Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Конспекты / Доклад учителя казахского языка и литературы на тему "Баяндама"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Доклад учителя казахского языка и литературы на тему "Баяндама"

библиотека
материалов
















































Бөгенбаев Байғали Рахманбердиевич

Тайынша ауданы

2 Чкалов орта мектебі



Қазақ ағартушыларының (А.Құнанбаев, М.Дулатов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, т.б.) өмірі мен қызметі мысалында азаматтық, патриоттық және әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыру.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсатының бірі- жастардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды, әлеуметтік жауапкершілікті, отансүйгіштік сезімді, жоғары адамгершілік және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру болып табылады. Оны жүзеге асыру міндеті – біздер,ұстаздар міндеті. Еліміз өркениетті елдердің қатарына қосыламыз деп отырған шақта, осы жолда алға ұмтылған ұлт, ең алдымен, келешек ұрпаққа оқу- білім және тәрбие беру ісін дұрыс жолға қоюы тиіс. Әр ұстаз «ұрпақ тәрбиесі –ұлы іс» екенін терең түсінеді және соған бар ынта ықыласымен кіріседі деп айтсам қателеспеймін деп ойлаймын.

«Ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты» деп бекер айтылмаған. Тәрбиелі ұрпақ деп отырғанымыз оқу- білім мен қоса халқымыздың біртуар ұлдарының өнегелі сөздері мен ұлтжанды істерін болашақ ұлдарымыз бен қыздарымыздың бойына сіңіру. Яғни патриоттық сана-сезім ұялату.Бұл жайында «Патриот болу - бұл Қазақстанды өз жүрегінде ұялату»,- деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: "Қазақстанның отаншылдық сезімін тәрбиелеу білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғарғы оқу орындарына дейінгі орталықтарда барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады. Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу-мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы"-деген еді.

Елбасының мәнді де, саналы сөздерін көкейге тоқи отырып мектебімізде оқушылардың бойына А.Құнанбайұлы,А.Байтұрсынұлы,М.Дулатов, М.Жұмабаев сынды дана, дара тұлғалардың мәнді -мағыналы өмірлерімен де,кейінгі ұрпаққа үлгі етіп қалдырып кеткен өсиеттерінің және тәлім-тәрбиеге толы шығармаларымен оқу-тәрбие барысында үлгі-өнеге етудеміз.

Мектебіміздегі осындай тұлғалардың еңбектерімен сусындаған жастардан үлкен үміт күтіп, мектепте осы бағытта жүріп жатқан іс-шаралармен де бөлісе кеткім келеді.Баса назар аудартқым келетіні қазіргі таңда алдымен оқушымен жұмыс жасамас бұрын көшбасшы ұстаздарымызды тәрбиелеп алу. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев бір сөзінде: «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, адамзаттық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан-теріңді сығып жүріп, еңбек ет...» деген болатын,ұстаздарымыз осы сөзді жадына тоқыса нағыз көшбасшы бола алады.Ол үшін мен өзімнің 1-деңгейді тәмәмдаған тәжірибемді сала отырып сынып жетекшілермен, жас ұстаздармен бала тәрбиесіне қатысты тақырыптарды қамтып коучнгтер өткізіп алдым. Мысалы: «Абайдың 5 асылын» немесе бес «5 қашығын» әр қайсын бір тақырып етіп талдасақ та артығы жоқ. Мен «мақтаншақтығының» өзін коучингте қарастырып өттім.Оның пайдасы көп болмаса ,аз емес.

DSCF3426.JPGDSCF7411.JPG

D:\фотолар\13.02.15ж семинар\Жанаша окыту-заман талабы семинар\Богенбаев Б педагогикалык тренинг\DSCF6799.JPGDSC08906.JPG



Себебі алдымен ұстаз қаншалықты терең қабылдаса, соғұрлым оқушыға берері де мол.Осының нәтижесінен де болуы керек мектепте «Абай оқулары», «Абай дана, абай дара қазақта!» тақырыбымен конференция, оқушылардың жас ерекшелігіне қарай стендтер, түрлі сайыстар өткізу дәстүрге айналған.Нәтижесінде аудандық, облыстық «Абай оқуларына» оқушыларымыз жүйелі түрде қатысып, жүлделі орынға ие болып отырады.

D:\фотолар\чкал фотолар\абай оку\P1000662.JPGD:\фотолар\чкал фотолар\абай оку\P1000660.JPG

Сондай-ақ, өнегелі тұлғаларымыз Ахмет, Мағжан, Міржақыптың шығармаларына байланысты топтық. Жұптық дебаттар өткізіліп, белгілі бір тақырып ортаға салынып оқушылар өз ойларын ортаға салу да жүйеге енген.

Мектепте оқушыларға азаматтық және әлеуметтік жауапкершілікті арттыратын, патриоттық тәрбие беретін іс- шаралар жоспарлы түрде болады. Әр оқушы бойына намыс, ар, сүйіспеншілік сезімдерін ұялатып, туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін, ана тілі, салт- дәстүрі, туған тарихына деген құрметін, ата- бабаларымыздың ерлігіне-тағзым, Отанға деген шынайы махаббаттарын қалыптастыру іс- шараларымыз арқылы жүзеге асады. Қазақ халқының ұлттық тарихына деген қызығушылығын дамыту, ұлт тұлғаларының өнегелі өмірін таныту ұлттық сана-сезімді қалыптастыру оның патриоттық сезімін тәрбиелеуде шынайы бағдар бола алады.

D:\каз адеб бирл\P1000081.JPGDSCF6478.JPG

Сабақ барысындағы және топтық дебаттан көріністер.



Өздеріңізге де белгілі білім беру жүйесін жаңғыртудың маңызды міндеттердің бірі- бәсекеге қабілетті білімді меңгерген, ой-өрісі дамыған тұлғаны ғана емес, жоғары азаматтық және адамгершілік ұстанымы, отансүйгіштік сезімі мен әлеуметтік жауапкершілігі қалыптасқан зияткер тұлғаны қалыптастыру болып табылады, сондықтан да оқушының еркін сөйлеп, өз ойын ортаға ашық айтып, білімін кез-келген жағдайда пайдаланып, бәсекеге де қабыілетті болу керек.

Қазақ ағартушыларының жас ұрпаққа патриоттық рух беретін, халық үшін қызмет етуге үндейтін, өз еліне қалтықсыз қызмет етуге үгіттейтін , үстем таптың озбырлық ниеттерін айқын әшкерелеп, оған қарсы күрес жүргізуге ,жастарды өнер- білімге шақыратын қуаты күшті өлеңдерінің жас өрен үшін маңызы ерекше.Сол мақсатта да Ахмет Байтұрсыновтың астарлы мысалдарынан оқушылар 3-11-сыныптар аралығында жас ерекшеліктері мен мазмұнының тереңдігіне байланысты қойылымдар қойылады.

Оқушы рөлге еніп, мағынасын сүзгіден сүзгендей өз бойынан өткізгендіктен жақсы- жаманның ара жігін ажыратып, өздерін-өздері тәрбиелеуге ықпал етеді.

D:\каз адеб бирл\P1000175.JPGD:\каз адеб бирл\P1000178.JPG

DSCF6540.JPGD:\каз адеб бирл\P1000170.JPG

Сонымен қатар оқушылар өздеріне ұнаған тақырыптарын ашып рефераттар, ғылыми жұмыстар да жазады. Ұлы ақындар шығармаларында, өсіп келе жатқан жас ұрпақты ерлік рухта, отансүйгіштікке баулып, ар-намысын, ождан, адамгершілік қасиет үшін күресуге, оны бірте-бірте жастар бойына сіңіруді мақсат етеді. Білімді ұрпақ туған ұлт – халық үшін қызмет етсін дегенді басты міндет етіп қояды. Ол өз қызметін Отан мен халық алдындағы борышым деп түсінді. Оның патриотизмі туған ел табиғатына, мәдениетіне, тіліне, озық дәстүрлері мен ұлттық мінезінің жақсы жақтарына деген сүйіспеншілігінен көрініс тапты. Біздің оқушылар тек меңгеріп қана қоймай өз білген, түйгендерін мектеп оқушыларына, ата-аналар назарына да жеткізіп отырады.



DSCF6741.JPGDSCF6758.JPG

Сахналық қойылым мектеп сахнасында.

Мектеп табалдырығынан мұндай іс-шаралар арқылы оқушыларымыз бойына адамгершіліктің рухани әлеміне терең бойлап, туған ел табиғатына, мәдениетіне, тіліне, озық дәстүрлеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін сіңіріп өседі.

Қысқасын айтқанда,біздің халқымыздың ақын ойшылдары жас ұрпақ үшін идеал болды және бола да береді.

Патриоттық тәрбие мәселесі адамзат тарихының өн бойындағы ұрпақтан –ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсат болғандықтан, жас ұрпақ бойындағы Отанға деген сүйіспеншілігін, яғни патриоттық санасын оятуда,олардың бойына азаматтық-патриоттық және әлеуметтік жауапкершіліктерін қалыптастыруда халқымыздың біртуар ұлдары, қазақ ағартушылары: Иә, бұл, замана тұлғаларының өз замандастарынан оқ бойы озық тұруында не себеп?! Бәлкім, олар өз қоғамының дамуына айрықша үлес қосқан болар?!

Рухты да тұлғалы аталарымыз ел тағдырын өз тағдырынан биік қойып, ұлтының тұтастығы мен жерінің бүтіндігін мұрат етіп, елдің азаттығы мен тәуелсіздігін аңсап өтті. Олар- бүкіл саналы ғұмырын ел басына күн туған қилы кезеңде де ертеңгі болашағына сеніммен қарап, туған халқы үшін сарп ете алған ,азаматтық-патриоттық жауапкершіліктің тамаша үлгісін көрсете алған тұлғалар.

Мен сіздердің алдарыңызда ағартушылардың шығармашылығына талдау жасаудан аулақпын. Ұлы ағартушылардың шығармаларындағы рухани адамгершілік құндылыққа жетелейтін қағидалары қазіргі таңда да өз мәнін жойған жоқ. Бұл ұлттық тәлім-тәрбиенің көрнекті өкілдері өз еңбектерінде рухани адамгершілік идеяларын кеңінен уағыздап, насихаттады. Олар көтерген адамгершілік мәселелерін жан-жақты талдап, сараласақ: біріншіден, өз шығармаларында олардың адам бойындағы ең асыл қасиеттерді дәріптеуі бүгінгі ұрпақтың дүниетанымын кеңейте түсуге көмектеседі; екіншіден, қоғамның даму тарихын адамгершілік тұрғыдан қабылдай білуге, талдау жасауға, терең түсіне білуге үйретеді; үшіншіден, олардың еңбектері жастардың адамгершілік мінез-құлықтарының қалыптасуына бағдар береді; төртіншіден, ағартушылардың рухани қазынасы қазіргі жастардың адамды сүйе білу, адамды тану талғамын қалыптастыруға септігін тигізіп, адами жетілуіне, үйлесімді дамуына негіз болады дегім келеді. Және де біз соны орнымен саралар оқушы бойына құя білуіміз керек.

Сөзімнің соңында халқымыздың ардақты ұлдарының бірі Міржақып Дулатов:«Жалғыз сүйеніш,жалғыз үміт-оқуда. Теңдікке жетсек те,жұрттығымызды сақтасақ та,дүниедегі сыбағалы орнымызды алсақ та,бір ғана оқудың арқасында аламыз.Жақсылыққа бастайтын жарқын жұлдыз – оқу»,-деп ғылым,білім,оқудың маңызын сонау жылдары қара халыққа көрсетіп кеткен сөзін келтіре отырып, қазіргі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз. Сол үшін де осы жоспарланған жұмыстарды жүзеге асыруда мен өз ұжымыммен қажырлы әрі табысты еңбек етеміз деп сеніммен айтамын.

Мен біткен ойпаң жерге аласа ағаш,

Емеспін жемісі көп тамаша ағаш

Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі

Пайдалан шаруаңа жараса, алаш!










Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 30.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров242
Номер материала ДВ-396132
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх