Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалыДоклад по теме"Мектеп жасына дейінгі балаларды айналадағы дүниемен таныстыру сабағындағы эстетикалық тәрбие мен халық дәстүрінің сабақтастығы "

Доклад по теме"Мектеп жасына дейінгі балаларды айналадағы дүниемен таныстыру сабағындағы эстетикалық тәрбие мен халық дәстүрінің сабақтастығы "

Скачать материал

 Мектеп жасына дейінгі балаларды  айналадағы дүниемен таныстыру сабағындағы эстетикалық тәрбие мен халық дәстүрінің сабақтастығы

 

    Ұлы Абай балалар мен жеткіншектерге эстетикалық тәрбие беруде халық мұрасының тәрбиелік күшін жоғары бағалаған. Ол эстетикалық тәрбие саласында арнайы еңбек қалдырмағанымен, өзінің өлеңдері мен қара сөздеріне халықтың мақал-мәтелдерін, нақыл сөздері мен салт-дәстүрлерін орынды пайдалану арқылы балалар мен жеткіншектердің айналадағы дүниеге, болмысқа деген эстетикалық көзқарасының, талғамының, сезімінің қалыптасуына ықпал етті.

Эстетикалық тәрбие дегеніміз баланың ақыл-ойы мен сезімін, ұшқыр қиялымен ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі. Эстетикалық тәрбиені жүзеге асыру үшін балалардың әсемдік сезімі мен ұғымын; көркемдік, шығармашылық қабілетін үздіксіз дамытып, эстетикалық талғамын қалыптастыруға дағдыландыру қажет.

     Бала ес біле бастағаннан-ақ өзі жете түсінбес жарқын, тартымды нәрсенің бәріне ұмтыла бастайды, мәселен жылтыраған ойыншықтарды, әдемі гүлдер мен заттарды көрсе қуанады. Осының бәрі оның рахаттану, қызығу сезімін туғызады. Жиі ән, ертегі тыңдап, суретті қараған балалардың өнер, қуаныш сезімдерінің қайнар көзіне айналады. Эстетикалық тәрбие алған балалар жарқын, әсем атаулының бәріне жай ғана ұмтылып қана қоймай, сұлулықты жан дүниесімен қабылдайтын болады.

     Тегінде бала сұлулықты форма мен мазмұнның бірлігі ретінде қабылдайды. Эстетикалық қабылдау сезімі мен тебіренуімен тығыз байланысты. Әсемдікке қызығудан қуаныш, жайдары жан толғанысы эстетикалық сезімнің ерекшелігі болып табылады.

     Тәрбиеші баланың сұлулықты қабылдауынан бастап, оған эмоциялық жауап қату, оны түсіну, эстетикалық ұғым, эстетикалық пікір, эстетикалық баға беру қасиетін қалыптастыруға дейін жетелеп отыруы тиіс.

     Мектеп жасына дейінгі  балаларға тән ерекшелік – бұл шындықты соншалықты пәк, тікелей бейнелейтіндігінде, ғаламат шынайылығында, бейнелейтін заттың шындығына сенетіндігінде.

     Балалардың ойын әрекетінде қоршаған ортадан алған әсерін бейнелі түрде жеткізе білуіне тәрбиеші үнемі көмектесіп отыруы керек.

Мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық талғамның қалыптастыруда үйрету үлкен рөл атқарады. Олар оқу үстінде балалар әдебиетін, музыканың, сурет өнерінің  классикалық шығармаларын толық игеруді үйренеді.

Сұлулыққа тәрбиелей отырып, жақсы ниеттегі адамгершілігі бар, шығармашылықпен жұмыс істейтін адамды қалыптастыру мүмкін емес. Сұлулық бала бойында қуаныш сияқты ең жақсы сезімдерді тудыра отырып, баланың белсенді түрде шығармашылықпен жұмыс істеуі мен денсаулығына оң ықпалын тигізеді. Бірақ бала мұның бәрін сезінуі үшін сұлулықты өз көзімен көріп, оны қабылдай білуі керек.

     Балалар тәрбие арқылы, ересектердің өнегесі арқылы дүниені таниды; көруді, сезінуді, тыңдауды үйренеді. Тәрбиелеуші жақсы өнегені беруге неғұрлым қабілетті болса, бала да соғырлым көбірек үйренеді. Өмірдегі және өнердегі сұлулықпен танысу баланың ақыл-ойы мен сезімін тәрбиелеп қана қоймайды, сонымен бірге оның ұшқыр қиялы мен
фантазиясын дамытуға көмектеседі. Эстетикалық тәрбиені жүзеге асыру процесінде мына міндеттерді шешу қажет: балалардың эстетикалық қабылдауын,   эстетикалық   сезімі   мен ұғымын, көркемдік-шығармашылық қабілетін үздіксіз дамыту, эстетикалык талғамын қалыптастыру. Бала алғашқы жастарынан-ақ өзі түйсінбеген   нәрсенің   бәріне   ұмтыла   бастайды, сезімі мен     жылтыраған ойыншықтарды, әдемі гүлдер мен заттардың көрсе қуанады. Осының бәрі оның рақаттану, қызығу сезімін туғызады. «Сұлу» деген сөз балалардың өміріне ерте енеді. Олар алғашқы жастарынан бастап ән, ертегі тыңдайды, суреттер қарайды; болмыспен бірге өнер олардың куаныш сезімдерінің қайнар көзіне айналады. Эстетикалық тәрбие барысында оларда жарқын, әсем атаулының бәріне жай ғана ұмтылудан сұлулықты саналы түрде қабылдауға көшу жүзеге асады.

Халық ертегілерімен, Ы.Алтынсариннің, С.Көбеевтің, Қ.Мырзалиевтің, С.Я.Маршактың, С.В. Михалковтың, К. И. Чуковскийдің шығармаларымен таныса отырып, П. И. Чайковскийдің, Д. Б. Кобалевскийдің және басқа композиторлардың шығармаларын тыңдай отырып, балалар көркем сөздің, музыканың сұлулығы мен байлығын, айналадағы дүниені  сезіне бастайды. Осының бәрі оларды шынайы рақатқа бөлейді, естерінде қалады, көркемдік талғамның негіздерін қалыптастырады.

Балалардың көркемдік қабілеттерін, олардың эстетикалық сезімдері мен ұғымдарын, әсемдікті бағалай білуін дамыта отырып, педагог кейінірек адамның рухани байлығы қалыптасатын негіздерді қалай береді. Қоршаған өмірдің қарапайым құбылыстары жайлы дұрыс ұғымдарды қалыптастыру; танымдық психикалық процестерді; түйсінуді, қабылдауды, сақтауды, қиялдауды, ойлауды, сөйлеуді дамыту; білуге құштарлығы мен ақыл-ой қабілетін дамыту; интеллектуальдық іскерлігі мен дағдыларын дамыту; ақыл-ой әрекетінің қарапайым тәсілдерін қалыптастыру.

  Айналадағы дүниемен таныстыру сабағындағы эстетикалық тәрбие –  баланың ақыл ойы мен сезімін, ұшқыр қиялымен ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі. Эстетикалық тәрбиені жүзеге асыру үшін балалардың әсемдік сезімі мен ұғымын, көркемдік, шығармалық қабілетін үздіксіз дамытып, эстетикалық талғамын қалыптастыруға дағдыландыру қажет.

     Бала ес біле бастағаннан-ақ өзі жете түсінбес жарқын, тартымды нәрсенің бәріне ұмтыла бастайды, мәселен, жылтыраған ойыншықтарды, әдемі гүлдер мен заттарды көрсе қуанады. Осының бәрі оның рахаттану, қызығу сезімін туғызады. Жиі ән, ертегі тыңдап, суреттерді қараған балалардың өнер қуаныш сезімдерінің қайнар көзіне айналады. Эстетикалық тәрбие алған балалар жарқын, әсем атаулының бәріне жай ғана ұмтылып қана қоймай, сұлулықты жан дүниесімен қабылдайтын болады.

Жаңа ғасырда табиғтсыз баланы тәрбиелеуді көз алдымызға елестете алмаймыз. Сондықтан да балабақшамыздағы тәрбие ісінің негізгі міндеттерінің бірі – «Балаларды айналамен таныстыра отырып, оларға экологиялық тәрбие беру» болып табылады. Біз күнделікті жұмысымызда баланы өз туған өлкесінің табиғатын сүюге, оны аялай білуге, оны қорғауға қызығушылығын арттырып, жауапкершілігін күшейтуге, табиғатпен бірге өмір сүретінін сезінуге үйретуді мақсат тұтамыз.

     Біздің балабақшамызда тірі табиғаттың кішкентай бейнелі көрінісін елестете аламыз. Біз әрдайым табиғат сұлулығын іздей жүріп және оның жаңа қырларын табу арқылы балаларды қуанта отырып, табиғаттың сұлулығын бірге қарсы аламыз.  

    Эстетикалық тәрбие дегеніміз баланың қоғамдық өмірдегі, табиғаттағы, еңбектегі, тұрмыстағы, көркем өнердегі әсемдікті дұрыс қобылдауын, түсінуін тәрбиелеу. Эстетикалық тәрбие балалардың әсемдік жөніндегі түсінігін кеңейтіп, сұлулықты тану, сүйе білу қобілетін эстетикалық қиялын, талғамын танытады.

Ғалымдарымыз эстетикалық тәрбиені қоғамдық мәдени өмірдің жан – жақты дамуымен байланыстыра қарайды, сондай – ақ өткен дәуірдің прогресті дәстүрі мен тәжірибесіне сүйенеді. Әсемдік болмыста объективті түрде өмір сүреді, адам өзінің шығармашылық қызметінде өмірді және оның әсемдігін сәулелендіреді. Адамның әсемдікті сезе де тани білу қабілеті, әсемдікті жасауға қарым – қатынасы оның сезім байлығы мен эстетикалық мәдениетінің даму дәрежесіне байланысты болады.

     Эстетикалық тәрбие балаға өмір құбылыстарын терең қабылдауға, сенсорлық әрекетін дұрыс дамытуға, білімге құштарлығын арттыруға ықпал етеді. Байқағыштығы мен әсерленгіштігін (қуану, қайғыру) тереңдетеді. Эстетикалық әсерлену әсемдікті қабылдауға ғана негізделіп қоймайды, өнер шығармасының мазмұны мен идеясын терең түсінуге де негізделеді. Бұл эстетикалық тәрбиенің ақыл – ой, адамгершілік, еңбек, дене тәрбиесімен тығыз байланыстылығын байқатады.

Туған елдің табиғаты да эстетикалық тәрбиенің қуатты құралы. Оның сұлулығы балалық шақта өте-мөте жарқын әрі терең қабылданады, сезім

мен ойда берік орныққан аяулы әсер адамның бүкіл ғұмыры бойына еш ұмытылмайды.

Тәрбиеші балаларға табиғат әлемін ашып береді, олардың гүл жарна-ғындағы мөлдір шықтың, алуан түрлі шөптердің, батып бара жатқан күн бояуының ғажап әдемілігін түсінуіне көмектеседі. Тек осы сұлулықты өзің көріп, бала жүрегіне жол табатын әсерлі сөздермен жеткізе білуің керек. Бұл тұрғыда оған табиғат туралы көркем шығармалар баға жетпес көмек көрсетеді, сондықтан тәрбиеші көркем шығармаларды көп білуге және шебер пайдалануға тиіс.

Балалар үнемі ұшырасып отыратын қоғам өмірі мен адамдардың еңбегі де эстетикалық тәрбиенің маңызды құралы болып табылады. Құрылыс-шылардың ынтымақшыл еңбегі балалардың жақсы құрылыс салуға, тату әрекет жасап, бір-біріне ұқыпты болуға деген ықыласын туғызады. Теңіз-шілердің, ұшқыштардың, мұғалімдердің, дәрігерлердің еңбегін суреттеу мектеп жасына дейінгі балаларды осы мамандықтармен таныстырып қана қоймайды, сонымен бірге соларға ұқсасам деген тілек туғызады. Осының бәрі айналамен таныстыру сабағында, олардың ойындарында бейнеленіп, адамгершілік және эстетикалық сезім тәрбиелеуге кемектеседі.

Өнер эстетикалық тәрбиенің көп қырлы және сарқылмас құралы болып табылады. Ол балаларды бүкіл елдің өмірімен таныстырады, Отанды оның адал, мейірімді, батыл адамдарын сүюге тәрбнелейді. Өнер шығармалары қуаныштың, эстетикалық ләззаттың, рухани баюдың қайнар бұлағы болып табылады. Оның көптеген түрлері: әдебиет, музыка, сурет өнері, скульптура, театр, кино — балалардың қолы жеткен игіліктер. Өнердің әр түрі өмірді өз ерекшелігімен бейнелейді және баланың ақыл-ойы мен сезіміне ерекше әсер етеді. .

   Балалардың алғашқы жасынан бастап-ақ халықтың ауыз  шығармашылығы,   балалар әдебиеті олардың жақын серігіне айналады. Олардың өмірін-
де ертегілер айрықша орын алады. Балаларға арналған
өнерге қойылатын талап жоғары. Мектеп жасына дейінгі балалар үшін таңдап алынатын шығармалар керкемдік дәрежесі жағынан жоғары, түсінуге жеңіл, эстетикалық тәрбие беру міндеттеріне сай болуға тиіс. Есімі әлемге әйгілі, екінші Аристотель атанған Әл-Фараби өзінің ғылыми еңбектерінде «адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, оның барлығы апат әкеледі» десе, ұлы Абай кезінде «Атаның баласы болма, адамның баласы бол! Әкенің баласы – дұшпаның, адамның баласы – бауырың» деген еді. Ұлы Абай балалар мен жеткіншектерге эстетикалық тәрбие беруде халық мұрасының тәрбиелік күшін жоғары бағалаған. Ол эстетикалық тәрбие саласында арнайы еңбек қалдырмағанымен, өзінің өлеңдері мен қара сөздеріне халықтың мақал-мәтелдерін, нақыл сөздері мен салт-дәстүрлерін орынды пайдалану арқылы балалар мен жеткіншектердің айналадағы дүниеге, болмысқа деген эстетикалық көзқарасының, талғамының, сезімінің қалыптасуына ықпал етті.

Абай «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» деген оймен балаларды өз халқының өнерін меңгеріп қана қоймай, басқа халықтардың да өнер-білімін, ғылымы мен тілін үйренуге шақырады. Әрбір халықтың «тілін меңгерген, өнерін білген кісі онымен бірдейлік» пікір таластыра алады, оған жалынышты болмайды, өзінің тұрақты көзқарасы, ой-пікірі болады, әрбір халықтың өнеріндегі өзіндік ерекшеліктерді ажырата біледі деп өз пікірін «Жиырма бесінші сөзінде» одан әрі жалғастыра түседі. Сөйтіп, ғылым мен өнердің мазмұнын, қажеттілігін талдап түсіндіре отырып, оған балаларды тартып, қызықтыруға, «барыңды салсаң да... балаң бала болсын десең – оқыт», «көкірек – көзі ашылады» деп, ғылым мен өнердің бала болашағы үшін қажет екендігіне ата-аналардың көзін жеткізуге ұмтылады.

    Балалар мен жастардың әсемдікке, сұлулыққа деген көзқарасын қалыптастыруда Абай өлеңдерінің рөлі ерекше. «Қуатты ойдан бас құрап, еркеленіп шығар сөз» деп ұлы ақынның өзі айтқанындай, оның өлеңдері туған жердің сұлу табиғаты, қазақ ауылының көріністері,  адамдардың көңіл-күйі сан алуан сезімдерімен ұласып музыка үніндей естіледі. Мұндай суреттемелер «Жаз», «Күз», «Жазғытұрым», «Желсіз түнде жарық ай» т.б. өлеңдерінде ерекше әсерлі көрсетілген.

    Осы жоғарыда айтылғандардың бәрі ғұлама ағартушы идеясының, ой-пікірі мен ақыл-өсиетінің өміршеңдігін, жаңашылдығын көрсетеді. Олар әсіресе бүгінгі таңда, қоғамның жаңаруы, демократиялануы үрдісінде, еліміздің егемендік алып, тарих қайта құралып жатқан кезде жеткіншек ұрпақтың адамгершілік қасиеттерін, эстетикалық талғамын қалыптастыруда  маңызды рөлін түсінуге тиіс.

Әсемдікті ұнататын табиғи сезім адам баласында туа пайда болғанымен, ол жүре келе дамиды. Оған әсер ететін факторлар көп жақты. Сондықтан да оның дамуы біреуде жоғары, біреуде төмен болуы адамның эстетикалық мәдениетінің қалыптасу дәрежесіне де әр түрлі септігін тигізеді. Әсемдіктің адамға тигізер әсері туралы Н.Г.Чернышевский былай дейді: «Әсемдіктің адамға ететін әсері – ол бейне бір сүйкімді кісінің қасында отырғанда бөлінетін жарқын қуаныш сезіміне барабар. Әсемдік атаулыны есепсіз жанымыз сүйеді, біз оған сүйсінеміз, ең жақын адамымызды көргендей рахаттанамыз».

    Тәрбиенің қай саласы да негізінен балаларға, жас өспірімдерге арналады. Ал оларды әсемдікті сезініп, қадірлей білуге баулу эстетикалық тәрбие жүргізу арқылы іске асырылады. Жастарға эстетикалық тәрбие беруді халқымыздың дәстүрлерімен сабақтастыра жүргізе білу бүгінгі күн талабы.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Доклад по теме"Мектеп жасына дейінгі балаларды айналадағы дүниемен таныстыру сабағындағы эстетикалық тәрбие мен халық дәстүрінің сабақтастығы ""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по выставочной деятельности

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 651 328 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.12.2015 1851
    • DOCX 52.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Досмакова Динара Жакиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Досмакова Динара Жакиевна
    Досмакова Динара Жакиевна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 11774
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Использование ресурсов пластилинографии в художественно-эстетическом развитии детей дошкольного возраста с учётом требований ФГОС ДО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 443 человека

Курс повышения квалификации

Консультирование в работе педагога-психолога ДОУ: содержание деятельности и этические принципы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 52 человека

Курс повышения квалификации

Использование индивидуально-ориентированной методики Сесиль Лупан для детей дошкольного возраста через развитие интеллектуальной и эмоциональной сферы

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 30 человек

Мини-курс

Басня как педагогическая технология

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Детская нейропсихология: особенности, диагностика, исследования

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 111 человек из 42 регионов
  • Этот курс уже прошли 53 человека

Мини-курс

Влияние внешних факторов на психологическое развитие личности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе