Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыДоклад по новым стратегиям используемые в начальных классах

Доклад по новым стратегиям используемые в начальных классах

Скачать материал

Есжан Айгүл Мүсіркепқызы 

Жетіген ауылы   №11 орта мектеп  МКМ    бастауыш мұғалімі

 

            Бастауыш сыныптарында  білім берудің   жаңа  стратегиялары

Бүгінде білім саласына жаңа реформалар енгізу бүкіл әлем елдерінде ең өзекті мәселелердің бірі болуда. Өйткені  әлем елдерінің арасында экономикалық бәсекеге қабілеттілік,  әлеуметтік  және  экологиялық әл-ауқат, өмір бойы өркендеу атты оқытудың үш артықшылығы  басты назарда тұр.Осы турасында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» жолдауының Он жетінші бағытында - Халықаралық стандарттарға орай бастауыш және орта білім беру, сондай-ақ кадрларды қайта даярлау жүйесіне өзгеріс ендіру турасында:

  « Біз  бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы  білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек.

Екіншіден, оқытудың тиімділігін, әр оқушының білім мен білігі деңгейін көтерудің бірыңғай тиімді жүйесін жасау керек»- деп білім саласындағы стратегиялық бағытын  айқын көрсеткен еді.Бұл дегеніміз

 Болашақта  өркениетті дaмығaн елдер қaтaрынa ену yшін зaмaн тaлaбынa сaй білім қaжет. Өйткені, тәуелсіз Қaзaқстaнды дaмығaн бәсекеге қaбілетті елу елдің қaтaрындa  , терезесін тең ететін – білім. Сондықтaн қaзіргі дaму кезеңі білім беру жүйесінің aлдынa, оқу үрдісін технологиялaндыру мәселесін реформалауды қойып отыр дегенді білдіреді.

Бұл реформа Қазақстанға қандай дәрежеде өзекті және қажетті?

 Мемлекетімізде  білім беру ісі қолға алынып, Назарбаев зияткерлік мектептері мемлекетімізде білім мәртебесін, ұстаз беделі мен білімін көтеруде қазіргі заманғы білім жүйесінің негізгі қазығы болып отыр.

 Осы бағытта мен де Кембридж университетінің Білім беру факультетімен бірлесіп әзірлеген  Қазақстан Республикасының  педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың  деңгейлі бағдарламасы бойынша  курстан өтіп, ІІІ-деңгейлі сертификат алдым. Курстың  кезеңдерінен алған білім-білік дағдыларымның мектептегі тәжірибе уақытында көп көмегі тиді.  Мектепке өзгеріс енгізу үшін мұғалімдерге осы курс бағдарламасындағы жаңа тәсілдерді меңгеру керек және мұғалім үнемі ізденіс үстінде болу керек . Өйткені ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұсы - оның сабақты түрлендіріп, оқушының жүрегіне жол таба білуі.

 «Сыни тұрғыда  ойлау» технологиясын әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған білім берушілердің бірлескен еңбегі деп түсінуіміз керек.
Бұл бағдарламаның мақсаты : барлық жастағы, соның ішінде бастауыш сынып оқушыларының да  кез келген мазмұн, түсінікке сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға сапалы шешім қабылдауды осы сабақтарда  үйренуі.

Ол мынадай жеті модульдерден тұрады:

1) Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер;
2) Сыни тұрғыдан ойлау;
3) Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау;
4) Білім берудегі АКТ пайдалану;
5) Талантты және дарынды балаларды оқыту;
6) Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім      беру және оқыту;
7) Білім берудегі басқару және көшбасшылық секілді басты 7 модульден тұрады.

 «Сыни  тұрғысынан ойлауды дамыту»технологиясының  негізгі  ерекшеліктері:

Сын тұрғысынан ойлау сабақтарының құрылымында. Бұлар қызығушылықты ояту кезеңі, мағынаны ажырату  кезеңі, ой толғаныс кезеңі  болып бөлінеді.

Негізгі үш кезеңнің маңыздылығы.

Стратегиялардың психологиялық астары  мен ерекшеліктері.

Осы жобамен жұмыс жасау барысында мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді. Педагогикалық технология оқушылардың жеке басын дамыту мен білім беру мақсатына жету жолындағы педагогикалық қызметтің, іс-әрекеттің жүйелі дамып отыратын  жобасы ретінде оқушы белсенділігін арттыруды көздейді. Ал, оқушы белсенділігінің  артуы оны шығармашылыққа жетелейді.

1-кезең-Қызығушылықты ояту. Бұл үйрену үрдісі. Оқушының бұрынғы білетіні мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Сондықтанда сабақта қарастырғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Бұнда ойды қозғау, ояту, ми қыртысына тітіркендіргіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін «Топта, Жұпта талқылау» стратегиясында  «Топтау», Түртіп алу», «Болжау», «Әлемді шарлау»т. б.  жинақталған.
Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты - үйренушінің белсенділігін , ынта-жігерін арттыру. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады. Жұбымен, тобымен талқылайды.
Оқушы ойын осылайша шыңдауға мүмкіндік туады. Және де жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады.  Мысал үшін 4-сыныпта Ана тілі пәні бойынша қазақтың ұлы  жазушысы Ғ. Мүсіреповтің  «Қазақ солдаты » романының үзіндісін  өткелі отырғанымды хабарламас бұрын   мен «болжау» стратегиясын қолдандым.Мен балалар назарына бейне материал  ұсынып сол бойынша сұрақ -жауап  өткізіп бүгінгі өткелі отырған тақырыпты ашып аламын, әрі оқушы бойында қызығушылық туғызамын.
Қызығушылықты ояту сатысы бойынша:- ана туралы ойларын сұрадым. Мұнда оқушылар анасының  оларға жақын,ойын түсінетін, қамқор  жан екендігін , дүниеде ана құшағынан ыстық еш нәрсе жоқ екендігін айтып пікір білдірді, әрі бүгінгі өткелі отырған тақырыптың ана туралы болатындығына болжам жасады

 Ойлану мен үйренуге бағытталған  бағдарламаның 2-кезеңі «Мағынаны тану». Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетінше жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауға көмектесетін оқу стратегиялары бар. Соның бірі «миға шабуыл». Ол бойынша оқу тақырыбымен яғни «Ана құшағында» шығармасымен  танысу барысында, - «Ана құшағында» дегенде ойларыңа не келеді?
Күннің шуағы жылы, ананың құшағы жылы секілді мақал.Мейірімді, сүйіспеншілік, еркелік  тағы  басқа да  айтылған оқушы  пікірлерін біле отырып мәтінмен танысып мәтін авторы туралы білімімізді кеңейтіп өтеміз.

Оқушыларға мәтіннің бөлімдерге бөлініп  жазылған парақша таратылып «әңгіме әрі қарай қалай өрбитіндігі туралы жауаптарын алдым.

2- Мағынаны тану (түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі INSERT. Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында V – “білемін”, ― - “мен үшін түсініксіз”, + - “мен үшін жаңа ақпарат”, ? – “мені таң қалдырады” белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну – күрделі жұмыс. Сондықтан да, оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру – аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі. Үйретушілер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға, яғни байланыстар құруға дағдыландырады.

2-ші. Мәтін  туралы өз ойларын анықтаған соң, оқулықты ашқызып мәтінмен жеке танысуға уақыт бөлдім. мәтін мен өз ойларын салыстырды. Берілген материалға  талдау жасалды.

Келесі кезеңіміз  «Ой толғаныс»  бағдарламаның 3-кезеңі. Дәстүрлі оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарау, баға беруі назардан тыс қалып жатады. Одан гөрі үйге тапсырма беру, оны түсіндіру, баға қою сияқты шараларға уақыт жіберіп аламыз. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасында бұл сабақтағы аса қажетті мәнді, маңызды әрекет болып табылады. Дәл осы кезеңде үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап , оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді. Белсенді түрде өз білімін үйрену  жолына қарап, өзгерістер енгізеді, яғни нағыз білім шыңына көтеріледі, үлкен әлемге енеді. Сол білім арқылы өзінің өзгергенін сезінеді, өзіне өзгеше сенім, тәрбиелік, даналыққа бастау алады. Толғануды тиімді етуге лайықталған «Бес жолды өлең», «постер қорғау», «Еркін жазу», «Екі түрлі түсініктеме күнделігі», «Ойтолғау стратегиясы» т. б осы сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне қарай лайықты қолданылады. Олар оқушылардың бір-бірімен ой алмастыруын, ой түйістіруін қамтамасыз етеді. Әр оқушы өз шығармашылығын көрсете алады.

Мен өз сабағымда «Ой толғаныс» сатысында «постер қорғау» Венн диаграммасы, «Эссе жазу» , «Бес жолды өлең»  стратегияларын  жиі пайдаланамын.Бұл оқушының еркін ойлауына ,өз пікірін  талқыға салып,қорытып  қорғай алуына мүмкіндік береді.

Ал сабақтың нәтижелігін көрсететін кезеңнің бір бағыты-бағалау. Балаларды ынталандыру мақсатында формативті бағалаудың орны ерекше. Өйткені, әр топ қорғаған сәтте оқушылардың бір-бірін қошеметтеп, күш жігер беріп отыратындарын көргенде көз қуантты. Топ басшылары өз топтарындағы балаларды бағалайды. Әр оқушы кері байланыс жасайды, баға береді

Қорыта келгенде, Пажарестің «білім беру стилін таңдау кезінде мұғалімнің білімділігімен қатар сенімге негізделген ой-тармақтарының ықпалы күштірек деп сендіреді: оқыту үдерісінде қалыптасқан көзқарастар мұғалімнің сыныптағы «іс-әрекетіне пәннің қалай керектігі жөнінде әбден қалыптасып қалған пікірлер анағұрлым күштірек ықпал етеді» дегендей, «Сенім» ұғымына тереңірек ұғынып, сабақтарымда тиімді қолдануға тырысамын. Оқушыларда сенімділік артқан сайын олардың жұмыстарынан жылдамдықтың, нақтылықтың көріне бастағандығының куәсі болдым. Сыныптағы оқушылардың ұйымшылдығы қалыптасып, топта бірлесе жұмыс жасаулары көз қуантады. Мені ең таң қалдырған іс-әрекеттердің бірі бірде-бір оқушы тақырыпта талдаудан тыс қалып қоймады. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі тануына көмектеседі. Оқушының өз болмысын тануға көмектесіп, қабілетін ояту, жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады.

Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсу үшін, шығармашылық қабілеттерін сабаққа және сабақтан тыс уақытта дамытуда әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады.

Мұнда басты назар аударатын нәрсе – оқушылардың ауызша, жазбаша тілдерінің өзара ұштастырыла отырып және соған сәйкес жұмыстың ауызша, жазбаша түрде көрініс табуларын талап ету. Соның негізінде ғана біздіңше, тіл байлығы мол, сауатты да шығармашыл жас жеткіншекті тәрбиелей аламыз. Осы зaмaнғы кез келген оқыту технологиясы оқу процесiн ұйымдaстыру кезеңiнде технологияның бaр мүмкiндiктерiн үнемi шығaрмaшылықпен пaйдaлaну қaжеттiлiгiне көңiл aудaрудa.Оқыту технологиясын оқыту процесiн ұйымдaстыру,бaсқaру және бaқылaу деп түсiну керек. Осы орaйдa өз тәжiрибемнiң негiзiнде оң нәтижеге қол жеткiзу үшiн aлдымa мынaдaй мaқсaт қойдым:

-зaмaн тaлaбынa сaй бiлiмдi,бiлiктi,дүниетaнымы кең,шығaрмaшылық қaбiлетi дaмығaн жеке тұлғa қaлыптaстыру.

 Осы мaқсaт негiзiнде aлдымa қойғaн мiндеттерiм:

·        -жaс ұрпaқтың қaбiлетi мен тaлaнтын aшу;

·        -шығaрмaшылық,логикaлық ойлaу қaбiлеттерiн жетiлдiру;

·        -өз aлдынa мaқсaт қою aрқылы оны жүзеге aсырa бiлуге баулу;

Мұғaлiмнiң көшбaсшылық қaбiлетi ең бiрiншi сaбaққa дaярлықтaн бaстaлaды,яғни,өтiлетiн сaбaқтың жоспaрын құру,оны өткiзу әдістемесi, оқушылaрдың қaбiлеттерiн,жaс ерекшелiктерiн ескере отырып,иллюстрaция,техникaлық құрaлдaрды,дидaктикaлық мaтериaлдaрды  жас ерекшеліктеріне сай пaйдaлaну. Мұғaлiмнiң осы шығaрмaшылық әрекетi aрқылы оқушының шығaрмaшылық қaбiлетi қaлыптaсaды.Aл,көшбaсшылық қaбiлеттер шығaрмaшылық елес,шығaрмaшылық ойлaу aрқылы жүзеге aсaды.Оқушыны шығaрмaшылық  ойлaуғa,жылдaмдыққa,икемдiлiкке, тaпқырлыққa үйрету,  ол мұғaлiмнiң әр сaбaғындa қaлыптaсып отырaтыны aнық.

 Мен әр сабағымның соңына қарай өзіме есеп беріп кеткен кемшілігім мен жетістігімді таразыға салып бағалай отырып ,келесі сабағымда сол кемшіліктің болдырмауға ден қоямын.Сындарлы ойлау технологиясы тек кәсіби бағыттағы іс –әрекетімді ғана жүйелеп қоймай, енді менің өз өмірімнің бағыттарына да баға беріп дұрысы мен бұрысын ой елегіне өткізуге көп пайдасы тиді десем артық айтпаймын.   Енді өз тәжірбиемде қол жеткізген жетістіктерімнен де хабардар ете кетейін . Өзімнің осы бағдарлама бойынша ІІІ- деңгейлі  сертификатты қолыма алғаннан ақ екінші тынысым ашылғандай бойыма күш біте мектепішілік, аудандық желілік  қауымдастық тобының ұйымдастырған іс-шараларына белсене қатысып пікір алыстым. Бұл жердегі талабымның жемісі де жоқ емес 2014-2015 оқу жылының  «Үздік авторлық бағдарлама» тақырыбында өткен «Жыл мұғалімі-2015» сайысына қатысып ІІ-орынды иеленсем,  оқушым  Сарқыт Айым  осы жылы мектепішілік, аудандық  «Жас қаламгер» сайысына белсене атсалысып қатысып жүлделі І- орынды иеленіп қайтты. Сыныбымның білім сапасы былтырғы оқу жылымен салыстырғанда 6 пайызға көтерілді. Мен оқушыларыма ,ата-анама сыйлы ұстаз ғана емес ,  сырлас, пікірлес дос , әріптестеріме бағыт беруші , пікіріне қолдау беруші   жаңашылдықты жаны сүйетін дос бола білдім.

Ұлы aғaртушы Aхмет Бaйтұрсыновтың «Ұстaз үздiксiз iзденгенде ғaнa, шәкiрт жaнынa нұр құя aлaды», – деген сөзi iзденiмпaз, жaңaшa ұстaздaрғa aрнaлғaндaй. Мұны әрбiр мұғaлiм жaдындa сaқтaуы тиiс.

Тоғыз ауыз сөздің тобықтай түйіні, бiлiм берудiң жaңa стрaтегиялaрының бaрлығы жеке тұлғaның өзiн-өзi дaмытуынa, өздiгiнен шығaрмaшылықпен жұмыс iстей бiлу қaбiлетiн және бiлiктерi мен дaғдылaрын қaлыптaстыруғa бaғыттaлғaн aлғa қойғaн мaқсaтқa жетудiң тиiмдiлiгiн, нәтижелiлiгiн қaмтaмaсыз етудi көздейтiн, берiлген мaтериaлды жедел, әрi сaпaлы меңгертуге бaғытталады десем  жaңa  бiлiм кеңiстiгiн қaлыптaстырудa да , өзгерiстердi енгiзуде  де менiң   қосар  үлесiмнің  көп екенiне сенiмдiмiн. Осындaй сенiмнiң болуы – әрдайым  ұстaздың ұрaны болуы керек деп ойлaймын.

Нaзaрлaрыңызғa рaхмет!

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.     Назарбаев Н.Ә. Қазақстан халқына жолдауынан -  Астана 2011 ж.

2.     «Бастауыш сынып» республикалық әдістемелік-педагогикалық журнал № 10,2014 ж.

3.     «Бастауыш сынып» республикалық әдістемелік-педагогикалық журнал № 8,2014 ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы облысы

Іле ауданы  Жетіген ауылы

№ 11 орта мектеп МКМ

 

 

Баяндама

 

«Бастауыш сыныптарда білім берудің жаңа стратегиялары»

 

Орындаған                               Есжан Айгүл

                                                 Мүсіркепқызы

 

 

 

 

 

 

 

2015-2016  оқу жылы

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Доклад по новым стратегиям используемые в начальных классах"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Флорист

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 078 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.10.2015 696
    • DOCX 37.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Есжан Айгул Мусиркепкызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Есжан Айгул Мусиркепкызы
    Есжан Айгул Мусиркепкызы
    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 25046
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Система образовательной организации в начальном общем образовании в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 59 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 845 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по физической культуре у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 176 человек

Курс повышения квалификации

Программа работы с неуспевающими и слабоуспевающими учащимися старшего дошкольного и младшего школьного возраста

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 131 человек из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 259 человек

Мини-курс

Теория вероятности и комбинаторика в современной математике

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Политическое проектирование и международные отношения"

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Здоровьесбережение и физическое развитие школьников

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе