Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыДоклад на тему: Ақпаратты-танымдық жарнама

Доклад на тему: Ақпаратты-танымдық жарнама

Скачать материал
Скачать материал "Доклад на тему: Ақпаратты-танымдық жарнама"

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор дома творчества

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі«ЖАҢА ЗАМАНҒА – ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛА...

    1 слайд

    Қоғамдық тамақтандыру
    және сервис колледжі
    «ЖАҢА ЗАМАНҒА – ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР»
    ХV Республикалық ғылыми-практикалық конференция
    Баяндама тақырыбы:
    Ақпаратты-танымдық жарнама
    Орындаған: А. Жетенова

  • Жұмыстың мақсаты
Қарапайым халықты тауар туралы ақпараттандыру;
Өнімдерді сау...

    2 слайд

    Жұмыстың мақсаты

    Қарапайым халықты тауар туралы ақпараттандыру;
    Өнімдерді сауатты сатып алу жолдарын көрсету;
    Жаңа пайдалы ақпарттық-танымдық жарнама құрастыру.




  • Тақырыптың өзектілігіТауар сатып алғанда бағасына немесе  науқандарға...

    3 слайд

    Тақырыптың өзектілігі
    Тауар сатып алғанда бағасына немесе науқандарға мән беріп, кейде сапасы, шығарылған күні мен жарамдылық мерзімі, өндіруші елі т.б., белгілеріне назар аудармай жатамыз, демек бұл, тұтынушының тауар сатып алудағы қателігі болып табылады

  • Жарнама, реклама (франц. reclame, лат. reclamo — жар саламын) — тауарлардың,...

    4 слайд

    Жарнама, реклама (франц. reclame, лат. reclamo — жар саламын) — тауарлардың, қызмет көрсетудің тұтынушылық қасиеті туралы ақпарат беру және оған деген сұранысты көбейту мақсатында таратылатын хабарлама; белгілі бір адамдар, ұйымдар, әдебиет пен өнер шығармалары туралы хабар таратып, оларды әйгілеу.

  • Ақпарат (лат. informatio — түсіндіру, мазмұндау) ұғымы – күнделікті өмірден б...

    5 слайд

    Ақпарат (лат. informatio — түсіндіру, мазмұндау) ұғымы – күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, түр, нұсқаулық, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну сияқты тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты.

  • Тауар - сатып алу, сатуға немесе басқа өнімге айырбастауға жататын өнім. Бұл...

    6 слайд

    Тауар - сатып алу, сатуға немесе басқа өнімге айырбастауға жататын өнім. Бұл экономикалық өнімнің ең бір әмбебап атауы. Кез келген заттың экономикаға қатысты екенін көрсеткісі келсе, оны тауар деп атайды.

  • Тауардың ілеспе құжаттарына келесілер жатады: сапа сертификаты, жүк тиеу спец...

    7 слайд

    Тауардың ілеспе құжаттарына келесілер жатады: сапа сертификаты, жүк тиеу спецификациясы, қаптама парағы, комплектілі ведомость.

  • Стандарттар түрі олардың белгіленуі

    8 слайд

    Стандарттар түрі олардың белгіленуі

  • Тауар белгісі (маркілеу)Өнімге тауар маркасы өндірушімен енгізіледі;
Тауар ма...

    9 слайд

    Тауар белгісі (маркілеу)
    Өнімге тауар маркасы өндірушімен енгізіледі;
    Тауар маркасы келесі ақпаратты қамтиды:
    Тауардың атауы
    Өндіруші
    Өндіруші мекен-жайы
    Зауыттық маркасы
    Сорты
    Тауар сәкестендіріліп өндірілген ГОСТ.

  • Штрих код Бақылау саны
Тауар коды
Өндірілген коды
Өндіруші мемлекетіБақылау с...

    10 слайд

    Штрих код
    Бақылау саны
    Тауар коды
    Өндірілген коды
    Өндіруші мемлекеті
    Бақылау саны
    Тауар коды
    Өндірілген коды
    Өндіруші мемлекеті

  • Дайындаушы (өндіруші), өнім беруші өнім (тауарлар) туралы оларды дұрыс таңдау...

    11 слайд

    Дайындаушы (өндіруші), өнім беруші өнім (тауарлар) туралы оларды дұрыс таңдау мүмкіндігін қамтамасыз ететін тұтынушыға арналған қажетті және дәйекті ақпаратты ұсынуы тиіс

    өнім (тауар) туралы ақпаратта өнімнің атауын көрсету;
    тұтынушыға арналған ақпаратта өнім оған сәйкес дайындалған нормативтік құжаттың атауы көрсетіледі;
    өнімді дайындау кезінде өңделген негізгі ингредиентті пайдаланғанда тиісті ақпарат өнімнің құрамына кіретін ингредиенттер тізбесінде ингредиенттер атауымен қатар орналастырылады;
    орауыштағы, затбелгідегі, жапсырмадағы (стикердегі), құжаттардағы, жаднамалардағы қолдану жөніндегі тұтынушыға арналған ақпарат пен таңбалаудағы мәтін мемлекеттік, орыс немесе өзге де тілдің ережесі нормалары ескеріле отырып жазылып, оқуға қолайлы жерге орналастырылады;
    өнімнің сапасы бойынша шағымдарды қабылдайтын ұйымның, лицензиардың атауы мен орналасқан жерін (заңды мекен-жайын), ҚР заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркелуге жататын өнім (тауар) үшін тіркелген нөмірі мен тіркелген күнін көрсету қажет.


    KZ RU USA

  • Штирх код      Мемлекеті    Штрих код    Мемлекеті Есте сақта!
Штрих код 13 н...

    12 слайд

    Штирх код Мемлекеті Штрих код Мемлекеті
    Есте сақта!
    Штрих код 13 не 8 саннан тұрады

  • Қазақстан республикасының стандарты (ҚРСТ)                  Қазақстан Республ...

    13 слайд

    Қазақстан республикасының стандарты (ҚРСТ)
    Қазақстан Республикасында өндірілетін ж/е пайдаланылатын Халал стандарт

    Ресей Федерациясының стандарты

    ИСО халықаралық стандарты

    Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі сапа менедждменті сертификациясы

    Еуразиялық сәйкестік белгісі- өнімнің маркіленгені Кеден одағының техниклық регламенттерінен өткендігін растайды

  • «Алтын сапа» – бұл халыққа қалтықсыз қызмет көрсету саласындағы жақсы нәтижел...

    14 слайд

    «Алтын сапа» – бұл халыққа қалтықсыз қызмет көрсету саласындағы жақсы нәтижелерге қол жеткізгені және мекемелерге заманауи менеджмент жүйесін енгізгені үшін берілетін сыйлық. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 9 қазандағы  N194 Жарлығына сәйкес "Алтын сапа" сыйлығы конкурстық негізде талапкер кәсіпорынның өнімі немесе қызмет көрсету сапасы мен олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы жетістіктері, сондай-ақ менеджмент жүйелерін енгізгені үшін жыл сайын берiледi

  • 15 слайд

  • Манипуляциялық белгілер

    16 слайд

    Манипуляциялық белгілер

  • Өнімдерді сақтау мерзімі

    17 слайд

    Өнімдерді сақтау мерзімі

  • 18 слайд

  • 19 слайд

  • ҚорытындыКез келген тауарды (өнімді) сатып алмас бұрын, тауар туралы толық ақ...

    20 слайд

    Қорытынды
    Кез келген тауарды (өнімді) сатып алмас бұрын, тауар туралы толық ақпарат алу қажет. Ол үшін жоғарыда аталған тауар белгісі, штрих код, стандарттар, сапа белгісі, дәмдеуіштер мен қоспалар, зиянды заттар, тұтынуға тыйым салынған тағамдық қоспалар, химикатты, алмастырғыштар туралы ақпаратты-танымдық жарнамалар жобасын құрып, құзырлы органдармен бірлесе жұмыс жүргізу қажет. Жоғарыда атап өткен мәліметтерге сүйеніп, тауар сатып алудағы сауаттылығымыз артып, осы баяндаманы жазудағы мақсатыма жеткенім болар еді.


  • Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

    21 слайд

    Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

АҚПАРАТТЫҚ-ТАНЫМДЫҚ ЖАРНАМА

 

Жетенова А.  «Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі», Астана

 

Резюме

Эффективность реклам для приобретаемых товаров. Правильность формулирования покупок, на что надо обращать внимание,  организация грамотного выбора целевых  товаров, информирование потрeбителей познавательной рекламой.

 

Summary

Efficiency of advertising for the acquired goods. Correctness of a formulation of purchases, organization of a competent choice of target goods, informing consumers informative advertising.

 

Баяндамадан қарапайым халық жарнамалар туралы қаншалықты хабардар? Жарнама дегеніміз не? Тауарларды  жарнамалау? Ақпараттың  түрлері, ақпарат ұғымы туралы баяндалады. Жарнаманың пайдасы мен зияны. Дұрыс ақпарат алу. Өнімді таңдау, маркілеу, тауарлар белгісі мен түрлері, тауармен ілесіп жүруі тиіс құжаттар,  тұтынушыға арналған ақпарат сияқты қызықты да пайдалы мәліметтерді таба аласыз.

         Қазіргі таңда тұтынушы тауарлардың көптігі айтпаса да белгілі, кез-келген сауда орталығы немесе дүкен болсын түрлі-түсті әсемделген орамалардағы тауарға  толы сөрелер көздің жауын алары сөзсіз. Оларға деген жарнамалар легі де толассыз. Жарнамалар:  бейнебаян, үлестіру  қағазы  түрінде, сурет негізінде, маңдайшалар түрінде де кездесуі мүмкін. Ал олардың бізге берер пайдасы қандай? Пайдасы сөз болғандықтан  ақпарат деген ұғымға тоқталып өтсек. Ақпарат (лат. informatio — түсіндіру, мазмұндау) ұғымы – күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, түр, нұсқаулық, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну сияқты тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты. Маркетингтік тұрғыдан қарасақ, жарнама пайда әкелуші, яғни сатып алушыларды қызықтыру үшін ойлап табылған. Тауар сатып алғанда бағасына немесе  науқандарға мән беріп, кейде сапасы, шығарылған күні мен жарамдылық мерзімі, өндіруші елі т.б., белгілеріне назар аудармай жатамыз, демек  бұл, тұтынушының  тауар сатып алудағы қателігі болып табылады. Ал сол  қателік үлкен зардаптар әкелуі мүмкін. Себебі, тауарлар тек Қазақстандық өндірушілерден емес, көрші елдерден де тасымалдануы мүмкін. Олардың құрамы, сапа белгісі, тауар белгісі, стандартталуы мен сертификатталуы жөніндегі белгі, маркіленуі, штрих код, мәтіндердің мемлекеттік (экспортталған еліне сәйкес), орыс және шет тілінде  т.б. мәліметтердің бар болуын қадағаламаймыз. Себебі, аталып өткен белгілердің түрін, жазылуын, белгілі стандарттардың атын да білмейтіндер де бар, халықтың басым көпшілігі дұрыс ақпарттанбағандықтан түрлі жағдайларға тап болады. Өнімнің сыртқы қаптамасының әсемдігіне қарап, күнделікті жарнамалардан  көріп жүрген тауардың тұтынуға жарайтындығына кім кепіл? Көбіне жасөспірімдер осындай жағдайлардың кесірінен  түрлі ауруларға шалдығып жататын жағдайлары көптеп кездеседі. Себебі өнім туралы ақпартты біз тек жарнама арқылы ғана көре аламыз. Егер жарнамалар тек маркетингтік салада шығарылмай, ақпараттық-танымдық жақтарынан да мәлімет берсе, бұл мәселе шешімін тапқан болар еді. Сол себепті тұтынушыларға арналған ақпараттардан хабардар болу керек.

Тауар - сатып алу, сатуға немесе басқа өнімге айырбастауға жататын өнім. Бұл экономикалық өнімнің ең бір әмбебап атауы. Кез келген заттың экономикаға қатысты екенін көрсеткісі келсе, оны тауар деп атайды.

Тауардың ілеспе құжаттарына келесілер жатады: сапа сертификаты, жүк тиеу спецификациясы, қаптама парағы, комплектілі ведомость.

Тауар белгілері (маркілеу) «заңының» мазмұнында шексіз тауардың түрлерін көруге болады, олар тауар белгісі болып тіркелуі мүмкін. Бұндай белгілерге сөздік, әріп, сандар, суретпен, көлемді және тағы басқа белгілерді жатқызуға болады.

Штрих код (ШК) - тауар туралы ақпаратты есепке алу және автоматтандырылған идендификация үшін арналған сандар мен штрихтар түрінде кодталған белгі.

                        Штрих кодтардың құрылымы.

     Код құрылымы

         Белгінің  реттік нөмірі             

 

ЕАN-8

ЕАN-13

ЕАN-14

Мемлекет

1,2(3*)

1,2(3*)

1,2(3*)

Өндіруші ұйым немесе сатушы

3-5

3-7

3-7

Тауар жайлы мәлімет

(4-5)

(4-7**)

(4-7**)

Тауар қаптамасының коды

-

-

9-13

Бақылау цифрасы

8

13

14

Алғашқы екі цифр өндірушіні, оның тауарын тіркеген  және оларға реттік нөмірін бекіткен ұйым орналасқан мемлекет  кодын білдіреді. Штрих кодтағы  мемлекет коды тауарды шығаратын  мемлекет кодымен  сәйкес келмеуі мүмкін, себебі өндіруші немесе сатушы отандық  мәліметтер банкісінде емес, шет елде де тіркелуіне құқығы бар. Әрбір мемлекетте ЕАN ассоциациясы орталықтандырылып код диапазонын береді. Кодтар әдетте екі орында (Франция-30-37,АҚШ пен Канада -00-09,Жапония-45-49),бірақ кейде өндіруші кодының бір белгіге қысқаруына байланысты үш орынды (ТМД-460-469) болады.

Дайындаушы (өндіруші), өнім беруші өнім (тауарлар) туралы оларды дұрыс таңдау мүмкіндігін қамтамасыз ететін тұтынушыға арналған қажетті және дәйекті ақпаратты ұсынуы тиіс.

-         өнім (тауар) туралы ақпаратта өнімнің (тауардың) атауын көрсету;

-         тұтынушыға арналған ақпаратта өнім (тауар) оған сәйкес дайындалған

нормативтік құжаттың атауы (белгісі) көрсетіледі;

-         өнімді    дайындау   (өндіру)   кезінде    өңделген   негізгі   ингредиентті

пайдаланғанда тиісті ақпарат өнімнің (тауардың) құрамына кіретін ингредиенттер тізбесінде ингредиенттер атауымен қатар орналастырылады. Ингредиенттерді, құрамаларды көрсетуден бұрын «Құрамы» немесе «Жинақтылық» деген тақырып болуға тиіс, одан кейін өнімді (тауарды) дайындау (өндіру) кезіндегі олардың тізбесі беріледі;

-  орауыштағы (ыдыстағы),   затбелгідегі,   заттаңбадағы,   жапсырмадағы (стикердегі), құжаттардағы, жаднамалардағы қолдану жөніндегі тұтынушыға арналған ақпарат пен таңбалаудағы мәтін мемлекеттік, орыс немесе өзге де тілдің ережесі нормалары ескеріле отырып жазылып,  оқуға қолайлы жерге орналастырылады;

ақпарат   нақты    түсінікті,  толық  және  өнімнің (тауардың)  құрамына, қасиеттеріне, тағамдық құндылығына (тағам өнімдері үшін), табиғатына, тегіне, дайындалу және тұтынылу тәсіліне, сондай-ақ сапасы мен қауіпсіздігін тікелей немесе жанама сипаттайтын өзге де мәліметтерге

қатысты тұтынушыларды жаңылыстырмайтын болуы тиіс;

- тұтынушыға арналған ақпаратта дайындаушының (өндірушінің), өнім берушінің, өнімнің сапасы бойынша шағымдарды қабылдайтын ұйымның, лицензиардың (егер өнім (тауар) лицензия бойынша дайындалса (өндірілсе), атауы мен орналасқан жерін (заңды мекен-жайын), Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркелуге жататын өнім (тауар) үшін тіркелген нөмірі мен тіркелген күнін көрсету қажет.

Кез келген тауарды (өнімді) сатып алмас бұрын, тауар туралы толық ақпарат алу қажет. Ол үшін  жоғарыда аталған тауар белгісі, штрих код, стандарттар, сапа белгісі, дәмдеуіштер мен қоспалар, зиянды заттар, тұтынуға тыйым салынған тағамдық қоспалар, химикатты, алмастырғыштар туралы ақпаратты-танымдық жарнамалар жобасын құрып, құзырлы органдармен бірлесе жұмыс жүргізу қажет. Жоғарыда атап өткен мәліметтерге сүйеніп, тауар сатып алудағы сауаттылығымыз артып, осы баяндаманы жазудағы мақсатыма жеткенім болар еді.

 

 

Әдебитеттер:

1. А. А. Ляшко Товароведение, экспертиза и стандартизация. Москва 2008

2. М. Т. Рақымжанова. Стандарттау, метрология және сертификаттау

негіздері. «Фолиант» баспасы Астана 2008 К. Акишев.

3. Стандарттау метрология және сәйкестікті бағалау. «Фолинат»

баспасы Астана 2008

4. http://festival.1september.ru/   сайты, т.б. ғаламтор беттері.

 

 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 379 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.01.2015 3449
    • PPTX 4.9 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Муканова Айнур Сериковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Муканова Айнур Сериковна
    Муканова Айнур Сериковна
    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 64584
    • Всего материалов: 24

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности реализации ФГОС НОО для слепых и слабовидящих детей

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 24 человека

Курс повышения квалификации

Особенности развития критического мышления обучающихся в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 257 человек

Курс повышения квалификации

Особенности преподавания литературного чтения в условиях реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 197 человек

Мини-курс

Эффективное создание и продвижение школьной газеты

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология эмпатии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Сенсорные системы и развитие нервной системы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 83 человека из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 41 человек