Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Доклад тему " БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ОҚУШЫЛАРҒА ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДОГОГИКА АРҚЫЛЫ ТӘЛІМ–ТӘРБИЕ БЕРУ"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Доклад тему " БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ОҚУШЫЛАРҒА ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДОГОГИКА АРҚЫЛЫ ТӘЛІМ–ТӘРБИЕ БЕРУ"

библиотека
материалов

БАЯНДАМА

БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ОҚУШЫЛАРҒА ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДОГОГИКА АРҚЫЛЫ ТӘЛІМ–ТӘРБИЕ БЕРУ.

Оразова Динара Отегеновна


Павлодар қаласы №41 денешынықтыру - сауықтыру бағытындағы жалпы орта білім беру бейіндік мектебі.

Бастауыш сынып мұғалімі


Қаншама заман өтсе де,маңызын жоймаған халықтық педагогика дәуірдің небір қатал сынынан өтіп, жаңарып, жаңғырып, шым болаттай тіршілік тынысы және салт-дәстүрлерімен біте қайнасып,бірге жасасып келе жатқан қазына.

Қоғамның барлық тарихи даму кезеңдерінде халық педагогикасы жайлы көптеген ғалымдар, педагогтар көңіл аударды, құнды пікірлер айтты,өмірлік мұра қалдырды. Серғазы Қалиев «Халықтық педагогика – ұлттар мен ұлыстардың әлденеше ғасырға созылған ұрпақ тәрбиелеудегі ұлттық әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерінің мәдени ойлау жүйесінің эстетикалық негіздегі озық үлгілерінің жиынтығы» деп түйген. [6, 39 бет]

Әр халық өзінің жас ұрпағын қайырымды, адал, үлкенді құрметтейтін әділ, ержүрек, ізгі ниетті, ар-ожданы мол болып өссін деп ойлайды, сондықтан саналы, сауатты, халқымыздың барлық дәстүріне қанық, ел тізгінін берік ұстай алатын ұрпақ тәрбиелеу әр отбасына және мектеп тәрбиесіне байланысты. Тәрбие мен оқыту жұмысы халықпен бірге туып,бірге өскен,бірге дамыған тарихи үрдіс. Онысы – балам халық дәстүрін көңілге тоқып өссін дегені болу керек. Сондықтан бала тәрбиесі туған, өскен ортаға, та-анаға, үлкендерге, олардың үлгісіне байланысты. Баланы өмірде тәрбиелеуде мектеп, мұғалім, ата-ананың орны бөлек. Тәлім-тәрбиедегі жарасымдылық бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады. Мектепке баланы жеті жастан берудің өзі қазақ халқының жеті санынан қастерлеп, қасиеттеуінде деп ойлаймын. Сондықтан да Абай атамыз ата-анадан кейін бала тәрбиесіне ұстазды бекер келтірмеген. Өйткені мектеп қабырғасында баланың бар қылығы мұғалімдердің көз алдында өтеді.

Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы бүгінгі басты міндеттерінің бірі – ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып, шәкірттерге терең білім мен тәрбие беру. Қазіргі кезде оқушының алған білімі мен іс-әрекет түрлерін іс жүзінде пайдалана алатындай дәрежеге жеткізудің үлкен маңызы бар.

Сондай-ақ өзімнің білім мен тәрбие беріп отырған мектебімде халық педогогикасы негізінде айтарлықтай жұмыстар жүргізілуде. Әр пәнді оқыту кезінде сабақты қазақ халқының тұрмысы, әдет-ғұрыпы, үлгілі дәстүрлерімен шебер ұштастырып, шәкірт бойында ұлттық мақтаныш, ұлттық патриоттық сезімін қалыптастыру, оны бүгінгі күн талабына сай мазмұнды да, пәрменді жүргізуге күш салу пән мұғалімдерінің басты парызы. Сабақтарда халық педогогикасын ұлттық дәстүрмен сабақтастыра отырып оқыту, дамыта оқытудың бірден бір діңгегі болады. Халықтық педогиканың асыл қазыналарын сабақтарда қолданудың түрлі жолдары бар. Сабақ барысында қоладану жаңа сабаққа немесе сұралатын үй тапсырмасынан оқушыларды түгел қатыстыру мақсатын көздейді. Егер сабақтың ортасынан қолданса, онда мұғалімнің мақсаты оқушылардың көңіл-күйін сергіту, шаршағандықы ұмыттырып ерік - жігерін дамыту. Сабақтың соңында болса тақырыпты бекіту не сол сабақтан алған білімді жинақтау мақсатында пайдаланады. Бастауыш сыныптарда ойындарды оқу – тәрбие процессін жетілдіру мақсатында қолданып келеді.

Мысалы: сабақтарда ертегілер, санамақтар, қызықты есептер, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштарды қолдану бұл ұлттық дәстүр элементтерін дамыта оқыту технологиясын пайдалану оқушылардың логикалық ойлау, өз бетімен жұмыс істеу дағдыларының дамуына себебін тигізді, оқу үрдісін жандандырып, жаңа тақырыпты жеңіл түрде меңгеруіне, сабақтарда алған білімінің деңгейі мен сапасын көтеруге мүмкіндік береді. Математика пәнінде кей сандар қасиетті саналады, олар туралы мақал-мәтелдерді қолдансақ оның тәрбиелік мәні ерекше, математикалық есептер оқушы ойын дамытады, жауабын табу үшін қисындылық, бірізділік ұстамына сүйене отырып шешеді. Ал, мақал-мәтелдерде адамгершілік, имандылық тәрбиесіне байланысты әдеп-ғұрыптар насихатталса, жұмбақтар мен айтыстарда, ақыл–ой тәрбиесі, өлең, жыр-дастандарда – әсемдік (эстетикалық) тәрбиесінің негізгі принциптері, ал ертегілер халықтық тәрбиенің сан алуан мәселелерін тәлімдік материал ретінде пайдаланылған. Демек, халықтық педагогика – тәлім-тәрбиелік, ой – пікірдің ілкі бастауы, халықтың рухани мұрасы. Халықтық педагогиканың ескерткіштері халық ертегілерінде, аңыздарында, жырларында, мақал-мәтелдерінде сақталып, ұлттық салт-дәстүрлер арқылы өзінің көрінісін беріп отырады.

Халықтық педогиканың құрамы ұлттық ойындар тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі болып қалмай, олардың жас ерекшеліктеріне сай көзқарастарымен мінез-құлқының қырағылығы мен тапқырлығының қалыптасу құралы деп бағаланады. Сабақтарда ұлттық ойындарды пайдалану, оқушылардың тапқырлығын, ептілігін, ой-өрісін жетілдірумен бірге өз халқымыздың ғасырлар бойы салт-дәстүрін, ата мұрасын кейінгі ұрпақтарға жеткізу құралы болып табылады. Ұлттық ойындар халық педогикасының бір саласы болып табылады. Ол сандаған ұрпақтың керегіне жарап, оларды өмірге әзерлеу қажетін өтеген, сыннан өткен сенімді тәрбие құралы. Қазақ халқы өмірге дені сау, шыныққан, әділетті, елін жерін сүйетін азаматтар тәрбиелеу жөнінде өз ұрпақтарына таусылмас мұра қалдырған. Ұлттық ойындарды сабақта, үзілісте, сыныптан тыс жұмыстарда тиімді пайдалануға болады.

Халық педагогикасының негізгі түйіні еңбек тәрбиесі және өндірістік білім, дағды, шеберліктерді ұрпақтан-ұрпаққа қалдыру. Оқушыларды қазақ халық педогогика негізінде ұлттық сана – сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, эстетикалық талғамы жоғары, ар-ожданы мол, еңбекқор етіп тәрбиелеу болып саналады. Бастауыш сынып оқушыларын еңбекке баулу үшін еңбек, қолөнер, кәсіптік, бейнелеу өнері, үйірмелік жұмыстар жүргізіледі. Мысалы: қолөнерде ұлттық нақышта түрлі кесте, оюларды қиып сырмақ жасаймыз, олардың мәнін ашамын. Жалпы оқушылардың қол маторикасын дамытып, еңбек етуге машықтырамын. Мағжан Жұмабаев еңбек туралы «Еңбекке зауқы жоқ баланың іші пысады. Іш пысудың себебі – іссіздік. Ісі жоқ, жұмысы жоқ адамның іші пысымпаз болады. Ылғи еңбек қылатын адам іш пысудың не екенін білмейді» деп жазды.[7, 65 бет]

Ғасырлар сынынан екшеленіп, ұрпақттан-ұрпаққа ұласып келе жатқан салт-дәстүрдің озық үлгілері жеке тұлғаның жан-жақты дамуына септігін тигізеді. Адам дүниеге келгенінен өмірі салт-дәстүрмен байланысты әр дәстүрдің өзіндік тәрбиелік қасиеті болады. Салт-дәстүрдің түрлері көп мысалы шілдехана, бесікке салу, сүндет той т.б. жатады. Осындай дәстүрлерді мерекелерде, сынып сағаттарында сахналық қойылым түрінде оқушылармен бірге орындаймын,олар өздеріне қатты ұнайды. Қазақ халқының дәстүрлері өзінің бай тарихы, терең мазмұны ұлттық санасы биік, үлкен өркениеттің көшіне ілесер жан-жақты жетілген, заман талабына сай тұлға тәрбиелейді.

Сонымен сабақты өтуде халық педогикасының түрлерін пайдаланудың рөлі зор. Жас ұрпақты өнер–білім машықтарын меңгертуге отбасының, ел–жұртының намысын қорғауға ата-бабасының қанына сіңіп тері тамған атамекенін сүйге баулып, тілін ұстарту, ойлау қабілетін дамыту, имандылыққа тәрбиелеу болып табылады.

Уақыт мектеп мұғалімдеріне жастарды жаңа заман талаптарына сай, әрі озық ұлттық дәстүр рухына тәрбиелеп, өмірге әзірлеу секілді жауапты міндеттерді жүктеп отыр. Егеменді елімізге сай ұрпақ тәрбиелеп шығудың бірден-бір жолы ол – өсіп келе жатқан ұрпақты эстетикалық тұрғыдан шыңдау. Осыны халықтық педагогика арқылы жүзеге асыруға болады.

Халық педагогикасы ұрпақтан–ұрпаққа көбінесе ауызша түрде жалғасып келе жатқан, халықтың тарихи және әлеуметтік тәжірибесінің жемісі, оны іс-жүзінде тексерілген білімінің мағлұматтарының жиынтығы.

Халықтық тәрбие тарихи даму үрдісіндегі тірі дене болып табылады. Халықтық педагогиканың әлеуметтік бағыттылығы, әсіресе көне жазба ескерткіштерде мақалдар мен мәтелдер, ертегілер мен жырлар, бата, тілек секілді тәрбие құралдарында толығырақ бейнеленген.

Бастауыш сынып оқушылары әр түрлі пәндерді оқуда халықтық педагогиканың нәтижесінде табиғаттың, еңбектің сұлулығын және адам іс-әрекетінің әдемілігін бағалай білуді түсінеді. Олар әдемі жазуға, мәнерлеп оқуға және айтуға үйренеді. Ал бұл мәдениетті сөйлеуге, көркемдік танымын қалыптастыруға, қиялын дамытуға игі әсер етеді.

Сонымен халықтық педагогиканы оқу-тәрбие үрдісінде тиімді қолдана отырып, бастауыш сынып оқушыларының талап - талғамын арттыруға болады деген қорытындыға келдім. Бүгінгі таңда бастауыш мектептерде оқу әрекетін ұйымдастыруда оқушының жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыруда халықтық педагогикалық мәдениетке мұғалім ерекше назар аудару керек. «Ел болам десек, бесігімізді түзейік!» [4, 85 бет]







Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 02.11.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров417
Номер материала ДВ-116825
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх