Инфоурок / География / Статьи / Доклад учителя географии на тему:«География сабағында оқушыларды ғылыми жұмыстарға дайындау»
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Доклад учителя географии на тему:«География сабағында оқушыларды ғылыми жұмыстарға дайындау»

библиотека
материалов


Баяндама «География сабағында оқушыларды ғылыми жұмыстарға дайындау»

hello_html_m43fc16bc.jpg
Абдрахманова Сания Кадыровна, ШҚО Семей қаласындағы " №34 ЖОББМ" КММ география пәнінің мұғалімі.



География сабағында оқушыларды ғылыми жұмыстарға дайындау– оқушы шығармашылығын қалыптастырудың нақты жолдарының бірі екенін де естен шығармау қажет. Бұл жұмыс заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып, қажетті бағдарлы базаларға еніп, деректер қорымен жұмыс жасауды қамтамасыз етеді. Қазіргі оқытушының басты қызметі – білім беру мен жеке тұлға тәрбиесін сабақтастыру болса, оқушылармен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы олардың өзін-өзі дамыту, шығармашылық,ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру болып табылады. Баланы зерттеу жұмысына дайындау, оны зерттеушілік ізденіс дағдылары мен іскерлігіне үйрету қазіргі білім берудің маңызды міндеті болып отыр. Бала-табиғатынан зерттеуші, зерттеушілік ізденіс – табиғатпен берілетін қасиеттің ажырамас бөлшегі. Жаңа әсер алу, көп білуге құштарлық, үнемі қадағалауға және эксперимент жасауға ұмтылу, әлем туралы жаңа мәліметтерді өз бетінше іздеу бала мінезінің маңызды белгілері ретінде қарастырылады. Зерттеушілік әдісін қолдану қажеттігі оқушының білім алу процесінде қоршаған ортасына қызығушылығымен, сүйіспеншілікпен қарауымен түсіндіріледі. Оқушының өз бетінше зерттеу жүргізуі оның жеке талабын қанағаттандырумен көкейінде жүрген сұрақтарға жауап табуға үлкен ықпал етеді. Одан басқа, өз бетінше зерттеу жүргізу интеллектуалдық және шығармашылық қабілеті мен ойлау, зерттеу білігінің дамуына мүмкіндік туғызады. Оқушы өз бетінше зерттеу жүргізу арқылы қоршаған ортасын тани алады, жаңа білімді дайын күйінде емес, өзі үшін жаңа білім ашады. Ізденуші оқушылар өз тақырыбының ерекшіліктерін, өзектілігін,маңыздылығын сезіне отырып түрлі әдіс-тәсілдер арқылы өзін қанағаттандыратын нәтижеге жетіп отырады. Ізденіс барысында оқушыларға шығармашылық мүмкіндіктер беріледі.

Оқушылар дүниетанымының мүмкіндігіне қарай, ғылыми түрде тапсырмалар беріледі.

Мұғалім мен оқушы бірлесе отырып, ғылыми жұмыстың көкейкестілігін, шығармашылық аясын айқындайды, осы міндеттер бойынша оқушылармен қосымша ізденуге жағдай жасай алады. Осы жұмыс барысында ғылыми жұмысты жүргізудің теориялық принциптері пайдаланылады:




1. Ғылыми жұмысты ұйымдастыруда белгілі бір тақырып бойынша көмек көрсету,   қосымша мағлұматтар беру.

2. Ғылыми бағыт бойынша зерттеу материалдарының тізбесін жасау және сұрыптау. 3. Жұмыстың өміршеңдігіне мән беріп, ортамен байланысына көңіл бөлу.

4.Зерттеу кезеңдері бойынша қолданатын әдіс-тәсілдерді анықтау. 5. Оқушының жұмыс барысындағы жеке қолтаңбасы, жаңалық қыры, шығармаларын   талдай білуі ескеріледі. 6. Жұмыстың соңында қорытындылар мен пайдаланылған әдебиеттердің тізіміне көңіл бөлінеді. Ғылыми жоба жарыстарына дайындауда төмендегі мәселелерге ерекше көңіл бөлу керек:

1) Тақырыпты қабілетіне қарай таңдау ;

2) Аталған тақырыпты ашудағы шәкірт еңбегінің сипаты, қосқан жеке үлесі;

3)Шешендік сөз саптауы, сөйлеу мәнері, ойын ұтымды,жағымды жеткізе алуы, өзін ұстауы,аудиторияны тартуы;

4) Көрнекілігі мен ұсынылған материалдың сапалылығы;

5) Жұмыстың көркем безендірілуі. 

       Оқушының дарындылығын әлеуметтік қажеттігіне сай ғылыми негізіңде дамытудың шарттарын анықтап, оны қанағаттандыруда оқушылар ұжымының дайындық деңгейінің, дәрежесінің диогностикалық әр кезеңде жүргізу керек, себебі, ғылыми –зерттеу жұмысының екінші, үшінші кезеңдері осыны міндетті түрде талап етеді, өйткені, бұл оқушылардың жас ерекшелігіне. байланысОқушыларды  зерттеу жұмысын жүргізуге үйрету үшін : -         мұғалімнің өзі теориялық білімдерін жетілдіріп отыруы қажет; -         зерттеу процесіне баланы үзбей, сатылы түрде қатыстыру; -         зерттеу кезеңдері мен әдіс -тәсілдерін айқындап алу; -         зерттеу барысында өз бетімен қорытынды жасай алу; -         шығармашылық жаттығу, тапсырмалардың мазмұнын оқушылардың        

 жас  ерекшелігіне,қызығушылығына сай таңдау; -         оқушы жетістігін мадақтап,көтермелеу керек.


hello_html_209def0b.jpg


Ғылыми-зерттеу жұмыстары оқушының интеллектуалдық дамуының өсу деңгейін арттырады.Ғылыми сипаттама беруді үйренеді.Ғалымдардың тәжірибесіне негізделген материалдарды іздестіріп,танымдық белсенділігін арттырады. Ғылыми еңбектермен жұмыс жасау әдістерін меңгереді. Ғылыми жұмыстардың теориялық және тәжірибелік аспектілерін шешуде шығармашылық белсенділік көрсетіп, ғылыми


нәтижесін алады. Қоғамдық өмірге бейімделген интеллектуалды жеке тұлға қалыптасады.             Қай жұмысты болсын қызығушылықпен,ынтамен жасаса нәтиже шығатыны анық. Ал біздің кішкентай білгірлерімізді  қызықтыру,ынталандыру өз қолымызда




Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДБ-063482

Похожие материалы