Инфоурок Другое Другие методич. материалыБаяндама тақырыбы: "Дарынды оқушыны дамыту - ұстаз парызы"

Доклад по казахский язык на тему "Дарынды оқушыны дамыту"

Скачать материал

                            Дарынды оқушыны  дамыту- ұстаз парызы

        Қазіргі білім саласында жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты-ой өрісі жаңашыл шығармашылық деңгейде қызмет атқара  алатын ,дүниетанымы жоғары, жан-жақты қалыптасқан жеке тұлға  даярлау, сондықтан  алға  қойған  мақсаттарды орындау  үшін еліміздегі оқушы жастарымыздың шығармашылық әлеуетін жан-жақты өсіруге ден қою қажеттілігі туындайды.

Дарынды баланы анықтау, оқыту, тәрбиелеу, дамыту-қазіргі уақытта білім беру жүйесіндегі қолға алынып отырған өзекті мәселе. Дарынды балаларға білім  беруді әр ғылымның бүгінгі даму дәрежесіне сәйкес жүргізу, бір жағынан қоғамға талантты мамандар дайындауда тиімді болса, екінші жағынан, ерекше  дарынды  баланың тек өзін зияткерлік дамуын қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.    

          Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты-олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Дарындылықты дамытуда оқытудың әр түрлі жаңа технологияларын тиімді пайдаланудың маңызы зор. Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екендігі ғылымда  дәлелденген. Осы мәселені ғалымдар Л.Выготский,    В.Давыдов, Д. Эльконин.т.б. түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың рөлін анықтаған. Оқытуды өзектендірудің әдістемелік тәсілдерін назарда ұстап,танымдық тапсырмалар арқылы білім берсек,дарынды балалар қабілеті шыңдалады.Оқытуды өзектендірудің әдістемелік тәсілдері: білім алушыны тақырып бойынша қайшылыққа әкеліп, оны шешудің  жолдарын  табуды ұсыну,жағдаяттарды әр түрлі тұрғыдан  қарастыруды ұсыну, нақты сұрақтар қойып, нақты тапсырмалар ұсыну.

          Қазіргі талантты балаларды дәстүрлі сабақтар жалықтырары сөзсіз. Дарынды оқушылармен сабақ жүргізу әрекетінде мұғалімге үлкен міндеттер жүктеледі. Мұғалім тапсырманы алған білімді жаңғыртатын, эвристикалық ізденіс тәсілдерін қажет ететін, зерттеу элементтерін пайдаланатындай етіп құруы керек. Тапсырманы түрлендіре отырып, дарынды бала бойындағы қабілетті басты назарда ұстау қажет. Тапсырмалар ойлануға, талдап жинақтауға, абстрактілеуге құрылады. Түпкі нәтижеде оқушы өздігінен ізденеді, зерттеу жүргізеді, теорияны тәжірбие арқылы талдауға талпынады. Сын тұрғысынан ойлау мен дамыта оқыту технологияларына негізделген сабақтар оқушының қабілетін жан – жақты ашуға, оқушы көзқарасын қалыптастыруға септігін тигізеді. Мұндай шығармашылық сипаттағы сабақтар арқылы оқушылар дербес ізденіп, жаңа білімді өз белсенділіктерімен алу әрекетін ұйымдастырады, өзара ой алмасады. Олар сын тұрғысынан қарап сөйлеуге үйренеді. Сабақ үдерісіндегі шығармашылық бағыттағы тіл дамыу жұмыстары, оқылған көркем шығармаға рецензия жазу, тақырып бойынша мәтін құрастыру, ойтолғау жазу, ұсынылған тақырыпқа сценарий жазу, мектеп пен ауыл өмірі, игі бастамалар, үлгілі істер туралы мақала жазу, әдеби кейіпкерлермен сырласу, оларға ашық хат жазу, баяндамалар жазу, рефераттар қорғау, тақырыптық кештерде өзіндік көзқарасын білдіріп ұсыныс, пікірлер айту сияқты ойлау мен жазу әрекеті арқылы оқушы шығармашылық жұмысқа төселеді. Осындай өзіндік ойлау мен ізденушілік әрекеттің нәтижесі оқушыны ғылыми – зерттеушілік жұмысқа бағыттайды.

           Дарынды оқушылардың дүниетанымын кеңейту, шығармашылық жұмысқа баулу, ізденушілік қабілеттерін жетілдіруде сыныптан тыс жұмыстарды жүргізудің маңызы зор. Кейбір зерттеушілер (А . Матюшкин, О . Нильсон, Б . Айтмәмбетов, т.б) сыныптан тыс жұмыстар оқу жоспарына сай оқушылардың білім дәрежесін толықтырушы және белгілі дәрежеде оқыту үрдісін оңтайлы ұйымдастырушы, оқушылардың  дербестік қасиеттерін дамытушы құрал ретінде қарастырады. Оқушылардың пәнге қызығуын оқу бағдарламасы шеңберінде қанағаттандыру мүмкін емес, сондықтан да сыныптан тыс әр түрлі жұмыстар жүргізіледі. Сыныптан тыс жұмыстардың маңызды ерекшелігі – оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін жетілдіру. Дарынды балалардың қабілетін дамытуда ізденімпаздық шаралардың маңызы зор. Атап айтқанда:

1.     Ғылыми – практикалық конференция (ғылыми баяндама жасау, рефараттар қорғау, жоба қорғау);

2.     Пәндік үйірмелер;

3.     Пәндік олимпиадалар;

4.     Абай, Шәкәрім, Мұқағали оқулары;

5.     Зияткерлік ойындар, дебат;

6.     Ақындар айтысы, шешендер сайысы.

Осындай бағыттағы жұмыстар арқылы бала белгілі бір шеберлікке жеткен   соң оның шығармашылық қабілеті дамиды, өзіндік идеясы туып, үлкен ізденіс пайда болады. Мұндай әрекет шығармашылыққа баулып, шәкірт бойындағы талант көзін ашуға, тілін байытуға, қиялын ұштауға және өз бетінше ізденуіне мол әсерін тигізеді. Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстарға қатысу арқылы оқушылардың қоғамдық , шығармашылық белсенділігі артады. Сонымен бірге оқушылардың іс – әрекетке, нәтижеге жетуге сенімділігі қалыптасады, шығармашылық ой – өрісі кеңейеді, дербес жұмыс істеу дағдысы жетіледі.

      Жас таланттың бойындағы табиғат берер ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның әрі қарай дамуына бағыт – бағдар бере білу – жауапты іс. Алайда әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу – ұстаз парызы. Егер өз заманының озық өнегесін санасына сіңіріп, оларды шығармашылық бағытта жан – жақты дамыта алсақ , қоғам алдындағы ұстаздық парызды ақтаған болар едік. Ендеше бүгінгі таңда ұлттық рухы жоғары, білімді, дарынды ұрпақ тәрбиелеп шығару әр педагогтің алдында тұрған ең маңызды міндет болып табылады.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама тақырыбы: "Дарынды оқушыны дамыту - ұстаз парызы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Страховой брокер

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 647 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.01.2017 506
    • DOCX 17.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ералиева Жанат Буркталиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ералиева Жанат Буркталиевна
    Ералиева Жанат Буркталиевна
    • На сайте: 7 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 1149
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 16 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 326 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Мини-курс

Психологические аспекты родительства и развития ребёнка

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы гештальт-терапии: история и теория

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 16 человек

Мини-курс

Маркетинг в сфере услуг: от управления до рекламы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 14 регионов
Сейчас в эфире

Информационная интоксикация: методы исцеления

Перейти к трансляции