Инфоурок Иностранные языки СтатьиДоклад по профессиональному казахскому

Доклад по профессиональному казахскому

Скачать материал

 

КӘСІПТІК ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ  ҚОЛДАНУ

Ибраева С.Н.

Ақмола облысы,

Бурабай ауданы,

Қатаркөл ауылшаруашылық колледжі

 

Эпиграф:
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет».
Н.Назарбаев

 

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев “Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде” және “Тіліміздің мемлекеттік қызметте де, өндірісте де, ғылымда да, білім беруде де дәл орыс тілінің қолданылуындай болып қолданылуы үшін қолдан келгеннің бәрін істеу керек” деген тұжырымдары бар [1].

Ұстаз алдындағы басты мақсат – сапалы білім мен саналы тәрбие беру, шәкіртердің талабы мен ағымына сай қалыптасуына ықпал ету. Баланы жан-жақты жетілдіруде үлкен танымдық баспалдақтарына жетелер дағды – машықтарды қалыптастыруға жол ашатын оқыту мен тәрбие технологиясын жете білу, оны меңгеру, өз біліктілігін арттыру. Қазақ тілі сабағы әрі тартымды, әрі қызықты, әрі сапалы болуы әр ұстаздың өзіне, білім деңгейіне, кәсіби шеберлігіне байланысты. Оқу-тәрбие негізі-сабақ. Жаңа әдістерді пайдалануы – бүгінгі күннің талабы.

Қазіргі кезде педагогикалық технологиялар оқушылардың қабілеттерін біліктілік деңгейін, зеректіліктерін ескере отырып, даралап оқытуды қамтамасыз етеді және оқытуда құзыреттіліктерін іске асыруға көмектеседі. Сонымен, педагогикалық технологиялар деген не десек, олар:
— өзара байланысты әдіс-тәсілдердің жиынтығы арқылы жеке тұлғаның белгілі қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған ықпал
— сол деңгейді қалыптастыру үшін белгілі шарттарды жасауға бағытталған іскерлік.
Педагогикалық технологиялардың мақсаты:
— оқыту үдерісінің тиімділігін көтеру, оқытуға бағдарланған нөтижелерге жетудің кепілі болып табылады
— қазақ тілін оқытудың негізгі мақсаты-оқушылардың коммуникативті мөдениетін дамыту жөне қалыптастыру, мұғалім өз жұмысында әрбір оқушыға тілді практикада меңгеруіне жағдай жасауы тиіс.
Басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілінен сабақ беру өте қиын және жауапты жұмыс. Сондықтан мұғалім әр сабаққа жауапкершіліепен дайындылып, оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылығы ояту үшін әр түрлі технологияларды қолданып жатыр.

Қазіргі заманның қоғамдық - әлеуметтік басты мәселелерінің бірі – басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілде сөйлей білуі. Негізгі мақсатымыз– оқушыларды еркін, жақсы әрі жатық сөйлеуге, сауатты жазуға ойын дәл жеткізуге баулу. Болашақ мамандардың кейін еңбекке араласқан кезде мемелекеттік тілде сөйлей алмауын болдырмау - біздің басты міндетіміз. Біздің колледж бірнеше мамандықтар бойынша мамандар даярлауда. Осы мамандардың мемлекеттік тілді жетік меңгеруі үшін кәсіби қазақ тілі сабақтарын жоғары деңгейде ұйымдастырып өткізуге аса зор мән беріліп келеді. Жалпы кәсіби қазақ тілі сабағы әр түрлі мамандық иелерінің лексикалық сөздік қорын байыту мамандыққа қатысты мәтіндер мен жұмыстану арқылы ерекшеленеді. Кәсіби қазақ тілі сабақтарында тақырыптық тіл дамыту жұмыстарына көбірек көңіл бөлу қажет деп ойлаймын. Кәсіби тіл дамыту жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру олардың ойлау қабілетімен сауаттылығын арттырады. Бұл жұмысқа мынадай талаптар қойылады:

- оқушыға әдеби тіл нормасын игерту;

- сөздерді орфоэпиялық нормаға сай өткізу;

- оқушылардың сөздік қорын молайту;с

- сөздерді өзара дұрыс байланыстырып, ойды жүйелеп айтуға үйрету. Оқытушы әр оқушының ауызша жауабының ерекшелігін біліп, оның қандай кемшілігі бар, оны қалай жоюға болатының жоспарлап, оқушыға мәтіннің мазмұнын өз сөзімен айтқызуға мәтінге ауызша жоспар жасау, сөйлем құрастырып айту, құрастырған сөйлемін ережеге сай дәлелдеу сияқты жұмыс түрлерін жүйелі түрде жеткізіп отыру қажет. Мен дәріс беріп жүрген орыс топтарында оқушылардың тілді білу деңгейі әртүрлі дәрежеде сол себепті тілі үйретудегі мақсаттардың жүзеге асыруда жаңа бағыттағы әдістердің маңызы зор. Бұндай әдіс - тәсілдер оқушының бойында төмендегідей әдет – дағдыларды қалыптастырады:

1. Оқушы өзін батыл, еркін сезінеді. Тілге деген қызығушылығы артады, яғни өз қажеттілігі үшін үйренуге ынтасы оянады.

2. Өзіне берілген тапсырма бойынша ізденуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйренеді.

3. Оқушылар топ болып жұп болып әрекет етуге үйренеді. Сабақтарымда үнемі қолданылып жүрген әдіс – тәсілдер жөнінде ой бөліссем деймін. Профессор, зерттеуші Ж.Қараевтың «Деңгейлеп оқыту технологиясы» бойынша оқушылардың танымдық біліктілігін ескере отырып, білім дәрежесәне сәйкес деңгейлік тапсырмалар берудің топпен жұмыс жасаудың тиімді екеніне көз жеткіздім. Мысалы: кәсіби қазақ тілі сабағында, «Қазақстан - 2030», «Кәсіби терминология» тақырыптары бойынша берілген деңгейлік тапсырмалар мынадай болды.

І деңгей – Отан, туған жер туралы мақал-мәтелдерді жаттау.

ІІ деңгей – мәтіннен түсінігін айту

ІІІ деңгей – «Қазақстан -2030тақырыбына шағын мазмұндама жазу.

Проблемалық оқыту әдісі. Бұл әдіс күнделікті сабақта қолданылады. Тақырып бойынша оқушыға сұрақ беру, жаңа сабаққа ойын аудару, осыдан келіп сабақтың соңында эврестикалық әдіс қолданылады, яғни оқушының өз ойын түйіндеп сабақты қорытуы. Мысалы: «Ата кәсіп» «Менің болашақ мамандығым» тақырыптарына мынадай сұрақтар қойылып оқушы өз ой түйінін айтады

“Ата кәсіп” тақырыбы бойынша бойынша сұрақтар

1. Қазақтардың ата кәсіптері қандай?

2. Зергерлер қандай асыл тастарды  қолданған? 

3. Қару- жарақты кімдер жасаған?

  4. Зергерлер көп қолданған металл?

5. Қоржын қандай бұйым?

  6. Текеметті неден жасайды?

  7. Сырға қандай бұйым?

 Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту. Сын тұрғысынан ойлау жобасы үш кезеңнен тұрады:

 І. Қызығушылықты ояту – бұл үйрену әдісі. Оқушының бұрынғы білетіні мен жаңа білімді ұштастыруынан тұрады. Жаңа сабақты бастар алдында топтастыру стратегиясы арқылы жаңа сабақтын атауын шығарамыз немесе сабақты қорытуға болады. «Қазақстан экономикасы», «Астана» тақырыптары бойынша топтастыру әдісі арқылы жаңа сабақтың атауын шығарамыз. «Қазақстан - 2030» тақырыбында ассоцация арқылы сабақты қорытындыладым.

Қазақстан - 2030 
Ұлттық қауіпсіздік.  
Қазақстанның тәуелсіздігін қамтамасыз ету. 
Ішкі саяси тұрақтылық.  
Қазақстан халықтарының ынтымақтастығы. 
Экономикалық  даму 

Денсаулық.  
Білім. Тұрмыс.  
Экология 
Мұнай мен газ өндіру 
Көлік.  
Байланыс 
Мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби шеберлікпен жұмыс істеуі.

ІІ.  Мағынаны тану бұл кезеңде оқушыға лексикалық мәтінді оқи отырып, түртіп алу, кестесі бойынша жұмыстану арқылы қорытынды шығарылып, сабақ түсіндіріледі. Мысалы: «Менің мамандығымның тарихы».

ІІІ. Ой толғаныс кезеңінде Венн диаграммасын Кубизм қолдануға болады. Мысалы: Сөз тіркесі «Қабілет, еңбек, дарындылық» тақырыптары бойынша Венн диаграммасын құрастырып, ерекшеліктерін ұқсастықтарын көрсетуге болады.

Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыруға бірден – бір себеп болатын әдіс – тәсілдердің бірі – грамматикалық және дидактикалық ойындар. Сабақтың тиімділігін, сапасын арттырумен бірге оқушының оқу белсенділігін, шығармашылық ойлау қабілетін дамытады. Жаңа сөздерді қайталау,  бекіту мақсатында қолданылатын ойын жаттығулар мен олардың әр түрлі тақырыптық нұсқалары оқушылардың сөздік қорын арттырып қоймайды және сөзді жандандыра түседі.Мысалы: «Кім білгір?», «Баламасын тап?» «Сәйкестендіру», «Полиглот» ойындары.

Ақпараттық компьютерлі технологияларды қолдану:
- оқыту үдерісінің аясын кеңейтеді;
- практикалық бағыттылығына себеп болады;
-оқуға деген уәждешелерін көтереді;
-оқушылар білім алады. Өз жұмысымда мен көптеген электрондық ресурстарды қолданамын: мультимедиялық бағдарламалар, интернетте табылған материалдар, интерактивті тестілер, бағдарламар. Олар сабақты турлендіреді және қызықты етеді, балаларды әр түрлі жаңа технологияларды пайдалануға үйретеді. Менің қазақ тілі пәнінің мұғалімі ретіндегі рөлім — оларды берілген оқу курсына, тақырыпқа, оқушылардың тілдік деңгейлеріне бейімдеу. Мен өзімнің әр сабағымда презентацияларды қолданамын. Презентацияларға мәтінмен бірге суреттер, графиктер, кестелер, бейнекөрініс және музыкалық сүйемелдеулерді кірістіру қажет. Мульти- медиялық презентациялардың артықшылықтары мынадай:
1. Барлық оқушылар зейінін белсендіріді;
2. Оқушылардың сыныптық және сыныптан тыс жұмыстарын байланыстырады;
3. Оқу уақытын үнемдейді;
4. Презентацияға интерактивті тақтаны қолдану жаңа лексикалық, грамматикалық, фонетикалық материалдарды көрнекі жүйелеуге мүмкіндік жасайды және де барлық тілдік әрекеттерді оқытуға тірек болады;
5. Түрлі мәтіндік аудио және бейне көрнекіліктерді қиыстырады.
Презентация жасау материалдарды таңдап алуға, презентацияның құрамын ойластыруда,оларды түрлендіруде мұғалімнен үлкен дайындық қажет етеді. Ақпараттық компьютерлік технологиялар қолдану арқылы сабақтарда мен оқушылардың оқу дағдыларын дамытамын. Интернеттен алған материады пайдаланамын, жазбаша біліктіліктерін арттырамын, сөз қорларын кеңейтемін, және шәкірттерімнің оқуға деген тұрақты бейімін қалыптастырамын.

Қорыта келе айтарым, оқу үрдісінде электронды оқулықты қолданудың маңызы өте зор. Әрбір мұғалім шығармашылықпен жұмыс істеген жағдайда ғана еліміздің саналы, дарынды азаматтарын тәрбиелеп шығуға мүмкіндік бар. Бүгінгі күн ұстаздардың алдында тұрған басты міндет – оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттыра білу, сол арқылы әр тақырыпты олардың санасына жеткізе түсіндіру.
«Айтушы ақылды болса, тыңдаушысы дана болады» дегендей, сөзімді қорыта келе, сабақтарымда жаңа ақпараттық, технологияның әдіс-тәсілдерін қолданудың мынадай тиімді жақтары бар екеніне көз жеткіздім:
1. Оқушының оқуға деген ынтасы артады;
2. Әр оқушының жеке қабілеті айқындалады;
3. Үлгерімі нашар оқушыға көңіл бөліп, оларға көмектесу мүмкіндігі туады;
4. Жақсы оқитын оқушының тереңірек білім алуына жағдай туады;
5. Әр оқушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыналады;
6. Оқушы өз білімін бағалай білуіне бағыттауға мүмкіндік береді.
Қорыта айтқанда, қазақ тілі пәнін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың маңызы өте зор. Сондықтан, іздеген ұстаздан ғана шығармашыл, дарынды шәкірттің шығары анық. Қазақ тілі сабағанда түрлі әдіс – тәсілдерді ұтымды, жүйелі қолдану - оқушының білімінің тиянақтылығын және тереңдігін белсенділігі мен қызығушылығын арттырары сөзсіз.

Пайдаланылған әдебиетер : 

1. Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқының әл-ауқатың арттыру –мемлекеттік саясатың басты мақсаты. ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Астана. «Елорда», 2013. 
2. Н.Қ. Мухамадиева, Н.Ә. Үстемір «Қазақ тілін оқыту әдістемесі», Алматы, 2010. 
3. «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде» журналы, 2009-2010ж.ж. 
4.Садуова Ж.Н. Жаңа педагогикалық технологиялар арқылы болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру 
5 «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы 2012ж. 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Доклад по профессиональному казахскому"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Ландшафтный дизайнер

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 915 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.04.2018 457
    • DOCX 21.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ибраева Сауле Насыповна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ибраева Сауле Насыповна
    Ибраева Сауле Насыповна
    • На сайте: 6 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 5479
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания русского языка как иностранного

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 166 человек

Курс профессиональной переподготовки

Испанский язык: теория и методика обучения иностранному языку в образовательной организации

Учитель испанского языка

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 106 человек из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 284 человека

Курс повышения квалификации

Теория и методика билингвального обучения иностранным языкам

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 51 человек

Мини-курс

Стратегии B2C маркетинга: от анализа до взаимодействия с клиентом

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Российское движение школьников (РДШ): воспитательная работа

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Современные подходы к преподаванию географии: методика, технологии и практика

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе