Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Иностранные языки / Другие методич. материалы / Доклад «Сын тұрғысынан ойлауды үйрету арқылы оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру»
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Иностранные языки

Доклад «Сын тұрғысынан ойлауды үйрету арқылы оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру»

библиотека
материалов

hello_html_m361e2a3b.gifhello_html_2edc8448.gifhello_html_2edc8448.gifСын тұрғысынан ойлауды үйрету арқылы оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру

6 қараша 2014 - Рауза Дусенбаева

Сын тұрғысынан ойлауды үйрету арқылы оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру.

    «Сыни ойлау» — бұл американдық көптеген ғалымдардың алдыңғы қатарлы идеялары негізінде құрылған жоба, оның тұтас құрылымы болғандықтан технологияға деген негіз бар.Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің да сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. Сыни тұрғыдан ойлау — бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, талдауға, және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады.

     Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешім қабылдауға, ойлау және іс — әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді Бастауыш мектеп – баланы оқуға үйрету мен тәрбиелеу оның тұлға ретінде өзін — өзі ашуға, жалпы дамуының қалыптасуына жағдай жасайтын негізгі саты. Заман ағысына сай технологияларды қолдану ауқымы, түрлері өзгеріп отырады. Бірақ ең бастысы технологияларды тиімді, жүйелі қолдану керек. Ұстаз үшін ең негізгі мақсат – әр сабағын түсінікті, тартымды, тиімді өткізу. Оны жүзеге асырудың бір жолы – оқушыларға білім беру, тәрбиелеу барысында кеңінен қолданылып жүрген оқушылардың білім сапасын көтеруде жағдай жасайтын сабақты тиімді ұйымдастыруға, атап айтқанда сабақ уақытын ұтымды пайдалануға мұғалім мен оқушылардың ойлай қабілетін дамытуға көп көмегін тигізетін технологияны тиімді қолдана білу. Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылатын технологиялар баршылық. Солардың бірі сын тұрғысынан ойлау технологиясы.Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы бойынша жүргізілетін жұмыста оқушылардың:

1. Өз бетінше тұжырым жасау, қорытындыға келу.

2. Ұқсас құбылыстар арқылы арасынан тиімдісін таңдай білу.

3. Проблеманы шеше білу.

4. Пікір таласты жүргізе білуге қабілеті қалыптасады.

Сын тұрғысынан ойлаудың маңыздылығының нәтижесі:

1. Әдіс түрлері.

2. Белсенді практикалық іс — әрекетте болуы

3. Басқалармен қарым — қатынас жасай білу, қорғай білу.

4. Қажет болса өз көзқарасын өзгерту.

5. Топтық тұжырымға келе білу.

6. Топ алдына шығып, өз тұжырымын айта білу.

       Қазіргі кезде мектептерде жиі қолданылып отырған жаңа модулінің бірі – оқушылардың жазу мен оқуда сын тұрғысынан ойлау қабілетін қалыптастыруға бағытталған әдіс-тәсілдер.Оқытудың осындай жаңа педагогикалық технологияларын сабаққа ендіру бүгінгі таңда әрбір ұстаздың басты мақсаты болуы керек. Себебі, елімізге заман талабына сай қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін, белсенді, шығармашыл азаматтар қажет. Сабақта тек білімділік мақсаттарды шешіп қоймай, балалардың жекелік қасиеттерін, қабілеттерін дамытудың жолдарын қарастыруда дәстүрлі оқыту мен дамыта оқытудың айырмашылығын салыстыру кестесі арқылы көрсетуге болады. Мұғалім бұл жүйемен жұмыс жасағанда, үнемі оқушы санасында болып жатқан өзгерістерді бақылап, оның дамуын жан-жақты зерттей отырып, өз сабақтарын соған сай өзгертіп отыруы тиіс. Сыни тұрғыдан ойлау өзіндік, жеке ойлау болып табылады. Ал, сабақ сыни тұрғыдан ойлау принциптеріне негізделетін болса, әркім өз ойлары мен пікірлерін және бағалауларын басқалардан тәуелсіз құратын болады. Сыни тұрғыдан ойлайтын адам басқаның көзқарасымен жиі келісе бермейді. Олар не ойлау керектігін өздері шешетін болады. Сыни тұрғыдан ойлауды дамытудағы әдіс-тәсілдерді қолдану сабақта көп нәтиже береді. Оқушының жеке басын дамыту үшін мынандай қағидаларды есте үнемі ұстап отыру керек.1.Баланың бойындағы құмарлығын, қызығушылығын жойып алмай оны үнемі алға жылжуға деген талап тілектерін, сұраныс пен мұқтаждарын ескеру, шығармашылығын жетілдіру. 2. Білімді өз бетімен іздену арқылы ойлауға жағдай жасау. 3. Өзін-өзі қалыптастыратын тұлға қалыптастыру. Мен өз сабақтарымда сыни тұрғыдан ойлау технологиясының бірнеше стратегияларын қолданамын.Жалпы әр сабақ психологиялық дайындықтан басталады. Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтып, өздерін сабаққа дайындап алады.

