Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Доклад по выразительному чтению на тему: "Негізгі кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыруда педагогтың мәнерлеп оқу сапасын арттыру қызметіндегі әдіс – тәсілдері".

Доклад по выразительному чтению на тему: "Негізгі кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыруда педагогтың мәнерлеп оқу сапасын арттыру қызметіндегі әдіс – тәсілдері".


  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

Негізгі кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыруда педагогтың мәнерлеп оқу сапасын арттыру қызыметіндегі әдіс – тәсілдері.

Қостанай Педагогикалық колледжінің оқытушысы Рахпанова Б.Ғ


Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан–205Қазақстан халқына арналған жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл процесс педагогика теориясы мен оқу – тәрбие процесіне нақты өзгерістер енгізумен қатар, елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық әлеуетін дамытудың, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұр.ғыда ұйымдастыруды талап етеді».

Қай ұстаз болмасын өз шәкіртінің дұрыс сөйлеп, ойын шебер жеткізе білгенін қалайды. Бұл орайда қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің рөлі ерекше деп ойлаймын. Баланың сөз мағынасын, сөйлем мәнін ұғынуында мәнерлеп оқудың да маңызы зор. Жалпы мәнерлеп оқу дегенде тек поэзияны ғана мәнерлеп оқи білу деп түсінбеуіміз керек. Мен өзімнің тіл дамыту, балалар әдебиеті мен мәнерлеп оқу сабақтарында әрбір қарапайым сөйлемді дұрыс нақышына келтіре оқи білу, әрбір кейіпкер сөзін сол кейіпкер бейнесінде толғай білу, әрбір мақалдың негізгі ойын дұрыс айтып жеткізе білу, әрбір өлең жолдарын мәнімен, ұйқас, ырғақтарын ұғып тұрып жеткізу жолдарын үйретуге тырысамын. Ол үшін оқушы ең алдымен оқиын деп тұрған сөйлемнің, мақалдың немесе өлең жолдарының мағынасын, айтпақшы ойын анық түсіне білуі керек. Мәнерлеп оқу дегеніміз — дауыс интонациясы арқылы автордың ойын білдіру, мазмұндық ой екпінін дұрыс қоя білу, ақырында оқығанды түсініп, кейіпкердің көңіл-күйін сезіне оқи білу.

Мектепке дейінгі балалардың дыбысты дұрыс айтуын, дұрыс анық байланыстыра сөйлеуін, сұраққа толық жауап беру, өз ойын толық жеткізіп сөйлеу мен мәнерлеп оқуын ең алғаш әдістемесін үйрететін - тәрбиеші.Сондықтан әр студенттің таза, анық қана сөйлеп қоймай , алдына келген 2 – 6 жастағы балалардың тілін дамытып, мәнерлеп оқу әдістемесін үйрету – біздің міндетіміз.

Студенттер сөйлемдегі сөздердің мәнін шығарманың көркемдігін және оның әсерлілігін мәнерлеп оқу арқылы байқайды.Мәнерлеп оқу үшін әр сөздегі ойдың ара жігін ескере отырып, дауысты құбылтып, тиісті жағдайда сөздерге реңк беріп оқиды.

Мұғалім қөбінесе өзі мәнерлеп оқу арқылы оны оқушыларға үйрете алады. Мәнерлеп оқудың әдістемесін жаңа технологияларды қолдансақ, студенттер жаңа тақырыпты жақсы қабылдар еді.Мен өз сабақтарымда ноубокты, компьтерді немесе интерактивті тақтаны кең пайдалануға тырысып жүрмін.Әсіресе әңгіме, өлең және кез келген шығарманы студенттерге бейне таспадан жиі тыңдатамын. Себебі әр оқушы өз оқығанын, өз дауыс ырғақтарын естімейді.

Мәнерлеп оқуды үйрету үшін әр мұғалім оқу сабағына немқұрайлы қарамай, жан-жақты дайындалуы керек. Ол үшін мұғалім қандай мәселені жете білуге тиіс? Мәнерлеп оқуды дұрыс ұйымдастыру үшін, оқушы сөйлемді немесе мәтінді оқығанда, қалай дем ала білу керек, дауыс қалай шығуға тиіс, дикцияның қандай болуы қажет — осының барлығын мұғалімнің өзі айқын білгені жөн. Өйткені мәнерлеп оқу үшін кеуде қуысына толған ауаны орынды пайдаланып, дұрыс дем ала білудің мәні зор. Өкпедегі ауаны сарықпай, оқу процесінде үнемі дем алып, ауаны керегінше жұтып отырған оқушы мәнерлеп дұрыс оқи алуына жағдайы бар. Біздің колледжіде «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» құжырамызда мәнерлеп оқуға арналған жеке жабдықталған бөлмеміз бар.Бөлмеде тек ғана 12-15 студентпен (топпен) жұмыс жүргіземіз.Бөлмемізде интерактивті тақта,жиһаздар мен айналар , тіл техникасына сай керек құралдармен жабдықталған. Әр түрлі ертегі, әңгімеден тұратын жинақ дискілеріміз бар.Арнайы мектеп жасына дейінгі балаларға арналған кітаптар бұрышы да жасалған.Студенттердің еркін отырып, әңгіме етегілерді оқуға, талдауға мүмкіндік жасалған.

Сонымен бірге мен өз сабағымда әр студенттің дауыстарына көңіл бөлуін қадағалап тұрамын.Мәнерлеп оқу дауысқа байланысты.. Дауыс неғұрлым таза, күшті шықса оқу да мәнерлі болады. Ол үшін әр оқушы даусын күте білуі қажет. Дауыс желбезегіне онша күш келтірмеу. Суық күндерде далада азырақ сөйлеу, суыққа шалдықпау – дауыс күші мен оның тазалығын, үнін сақтаудың басты шарты.Мәнерлеп оқу кезіндегі дұрыс оқудың жолы ол – дикция. Сөйлеушінің ашық, анық, айқын айтуы оның айтқанын ұғуға, әсерлі болуына ықпалын тигізеді. Ал тағы бір мәнерлеп оқу жолы ол - интонация .Интонация – сөйлеу сазы. Ол сөйлеудің ритмі мен үнін, дауыстың бірде жоғарылап, бірде төмендеуін білдіреді. Интонация мына элементтерден тұрады: сөз бен ой екпіні, сөйлеудің қарқыны, ритмі, пауза, сазы.

Интонация жайында анығырақ түсінік беру үшін, оның кейбір элементтеріне арнайы тоқталайық.

Міне, осы сияқты жәйттерге көңіл бөліп, дайындық жұмысын жүргізген мұғалімдер ғана оқушыларды мәнерлеп оқуға үйрете алады.


Мәтінді қабылдауға байланысты жүргізілетін жұмыстар

Студенттердің оқыған материалдарының мазмұнын дұрыс қабылдап ондағы негізгі ойды жақсы ұғыну үшін, оқу сабақтарында алуан түрлі жұмыстар ұйымдастырамын. Мұндай жұмыстар оқылатын материалдардыц сипатына, оқушылардың жасына, дайындықтарына, білімі мен дағдылану дәрежесіне байланысты іріктеледі, Оқушылар мәтінді дұрыс қабылдау үшін негізінен мынадай жұмыстар жүргізіледі:

Мәтінді қабылдауға оқушыларды психологиялық

дайындау.

Мәтінге байланысты сөздік жұмысын жүргізу.

Шығарманы оқу.

Әңгіменің жоспарын жасау.

Оқыған шығарманың мазмұнын айту.

Портетура жасау

Шығарманың мазмұны бойынша жүргізілетін

шығармашылық жұмыстар.

Мәтінді қабылдауға оқушыларды психологиялық дайындау.

Мәтінге байланысты ұйымдастырылатын сөздік жұмысы. Оқу сабақтарында сөздік жұмысына әдейі кезең бөлінбейді. Алайда сөздік жұмысы сабақтың өн бойынан орын алады. Мәтінді дұрыс қабылдау үшін сөздік жұмысын жүргізбейінше мақсатқа жету мүмкін емес. Мысалы, бірқатар әңгіме, ертегілерде кездесетін т.с.с. сөздерді түсіндірмесе, бала оқып жатқан әңгіменің мазмұнын түсінбейді. Оқу барысында түсініксіз сөздер ғана емес, сондай-ақ сөз тіркестері де кездеседі (Мысалы, әдісіңе ақылыңды жолдас ет т. б.). Сондықтан оқылатын шығармаларда кездесетін сөздердің мағынасын түсіндіру жұмысы мәтінді дұрыс қабылдау шартының бірі болып табылады.

Мәтінде кездесетін түсініксіз сөздер мен ұғымдарды түсіндіру үш кезсңде жүргізіледі:

1) мәтінді оқуға дайындық кезінде;

2) шығарманы оқу барысында;

3) оқып болғаннан кейін.

Мәтінді оқуға дайындық кезінде шығарманың мазмұнын ұғынуға қиындық келтіретін сөздер түсіндіріледі. Бұл жөнінде жоғарыда айтылды. Мұнда тағы бір ескеретін жай: шығарманы оқымас бұрын онда кездесетін, мағынасы ауырлық келтіреді-ау деп ойға алған сөздердің барлығын тізіп алып, шетінен түсіндіре беру керек дсгсн ой тумасқа тиіс. Қейбір сөздердің мағынасы контекске қарай өзінен-өзі түсінікті болатынын ескеру қажст және оқымас бұрын көп сөздер мен ұғымдарды түсіндіре бергенімен, ұмытылып қалады да, оған қайта оралу















































Қорыта келгенде, « Сөйлеудің екі түрі болады: бірі – жалаң, екіншісі - көрнекі. Көрнекі сөйлеуді жырлау – толғау дейміз. Жырлау – толғауда айтылатын әсерлі сөзді дарынды сөз деп айту қолайлы. Сөздің асыл болуы – адамға ұнауымен. Сөз мағына жағынан күштілігімен, көркемділігімен, ұнайды», - деп, А. Байтұрсынов айтқандай, мәнерлеп оқу жолдарын толық меңгерген оқушы «сөз асылын» табатын, «сөз мағынасын» ұғатын, «дарынды сөзді» тани білетін тұлға болып қалыптасады.Қазіргі заман талабына сай менің алдыма келетін студенттердің бәрі мәнді терең білім алып жатыр деп айта аламын.Себебі орта бар, жағдай жасалған және жаңа технологиялық ақпараттарды қолданып жатырмын Сонымен бірге машықтамен қамтылған.Менің ойымша студенттері ең жақсы жоғарғы деңгейдегі маман иесі болатынына сенемін.




Автор
Дата добавления 31.05.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров52
Номер материала ДБ-105744
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх