Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Доклад по казахскому языку на тему "Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияны қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру"
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Я люблю природу», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 15 ДЕКАБРЯ!

Конкурс "Я люблю природу"

Доклад по казахскому языку на тему "Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияны қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру"




Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияны қолдану арқылы

оқушылардың қызығушылығын арттыру


Ақпараттық технологияның мақсаты:

- ақпараттық технологияны пайдалану арқылы білім сапасын арттыру;

- жеке тұлғаның дүние танымдық көзқарасын қалыптастыру;

- мұғалімдер мен оқушылардың шығармашылық потенциалын дамыту;

- жеке тұлғаның ақпараттық сауаттылығын арттыру;

- компьютерлік желілермен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;

- жаңа ақпараттық технологияны пайдалануға болатынына көз жеткізу;

Баяндаманың міндеті:

  1. ақпараттық технологияны оқу үрдісіне оңтайландыру, тиімділігін арттыру;

  2. жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтеріне жан-жақты пайдалану, кеңістігін кеңейту;

  1. мұғалімдер мен оқушылардың сабақта ақпараттық технологияны жиі қолдануын қамтамасыз ету;

  1. оқушылардың шығармашылық даралығын қалыптастыру:

  1. компьютерлік техникалық интернет, компьютерлік желі, Электрондық және телекоммуникациялық құралдарды тиімді пайдалану арқылы білім сапасын арттыру;

Ақпараттық білім беру кеңістігінің құрылуымен, әлемдік ғаламдану процесінің жеделдеуімен байланысты еліміздегі ақпараттандыру үрдісі жүйелілік, жоспарлылық бағытта жүзеге асырылып келеді.

Сонымен қатар, қазақ тілін оқытуды оңтайландыру мен қарқынды ету қазіргі заманғы білім беруді ақпараттандыру мен модернизациялау жағдайындағы басым бағыттардың біріне айналып отыр. Бұл маңызды мәселені шешу мұғалімге, оның оқытудың мақсаттары мен шарттарына сай жаңа технологиялар мен әдістемелерді қолдана білуіне тікелей байланысты. Соңғы жылдарда қазақ тілін оқытуда жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, электрондық, мультимедиялық бағдарламалық өнімдерді қолдану мәселелеріне қатысты арнайы ғылыми-әдістемелік зерттеулер жүргізіліп (Г. Бектұрованың, К. Мухлистің, Ә. Құрышжанованың, С. Дүйсенованың зерттеулері), электрондық оқу құралдары мен мультимедиалық бағдарламалық өнімдерді жасауға жете көңіл бөліне бастады.

Заман ағымына қарай күнделікті сабаққа бейне, аудио, қондырғылар мен теледидарды, компьютерді қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Кез келген сабақта электронды оқулықты пайдалану оқушылардың белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.

Осыған байланысты ХХІ ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр. Олар: компьютерлік техниканы, интернетті, компьютерлік желі, электрондық оқулық, интерактивті тақтаны оқу үрдісінде тиімді пайдалану арқылы оқушылардың білімділігін күшейту және білім сапасын көтеру.

Ғылыми зерттеулерде оқу материалын меңгерудің сапасы мен нәтижесі ақпараттарды алудың тәсілдері мен оқушының белсенділігінің деңгейіне тікелей байланысты екендігі айтылып жүр: оқу үрдісінде оқушы оқыған материалының 10%-ын, естігенінің 20%-ын, көргенінің 30%-ын, ал өзі жасағанының 90%-ын меңгереді екен. Қазіргі заманғы мультимедияның, интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін ұтымды пайдалану нәтижесінде оқыту үрдісінде қажетті ақпараттарды осы айтылған тәсілдердің барлығы арқылы бір мезетте алуға болады.

Ұстаздың қоғам өмірінде алатын орны мен олар атқарып отырған міндеттердің айрықша маңыздылығын Елбасымыз Н.Назарбаев «Мұғалімдер – қоғамның ең білімді, ең отаншыл, ең санампаз бөлігі болып табылады» деп атап көрсетті. Әр мұғалім күнделікті сабақта өз ісін зерттеп, жаңашыл әдіс-тәсілдермен оқушының білім сапасын арттыруы керек. Соның бірі – ақпараттық технология.

Ақпараттық технология – ақпараттарды жинау, сақтау және өңдеу үшін бір технологиялық тізбекте біріктірілген әдістер мен өндірістік және бағдарламалық-технологиялық құралдардың жиынтығы.
Оқыту үрдісінде ақпараттық технологияны қолдану білім сапасын жақсартуға көмектеседі. Сонымен бірге кейде қол жетпейтін көрнекіліктерді пайдалануға, білім мен мәліметтерді әр түрлі формада ұйымдастыруға, қажетті модульге тез арада қол жеткізуге көмектесе алады.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол. 

Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Мемлекеттік тілді оқытудың тиімді де ыңғайлы жүйесі мен құрылымын қалыптастыру әрбір мұғалімнің шеберлігі мен шығармашылығына байланысты.

Қазір білім саласында оқытудың жаңа технологиясы кеңінен қолданылуда. «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай жаңа білім беру өте қажет» деп, ел Президенті атап көрсеткендей, электронды оқыту әдіс-тәсілдерін мектеп өміріне енгізу – жаңа білім берудің бірден – бір шарты.

Интерактивті құралдардың көмегімен мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр.

Интерактивтік тақтаны оқытушыға сабақты қызықты және динамикалық түрде мультимедиялық құралдар көмегімен оқушылардың қызығушылықтарын тудыратындай оқуға мүмкіндік беретін визуалды қор деп те атауға болады. Сабақты түсіндіру барысында мұғалім тақта алдында тұрып, бір мезетте мәтіндік, аудио, бейне құжаттарды DVD, CD-ROM және Интернет ресурстарын қолдана алады.

Мысалға, 7 «б» сыныбында «Етістіктің шақтарын қайталауда» тақтада берілген кестені толықтырып жазды. Кестені көргеннен оқушының ойында шақтардың іштей нешеге бөлінетіні бірден анықталды, яғни ойлау процесінің шапшаңдығын іске асырды. Интерактивті құралдарды сабақта пайдаланғанда бірнеше мәселелерді шешуге:

-        Алған білімді жүйелеуге;

-        Өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастыруға;

-        Жалпы оқуға деген ынтасын арттыруға көмектесті.

hello_html_6e893593.pnghello_html_1fd07540.png









Оқу процесінде, оның ішінде практикалық сабақтарда интерактивті құралдарды қолдану мұғалімнің жеке тәжірибесіне, шығармашылық ізденісіне байланысты. Интерактивті құралдар оқыту формасын ұйымдастыруды түрлендіруге, дәстүрлі оқыту әдістеріне жаңа элементтер енгізуге мүмкіншіліктер жасайды. Бұл оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады. Қорытындылай келе интерактивті құралдарды орынды қолдану оқыту сапасын жетілдіруге көмектеседі.

Қазіргі заман талабына сай болашақ мұғалімдерді даярлауда электрондық оқулықтар да тиімді болып отыр. Мектеп мұғалімдерін жаңа ақпараттық технологиялармен қаруландыру – бүгінгі күннің талабына айналғаны сөзсіз. Сондықтан қазіргі таңда электронды оқулықтардың көптеп пайдаланылуын міндеттейді.

Білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі талаптарының бірі – оқу үрдісіне электрондық оқулықтарды пайдаланып қана қоймай оны жасау және пайдалану.

Мұғалім үшін электрондық оқулық бұл күнделікті дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе. Оны әрбір мұғалім өз педагогикалық тәжірибесінде материалдармен толықтыра отырып, ары қарай жетілдіре алады.

Оқу материалдарын ұтымды игерудегі электрондық оқулықтардың атқаратын ролі зор. Электрондық оқулықтарда теориялық тақырыптар кеңінен беріліп түсіндіріледі.

7-сыныпта Морфология тарауында сөз таптарының түрленуін бастағанда «Септік жалғауларын» толығырақ электронды оқулық арқылы түсіндірдім. Теориялық материалдарды графикалық иллюстрация түріндегі әр түрлі суреттер, сұлба тәсілдері толықтырып отырады. Мысалы септіктердің әрбіреуінің сұрақтарымен бірге суреттерді де қатыстырып берген. Бұл арада оқушылардың бойында теориялық білімді оқумен бірге, көзбен көріп, түсініп және мида бекіту үрдістері ұтымды болды.

hello_html_6a83717f.pnghello_html_58c57c52.pnghello_html_m5682a2f8.pnghello_html_m6fab7b85.pnghello_html_m6edb3305.png
















hello_html_m6547f8f5.pnghello_html_4ac1f809.png









Сонымен, болашақта мұғалімдердің электрондық оқулықтарды қолдануы – шығармашылықпен жұмыс жасауға, белсенділікті арттыруға т.с.с. мүмкіндіктердің көп екенін көруге болады.

Ақпараттық технологиялардың бірі аудиоматериалдар сабақта мынадай мақсатта қолданылады: біріншіден, қажетті ақпаратты күшті әсерлілікпен жеткізеді; екіншіден, оқушының бақылаушылығы мен талдау дағдыларын жетілдіреді, үшіншіден, өз пікірін, ойын тұжырымдап айтуға үйретеді. Таспа арқылы тыңдалатын мәтін оқушының тілін дамытады. Тіл үйренудегі тыңдау сөйлеумен тығыз байланысты. Оқушыға таспадан естігенін тілінде пайдалану қажеттігі туады. Таспадан тыңдалған мәтін бойынша сұрақ қою ең тиімді жол, өйткені оқушы сұраққа дұрыс жауап беру үшін мәтінді ынтамен тыңдап, мәнін түсінуге тырысады.

Ал, видеосабақтар ең алдымен арнайы даярланған сөйлеу үлгісіндегі материалдарды енжар қабылдамай, керісінше өз бетінше ізденуге үйретеді және мұғалімнің көмегі арқылы сөйлеу бағытындағы әрекетін қалыптастырады. Видеосабақтарды оқу материалына тиімді енгізу сабақтың сапасын арттырады.

Тек видео көріністерді көрсетуде есте сақтауды қажет ететін негіздер:
- видео көріністер оқушының жасына, қабылдауына қарай сұрыпталуы керек;
- Видео көріністер бағдарлама бойынша өтілетін тақырыппен мазмұндас болуы шарт.

Оқытудың техникалық құралдары үшін қолданылатын құралдар көп. Тек тиістісін таңдай біліп, орнымен қолдана білген жөн. Мектептерде осындай техникалық құралдарды пайдалану үшін жағдай жасалған. Ол үшін арнайы лингафон, мультимедиа, компьютер кабинеттері жабдықталған, интерактивтік тақталар орнатылған, Интернетке шығу жолы бар. Жаңадан жабдықталған компьютер сыныбында мультимедиялық мүмкіндіктер, интернет торабымен байланыс жүзеге асырылады. Осы арқылы өз жұмысында компьютерді қолданған мұғалім өзінің өткізетін сабағының сапасын арттырып, оқушылардың танымдылық қызметін ұйымдастыруды белсенді түрде жүргізетініне тағы бір көз жеткізуге болады.

Оқытудың компьютерлік құралдары дидактика мен әдістемесінің жаңа қырынан дамуына ықпал ететіні сөзсіз.Яғни оны оқу үрдісінде пайдалану негізінде:

  1. оқытудың сапасы артады;

  2. оқыту жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізуге кететін шығындар азаяды;

  3. уақыт үнемделеді;

  4. түрлі иллюстрациялар пайдаланылады;

  5. түрлі әдістемелік құралдармен қамтамасыздандырулар жеделдетіледі;

Олай болса, әр ұстаз қауымы осы жаңа ақпараттық технологиялардың қыр-сырын жетік игеріп, жеке электрондық оқулықтар шығарып, болашаққа нық қадам басуымыз керек!

Оқу үрдісін ақпараттандыру арқылы нәтижеге жетемін деген мұғалім алдымен келесі міндеттерге мән беру керек:

  1. Компьютерлік оқу құралдарын зерделеу және қолдану;

  1. Тиімді тәсілдерді анықтау;

  1. Ақпараттық технологияларды зерделеу;

  1. Тәсілдер мен материалдарды құрастыру және қолдану;

  1. Қолданылған тәсілдердің нәтижесін бағалау.

Педагогикалық мониторинг – педагогикалық жүйенің қызметін бақылап отыру үшін қажетті ақпараттарды жинау, сақтау, және өңдеуді ұйымдастырудың түрі.

Қазақ тілі пәні мұғалімдеріне мониторингті пайдалану не береді?

  1. Біз кез келген кезеңде кез келген сыныпта оқу процесінің барысы туралы нақты мәліметті біле аламыз.

  1. Салыстырмалы мониторинг оқу жылы бойында білім сапасының өзгеруіне ықпал ететін шешімдерді қабылдауға мүмкіндік береді.

  1. Мұғалім үшін оқу әрекетіне диагностика жасап отыру нормаға айналады: өз жұмысының жыл бойындағы тиімділігіне және әріптестерінің жетістіктерімен салыстырғандағы тиімділігіне.

  1. Өзін-өзі жетілдіруге, сабақ үрдісін ұйымдастырудың тиімді түрлерін іздеуге деген қажеттілік туады.

Ақпараттық технологияны қолдануда күтілетін нәтиже:

  1. жаңа ақпараттық технологияны қолдану арқылы білімнің сапасын көтеру;

  2. мультимедианы, интерактивті тақтаны, он-лайн жүйесін мұғалімдер мен оқушылардың еркін пайдалануына жол ашу;

  3. Отандық білім беру жүйелерін біртұтас әлемдік, ақпараттық білімдік кеңістікке ену арқылы сабақтастыру;

  4. жаңа ақпараттық технологияны қолдану саласы бойынша оқушылардың мамандыққа баулу механизмін құру;

Қорыта айтқанда халқымыздың рухани көсемі А.Байтұрсынов «Мұғалім әдісті көп білуге тырысу керек. Оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек» дегендей, біз де ұйымдастыруда нәтижелі болатын әдістерді сұрыптап пайдалануымыз қажет. Озық тәжірибелермен танысып, пән мұғалімдерімен тәжірибе алмасуға тырысу керекпіз. Өйткені, сабақтың тартымды өтуі, ұтымды тәсілдерді дұрыс қолдана білу бізден, яғни бүгінгі мұғалімнен ізденісті талап етеді.



Қолданылған әдебиеттер тізімі:


1. Н.Ә. Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан » (Ел президентінің халыққа жолдауы) 2007 ж.

2. Ж. Садыбекова. Оқу-тәрбие үрдісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану қажеттілігі.   «Информатика негіздері», 2008 ж. № 4.

3. Информатиканы оқытуда интерактивті тақтаны қолдану. «Информатика негіздері», 2008 ж. № 5.



Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 20 декабря. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-223811
Курсы профессиональной переподготовки
133 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 20 декабря
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>