www.jospar.kz

Барлық пәннен күнделікті сабақ жоспарлар

орта және қысқа мерзімді сабақ жоспарлар

Сабақтың құрылымы:

1. Қызығушылықты ояту;

2. Мағынаны тану;

3. Ой толғаныс.

І. Қызығушылықты ояту – жаңа сабақты түсіндіру кезіндегі үйрету процесі. Бұл өткен сабақ пен жаңа сабақты ұйымдастырудан тұрады. Бұл процесс бойынша оқушы нені біледі, не айта алады, осы кезеңде «топтау», «миға шабуыл», «болжау» тәсілдерін пайдаланамын. Бұнда ойды қозғау, ояту, ми қыртысына тітіркендіргіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты — үйренушінің белсенділігін, ынта-жігерін арттыру. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады. Жұбымен, тобымен талқылайды.

ІІ. Мағынаны тану – бұл кезеңде оқушы жаңа жаңалықпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, әр түрлі тапсырмалар орындайды. Стратегиялар: INSERT, кубизм. 

ІІІ. Ой толғаныс кезеңінде Венн диаграмма, еркін жазу, бес жолды өлең, эссе т.б. стратегиялар а қолданылады. Олар арқылы баланың дамуына, оның бойындағы жеке қабілеттердің ашылуына, шығармашылықпен ізденуіне жол ашылады. Әдебиеттік оқу пәнінен 4 сыныпта «Күзгі қарбалас» (Б.Тәжімбетов) тақырыбы бойынша сабақ өткіздім. Сын тұрғысынан ойлау бағыты бойынша мен сабағымды үш кезеңінде қолдандым. Ең бірінші әрекет сыныптағы оқушыларды 3 топқа бөліп алдым. Әр топта 6 баладан отырды. 1. Қызығушылығын ояту. 1-кезеңінде жаңа тақырыпты ашу үшін жұмбақ жасырдым күз туралы, содан соң сұрақ қойылды: — Күз, күздің мезгілі дегенде қандай ой, ассоциация келеді? Яғни мұнда мен оқушылардың қызығушылықтарын оятуды қарастырдым. Олар өз ойларын дәптерлерге жазып шықты. ( Топтастыру стратегиясы). Жауаптары мынадай болды: — күз деген өте тамаша жыл мезгілі, күзде құстар жылы жаққа ұшып кетеді, күн салқындайды, жиі жаңбыр жауады, балалар мектепке барады, күзде адамдар қысқа дайындалады, т.б. Екінші кезеңіндегі ( Мағынаны тану) мақсатым оқушының белсенділігін арттыру болды. Өйткені үйрену-енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет. Оқулықтағы өлеңді мәнерлеп, түсініп оқып алды. Сыни тұрғыдан ойлау стратегиясынан кластер арқылы оқушылар миға шабуыл жасап, өз топтарында оқыған өлең туралы ой қозғап, пікірлесіп, талқылап, ойларын флипчартқа салды. Осы жерде оқушылардың арасында ынтымақтастық атмосферасы қалыптасып отырды. Топтың атынан бір көшбасшы(спикер) шығып түсіндірді. І-топтан — Аружан, ІІ-топтан – Айбын, III топтан — Айнур атты оқушылар шықты. Тақырыптың мағынасын ашу үшін үш топқа тапсырма бердім. Бірінші топқа оқулықтан «Күз » деген өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын айтып беру ұсындым. Екінші топқа «Бес жолды өлең» құрастыру. Үшінші топқа тапсырма: «Күз» тақырыбына сурет салу. Топтар берілген тапсырмаларды жақсы орындады. Әсіресе өзін жақсы жағынан көрсеткен Айбын, Аружан, Нияз, Айнур, Арсен, Сания, Алма, Данияр. Бұл балалар белсенді қатысып, өз ойларын жеткізе алды. Мен оқушыларға жеке және топпен жұмыс істеуіне бағыттап, оқушылардың топпен бірге жұмыс істеуіне ықпал жасап отырдым. Содан соң өлеңге қатысты 9 сұрағын 3 топқа бөліп бердім. Әр топ ойларын қағазға түсірді. Спикерлер ортаға шығып, өз жауаптарын қорғай білді. Ой толғаныс кезеңінде сабақты қорытындылау үшін күз туралы эссе жазғыздым. Бірнеше оқушы жазған шағын шығармаларын оқып берді.Рефлексия: — Бүгінгі сабақ кызықты болды ма? — Не ұнады? — Неліктен? — Кімнің жауабы ұнады? Бұл сабақта жақсы оқитын және орта оқушылар жұмыс істеп отырды. Үлгерімі төмен балалар аз қатысып отырды. Олар: Дамир, Айгерім, Айдар. Енді менің мақсатым келесі сабақта осы оқушылардың сабаққа деген ынталарын, қызығушылықтарын арттыру. Ол үшін жеңілдеу сұрақтар қойып, мадақтау әдісін қолданған жөн деп ойлаймын. Екінші сабақ «Әдебиеттік оқу» Н.Жанаев «Мұғалім». Оқушылардың қызығушылықтарын ояту үшін мына сұрақ қойылды: — Мұғалімнің рөлі қандай деп ойлайсыңдар? Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы бойынша ой қозғау арқылы оқушылар мұғалім туралы жекеше ойланды, жұппен әңгімеледі, топпен ортаға салды. Ойларын флипчартқа түсірді. Топтардан бір спикер ортаға шығып әңгімеледі. Жауаптары көбінесе мынадай болды: мұғалім – білім, тәрбие береді, екінші ана, түсіндіреді, көрсетеді, жазады, оқиды, талдайды, қорғайды, үйретеді, көмектеседі, бағалайды т.б. Оқушылар топтық, жұптық жұмыста бірлесе отырып ынтымақтастықтарын көрсете білді. Жауап беру барысында пікір-талас туындады. Сабақ барысында бақылау кезінде топ арасында және топтың ішінде қөшбасшылықты байқадым. Үндемеген балалар қатысып, өз ойларын, пікірлерін айта алды. Олар: Дамир, Айгерім, Әділет.Мағынаны тану кезеңі: топтарға өлеңді іштей оқу, өлеңдегі шәкірт ойын ашып беру тапсырма берілді. Содан соң әр шумағына ат қою, өзіңнің ұстазың туралы эссе жазу. Барлық топтар жақсы орындады. Шумақтарға мынадай ат қойған: «Қамқоршы», «Ақылшы» т.б. Оқушылардың жазған шағын шығармаларының үзінділері: 1) Менің мұғалімнің аты – Роза Ареновна. Бұл мұғалім мені бесінші жыл оқытып жатыр. Апай қатал болса да, мен ол кісіні сыйлаймын, өйткені бізге тек жақсылық тілейді. Менің сүйікті сабақтарым – математика мен дене шынықтыру. (Умирзаков Нияз). 2) Менің апайым – Роза Ареновна. Бұл кісі бізге білім, тәрбие береді. Біз үшін барлық жағдай жасайды. Біз апайды құрметтеу керекпіз, ренжітпей айтқанын орындау керекпіз. Мен өскенде мұғалім болғым келеді. (Кайсина Айнур)Ой толғаныс кезеңінде мынадай тапсырма берілді: Венн диаграмма құрастыру: мұғалім мен ананы салыстыру. Балалар мұғалім мен ананың айырмашылығын және ұқсастығын жазып берді. Ортақ қаситтеріне былай жазыпты: екеуі де адам, әйел, жылы жүректі, ақылшы, білім мен тәрбие береді. Мен жауаптарына риза болдым. Барлық топтар тапсырманы жақсы орындады. Әр топтың спикері тақтаға шығып, жұмыстарын қорғай білді. Әр сабақтың соңында оқушылармен кері байланыс жасалып отырды. Рефлексия: — Бүгінгі сабақ несімен ұнады? -Сен үшін не жаңалық болды? -Сенің ойыңша қай топ жақсы жұмыс істеді? -Осы сабақтан алған әсерің? Мен өз балаларымды ( қазір 4-ші сынып) екінші сыныптан бастап СТО стратегияларымен таныстыра бастадым. Қазіргі уақытта мына стратегияларын меңгерді: «Топтастыру», « Бес жолды өлең», «Венн диаграмма», «ББҮ», «Эссе», «Болжау», «Т-таблица», «Кубизм», «INSERT». INSERT стратегиясы берілген мәтін бойынша жұмыс жасауға көмектеседі, ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысындаV — білемін- — білгеніме сәйкес келмеді+ — жаңа ақпарат? — тереңірек білгім келеді, зерттегім келеді, белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады.INSEPT оқығанын түсінуге,өз ойын басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал.Оқушылар білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді.Белгілі бір нәтижеге жету үшін біраз уақыт керек. Сын тұрғысынан оқыту технологиясын тәжірибемде қолданғанымда мынандай қорытынды жасауға болады: оқушылар сыни тұрғыдан ойлауға үйреніп жатыр, еркін сөйлеуге, ой бөлісуге тырысып жүр, ізденеді, берілетін шығармашылық тапсырмаларды орындауға тырысады. Және байқағаным балалардың сөздік қорлары кеңейді. Мысалы, оқушылар өз достарын туған күнімен құттықтағанда өте жақсы-жақсы тілектер айтып жатады. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту сабақтарының негізінде менің сабағымда оқушылар арасында: -белсенді шығармашылықты ойлауға негіз қаланды: — мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алмастыруға үйренді; — бір-біріне құрметпен қарауға үйренді; — бір-бірінің пікірін тыңдау, сыйлауға ынтымақты қарым-қатынастың негізі қаланды; — өзін жеке дара тұлға ретінде тани біліді; — өз ойын ашық, еркін айтуға, пікір алмасуға үйренді; — өзін-өзі, бірін-бірі бағалауға үйренді; — достарының ойын тыңдап, мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге талпынады; Пайдаланылған әдебиеттер:1. С.Мирсеитова, Ә. Іргебаева «Әрекеттегі RWCT философиясы мен әдістері».2. Бастауыш сынып. 2004 ж № 3 (27 бет)3.Бастауыш сынып. 2003 ж № 12 (22 бет)

Осыған ұқсас жазбалар:

Ұстаздарға → Сын тұрғысынан ойлауға үйрету

Ұстаздарға → Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау жобасының тиімді жақтары

Қазақ әдебиеті → Б. Соқпақпаев “Менің атым Қожа”

Бастауыш → Әдебиеттік оқу. 4 сынып. "Күріш туралы сыр"

Теги: топтастырусын тұрғысынан ойлаурефлексияеркін жазу

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Пікір қосу

http://ped.kz/templates/ic_newsbox3/style4/images/sert1.png

http://advmedia.kz/li/138-1067-30d.jpegОригинальный подарок! Устрой дискотеку не выходя из дома! Жми!

http://advmedia.kz/li/123-1094-1b5.jpegКомпрессионные гольфы Zip Sox. Избавят от варикоза и укрепят вены

http://advmedia.kz/li/137-1080-c27.jpeg100% защита стекла от дождя, грязи, снега и льда!

http://advmedia.kz/li/125-1073-f50.jpegНабор для перестановки мебели! Передвинь диван с легкостью!

http://advmedia.kz/li/138-1074-1aa.jpegМонстры звука, стиля и удобства!

Соңғы ай бойынша

Үздік авторлар

http://ped.kz/images/users/avatars/small/7e0bf305bdf205bd27e6fa6d8bc9480d.jpg

Базаргүл Алтынбекқызы

5

http://ped.kz/images/users/avatars/small/d6ec136f7944161d513fe68c49102756.jpg

Айгүл Шатанова

4

http://ped.kz/images/users/avatars/small/90c63e7b62dc9eae86294ead51a45ccd.jpg

Күлзия Есенқызы

2

http://ped.kz/images/users/avatars/small/b6ba19423c335eaa3f554252ca473630.png

Админ

2

http://ped.kz/images/users/avatars/small/8dd39a9fe19a23d728a3fc02efa138e7.jpg

Маржан Ахмадиева

2

Ұстаздарға арналған жаңа

сайт ашылды

http://ped.kz/images/wysiwyg/comp/2015-03/af22aebc4fdd6439c62fd24163c7bc74277.png

Пәндер

Ұстаздарға

Оқушыларға

Лауазым иелеріне

Ең үздік блогерлер

http://ped.kz/images/users/avatars/small/3e6e3df3bdb539c1d3e41b6a7fb1150f.jpg

Нургиза Кульджина

79

http://ped.kz/images/users/avatars/small/695416c82ff03976a384433b47c7ce8c.jpg

Несипкул Утебаева

36

http://ped.kz/images/users/avatars/small/5114f83b3f013c3703653a6913b34b02.jpg

Таланттар мектебі

35

http://ped.kz/images/users/avatars/small/e4f8212f7db9cac0a4241efa55d4be9f.jpg

Askar Naymantaev

32

http://ped.kz/images/users/avatars/small/f7f8418c52d56827c4d3dc42eead79ff.jpg

ӘСЕЛ

16

Үздік пікірші

Үздік пікіршілер

http://ped.kz/images/users/avatars/small/nopic.jpg


1156

http://ped.kz/images/users/avatars/small/b6ba19423c335eaa3f554252ca473630.png

Админ

114

http://ped.kz/images/users/avatars/small/5114f83b3f013c3703653a6913b34b02.jpg

Таланттар мектебі

111

http://ped.kz/images/users/avatars/small/e4f8212f7db9cac0a4241efa55d4be9f.jpg

Askar Naymantaev

97

http://ped.kz/images/users/avatars/small/3e6e3df3bdb539c1d3e41b6a7fb1150f.jpg

Нургиза Кульджина

80

Әріптесіңізді шақырыңыз

Начало формы





Конец формы

Mail.ru тобымызға қосыл

Facebook парақшамыз

VK.COM тобымызға қосыл

 

Қазақстан ұстаздарының әлеуметтік порталы Сайтынан материалды көшіріп басқа сайттарға жариялаған кезде сілтеме жасау міндетті 
Қазақстан ұстаздарының әлеуметтік порталы © 2016

0

 Яндекс.Метрика 

 

 




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 20.01.2016
Раздел Иностранные языки
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров297
Номер материала ДВ-359063
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх