Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Доклад по казахскому языку на тему "Сегіз қырлы, бір сырлы..."
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Доклад по казахскому языку на тему "Сегіз қырлы, бір сырлы..."

библиотека
материалов

НугимановаАкблек Слихановна

Ақтөбе қаласы


19 орта мектебінің қазақ тілі мен

әдебиеті пәнінің мұғалімі

«Сегіз қырлы, бір сырлы тұлға...»

Жүз жиырмада ақын Сәкен-ер данасы

Сәкен-сұңқар, Октябрь бел баласы.

Сәкен жырдың сарқылмас дариясы,

Сәкен даңқы қазақтың кең даласы

ХХ ғасырдағы қазақ поэзиясына жаңа түр, тың мазмұнмен байытқан ақиық ақын, ірі мемлекет қайраткері, сарабдал жазушы, драматург, әдебиет зерттеушісі, республика қаламгерлерінің бетке ұстар беделді серкесі, осыларға сал-серілігі мен сирек ұшырасатын сымбаттылығы қосылып, көзінің тірісінде-ақ аты аңызға айналған Сәкен Сейфуллин –қоғамдық ой-пікір, әдеби-мәдени тарихымызда ерекше орын алатын жарқын тұлға

Сәкен қайраткерлігіне бір арнадан қарап, бір жүйеде баға беру дұрыс болмайды. Қазақтың мақтанышына айналған азаматтың өр тұлғасынан талай өнер үлгілері тарамданады.

Сәкен ең алдымен өзінің өмір сүрген дәуірін жырлап, оны қастерлеудің оңтайлы жолдарын таба білген жаңашыл ұлы тұлға. Құдай берген дарынын сәулелендіруге сазгерлігі едәуір демесін жасап, сал-серілігі ажарлай түскені тағы бар. Сәкеннің өзімен қатарлас қанаттас болған қоғам және мемлекет қайраткерлерінен бір ерекшелігі оның ұлы ақындығында. Ал ақындығының ең мәнді сыры жаңашыл реформаторлығында. Жаңашылдықтың ең негізігі арнасы өмір сүрген замананың образын жасауында. Ақын жазушылар қай-қайсысы болмасын өз заманының образын жасауға талпынады, бірақ ондай дүние кез-келгеннің маңдайына жазылмайтын бақыт.

Өзінің ақындық талантының үлкен бөлігін қоғамдық өзгерістердің жаңашыл сипатын ашатын саяси тенденциясы басым азаматтық әуенге арнағанмен, Сәкен поэзияда лирик ақын есебінде де әдебиетімізде елеулі орын алады.

Сәкен лирикасы тақырыптық және жанрлық сыр-сипаты жағынан әр алуан. Ол туған даланың табиғатын, өлмес махаббатты, көңіл-күй әсерлерін жырлады. Соның бәрінде ақын адамның сезім күйін қоғамдық өмірмен тығыз байланыста көрсетті. Бұған дәлел -оның төңкерістен бұрын жазған өлеңдері.

Жаңа дәуірдің лирик ақыны ретінде Сәкен өз шығармашылығында осы халықтық гуманизм мен демократизмді дамытушы болды.Сәкеннің табиғат туралы өлеңдері қазақ кеңес әдебиетінде табиғатты жырлаудың жаңа ұстанымын қалыптастыруға ықпал етті.Ол табиғаттың әсем жыршысы атанды. Көкшенің сұлу суреті осы күнге дейін оқырман ұғымында Сәкен есімімен сақталып келеді. Бұл тақырыпқа ақын көптеген өлеңдер жазды.

Бұл тұста ақын табиғаттың сұлу көркін халықтың еңбегімен байланыстырады. Поэмадағы терең романтикалық образдар, қазақтың елдігіне атын қалдырып кеткен даналар мен қайраткерлер туралы көзқарастарына, қастерлеген суреттеуі-қазақ совет поэзиясының қалыптасу процесін өткеріп, енді өркендеу процесіне көше бастағанының айқын және шешуші белгісі болғанын аңғартады.  Көкшетаудан тарайтын тарих пен табиғат көрінісінің қазақ әдебиетіне,поэзиясына бергені де, дарытқаны да ерекше. Туған жерді суреттеудің алғашқы бастамасы болғаны да сондықтан.

Туған даланың сұлу табиғаты мен адал махаббатты бірлікте алып жырлауда Сәкеннің «Аққудың айрылуы» поэмасының ерекше маңызы бар. Үлкен гуманистік идеяны уағыздайтын романтикалық сарындағы махаббат туралы-бұл«Аққудың айырылуы» поэмасы шын мәнінде кімнің болсада көркемдік талғамына жауап беретіндей деңгейде дүниеге келді. «Аққудың айырылуын» лирикалық поэма дейміз, себебі мұнда бір мезеттік сәт қана суреттеледі. Қос аққу айдын көлде мәз-мейрам болып жүргенде қаныпезер сұр мерген біреуін атып алып, сыңарын қайғы-қасіретке батырады. Шын ғашықтық сезімнің қуатты күші жалғыздық пен өмір сүре алмайтынын сезінген кезде екінші аққу сұр мергеннің алдына асапаннан құлдилап келіп құлайды. Сүйгеніне қош деп қанатын бір қағып мәңгілікке көз жұмады. Адал махаббат туралы осы аңыздың үлкен гуманистік идеясы шын сезімді, достықты қадірлеуде, сұлулықты сүюде жатыр. Лирикалық поэманың көркемдік қуаты күшті, әсері мол болды.

Сәкен Абылайдың қалмаққа шабуылын, одан алып қайтқан орасан олжаларын нақты образбен көрсету үшін қолға түскен қалмақ қызын негізгі кейіпкер қылып алады. Бұл тарихи шындық болар, ал болмаған күннің өзінде шығарманың сюжеттік желісін өріп, көркем образ жасау үшін керек амал. Сондықтан қолға түскен қалмақ қызын талайлардың аузының суын құртатын деңгейде суреттеп қана қоймай, бүкіл қазақ тамсана, құмарлана оқитын дастанға айналдырды.Ол адам таңданарлық әсем арна тапты.Қолға түскен қалмақ қызы арқылы Абылай өз батырларының пиғылын байқайын деді ме, әлде өнерлерін сынайын деді ме, әйтеуір таңдауды қызға береді. Қыз құтылудың соңғы амалы деп білген себепті үш шарт қояды. Қыздың бірінші шарты бойынша Оқжетпес аңызы туған. Оны ақын айшықты жырымен өрнектеген. Екінші шарты бойынша Жұмбақтас жыры туды.

Үшінші шарттың қойылуымен поэманың ширатылуына әкеледі. Қыз өз тағдырын «Кептер кебі» деген сырлы жұмбаққа айналдырғанда, даңғой батырлардың ақылы жетпейді. Сана жарысынан ұтылып,елдің намысы кетіп бара жатқанына шыдамаған Адақ деген ер жігіт Абылайдан рұхсат сұрап, қойған шарттың бәрін орындайды. Әсіресе ақыл санаға жүк түсіретін «Кептер кебі» жұмбағын шешуі жиналған жұртты таңқалдырады. Сәкен ер намысы емес, ел намысын ардақтауды мақсат тұтқан. Поэманың негізгі идеялық желісі елдің ішінен шыққан қарапайым Адақ арқылы адамгершіліктің де, әділеттіктің де, мейірбандықтың да үлгісі екендігін көрсетпек болған.Сәкен «Көкшетау» поэмасында «Жеке батыр», «Бурабай», «Оқжетпес», «Жұмбақтас» хикаяларымен тек сюжеттік желіні өрбітіп қана қоймай, олардың жаны бейнесін сөзбен салып берді. Сонда әсем көрініске көз қуанады, қызықты хикаялар жаныңды баурайды.

Бұл нағыз табиғат лирикасы. Сәкен  аңызды баяндағаны болмаса, әрбір қимыл, іс-әрекетке мән дарыта бермейді. Ол көз қуантар табиғат келбетін оқушыға сөз

қасиетімен танытады, сүйсіндіреді. Автор құдды бір «Көкшетау» деп пейзаждық галерея жасап қойған секілді.


Әрине, ақынның қазақ әдебиетіне сыйлаған керемет дастандарынан талай әсемдік пен сұлулықты, керемет ажарлы сөз бояуын, таң қалдырар керемет образды, оқыс характерді кездестіреміз.Сұлу Көкшенің табиғаты мен ел тарихын байланыстыра жырлайды.

Сәкеннің көңіл күйі лирикаларының ішінде «Сыр сандық» атты өлеңі көрнекті орын алады. Адамдар арасындағы адал достық пен сезім тазалығын шерткен бұл шығармада ақын адамның рухани дүниесін биік құздың басына тығылған кілттеулі сыр сандығына балайды. Екінің бірі сол құздың басына шығып, сыр сандықты аша алмайды. Оны жан сырын терең ұғынған адал достар ғана аша алмақ. Сыр сандығын ашып, адам жанының сым пернесін басқанда ғана дос көңілі, сыры шертіледі. өлеңді ойға құру, мазмұнды түрмен ашу сияқты ізденістерді дамыта келіп,

сылқым сылдыры ойнақы өрнегі бар «Сыр сандықты» дүниеге әкелді.

Жары ГүлбаҺрамның естелігінде: «Ақсақ киік» әнін өмірінің соңғы жылдарында жазған, өз өмірі трагедиямен аяқталатынын сезген сияқты деп жазады...

Өлеңді өрнектеуі де қазақ поэзиясы үшін тың жаңалық болумен қатар сөздердің сазы көңіл қошын тез тауып еріксіз би билеткендей.

Сәкеннің ізденістері осындай өлең түрлеріне жеткізіп халықтың эстетикалық талғамын қалыптастыруға жәрдемін тигізді., Сәкен сөз құдіретін еркін меңгерген суреткер.

Бұл айтылғандар Сәкеннің лириканың шекарасын батылдықпен кеңейте алғанын, оны тек нәзік сезімнің көрінісі түрінде қалдырмай, оған азаматтық әуен, ойлы мазмұн бере дамытқанын дәлелдейді. «Ананың хаты», «Анаға жауап» сияқты өлеңдерінде ол ана мен бала арасындағы сағынышты сезімге жаңа қызметшісі- баланың салиқалы ойын қосады. Ол сағынып, «елге қайт» деп үгіттеген анасына тоқтау айтады. Бұл өлеңдерде ескі өмір мехнатын көп тартып, баласын өмір үшін күреске тәрбиелеген ана мен күрескер, жаңа қоғам иесі баланың нақты образдары жасалған. Сөйтіп, Сәкен лирик- ақын есебінде ізгі адамгершілік мінездерді, айнымас достықты, ана деген қасиетті сезімдерді қастерлеуші болды

Мұхтар Әуезов ол туралы былай деген: «Сәкеннің ақындық асуларында әр жотадан атой бергендей тәкәппар сөз үндері «жабы емеспіз, тұлпармыз», «құладын емес, сұңқармыз», — деп, бұрынғы өткен тарихқа бүінгі оянған табына дабыл ұрады. Оның шығармаларына біткен сезімнің барлығы да айқын ашық. Тұтас бітімді жоталы тұлғадан туатын көрнекті бүтіндігі бар сезімдер. Оның шыншылдығы қозып, жанып отыратын, буы білініп тұрған барынша нық сезім. Шын жүрек шыншылдығы. Сондықтан мұның жолы әр адымын санап басқан кісінің жолы емес, ылдиы бар, өрі бар шын өмір жолы, ыстық қанды нағыз Ақын жолы. Тегінде мағыналы, өрісті, көш бастар, белге шығар үлкен еңбек туса,осындай қайнар көзден шығуға лайық», — деген кемеңгер ой Сәкеннің ұлы ақындығын қалтқысыз түсініп әдебиеттегі орнын айна-қатесіз белгілейді.

Демек, өмір шындығына негізделген шығарманың қайсы болса да, қандай деңгейде жазылса да елеусіз қалмайтындығын көреміз. Бұл енді табиғатынан туатын құбылыс.

Сонымен, шын ақындық қуатпен жазылған шығармалар, әсіресе поэма-дастандар қазақ поэзиясына Сәкеннің қосқан інжу-маржандары еді. Сол туындылардың қадір-қасиеті уақыт озған сайын құрметтеле береді, жаңа ұрпақпен табыса береді.

     Егер Сәкен Сейфуллинді өз дәуірінің көзі, құлағы, көш бастаушы серкесі, сарабдал сыншысы дейтін болсақ әр кезде газет-журналда жарияланған материалдарынан осы айтқандарымызға сай келетін қасиеттерді көп кездестіреміз. Ол- бүкіл саналы ғұмырын, ақыл-парасатын, білімін туған халқы үшін сарп етіп, қаламы ұшқыр журналист ретінде де қызмет еткен азамат.

      Ойлы да көпшіліктің көкейіндегісін  тап басатын мақалаларымен халықтың санасына білім нәрін құйып, жаңалық мәнін түсіндірген, ізгілік сәулесін төгіп, ел-жұртының мүддесін қорғауға, оның болашағын ойлап жақсылық жолына қарай жетелеуді мақсат еткен мақалалары осы сөзімізге дәлел бола алады. Мысалы С.Сейфуллиннің қазақ тілінің мемлекеттік статусы және сол бағытта атқарылып жатқан істерді ұғындыру үшін жазған материалдары ерекше көңіл аударарлық материалдар, мемлекеттік тілге байланысты «Не қылдыңдар», «Қазақстанның заң комиссариаттарына теңеліңдер», «Кеңес істерін қазақ тілінде жүргізу керек» деген сияқты тағы басқа мақалалар жазып баспасөзде жариялаған.

      Сөйтіп, С.Сейфуллиннің публицистикалық материалдарының басым бөлігі оқу, ағарту ісін, мектеп, медресе жайын, оқушы, оқытушы хал-күйін өзекті арқау еткен. Оқымаған адам, оқымаған халық қашанда қараңғы, надан, соқыр болатынын, соқырдың күні қараң екендігін түсінген ол материалдарының бәрінде «Әр қазақтың жадында оқу болсын», « Қазақстан ел қатарына кірсін деген кісі оқу ісіне бар ынтасымен жәрдем, көмек қылуы керек», « Барлық күш оқуға» - деп жалпы халықты білім алуға, сауат ашуға үндеді.

     С.Сейфуллиннің публицистикалық еңбектерінің арасынан тағы бір ерекше орын алатын тақырып – баспасөз мәселесі. Оның көптеген мақалалары баспасөзді тарату, алдыру, оған қатысу, баспасөздің мақсаты, маңызы туралы орынды ойлар қозғайды.   Үшіншіден, С.Сейфуллиннің көркем туындыларынан, журналистік еңбектерінен басқа қазақ әдебиеті мен мәдениетінің өркендеуіне үлес қосқан әдеби-ғылыми материалдары мен басқа да зерттеулері баршылық. Мәселен, оның әр жылдары жазған: «Әдебиет һәм оның бағыттары», «Асау тұлпар туралы», «Қазақтың көркем әдебиеті туралы», «Әдебиет майданында», «Әдебиетті бағалау және құлық – сананы тексеру», «Көркем әдебиет туралы білуге тиіс үш нәрсе», «Көшпелі дәуірдегі қазақ әдебиетінің күйлерінен», «Әдебиет – тап  құралы» , «Қазақ әдебиеті туралы хат», «Шашыранды сөз, даулы мәселелер туралы», «Байсалды жүйрік», «Биыл мен не жазамын», «Өрлеу үстінде» секілді мұралары осыны дәлелдейді.

     С.Сейфулиннің бұлардан басқа да ұлттық мәдениет, өнер саласындағы толғақты мәселелерді көтерген ойлы туындылары аз емес. Олардың қатарына «Ұлт театры туралы», «Мәдениет майданында» секілді мақалаларын жатқызуға болады. Бұл шығармалардың қай-қайсысында болмасын жазушының ұлттық өнеріміздің кемшін соғып жатқан тұстарын тап басып, оны өзге ұлттар өнерімен терезесі тең дәрежеге көтеру жолындағы ой-пікір, ұсыныс-талаптары айтылады.

     Сәкен төңкеріс жылдарының алғашқы күндерінен бастап-ақ жаңа өмірдің жаршысы, күндіз-түні бел шешпей сол өмірді қалыптастыруға қызмет еткен қайраткер болғандықтан журналист ретінде де елдің ішкі, сыртқы саясатына, халық шаруашылығына, өндіріс өнеркәсібіне, тұрмыс-салт, ел, халық, заман, планета тіршілігіне ерекше көңіл бөліп, қаламының қажырын да соған жұмсаған. Күнделікті тіршіліктен хабар беріп, елдің сол кездегі саясатына бұқараның көзін ашып, түсінбей жатқан тұстарын түсіндіруді, барлық салада да көкірегінің көзі бар, сауатты азаматтарды тәрбиелеуді өзіне парыз санаған. Журналистік еңбегінің ауқымды бөлігін осыған арнаған.

     Қорытып айтар болсақ қазақ әдебиетінің негізін қалаушыларымыздың бірі Сәкен Сейфуллин журналистика саласында да өнімді еңбек етіп, мол мұра қалдырды. Алуан жанрда қалам тербеп қазақ журналистикасының көптеген жанрларының қалыптасуына жәрдемдесті. Баспасөзде ұлтын қорғап, халықтың тілі, дәстүрі, мәдениеті мен әдебиеті жайлы құнды-құнды пікірлер түйді.  

Сәкен шығармаларын өз сабақтарымда рольге ойнату ,сын тұрғысынан ойлауға байланысты тіл мен әдебиет сабақтарында олардың хатын оқу, кейіпкерлерге сындарлы хаттар жазу арқылы ой бөлісу деген сияқты, «Стоп кадр» әдісін қолданамын. Сабақты қорытындыларды оқушылардың білімдерін бекіту мақсатында «Ыстық орындық» арқылы өзара сұрақ қойып, білімді жетілдіру үшін оқыту үшін бағалау түрлерін, яғни формативті оқыту әдістерін тиімді қолдану арқылы оқушылардың оқуын ілгері жылжытуға тырысамын. «Стоп кадр» -бұл мысалы тақырып негізінде фильмдердің үзінділерін АКТ(ақпараттық комуникативті технологияны) пайдалану арқылы көрсетемін.Оқушылар топта бөлініп кадрды тоқтатады. Сол тоқталған кадр бойынша өз білімдерін айтады.Оны әр түрлі ұйымдастыруға болады. Сәкен бірнеше сағатқа бөлінеді жоғарғы класта. Сол себепті оқушылардың тақырып негізінде қаншалықты білімі бар екендігін өздеріне өлшету үшін «Мәуелі ағаш» немесе білім ағашын қолданамын. Тарау соңында қайта белгілеу арқылы оқушылар тақырыпты қаншалықты мегергендіктерін өздері бағалай отырып, қай тұсын жетілдіруге болатынын анықтайды. Яғни, өзін өзі басқаруға ұымтылады, әрекет жасайды. Топтастыра оқу арқылы, АКТ-ны тыңдалымда, оқылымда қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығы артады, белсенділігі артады.




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 19.11.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров258
Номер материала ДВ-170021
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх