Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Доклад на тему "Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқытудың тиімділігі"

Доклад на тему "Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқытудың тиімділігі"

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқытудың тиімділігі.


Сабақта мұғалімнің өзінің не біліп, не істейтіні маңызды –ақ,

бірақ оның ықпалымен шәкірттерінің не біліп, не істейтіні

одан да маңыздырақ. Нағыз ұстаз, міне, осынысымен бағаланады.


Марк Туллий Цицерон



Қазіргі өзгермелі өмірде әлемдік білім беру кеңістігіне кірігу үдерісі күн өткен сайын үдей түсуде. Білім беру философиясы мен амалдарына, мұғалімдердің кәсіби құзіреттілік деңгейлеріне қойылатын талаптар да өзгеруде.
Қазақстан әлемдік білім беру кеңістігіне енуі отандық білім дамуының стратегиялық жоспарын әзірлеуді және соған орай ұлттық білім жүйесінің жетістіктері мен білім дамуындағы жалпы әлемдік үрдістерді ескеретін жаңа үлгісіне көшуді талап етуде. Білім бере отырып, тиімді жолмен жаңа заман тұлғасын қалыптастыру әр ұстаздың мақсаты екені анық. Білім мазмұнын жаңартудың ғылыми негізіне оқушы белгілі бір қажетті біліктер мен дағдылардың иесі, оқу әрекетінің субъектісі,әр түрлі мәдениеттер мен өз көзқарасы тұрғысынан білімді, сауатты, өз ойын дұрыс әрі шебер жеткізе білетін, мәдениетті тұлға.

Қазіргі кезде білім мазмұнына байланысты енгізіліп отырған жаңа әдістеменің ерекше жағын көре білу, түсіне білу және оның басқа әдістемелермен қандай байланыста екенін білу керек.Бұл бағытта білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялары ,жаңа технологиялары бар. Қазіргі таңда мектептерде педагогикалық қауымдастық білім беру үдерісінде жиі пайдаланып жүрген технология «Сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасы болып табылады.

Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз не?

Ақпаратты қабылдаудан басталып, шешім қабылдаумен аяқталатын ойлаудың күрделі процессі.

Сыни тұрғыдан ойлау деген – әр жеке тұлғаның кез-келген жағдайдағы мәселені ойлап, зерттеп қорытып, өз ойын еркін ортаға жеткізе алуы.

Сыни тұрғыдан ойлау, өзіндік, жеке ойлау болып табылады.

Ол – өз алдына сұрақтар қойып және үнемі оларға жауап іздеу, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтау, әр мәселеге байланысты өз пікірін айту, оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді.
Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деген түсінік береді. Бұл модуль арқылы маңызды мәселелерді талқылауға болады және білім беру үшін тиімді болып табылады. Бұл оқушылардың да мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Сыни тұрғысынан ойлау модулін таңдау кезінде мұғалімнің білімділігінен қатар оқушыларға деген сенімділік күшті болу керек. Оқыту үрдісінде қалыптасқан көзқарастар мұғалімнің сыныптағы барлық іс-әрекетіне әсер етеді. Сын тұрғысынан ойлаудың ең жақсы тұстары балалардың жан-жақты іздену қабілеттері дамиды және нашар оқитын оқушыларда да қозғалыс, ұмтылыс, жұмыстану қабілеттері пайда болады.

Сын тұрғысынан ойлау әдістерінің мақсаты- педагогтардың оқытуда жаттанды ақпараттан гөрі, ондағы қойылған мәселені зерттеуге, талдауға және салыстыруға, ой толғауға және бағалауға көшуіне салуы үшін көмектесу. Сөйтіп, оқушының өз бетімен ақпаратты қалай табуға болатынын, оны қалай өңдеп, өмірде қалай қолдану керектігін білетін, әлемдік стандарт талаптарына толық сай келетін, болашақта жетістікке қол жеткізер азаматтарды дайындау.

Сын тұрғысынан ойлау негізінде сауаттылықтың басымдық дағдысын дамыту- оқу, жазу және барлық пәндер арқылы қарым-қатынас жасау жатыр. Оқуды түсінуге бағытталып ойластырырылған стратегиялар академиялық мәтіндерді оқу және дәрістерді таңдау үрдістерін қарқындатуға көмектеседі. Ал жазу әдістері оқушының оқыған мәтіні туралы өз ойын сыртқа шығару дағдысын дамытады.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту үшін келесі іс-шаралар орындалуы шарт:

-сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт қажет.

-Оқушыларға олануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру.

-Әр түрлі пікірлер мен идеяларды қабылдай білу.

-үйрену барысында оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау.

-кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға айналдырмау.

-сын тұрғысынан ойлауды бағалау.

-өз пікірін ашық білдіруді талап ету қажет.

Сын тұрғысынан ойлау үш бөліктен тұрады:
Біріншіден, сын тұрғысынан ойлау өзіндік және жеке ойлау болып табылады.
Екіншіден, сын тұрғысынан оқыту жаттанды қағидаларды дәлелдеп айта беру емес, оқушы оқып, оны еске сақтап айту қаблеті жоқ, керсінше терең ойлау арқылы ескіге жаңаша көзқарас қалыптастыру мүмкін, тың идеялар ойлап табуы мүмкін.
Үшіншіден, сын тұрғысынан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтаудан басталады.

Жалпы адамзат баласы тумысынан білуге құмар болып келеді.Өзінің жеке қызығушылықтарымен қажеттіліктеріне жауап беруге талпынады.
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны ашу, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.
Қызығушылықты ояту
Үйрену процесі – бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғату, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін “Топтау”, “Түртіп алу”, “Ойлану”, “Жұпта талқылау”, “Болжау”, “Әлемді шарлау” т.б. деген аттары бар әдістер (стратегиялар) жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру. Өйткені, үйрену – енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет екені даусыз. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады, тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады.
Ойлау мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі мағынаны ашу (түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі INSERT. Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында V – “білемін”, ― - “мен үшін түсініксіз”, + - “мен үшін жаңа ақпарат”, ? – “мені таң қалдырады” белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну – күрделі жұмыс. Сондықтан да, оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру – аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі.
Үйретушілер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға, яғни байланыстар құруға дағдыландырады Тақырып туралы ой-толғаныс – бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді. Бұл үйрену сатысы – ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады. Әр түрлі шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейді.
Сын тұрғысынан ойлау – оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама. «Мен» ді есепке алып отырады. Жалпы СТО әдісін пайдаланғанда мынадай қорытындыға келдім: 
• Оқушының ойлау қабілеті дамиды.
• Оқушының сабаққа және шығармашылық жұмысқа деген ынтасы артады.
• Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы оянады.
• Оқушылар сенімділікпен жұмыс істейді.
• Өз пікірін ашық айта алады.

Пайдаланған әдебиеттер:


1. «Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту нысандары мен әдістері » С. Мирсеитова, 2011 жыл.
2. «Қазіргі кездегі оқытудың педагогикалық технологиялары», Н. Қошқарбаев, 2010 жыл.

3. «Білім беру жүйесінде заманауи технологияларды қолдану ерекшелігі». А.Т. асқарова, А.Н, Панова 2014ж








Автор
Дата добавления 14.02.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров93
Номер материала ДВ-451069
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх