Инфоурок Всеобщая история Другие методич. материалыДоклад по истории на тему ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КЕҢЕСТІК ҰЖЫМДАСТЫРУ ЗАРДАПТАРЫ

Доклад по истории на тему ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КЕҢЕСТІК ҰЖЫМДАСТЫРУ ЗАРДАПТАРЫ

Скачать материал

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КЕҢЕСТІК ҰЖЫМДАСТЫРУ ЗАРДАПТАРЫ

              

  Кеңестік кезеңнің жетпіс жылдан астам тарихын тағылымдық тұрғыдан таразылаған тұста қазақ халқы үшін ең бір ауыр да азапты және қаралы кезең ретінде жамағаттың жартысын жалмаған отызыншы жылдардың апатты ойранын айрықша атап айтамыз.

Мемлекеттік маңыздағы мұрағаттардың дерегіне сүйенсек 1925 жылы өткізілген V өлкелік партия конференциясындағы баяндамасында бірінші басшы Филипп Исаевич Голощекин қазақ жерінде шынайы кеңес өкіметінің қалыптаспағандығын сынап, жергілікті тұрғындардың арасындағы байлардың үстемдігі мен ру билігінен құтылу үшін ұжымдастыру саясатын белсенді жүргізуді ұсынады. Бірақ бұл байыпсыз бастаманың кереғар қайшылықтары қарапайым халықты тұрмыстық тығырықтарға тіреп, адамдарды ашаршылық апатының аузына айдап апарған-ды.

Күштеп қоныстандырудың құтсыз қадамын қоғам қайраткерлігіне көтерілген ұлтымыздың азулы азаматтары жоғарғы жаққа дәйекті дәлелдермен жан-жақты жеткізуге асықты. Себебі жөн жосықсыз жедел жүргізілген зобалаңның зардаптары қазақ халқына қасірет пен қайғы әкелген еді.

- Ұжымдастыру жылдарындағы халық шығыны: 1930 жылы аштықтан халық шығыны: 313 мың адам; 1931 жылы аштықтан – 755 мың адам;1932 жылы аштықтан 769 мың адам өлді. Ауыл халқының 40 пайызын жоғалттық. Жиыны – 1 млн 750 мың адам. 1 миллион нан астам адам шетелге көшіп кетті. Оның 616 мыңы қайтқан жоқ. 1931-1933 жылдары аштықтан 6,2 млн адамның 2,1 миллионы өлді. Қазақстан бойынша 1929 жылы 40,5 миллион бас малдан арадағы төрт жылда 4,5 миллионы ғана қалды, – деп ашына жазған еді Тұрар Рысқұлов Иосиф Сталинге жолдаған хатында.

Алайда он бес одақтас республиканы бір шаңырақ астына біріктірген коммунистік партия жетекшілерінің солақай саясаты жиырмасыншы жылы ресей жеріндегі тұрғындарды жұтқа ұшырата бастаған болатын. Орталық атқару комитеті еділдің бойындағы 23 миллион халықты аштықтан аман сақтап қалу үшін қазақтардың ортасына әкелуге шешім қабылдап, жатжұрттықтар жан-жақтан жеткізілген. Владимир Ульяновтың кейбір аймақтардағы құрғақшылықтің кесірінен қиындықтарға кезіккен қалың көпшілікке көмек көрсетуді өтінген үндеуіне орай аралдық ағайындардың 14 вагон балық жөнелтіп, қамқорлықтың қайтарымы ретінде токарлық станокты иеленгені баршаға белгілі.   

Еліміздің солтүстік облыстарында бұл кезде аштық аранын ашып, қазақстандықтардың қауіпті қатерге кезіккенін көрген білікті басшылар жергілікті ұлттың өкілдерін апаттан арашалау үшін бұрыннан бауыр басқан өзге халықтың өкілдерін отандарына кері қайтару қажеттілігін алға тартады. Бірақ бұл батыл бастаманы мәскеуліктер қараусыз қалдырып, шұбырған босқындарға жақсы да жайлы жағдайлар жасаудың жауапкершілігін жүктейді. Осылайша жараның үстіне шиқан шыққан еді.

Мұрағаттың құжаттарына сүйенсек сол сәттерде толассыз ағылған аш адамдардың алғашқы легімен Қазалы уезіне 4347, Қызылорда қаласына 6392, Түркістан топырағына 4634, Шымкент шаһарына 7975. Алматы аумағына 10345 отбасы қабылданыпты.

Еліміздің сол кездегі бірінші басшылығы егіннің шығымдылығы азайған алыс ауылдардың алаңдатарлық ақпараты мен мал басы кеміген шалғай шаруашылықтардың шырылдаған шындығын жел сөз бен қауесетке балайды. Бірақ партия белсенділері кейінгі тексерулердің қорытындысын сараптай келе тауық жылының аштығы басталғанын амалсыз мойындап, жұртшылыққа жәрдем көрсету комиссияларын құруға мәжбүр болды. Сейітқали Меңдешов республикалық деңгейдегі алқалы топтың жетекшілігіне бекітіліп, халыққа үндеу жолдайды.

... Аштық әсіресе Торғайдың, Ырғыздың, Темірдің, Ойылдың көшпелі аудандарында қысты күні-ақ қатты сезілген, - деді алаштың арысы апаттың ақиқатын ақтарған арнауында. - Қазіргі күні ашаршылық Ақтөбе губерниясына, Орал облысының Елек, Жымпиты, Гурьев уездеріне жайылды. Шексіз далада ата-анасыз босқын балалар қаңғып жүр. Далалық жерден күн көру үшін саршұнақ іздеп босып кетті, қалаларда темір жол стансаларында туыс-туғандары тастап кеткен балалар, қарттар төгінді лас қоқыстарды ақтарып, талғажу болатын дәм іздеуде. Қазақ халқы үшін қол ұшын беріп, көмектесңіздер..

“Известия Турцика” газетінің тамыз айының 16-ындағы №80 санында жарияланған мақала дүниені дүр сілкіндіргені даусыз. Себебі хаттың мәтінінде орталық комисиияның жалпы отырысында ресми расталған мына мәліметтер қамтылған-ды.

Ақмолада губернасында 360 мың, Ақтөбеде 26500, Бөкейде 115 мың және Оралда 90 мың адам үзім наннан тарықса, аса ауыртпалыққа ұшыраған 346 мың 311 қостанайлықтың 37146-ы қасқыр қоғамның қайырсыздығы кесірінен көз жұмыпты.  

Қиналғандарға көмектер көрсетуі қажет шенді шекпенділер мемлекет тарапынан белгіленген түрлі алым-салықтардың мөлшерін қосымша көбейтіп, халықтың қолындағы азық түлік қоры мен қорасындағы малын еріксіз тартып алудың әр алуан айла-амалдарын қатаң қолданған. Аштық адамды ар мен ұяттан бездіретіндігі белгілі. Ұрпақсыз қалмауы үшін жалғыз ұлына қарындасының етін жегізген ашыққан әкенің амалсыздығын алжасқанның аярлығымен айыптай алармысыз. Таразыға тартылған тарихында талай тепкінің тезіне түсіп, қилы кезеңдерде басын бәйгеге байлаған бабаларымыз жиырмасыншы жылдардың азапты аласапыраны алыстап, еңсесін тіктеген тағдырлы тұста нағыз нәубеттің қамытын арадағы он жылдан кейін қайтадан киетіндігін бағамдады дейсің бе?

Қазақ халқының саны көбейіп, адами әлеуеті әлдеқайда артуына қолдан жасалған қиянаттардың кедергі келтіргені хақ. Себебі қазақты отырықшылыққа бейімдеуге бағытталған ұжымдастыру саясатының да арғы астарында халқына көсем, ұлтына ұлық болатын зиялы қауым өкілдерін қынадай қыруды көздегені анықталуда. Ұзақ уақыттар бойы қауіпсіздік құрылымдарының кеңселерінде құпия сақталған мемлекеттік маңыздағы мол мұрағаттардың ақтаңдақтардан аршылуын аға буын ардагерлердің асыға күткені анық. Өйткені жасырын жазбалар жарияланса жазықсыз жандарды жазалаудың күмәнді қитұрқылықтары көрінетін. Отаншылдық рухын биік ұстап, азаттықты аңсаған алаштың арда азаматтарының ғибратты ғұмыры мен ерен ерліктерін өнеге тұту бүгінгі жас ұрпақтың басты борышы Һәм перзенттік парызымыз. Сталиндік саясаттың сұрқиялығын сынап, голощекиннің геноцидіне қарсылық көрсеткен қайыспас қырандарымыз түрменің тозағына тоғытылса да кемел келешекті көздеген арзу арманынан айнымағандығымен аруақты. Қабырғалы қазағының болашақтағы бақыты баянды боларын байыптап, үкілі үмітін үзбеген олардың өнегелі өмірі мен қайраткерлік қызметтерінің ғылым тұрғыдан жан-жақты зерттеліп, саралануы – Тәуелсіздігіміздің басты жемісі.  

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1997 жылды “Жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу жылы” деп жарияласа, 1998 жылды “Халық бірлігі және ұлттық тарих жылы” ретінде елдің есінде қалдырылды. Елбасының жарлығымен келесі 1999 жылға “Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы“ атауымен айшықталғаны мәлім.

- Қазақстан тарихының ең қайғылы парақтарының бірі ұжымдастыру науқанымен байланысты, - деді Нұрсұлтан Әбішұлы ”Жадымызда жатталсын, татулық дәйім сақталсын” деген тақырыптағы барша қазақстандықтарға арнаған баяндамасында. – Республикада бұл науқан аса қауырт жүргізілгені, мұның өзі Қазақстан экономикасының өзіндік ерекшеліктерінен туындағаны мәлім. Айталық, 1926 жылы қазақ жұртының төрттен бір бөлігі ғана егіншілікпен айналысса, 38,5 пайызы мал өсіріп, ал 33,2 проценті мал ұстаумен бірге жер өңдеумен шұғылданған еді. Тегінде қазақтардың он процентке жуығы көшпелі, үштен екі бөлігі жартылай көшпелі тұрмыс кешкен, мұның өзі олар малдың қамын күйттеп жыл он екі ай бойы бір жерден екінші жерге көшіп жүрді деген сөз. Жаңа өкімет қазақтардың, әсіресе көшпелілердің дәстүрлі өмір салтын түсінбеді, тіпті түсінгісі де келген жоқ. Олардың ұғымында далалықтар жалпақ сахарада қаңбақ құсап мән-мағынасыз көшіп-қонып жүре берген. Шындығына келсек, жергілікті халықтың өмірі белгілі бір қатаң тәртіпке бағынушы еді.                                                                                                           Қазақ халқының ғасырлар бойы дамып келе жатқан дәстүрлі мал шаруашылығы көш­пе­лі және жартылай көшпелі ау­дандарға шоғырланғаны белгілі. Сондықтан да сол жылдардағы қазақ зиялылары мен республика­ның мемлекеттік және шаруа­шылық органдарында жұмыс істе­ген бір топ басшылар мен маман­дар қазақ даласындағы көшпелі және жартылай көшпелі тұрмысты табиғи, дәстүрлі және эволюция­лық дамудың нәтижесіне балады. Сондықтан олар қалыптасқан тұрмыстың тіршілігін еріксіз түрде күшпен жоюға мүлдем қарсы болды. Көшпелілердің сан ғасырлық тарихын ғылыми экспедициялар арқылы зерделеген орыстың әйгілі академиктері мен көрнекті ғалымдары да құптай қоймаған.   Бірақ осындай тұжырымдардың жасалғанына қарамастан республика аумақтарындағы ұжымдастыру науқаны 1928 жылы барлық шаруашы­лық­тың 2% қамтыса, келесі көкте­мде бұл көрсеткіш 50% жеткізілген. Арадағы бір жылда ортырықшыландыру саясатын жүргізген билік жоғарғы жаққа белгіленген межені 65 пайызға орындағандары жөнінде қуана хабарлайды. Күнделікті шығатын тарылымы мол газеттердің партия тапсырмасына сай жергілікті өңірлерден жедел жеткен жаңалықтарды басып үлгіере алмағанын да білдік.                                  Ұжымдық шаруашы­лыққа қосылғысы келмеген келмеген кедейлер мен орта тап өкілдері зиянкес атанып, ку­лак­тардың құйыршықтарындай қараланды. Кейбір аудан­дар­да оларды ұрып соғумен қатар әр алуан азапты әрекеттер кеңінен қолданылған. Конститу­цияға қайшы қадамдарға барғандар негізінен жалған белсенділер мен шала сауатты ­басқарушылар болатын. Партияны халыққа қарсы қойғандардың қимыл қарекеттері тәжірибесіздіктен туындаған кемшілік тұрғысында түсіндірілген. Қыс айларында қо­сым­ша жүн салығы енгізіліп, қой қыр­қымы жүргізілуі себепті мыңдаған аша тұяқтылар суық­тан қырылса кінә кімде?! 

1932 жылы 1928 жылғы 6 млн. 509 мың ірі қараның 965 мыңы, 18 млн. 566 мың қойдың 1 млн. 386 мыңы, 3 млн. 616 мың жылқының 710 мыңы, миллионнан астам түйе­нің 63 мыңы ғана қалып, жаппай ұжымдас­тырудың зорлықшыл зардаптары 1931-1932 жылдары бүкіл елді жайлаған аштыққа ұласты.  Ұлттық республиканың алқапты аумағын бірнеше жыл бойы әлеу­меттік тәжі­рибелер жүргізілетін алып сынақ алаңына айналдырған кеңес өкіметінің сұрқия саясатына наразылығы күшейген қазақ халқы көптеген көтерілістерді ұйымдастырды. 1929-1331 жылдары жалпы саны 80 мыңдай адам қатысқан 372 толқу тіркелген. Ең ірі қақтығыстар Созақ, Бостан­дық, Ырғыз, Батпаққара, Қазалы, Қы­зылқұм, Қармақшы, Ақсу, Бөрібай, Сарқант, Абыролы, Шұ­бар­тау жә­не басқа да өңірлерде орын алып, 5551 адам сотталса мыңға жуығы ату жазасына кесілген.       Елбасымыз 1993 жы­лдың 14 сәуірінде “Жаппай саяси қу­ғын-сүргін құрбандарын ақтау ту­ралы“ заңға қол қойды. Көптен күтілген құжат жалған жаламен халық жауы ретінде жазықсыз жазаланған жайсаң жандардың айтуға тыйым салынған есімдерін елімен қайта қауыштырып, қасіретті құқай көрген олардың еншісіндегі моральдық және мате­риалдық залалдардың өтелуін құқықтық тұрғыдан реттеген болатын. Осы заң талаптарын басшылыққа алған рес­публикалық прокуратура ор­ган­дары 32909 адамға қатысты мұрағаттық қылмыстық істерді зерделеп, нәтижесінде 26657 адам жазықсыз жаладан ақтағаны айтылуда. Және тұрғылықты қоныстарынан күштеп жер аударылған 296879 адамға қа­тыс­ты құжаттар тексеріліп, олар­дың 246743-і жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбаны немесе зардап шеккендер ретінде танылған. Рес­публикамыз бойынша жалпы саны 345 мыңнан астам адам ақ­талған екен.

Президенттің пәрменімен 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні ретінде жарияланып, жыл сайын сталиндік зұлматтың құрбандарын еске алу шаралары мемлекеттік деңгейде ұйымдастырылып келеді.

- XX ғасырдағы саяси қуғын-сүргін - мыңдаған жа­зықсыз адамдардың қаны мен көз жасына суарылған тарихы­мыздың шерлі беттерінің бірі болып саналады, - деді алжирліктердің аруағын аспандатқан мемо­ри­алдық мұражай-кешенінің ашы­луы сәтіндегі сөйлеген сөзінде Нұрсұлтан Әбішұлы. - Әкімшілік жазалау­шы жүйе еңбектеген сәбиді де, еңкейген кәріні де, болмысы нәзік әйелді де аяған жоқ. Біздің борышымыз - осы қанқұй­лы жылдардың оқиғасы мен жазықсыз құрбанға айналған амат­тардың есімдерін ұмытпай, олардың рухын мәңгі жадымызда сақтау.    Облыстың орталығы Қызылорда қаласындағы “Арай’ шағын ауданында саяси қуғын-сүргін құрбандарына орнатылған ескерткіш белгі бар. Жыл сайынғы мамыр айының соңында атқарушы биліктің ұйымдастыруымен осы алаңда ашаршылық пен респрессия құрбандарының аруағына тағзым жасалады.

- Нәубет жылдары туған жерінен зорлықпен қуылып, қазақ өлкесіне қоныс тепкен көптеген ұлттар мен ұлыс өкілдеріне өздерінің ұлттық болмыстары мен салт-дәстүрлерін, мәдениеті мен тілін сақтауға, оны заман талабына сай дамытуға барлық жағдай жасалуда, - деді биылғы басқосу барысында облыс әкімі Болатбек Баянұлы. - Бұл азалы күннің жазықсыз құрбан болған азаматтарды еске алумен қатар халықты бірлікке, татулыққа үндеуі тиістілігін де мемлекет басшысы орынды атаған еді. Қолда бар мәліметтер бойынша осы араға сонау жылдары жазықсыз құрбан болған азаматтар жерленгені жөнінде дерек­тер бар. Осы ретте боздақтар рухына тағзым ету және оларды лайықты құрметтеу мақсатында қаланың көр­некі жерінен саяси қуғын-сүргін құрбандарына арнап арнайы ескерт­кіш мемориал орнату жоспарлануда. Оны нәубет құрбандарын еске алу күнінің белгіленгеніне 15 жыл, қуғын-сүргін жылдарына 75 жыл толатын келесі жылы орнатсақ, бұл біздің әділеттің ақ жолында бастарын бәйгеге тіккен аға ұрпақ рухына жасаған құрметіміз болады.            Расында да қазақты ашаршылыққа ұшыратып, халықты қынадай қырған ұжымдастыру науқаны сырбойылықтарды да сергелдеңге салған-ды. Өзен жағалағанның өзегі талмас дегенмен биліктің белсенділері бау-бақша егіп, мал ұстаған және балық аулайтын адамдарға қысастық көрсеткендердің құқайлары құжаттарда хатталып қалған.

- 1933 жы­лы 15 сәуірде Тәжікстан Рес­пуб­ли­касы Исфара ауданы, Лекан кол­хозының тұрғындары атынан Төлебай Қисықовтың жазған хаты сақталған, - дейді тәжірибелі тәлімгер және майталман маман ретінде сұхбаттасудың сәті түскенде білетінімен бөліскен облыстық мемлекеттік мұрағаттың ғылыми-анықтамалық жүйесін құру, құжаттарды пайдалану және жариялау бөлімінің бастығы Жанар Алтынбаева. - Бұл хатта «Біз, Қы­зыл­орда ауданы, 2-ші ауыл тұрғында­ры, 1932 жылы аштықтан отбасы­мыз­ды, балаларымызды аман алып қалу үшін Тәжікстанға үдере көш­тік, енді туған жерге жерімізге қай­та оралып, еңбек еткіміз келеді, бі­рақ қайтуға қаражатымыз жоқ. Сон­дықтан Тартоғай стансасына дейі­н пойызбен жетуге қаражат бер­сеңіздер. Барлығымыз 30 от­ба­сы, 810 адамбыз», - делінген.

Облыстық мұрағаттағы материалдардың бір шоғырымен танысуымның барысында сол кездегі республикалық басшылардың тарапынан төменгі буын құрылымдарға партияның ұжымдастыру саясатын жедел жүргізуді жүктейтін тапсырмалар бірінен соң бірі тоғытылып, жоғарғы көрсеткіштер жөніндегі ақпараттарды үздіксіз жолдау міндеттелгенін білдік. Және қарапайым көпшілікке науқанның мәні мен маңызын жеткілікті түсіндіріп, насихаттау үшін арнайы топтар құру қажеттілігі де айтылған. Мемлекеттің меншігіне алынған малдың басын көбейтіп, қоймадағы азық-түлік қорын арттыру үшін қаржы бөлінетіндігі де қарастырылған. Алайда ақша алған адамдарға күнделікті тұтыну тауарлары мен дастархан мәзірлерін қоғамдық сауда нүктелері арқылы арзан бағамен үлестіру жайы нақтыланбағандықтан тұрғындар тарығып, артынан алапат аштыққа айналған.

Қызылордалық басшыларға өлкелік атқару комитетінен жоллданған ресми құжаттарда жер басқармасының нұсқаулықтары таныстырылып, ұжымдық шаруашылықтың мүшелігіне өтетін жеке азаматтарды қызықтырудың жолдары нақтыланыпты. Бұл бағыттағы саясатты қолдамайтын қайшылықты көзқарастағылардың жалған сөзіне сеніп, артынан іріткі салған әрекеттерінен опық жемеулері үшін адамдарды мұқият сүзгіден өткізу қажеттілігі қайталанады. Әрі оларды кінәсіне қарай түрлі жазаға тарту тапсырылған.

КСРО кезеңінің тарихын толықтай таразылауымыз үшін отандық ғалымдар мен зерттеуші мамандар ашаршылықтың ақиқаты мен саяси сүргінді қоса қабаттастырмай, жіктеп жазу қажеттілігін алға тартуда. Осы орайда пайымды пікірлерін білдірушілердің де қарасы көп. Жас маман ретінде мен де алдыңғы аға буын өкілдерінің ұтырлы ұсынысын қуана қолдаймын. Себебі мектеп оқушыларына арналған және жоғарғы оқу орындарының студенттері үшін әзірленетін бағдарламалар бойынша тақырыптарды талдай оқытудың бұл жаңа әдістемесі қолданысқа енгізілсе тарихымыздың тереңіне түскен түрен қаншама құпия құжаттарға кезігер еді. 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Доклад по истории на тему ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КЕҢЕСТІК ҰЖЫМДАСТЫРУ ЗАРДАПТАРЫ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Консультант по трудоустройству

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 974 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.10.2015 1494
    • DOCX 68 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем КЕНЖАЛИЕВА БАГИЛА ОНГАРБЕКОВНА. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 157426
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Электронные образовательные ресурсы в работе учителя истории в контексте реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 128 человек

Курс повышения квалификации

Федеральный государственный образовательный стандарт ООО и СОО по истории: требования к современному уроку

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 151 человек из 52 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 278 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "История")

Учитель истории

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Организация и планирование воспитательной работы в СПО

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Занимательное обучение русскому языку: основы орфоэпии и тайны русской орфографии

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 33 человека

Мини-курс

Стратегии брендинга в условиях глобальной конкуренции и изменяющихся рыночных тенденций

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе