Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Статьи / Доклад «Өзін-өзі тану» пәні арқылы болашақ педагог мамандардың адамгершілік-рухани құндылықтарына тәрбиелеу»

Доклад «Өзін-өзі тану» пәні арқылы болашақ педагог мамандардың адамгершілік-рухани құндылықтарына тәрбиелеу»

Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy


СВИДЕТЕЛЬСТВО СРАЗУ ПОСЛЕ ПРОСМОТРА ВЕБИНАРА

Вебинар «Подростковая лень: причины, способы борьбы»

Просмотр и заказ свидетельств доступен только до 22 января! На свидетельстве будет указано 2 академических часа и данные о наличии образовательной лицензии у организатора, что поможет Вам качественно пополнить собственное портфолио для аттестации.

Получить свидетельство за вебинар - https://infourok.ru/webinar/65.html

  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

«Өзін-өзі тану» пәні арқылы болашақ педагог мамандардың адамгершілік-рухани құндылықтарына тәрбиелеу»

Тәуелсіз Қазақстан үшін жалпы адамзаттық мәселе, рухани бай тұлғаны қалыптастыру мәселесі өзекті сипатқа ие болып отыр. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік-рухани қайнарын сіңіріп, мінез-құлқын тәрбиелеу үшін, жалпы адамзаттық құндылықтарды, адамгершілік ұстанымдарды, әділдік пен өзара көмекті ғұмыр бойы мұрат тұтуға бет бұруы қажет.

2002 жылы еліміздің бірінші ханымы Сара Назарбаева өсіп келе жатқан ұрпақты адамгершілік-рухани тұрғыда дамыту бойынша «Өзін-өзі тану» атты кең ауқымды білім беру бағдарламасын ұсынды. Автордың ойынша,  даналықтың шыңы, ол - махаббат, ал бақыт құпиясы, ол-адамның өзін-өзі тануы, бақыт пен өмірлік табысқа жетуі үшін шексіз мүмкіндіктерін аша алуы.  Әрбір балаға жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән санасы, еркі, өзіндік әрекет жасай алатын ортасы бар екенін ескере отырып, балалардың білімге, ғылымға деген ынтасын арттыру, олардың ақыл-ой қабілетін, диалектикалық дүниетанымын, өмірлік мақсат-мүддесін айқындауға, жеке басының қасиеттерін дамытып оны қоғам талабына сай іске асыруға көмектесу оның өміріндегі үздіксіз оқу-тәрбие процесінің ғана жемісі болып табылады.

Жас ұрпаққа тәрбие мен білім беруде уақыт талабына сай болу С.А.Назарбаеваның «Өзін-өзі тану» атты білім жобасының негізінде оқу жоспарына жаңа пәннің енгізілуінің қажеттілігін айқын аңғартып отыр.

        ҚР Білім және ғылым министрілігімен «Өзін-өзі тану» пәнін 2010-2011 оқу жылынан бастап балабақшалар, жалпы білім беру мекемелері және жоғары оқу орындарының бағдарламаларына енгізуге шешім қабылданды. Бағдарламаның негізі – балалардың жеке дара ерекшеліктерін ескерумен қатар олардың адамгершілік және рухани сапаларын дамыту өзіндегі қасиеттің шығармашылық және танымдық белсенділігін ынталандыруға, балаларға мейірімділік, адалдық, шыншылдық, сұлулық, рахымдылық мінез-құлық дұрыстығы арқылы үйлесімді жан-жақты дамыған адам қалыптастыруға бағытталған.

Өзін-өзі тану – нағыз адам болудың сыры мен қырын үйрететін пән. Нағыз адам болу - Отан алдындағы борышыңды өтеу, адами қарым-қатынасың, қоршаған ортамен үйлесімділігің. Пәннің мақсаты - білім алушының өзін дұрыс түсінуіне, дарындылығы мен қабілеттерін дамытуға, өмірдің мәнін ұғынуға және өмірден өз орнын таба білуге көмектесу. Өзін-өзі тану адамның бойында өзін сыйлай білуін, ойын еркін жеткізуін, өмірдің қиын жағдайында дұрыс жол табуға, жеке шешім қабылдауға және өз тағдырына жауапкершілікпен қарауға үйретеді.

Э.Хемингуэй: «Әрбір адам қандай да бір іс үшін туады.Жер басып жүрген әрбір адамның өмірде өз міндеттері бар» деп айтқандай,әрбір адам өмірге келгеннен кейін оны артында ізі өалардай мәнді өткізе білуі қажет.Сондықтан да адамның танымы неғұрлым биіктей берген сайын,дүниенің көкжиегі де соғұрлым кеңейе бермек.

Өзіңді-өзің тану деген-өзіңді қоғамдық,әдептілік тұлға ретінде қарастыру арқылы барлық адамдарға тән негізгі қасиеттер төңірегінде этикалық ұғымдар қалыптастыру.

Өзін-өзі танудың алғашқы қадамы: өзін-өзі тану, өзінің істеген ісінің салдарын білу, оны саналы түсіну. Біз өзімізді тануды ойымызды, ісімізді, өзгелердің бізге қарым-қатынасын саналы түсінуден бастаймыз. Өзін-өзі тану арқылы жеке тұлғаның бойында рухани-адамгершілік қасиеттердің қалыптасып, дамуын қамтамасыз етуімен, адамзаттың табиғатпен үйлесімділікке дамуын сезіндірумен айқындалады.

Ал функциональдық сауаттылық дегеніміз не? Ол қай кезде пайда болды?

«Функционалдық сауаттылық» — ұғымы өткен ғасырдың 60-жылдары ЮНЕСКО құжаттырында пайда болды және кейіннен қолданысқа енді. Функционалдық сауаттылық –білім берудің жеке тұлғаны қалыптастырудағы әлеуметтік бағдарлануы. Қазіргі тез өзгермелі әлемде функционалдық сауаттылық – оқушының әлеуметтік мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық фактор. Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламада анық көрсетілген. Осы бағдарламаны басшылыққа ала отырып, ҚРсы Үкіметінің 2012ж. 25 маусымдағы №832 қаулысымен «Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық іс-қимыл жоспары» бекітілді.

Функционалы сауаттылығы дегеніміз-адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның маман-дығына , жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады.

Мұндағы басшылыққа алынатын сапалар:

-белсенділік

-шығармашылық тұрғыда ойлау

-шешім қабылдай алу

-өз кәсібін дұрыс таңдай алу

-өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады.

Олар:

-басқарушылық /проблеманы шешу қабілеті/;

-ақпараттық /өз бетінше ақпараттар көздері арқылы үнемі білімін көтеріп отыруы, сол арқылы танымдық қабілетін ұштау/;

-коммуникативтік /қазақ, орыс, ағылшын тілінде ауызша, жазбаша қарым-қатынас жасау;

-әлеуметтік /қоғамда, өз өмір сүрген ортада іс-әрекет жасай алу қабілеті/;

-тұлғалық / өзін жеке тұлға ретінде қалыптастыруға, қажетті білім, білік, дағдыларды игеру, болашақта өзі таңдаған кәсібін өзі анықтау, оның қиын-шылығы мен күрделілігіне төзімді болу/;

-азаматтық /қазақ халқының салт-дәстүрі, тарихы, мәдениеті, діні мен тілін терең меңгеріп, Қазақстанның өсіп өркендеуі жолындағы азаматтық парызын түсінуі/

-технологиялық/ ақпараттық технологияларды, білім беру технологияларды сауатты пайдалану/;

Оқушы осы аталған негізгі құзыреттіліктермен қатар пәндік құзыреттіліктерді /әр пәннің мазмұны арқылы/ меңгеруі тиіс.

Сонымен «Өзін-өзі тану» пәні арқылы студенттердің функциональдық сауаттылығын қалай арттыру керек? Өзін-өзі тану әңгімелесуге, шындықты бірлесе іздестіруге, білімді бірге игеруге, өздік шығармашылықты, ішкі белсенділікті оятуға бағытталған. Жеке тұлғаның бойында жақсы көру, бейбітшілік, әдептілік, шыншылдық, аяушылық, адалдық, имандылық, сыйластық, достық, сүйіспеншілік, кішіпейілділік, жанашырлық, жақсылық жасау, әділеттілік, елжандылық, ізеттілік, сенім, махаббат, қайырымдылық, қамқорлық жасау сияқты құндылықтарды қалыптастыру көзделген. Өзін-өзі тану психологиялық, педагогикалық, философиялық ғылым негіздеріне сүйене отырып, мына міндеттердің орындалуын көздейді:

- жеке тұлғаның «Менін» (өзімшілдігін емес) ояту;

- қоршаған ортасына деген қызығушылығын ояту;

- балалардың бойында әлем және адамзат туралы түсінік қалыптастыру;

- өзінің адамгершілік мінез-құлықтарына баға беру мүмкіндіктерін қалыптастыру;

- танымдық белсенділігін арттыру.

Студенттер өзара қарым-қатынас барысында:

- адамдардың іс-әрекетінің, ұлттық салт-дәстүрлердің жақсы жақтарын аңғара алады, шындықты айтуға, жағымды ойлауға үйренеді;

- өзара сыйластықты түсінуге қабілетті, айналасындағыларды ұнатып, жақсы көре біледі, жақсылық жасауға дайын, жақындарын қуантуға асығады;

- сабырлы, салмақты болуға, тәрбиелі болуға, ойланып сөйлеуге үйренеді;

- әдептілікке, ұқыптылыққа үйреніп, көмектесе біледі, қамқорлық жасай алады, үлкендерді құрметтей біледі;

- өзгені ренжітпеуге тырысады, кешірімшіл болуға, барлық тіршілік иесіне сыйластықпен қарауға, аяушылық сезімін білдіріп отыруға үйретеді.

     Оқу барысында:

- түсінігін анық жеткізе алады;

- талдауға белсене қатысады;

- өзіндік пікірін еркін жеткізуге үйренеді;

- топта жұмыс істей біледі.

Студенттермен жұмыс жасау үлгілері:

-Іскерлік ойын- Кәсіби немесе өзге іс-әрекетті ұсынылған ережелер бойынша ойын түрінде модельдейтін жағдайды қалыптастыру әдісі.

- Драмалау- Сабақтардағы оқу материалының мазмұнын рөлдер бойынша көрсету, ойластыру. Тірі кейіпкерлермен қатар, жаны жоқ заттар мен білімдердің кез келген саласындағы феномендерді де рөл арқылы көрсетуге

-«Пікірталас»- Топтың әрбір мүшесінің көзқарасы мен ұстанымын анықтауға мүмкіндік беретін қайсібір мәселені бірігіп талқылау.

-«Ойын», «Жаттығу»- Оқу материалының студенттердің дербес тәжірибесіне проекциялануы. Ойын мен жаттығулардың негізінде болашақ мамандар әлеуметтік маңызы бар біліктіліктер мен өмірлік дағдыларды меңгеру мүмкіндігіне ие болады.

Инверсия- Сөздердің, заттардың, құбылыстардың ретін бұзып, одардың орнын ауыстыру; дәлелденген тезиске қарама-қарсы нұсқасын дәлелдеу. Аталмыш әдісті бақылау сұрақтарының әдісі деп те атайды (мысалы, керісінше қалай болады? Жағдайды өзгертсек қалай болады?-типіндегі сұрақтар).

-«Шаттық шеңбері»- Әдетте сабақтың бастапқы кезеңінде қолданылатын әдістемелік амал. Педагог студенттермен барлығының бір-бірімен еркін қарым-қатынасын қамтамасыз ететін шеңбер құрады. «Қуаныш шеңберінде» тікелей сабақтың тақырыбына байланысты әртүрлі сәлемдесу рәсімдерін қолдануға болады. «Қуаныш шеңберінің» педагогикалық мәні әрбір студенттің әлемге деген ашықтығы мен сенімділігін сезінуімен анықталады. «Өзін-өзі тану» сабақтарының аталмыш компоненті студенттер тобында жағымды ахуал мен шығармашылық ортаны қалыптастыруға, әлеуметтік дағдыларды дамытуға қажет.

-«Жүректен жүрекке»- Әр студенттің эмоциялы күйін, соның негізінде олардың сабақтың тақырыбын түсінгендіктерінің дәрежесін анықтауға, бір-бірінің әсерімен бөлісіп, тілек білдіруді болжайтын сабақты қорытындылайтын әдістемелік амал.

- Нақты жағдайларды талдау әдісі- Кейс-әдісінің (ағылшынша «сазе» жағдай) әрқилы атауларының бірі. Күнделікті өмірден, кәсіби тәжірибеден алынған жағдаяттарды талдауға негізделген оқытудың пікірталас түріндегі әдістердің бірінен саналады.

-«Өзіңмен-өзің оңшада»- Аталмыш әдіс студенттің өзінің ішкі жан дүниесіне үңіліп, құлақ салуына мүмкіндік береді. Ол жағымды ой бейнелерінің, эмоциялардың, сезімдердің, кері байланыс қабілетінің дамуына ынталандырады. Эмоциялы ықпалды сәйкес аудио тізбегін (классикалық әуенді тыңдау және т.б.) қолдану арқылы күшейтуге болады.

-«Бейне материалдарды көру»- Оқытуда студенттердің кино өнерінің эмоциялы айқындылығының негізінде адам өмірінің және кәсіби іс-әрекеттің адами аспектілері туралы түсініктерін күшейтетін ашық көркем бейнелерді қолдануға мүмкіндік беретін әдістемелік амал.

- Ұсынлған тақырып бойынша ой толғау- Студенттерге адамзаттың көрнекті ойшылдарының даналық, нақыл сөздеріне түсінік беру ұсынылатын «Өзін-өзі тану» пәнінің элементі. Студенттер өздеріне маңызды болып табылатын ақиқаттардың ізденісіне еніп, мағыналы өмірлік мәселелер бойынша өз сезімдерімен, көзқарастарымен бөліседі.

. «Рефлексия»- Студенттердің ақиқаттың болашақтағы ізденістеріне, тануға және өзін-өзі тануға ынталандыратын сабақтың барысы мен нәтижелілігін талқылауы.

«Өзін-өзі тану» пәнін білім беру жүйесінің оқу-тәрбие үрдісіне енгізудің басты мақсаттарының маңыздылығы - біз тәрбиелеп отырған болашақ ұрпақтың биік адамгершілік рухында тәрбиелеу, ең алдымен, адамды қадірлей, сыйлай білуге баулу.








Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Автор
Дата добавления 31.05.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Статьи
Просмотров101
Номер материала ДБ-105602
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх