Бүгінгі
таңда барлығымызға белгілі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.
Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына жолдауында .
«Қазақстан
Стратегиясы – 2050 жылғы қалыптасқан мемлекетіміздің жаңа саяси
бағыты. Сол бағыттарының ең басты принциптері :
ХХІ ғасырдың жаһандық он сын- қатеріндегі:
Осының
ішінде: 1) сын-қатер- тарихи уақыттың жеделдеуі және 9) сын-қатер-
өркениетіміз құндылықтарының дағдарысы.
Ал,
енді ең басты саяси экономикамыздың дамуы жөнінде жетінші принципінде
былай делінген:
7. Жаңа
қазақстандық патриотизм – біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз
табысының негізі
Сегіз принципінің – 3 үшінші принципі
жатады: Қазақ тілі және тілдердің
үштұғырлылығы
Бұл еңбек Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә.
Назарбаевтың «Үштұғырлы тіл» саясаты негізінде кезең-кезеңмен іске асырылуға
тиіс мәдени жоба шеңберіндегі жұмыс түріне ұсынылады. Елбасы идеясын
сапалы түрде жүзеге асыру негізінде жасалған мектепішілік әлеуметтік жобалар
үлгісі әрбір ұстазға бүгінгі ұрпағымызды үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары
білімді зияткер тұлға ретінде қалыптастыруға көмегін тигізеді. Бүгінгі ұрпақтың
«мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз және ағылшын тілін
үйренеміз» ұранымен тілдік ортада маңызды қадам жасауына жетелейді.
Сондай-ақ, табиғатқа, жеке тұрғын-жайымызға және тіпті өз
өмірімізге саналы көзбен қарауды перзенттік парызымыз деп түсінетін адам
тәрбиелеуге қажет тәрбиелік – әдістемелік құрал болып табылады.
Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаев 2006 жылдың қазанында өткен
Қазақстан халқы ассамблеясының XII құрылтайында «Үштұғырлы тіл» туралы идеяны
жария етті. Ал 2007 жылғы “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты халыққа
Жолдауында “Тілдердің үштұғырлылығы” атты мәдени жобаны кезең-кезеңмен іске
асыруды ұсынды. Қазақстан халқының рухани дамуымен қатар, бұл идея ішкі
саясатымыздың жеке бағыты болып белгіленді. Яғни, идеяның негізі мынадай:
Қазақстанды бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді
мемлекет ретінде тануы керек. Олар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі –
ұлт-аралық қарым-қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға
ойдағыдай кірігу тілі. Басқаша айтқанда, үштұғырлы тіл идеясын мынадай әрі
қарапайым, әрі түсінікті формуламен көрсетуге болады: мемлекеттік тілді
дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз және ағылшын тілін үйренеміз. Қазіргі
кезде мемлекеттік тілді оқып-үйренуге барлық жағынан жағдай жасалған. Тіпті,
мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың бәрінде курстар ашылып,
ғылыми-әдістемелік материалдар таратылады. Мемлекеттік тілді жетік меңгерген
басқа ұлт өкілдерін материалдық жағынан ынталандыру да дұрыс жолға қойылған.
Содан да шығар, көптеген қазақстандықтар қазақ тілін білуді – патриоттық
борышым деп санайды. Оған қоса, мемлекеттік тілді үздік меңгеру жеке бәсекеге
қабілеттіліктің, кез-келген қызмет саласындағы мансаптық өсудің факторына
айналды. Десек те, мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі іс-шаралар бұдан да
тереңірек және нәтижелі болуы шарт. Яғни, бізге елімізде тұратын барлық
этностардың тілін сақтай отырып, ұлт бірлігін нығайтудың маңызды факторы
ретінде мемлекеттік тілдің ауқымды қолданылуын қамтамасыз ететін тілдік саясат
жүргізу қажет. Ол үшін барша қазақстандықтардың мемлекеттік тілді меңгеру
жүйесін құру бағытында жұмыс ұйымдастырылуы керек. [1]
Елбасының
халыққа Жолдауының тағы бір маңызды тұсы – ата – бабаларымыздың
кейінгі ұрпақтарына мирас етіп кеткен кең – байтақ жерін сақтау мен
гүлдендіру.
