Инфоурок Другое СтатьиДоклад по психологии на тему "Отбасының тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы рөлі"

Доклад по психологии на тему "Отбасының тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы рөлі"

Скачать материал

Отбасының тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы рөлі

 

            Отбасы тәрбиесі туралы алғашқы педагогикалық ойлар, түсініктер және негізгі идеялар халық педагогикасында негізделген. Педагогиканың ғылым ретінде қалыптасып, дамуы барысында отбасы тәрбиесі де ғылыми – теориялық, әдістемелік тұрғыдан дамып, ғылыми мазмұнға ие болған.

            Мысалға, К.Д.Ушинский, Л.Н. Толстой, П.Ф. Лесгафт және басқалар балак тәрбиесін ұйымдастыруда олардың жеке – дара ерекшеліктерін, машықтарын, дене – күш және психологиялық даму деңгейін ескеру керектігіне аса мән берген. Ал Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский бала тәрбиесі теориясының негізін салған. Қазіргі таңда бұл мәселелерді зерттеуші ғалымдареңбектерінде баланың отбасындағы өзара қатынастарындағы іс-әрекеттерін ұйымдастыру, салауатты өмір салтын сүру, білім беру мекемелері мен отбасы арақатынасы, т.б. мәселелер қарастырылуда.

            Отбасындағы тәрбие, ондағы барлық құрылымдық элементтер бір – бірімен тығыз байланыста, себебі олардың көздеген мақсаттары мен міндеттері бір, сонымен бірге іс – әрекеттерінің жалпы әдіс – тәсілдері, бағыты нақтыланған. Ал отбасындағы тәрбие субъектілері – ата-ана және бала, олардың әлеуметтік мақсаты, міндеті, педагогикалық әдіс – тәсілдері. Тәрбиені ұйымдастырылған мақсатқа сай, тек іс – әрекет арқылы жүзеге асыруға болады. Яғни отбасы тәрбиесінің маңызы да ата – ананың басшылығымен, бақылауымен әр түрлі іс – әрекетке (оқу, еңбек, ойын, эстетикалық т.б.) балаларды араластырумен сипатталады.

            Отбасы тәрбиесі – күрделі жүйе, оған тұқымқуалаушылық, отбасы мүшелерінің денсаулығы, материалдық – экономиялық, әлеуметтік жағдайы, отбасының құрамы, тұрғылықты мекен – жайы, отбасындағы балаға деген сүйіспеншілік ықпал етеді. Әрбір отбасының негізгі қызметіне ұрпақ жалғастыруды, қоғамға сай тәрбиелеуді жатқызуға болады. Сонымен, отбасы дегеніміз – туысқандық байланыста болатын, бірлесіп, әлеуметтіктұрмыста өмір сүретінадамдардың жиынтығы. Әр ұрпақтан құралса да отбасындағылардың туысқандығы мен рухани жағынан тілегі, мүддесі бір. Балалар ата – аналардыңқуаныш-реніші ұштасып жатады. Балалардың тату болуы, береке-бірлігі, ең алдымен, ата-ана мүддесінің мәні мен мағынасында,әке мен шешенің бір-біріне, баласына, олардың ағайын-туыс, жолдастарына қалай қарайтынына байланысты.

            Отбасы тәрбиесі – ата-ананың жас ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие беріп, бір-бірімен адал достай сырласып, үлгілі тәрбиесімен ерекшеленіп, жан-дүниесі таза, тек қана жақсылыққа ұмтылып, кез-келген адамға көмектесіп, еліне, жеріне қызмет жасауды үйрету.

            Бала отбасында орындауға тиіс міндеттерін нақты білуі және іске асырып отыруы шарт. Ол баланың жауапкершілігін және өзінің қатілігін сезінуі тиіс. Бала іс-әрекетінің сипаты арқылы ата-ананың ұйымдастыру, бағыттаушы рөлдерін; ата-ана мен бала арасындағы өзара қатынастың сипатын; бала тәрбиесіне әсер ететін отбасының мақсатты адамгершілік бағыттарын; баланың отбасындағы араласатын іс-әрекетінің әртүрлілігін; ата-ананың тәрбие құралдарын, әдіс-тәсілдерін пайдалана білу қабілеттерін; баланың белсенділігін, қалыптасқан дағды-машықтарын байқауға болады.

            Әрбір ата-ананың өзінің тәрбие жұмысының сапасын балаларының жұмыс уақытын, күн тәртібін ұйымдастыруының көруге болады. Яғни уақытты дұрыс, тиімді бөлу, пайдаланулары арқылы іс-әрекеттерінің нәтижесі көрінеді. Сондай-ақ, отбасында бірлесе демалысты ұйымдастырудың да мәні зор екенін ұмытпаған жөн. Айта кетер болсақ,педагогикалық мәдениеті төмен, психологиялық климат шиеленіскен отбасыларда бос уақыттың педагогикалық мәні болмайды, ол тек көңіл көтеру мақсатында ғана іске асырылады. Педагогикалық процестің қызметіндегі іс-әрекеттің маңызы, оның жеке адамның өз болашағын анықтаудағы мақсаттылық сипатын көрсете алуы, ал оның нәтижелілігі баланың өзіндік белсенділігінде.

            Отбасы мүшелерінің арасындағы өзара қарым-қатынас педагогикалық процестегі тәрбие тетіктері болады да, олар жеке тұлғалық мәнге ие болады, сондай-ақ көзқарастың дамуына, балалардың мінез-құлқына, олардың басқа да адамдарға деген қатыстарына өз әсерін тигізеді. Отбасындағы қарым-қатынас сипаты қалыптасқан әдет-ғұрыптармен, тәрбие-нұсқауларымен, ата-аналардың өзіндік тәжірибелерімен, темпераментерекшеліктерімен, ерлі-зайыптылардың эмоционалдық деңгейімен, олардың адамгершілік, ізгілік, имандылық қасиеттерімен және педагогикалық мәдениетімен бейнеленеді. 

 

Пірәлі Үміт Құдайбергенқызы

Мектептің педагог-психологы

Сабақ жоспары

Тақырыбы: 1 – 2 сыныптардағы оқушылар жетістіктерін психологиялық – педагогикалық диагностикалау

 

САБАҚ ЖОСПАРЫ

 

Тақырыбы: 1-2 сыныптардағы оқушылыр жетістіктерін психологиялық – педагогикалық диагностикалау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      Бірінші кезең – жалпы тексеру

Мақсаты: Баланы фигура пішінін анықтай алуға үйрету (фигура элементтерінің арасындағы пропорцияларды сақтай отырып, фигураны дәлме-дәл немесе ұқсатып сызу). Сондай-ақ, тапсырма баланың қолының жетілгендігі, түзу кесіндіні сызуы, бұрышты дөңгелектемей салуы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

 

 

Тапсырма мәтіні: Мына суретке қараңдар (сурет тапсырмада көрсетіледі). Сендер тапсырманы осы суретпен орындайтын боласыңдар. Кішкене төртбұрыштың ішінде сендер фигура көріп тұрсыңдар. Фигураны өз парақтарыңнан көріп шығыңдар. Қолдарыңа қарындаш алыңдар. Осы кішкене төртбұрыштың ішіне салыңдар (мұғалім үлкен төртбұрышты нұсқағышпен дөңгелектеп көрсетеді).

Тапсырманың орындалуын бағалау:

3ұпай – фигура элементтері арасындағы пропорциялар сақталынып, дәл суреттегідей немесе соған ұқсас етіп салынған фигура қойылады.

2 ұпай – пропорциялары аздап өзгертілген, барлық бұрыштары толық салынбаған, параллельдігі сақталынбаған фигураға қойылады.

1 ұпай – пропорциялары айтарлықтай өзгертіліп, фигураның жалпы пішіні нашар қамтылған фигураға қойылады.

0 ұпай – фигураның жалпы формасы қамтылмаған, бірақ сызбасы қиысып салынған фигураға қойылады.

Егер фигура машығы аз қолмен салынса, ұпайға қосымша «-» белгісі қойылады.

2 – тапсырма

Мақсаты: жазықтық бойында бейімделу қабілетін анықтау (солға, оңға, жоғары, төмен). Сонымен қатар баланың тор көздерді сынай алуы тексеріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тапсырма мәтіні: Тапсырманы тор көз парақта орындайтын боласыңдар (тапсырманы орындау орыны көрсетіледі).

1.Қара түспен боялған тор көзден оңга қарай төрт көз санап, бесіншісін қызыл түспен бояңдар.

 2. Қызыл түске боялған тор көзден төмен қарай екі тор көз санап, үшіншісін көк түспен бояңдар.

3. Көк түспен боялған тор көздің сол жағынан екі көз ары тор көзді жасыл түспен бояңдар.

4. Сары қарындашты алыңдар. Жасыл тор көзден жоғары қарай бес көзді санап, алтыншысын сары түспен бояңдар.

 

Тапсырманың орындалуын бағалау:

3 ұпай – барлығы дұрыс орындалған; 2 ұпай – тапсырманың 2-3 пункті дұрыс орындалған; 1-ұпай тапсырманың тек бірінші пункті дұрыс орындалған (санаудан қате кеткен); 0-ұпай тапсырма орындалмаған. Егер тор көздер нашар боялған болса, ұпайға қоса «-» белгісі қойылады.

3-тапсырма

Мақсаты: Қосу жане алу амалдарын орындай алу және таңдау; есеп мәтінін дұрыс түсінуіне қарай саннан сайкесінше түпкі зат көпшілігіне көшу (дөңгелектер, текшелер).

Тапсырма матіні. Қазір сендер үшінші тапсырманы орындайсыңдар (тапсырма орындалатын орын көрсетіледі).

Өз парақтарыңа қараңдар. Тапсырманы тыңдаңдар.

1.                                                                                                                                                                                                                                                                                       Алаңкайда 3 қыз бен 2 ұл ойнап жүр. Алаңқайда неше бала ойнап жүр? Алаңқайда неше бала ойнаса, сонша дөңгелек салыңдар. (Тапсырма матінін қайталауға болады).

2.                                                                                                                                                                                                                                                                                       Автокөлікте 6 жолаушы келе жатыр.Екеуі автокөліктен шықты. Дөңгелектердің жанына автокөлікте неше адам қалса, сонша текше салыңдар. (Тапсырма мәтінін қайталауға болады).

Тапсырманың орындалуын бағалау:

3 ұпай – екі тапсырма да дұрыс орындалған;

2ұпай – біртапсырма дұрыс орындалған, екіншісін орындауға әрекет жасалынған, бірақ дөңгелек пен текше саны дұрыс емес;

1 ұпай – тек бір ғана тапсырма дұрыс орындалған;

0 ұпай – бір тапсырманы орындауға әрекет жасалынған, бірақ дөңгелек немесе текше саны дұрыс емес.

4 – тапсырма

                                  

 

 

 

Мақсаты: Ішкі топологиялық пайымын анықтау, «ішкі», «сыртқы» терминдерін түсінуі; айтылған сөзді дұрыс түсіну қабілеттерін анықтау. Мысалы: «Текшенің ішінде нүкте белгілеңдер, бірақ нүкте дөңгелектің сыртында болсын».

Тапсырма мәтіні. Тақтаға қараңдар (мұғалім тақтаға үшбұрыш салады). Мен тақтаға үшбұрыш салдым (үшбұрыштың ішінде нүкте белгілейді). Үшбұрыштың ішінде нүкте белгіледім (үшбұрыштың сыртына нүкте белгілейді). Енді үшбұрыштың сыртына нүкте белгіледім. Қазір мына сызбаға қараңдар (тапсырмадағы сызбаны көрсетеді). Өз парақтарыңнан дөңгелек пен текшені табыңдар.

1.                                                                    Көк қарындаш алып, дөңгелектің ішіне нүкте белгілеңдер, бірақ нүкте текшенің сыртында болсын.

2.                                                                    ҚҚызыл қарындаш алып, текшенің ішіне нүкте белгілеңдер, бірақ нүкте дөңгелектің сыртында болсын.

3.                                                                    Жасыл қарындаш алып, дөңгелек пен текшенің ішінде болатындай етіп, нүкте белгілеңдер.

4.                                                                    Жай қарындаш алып дөңгелек пен текшенің сыртында болатындай етіп, нүкте белгілеңдер.

Тапсырманың орындалуын бағалау:

3 ұпай – барлығы дұрыс орындалған;

2 ұпай – тапсырманың 2-3 пункті дұрыс орындалған;

1 ұпай – тапсырманың тек 1 пункті ғана дұрыс орындалған;

0 ұпай – тапсырма орындалмаған.                                    

                                                                                                     

6 – тапсырма

Мақсаты: Жіктей білу және қандай себептерге байланысты жіктелгенін білу дағдысын қалыптастыру.

Тапсырма мәтіні. Суреттерге қараңдар (тапсырмаға қоса суреттер көрсетіледі). 4 топтың әрқайсысынан артық затты сызып тастаңдар.

Тапсырманың орындалуын бағалау:

Әрбір дұрыс орындалған тапсырмаға 1 ұпай қойылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Доклад по психологии на тему "Отбасының тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы рөлі""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Психолог в социальной сфере

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 831 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.04.2016 1444
    • DOCX 83.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Пірәлі Үміт Құдайбергенқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Пірәлі Үміт Құдайбергенқызы
    Пірәлі Үміт Құдайбергенқызы
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4927
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 457 человек из 66 регионов

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 21 региона

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 281 человек из 66 регионов

Мини-курс

Управление рисками и финансовое моделирование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология и педагогика в работе с детьми: эмоциональные и зависимые расстройства

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 17 регионов

Мини-курс

Адаптация и расстройства: понимание, преодоление, развитие

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 17 регионов