Инфоурок / История / Другие методич. материалы / Доклад по истории на тему «Тәуелсіздік бастауы-Желтоқсан»

Доклад по истории на тему «Тәуелсіздік бастауы-Желтоқсан»

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 29 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

«Тәуелсіздік бастауы-Желтоқсан»



Еліміз тәуелсіздігін алып, өркениет көшіне дербес мемлекет ретінде ілескеніне биыл жиырма бір жыл болды. Осы уақыт бедерінде елімізді әлем танып, әлемді біз де таныдық. Тәуелсіздік – бұл ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Елбасының: «Қазақстанның тәуелсіздігі қазақтарға тартқан тағдырдың сыйы емес, өзінің ежелгі жерінде қилы кезеңді бастап кешу арқылы қол жетізген өз мемлекттілігін құруға деген заңды құқығы. Бұл даусыз және саяси фактіге ешкім күмән келтірмеуі тиіс», - деп атап көрсетуінде үлкен мағына жатыр.

Алайда осы бізге тәуелсіздік күнін жақындатып, ғасырлар бойы жүргізілген қазақ халқының ұлт – азаттық көтерілісінің заңды жалғасы саналатын, дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасына биыл 26 жыл толып отыр.

Тәуелсіздіктің түп тамыры «Желтоқсан» оқиғасымен тікелей байланысты екендігіне ешкім дау айта алмасы анық. Бейбіт шеруге шығып, билік тарапынан кінәлі деп саналған жастарымыздың бір бөлігі қанды қырғында көз жұмса, ал аман қалғандары қазіргі таңда өздері аңсаған азаттықтың қызығын көруде. Уақыт емші деп өзімізді жұбатқанымызбен, қыршын кеткен бауырларымыз есімізге түскенде жан – жарасы қайта жаңғырып, қайғының айықпас дертіне шалдыққаныңды терең сезіне түсесің.

Ұлттық қаһармандарымыз - Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев сынды қайсар қандастарымыз жазықсыз жапа шегіп, құрбан болды. Сол кездегі үкімет басшыларының бұйрығымен шеруге шыққан қазақ жастарына күш көрсетіліп, көптеген жастар түрмеге қамалды. Оларға аяусыз зәбір көрсетіліп, өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға «бұзақылар», «ұлтшылдар», «нашақорлар» деген кінә тағылды.

Атап айтсақ, 1986 жылғы Алматы оқиғасының бас қаһарманы Қайрат Рысқұлбековке, бірінші – 1986 жылдың 18 желтоқсанында сағат 11 -00 ден бастап «Бейбітшілік – Сәтбаев» көшелерінің қиылысында бейбастық жасады,
екінші – Савицкийді өлтірді, үшінші – Ведельді ұрып жаралады, төртінші – «Қазақстан» қонақ үйі алаңында милиция қызметкері А. Алмабековке қол жұмсады деген секілді жалған жала жабылды.

Небәрі жиырма бір жастағы қаршадай жігіттің мойынына осыншама қылмысты қалайша іліп қойған. Қ.Рысқұлбековке қатысты сот процесі 1987 жылдың 25 мамырынан 16 маусымына дейін өтті. Алайда сот шешімі бойынша Қайрат Рысқұлбековты Қазақ ССР-і қылмыстық істер кодексі 173 – бабының 1- тармағына сәйкес ату жазасына кесілді. Кейіннен бұл ең ауыр жаза, яғни «ату жазасы» 20 жылға ауыстырылды. Ақыры сол кезеңдегі солақай саясаттың құйтырқы әрекетімен жас ғұмыр 1988 жылы 21 мамырда белгісіз жағдайда дүниеден өтті.
Дүрбелеңге толы сол бір ызғарлы күндердің бірінде ұлт намысын жыртып алаңға шыққан жалын жүрек жастарымыздың арасында Чайковский атындағы Музыка училищесінің студенті Ләззат Асанова - желтоқсан құрбанына айналарын білмеген болар. Ар - ожданы озбырлықпен тапталып, жапа шеккен Ләззаттың қазасы әлі күнге жұмбақ күйінде қалып келеді. Қызының қазасы туралы анасы Алтынай Асанова өзінің бір сұхбатында былай дейді: «Түскі кез болатын. Есіктің алды «қызыл жағалы» адамдарға толып кетті. Қолдарында екі қағаз бар: бірінде «қыздарыңыз нашар» делінген; екіншісінде «қыздарыңыз қайтыс болды» деп жазылған». Анасының шын мәнінде не болғанын іштей сезгенімен, солақай саясаттың салдарынан ауыз ашуға шамасы келмегені анық.

Өскемен педучилищесінің студенті 16 жасар Сабира Мұхаметжановаға да қысым жасалып, он екіде бір гүлі ашылмаған өрімдей қыздың өз өмірін қиюна итермелейді.

Өз халқының тәуелсіздігі үшін жас ғұмырын сарп еткен Алматы энергетика институтының студенті Ербол Сыпатаев алаңда қазақ қандастарын құтқару барысында алған темір қолшоқпардың соққысынан есін жимастан 18 желтоқсанда ауруханада жан тапсырады.

Ия, ежелден азаттықты аңсаған халқымыздың тәуелсіздігіне биыл 21 жыл. Тарих үшін қас – қағым сәт болғанымен, азаттық аңсаған Алаш жұрты үшін ғасырдан да қымбат мың жылға айырбастамас 21 жыл. Тәуелсіздік алып келген жетістік те оң өзгерістер де мол. Тәуелсіздіктің ең басты жетістігі – еркіндік! Еліміздің еркін өміріндегі бүгінгі табыстарының бәрі де тәуелсіздік нәтижесі. Сондықтанда кейінгі өскелең ұрпақтың «тәуелсіздік» атты тәтті сөздің тұңғиығында ата – бабамыздың ғасырлар бойғы аманаты мен талай – талай боздақтардың ұрпаққа қалдырған арманы жатқандығын естен шығармаса екен дейміз.


КЕНЖАЛИЕВА БАҒИЛА

Байқоңыр «Космос»

колледжінің оқытушысы


hello_html_483bd1a0.jpg










Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 29 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-073941
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 29 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>