Елбасы Жолдауын сапалы түрде жүзеге асыруды ұстаз ретінде
өзімнің басты міндетім деп санай отыра, өзгетілді бастауыш,орта буын, жоғары
сынып оқушыларының қазақ тілін үйренуге деген қызығушылығын арттыру мен қазақ
тілінде сөйлеуді қажетсінетін үзілістегі ойын үрдісін қалыптастыруда және табиғатқа, жеке
тұрғын-жайымызға және тіпті өз өмірімізге саналы көзбен қарауды перзенттік
парызымыз деп түсінетін ұрпақ тәрбиелеуде маңызы бар мектепішілік
әлеуметтік жобалар қатарын құрып, соның аясында түрлі шаралық әрекеттер
ұйымдастыруға болады. Мысалы мына бір эксперименттік сабағында:
Эксперименттің тақырыбы:Қазақ тілінде оқытатын жалпы білім беретін мектептерде үш
тілде оқыту.
Негізі: Көп тілде оқыту қазіргі тұлғаны қалыптастыру
негізі. Бүгінгі күні қалың жұртшылық назарына ұсынылған «Қазақстан
Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» осындай
заман талабынан объективті себептерден туындаған дүние. Аталған
құжатта Қазақстандық жас ұрпақтың үш тілді білу мақсаты айқындалып отыр.
Бұл бағдарлама «Үш тілде оқыту» экспериментінің жүйелі және толық өтуін
қамтамасыз етуге бейімделген.
Өзектілігі: Білім мазмұнын жаңарту арқылы келешекте кез - келген
ортаға бейімделе алатын көптілді меңгерген тұлғаны қалыптастыру.
Зерттеу объектісі: Оқу-тәрбие үрдісі
Зерттеу заты: Білім мазмұны, әдістері
Проблемасы: Қазақстан Республикасы көп ұлтты мемлекет және
Қазақстанның әлемдік білім кеңістігіне кіруіне барынша жауап бере
алатын жеке тұлғаны көптілді, көпмәдениетті қарым-қатынасқа түсе
білетіндей етіп қалыптастыруымыз керек. Сондықтан «Үш тілде оқыту»
арқылы осы мәселені шешуді көздейміз.
Эксперименттің мақсаты: Ұлттық білім саясатына барынша жауап бере алатын
көптілді меңгерген тұлғаны қалыптастыру.
Эксперименттің міңдеттері:
1.
Оқушылардың, ата-аналардың қажеттіліктерін, сұраныстарын анықтау.
2.
Оқу-әдістемелік дайындық жасау
3.
Эксперименталды сыныпта ағылшын тілінің сағаттар санын оқу жоспарының
инвариативті және вариативті бөліміндегі кейбір сағаттар есебінен
көбейту.
4.
Қазақ, орыс, ағылшын пәндерін оқытуда жаңа технологияларды енгізу арқылы
оқушылардың коммуникативті дағдыларын дамыту.
5.
Эксперимент шеңберінде оқу үрдісі мен тәрбие жұмысының сабақтастығын
қамтамасыз ету.
6.
Мұғалімдер мен оқушылардың ізденіс мәдениетін дамыту және қадағалау.
7.
Экспериментті оқу- материалдық техникалық базамен қамтамасыз ету.
Болжам: Егер оқу-тәрбие үрдісінде жеке пәндерді оқу жоспарында
үш тілде оқыту негізінде ұйымдастырсақ, онда Қазақстанның әлемдік
білім кеңістігіне кіруіне барынша жауап Бере алатын көптілді,
көпмәдениетті тұлға қалыптасады.
Зерттеу әдістері: Сауалнама (диагностикалық) бақылау, сынақ, байқау,
талдау, жинақтау, мониторинг жасау.
Эксперимент кезеңдері:
І
кезең – Дайындық және ұйымдастыру – 1 жыл
ІІ
кезең – Практикалық (негізгі
)
–3 жыл
ІІІ
кезең –
Қорытынды
- 1 жыл
Күтілетін нәтиже: Салауатты өмір салтын ұстанатын, іздемпаз, жігерлі
шығармашыл, кез-келген ортаға бейімделе алатын, әлемдік мәдениетке жетік,
ұлттық деңгейлі, рухани байлығы терең, көптілді меңгерген, көп мәдениетті
тұлға қалыптасады.
Нәтижені бағалайтын критерийлер:
1.
Өткен нәтижені жаңа нәтижемен салыстыру.
2.
Жетістіктер (салыстыру)
3.
Барлық субъектілердің қанағаттану деңгейі (сауалнама)
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.