Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / Доклад " воспитание ребенка в семье"

Доклад " воспитание ребенка в семье"


  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:

Отбасындағы тәрбиенің ерекшеліктері.

Халқымызда «Адамның бақыты- балада»деген екен. Адам өмір бойы жете алмайтын бақыт деген құдіретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі мүмкін.Біреу бақытты байлықпен тапқысы келсе,екінші біреуі даңқ пен атақтан ,мансап пен қызметтен іздестіреді.Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе.Адамға нағыз бақытты тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады.Олай болса адам өмірінің мәні –өз ұрпағы.

Бала өмірге келген күннен бастап ата-ана алдында үлкен қоғамдық міндет тұрады.Ол-бала тәрбиесі.Бала тәрбиесіндегі алғашқы ұстаз ата-анасы.Бала үшін ата-анасынан,үй ішінен артық тәрбиеші жоқ.Адамгершілік ,бауырмалдық, татулық,қайрымдылық о тбасында үлкендердің үлгісімен сіңеді. «Әкеге қарап ұл өсер ,шешеге қарап қыз өсер дейді халық. Баланың жақсы істерін мадақтап,терісін оң етіп түсіндіріп отырса,ол да ересектерді сыйлап, кез-келген тапсырмасын орындауға қарсылық білдірмейді .Орынсыз ұрсу,зеку, сұрақтарына дөрекі жауап беру немесе әділ талап қоя алмау ата-ананың беделін түсіреді .Әке-шеше баланың жан дүниесіне үңіліп ,мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білген дұрыс. Балалармен сөйлескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Отбсасындағы жанжал, үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы,баланың көзінше басқа біреуді сөгуі ,біреудің сыртынан өсек айтуы балаға теріс әсер етеді ,Бала алдында әке-шеше ,үй ішінің ,үлкендердің әдептілік танытқаны жөн.

Кейде сабақты жиі қалдыруға әр түрлі сылтауларды үлкендердің өзі үйретіп отырады. Бұл жағдайда балаға өтірік үйретіп отырғанын аңғармай да қалуы мүмкін. Жас шыбықты қалай исең,солай өседі ғой «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей ата-ана тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдырады.Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, табиғат берген дарыны болса дамыту,дұрыс білім алуына жағдай жасау ата-ананың парызы.БАЛА отбасының бақыты.

Баланың сапалы білім алуы мұғалімге, балаға, ата-анаға байланысты сондықтан білім негізгі стандарт талаптарын орындау ,яғни күнделікті сабаққа дайындалу кезінде балаға ата-ананың қадағалауы ,уақыт бөлуі міндетті түрде қажет. Баланың тамағының тоқтығына көңілінің көктігіне қарап ,құр асыраушысы рөлінен шығып,балаңыздың білім алу жолындағы серіктесі болыңыздар.

В.А Сухомлинский «Тек қана ата-аналармен бірге жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін» деген сондықтан сіздермен бірігіп жұмыс атқара берейік. Қостанай қ Ғ.Қайырбеков атындағы №9 орта мектептің мұғалімі Жақаева А.Б.


Автор
Дата добавления 08.10.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров34
Номер материала ДБ-245481
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх