер қолданылады: эратема — эра, жүйе — кезең, бөлім —дәуіp, ярус — ғасыp. Бұл жерде ешқандай қайшылық жоқ. Оны кеңістік пен уақыттың өзара байланысының заңдылығы деп түсіну жөн. Тек мезгіл (уақыт) туралы сөз болғанда терминдердің екіншілері (эра, кезен, дәуір,ғасыр) қолданылады да, қабаттар жөнінде әңгімелесек,бірінші реттердегілері пайдаланылады. Осыны ұмытпай дұрыс қолдану керек.

Жер тарихын ірі-ірі бес эраға (эратемаға) бөледі. Олар: архей, протерозой, палеозой, мезозой, кайнозой. Атаулары жан-жануарлардың (грекше «зоон» — мақлұқат, тірі жан) даму сатыларына лайықты берілген: грекше — «архайос» — көне, ежелгі; «протос»— бірінші, алғашқы; «палеос» — байырғы; «мезо» — ортаңғы, аралығы «койнос» — жаңа. Архей мен протерозой эралары біріктіріп, докембрий (кейде допалеозой, криптозой) зоны деп атайды. Өмірдік нақтылы қалдықтары табылатын палеозой, мезозой, кайнозой эраларын біріктіріп, фанерозом (грекше «фанерос»— анық, айқын) зоны деп атайды.


Қарабөгет ауылы Аль-Фараби атындағы орта мектептің

11-сынып оқушысы Каналбек Аяулым география пәнінен ізденіс жұмысы.



Автор
Дата добавления 02.02.2016
Раздел География
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров87
Номер материала ДВ-404447
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх