Инфоурок Классному руководителю КонспектыДоклад на тему "Қазақ тілі сабақтарында өздік жұмыстарын ұйымдастыру"

Доклад на тему "Қазақ тілі сабақтарында өздік жұмыстарын ұйымдастыру"

Скачать материал

Кәсіби қазақ тілі сабақтарында тілдесім құзіреттілігін қалыптастыруға арналған шығармашылық жұмыстар.

       Шығармашылық жаттығулар студенттердің кәсіби мәтін мазмұны бойынша кәсіптанымдық ақпараттарды саралап, зерделеу арқылы, өз пікірлерін микротоптың басқа мүшелерімен талдай алу, өзара бірлесе ізденушілік іс-әрекет жасау дағдыларын қалыптастыру, соның нәтижесінде кәсіби тілдік қатынасқа еркін түсу қабілетін жетілдіруге бағытталған жұмыс түрі.

       Студенттерге қазақ тілін мамандыққа қатысты кредиттік технология арқылы үйретуде шығармашылық жаттығулардың келесі түрлері қолданылды:

      Мысалы, «Есептеуіш техниканың даму тарихы» мәтінімен келесідей  жұмыстар жүргізілді.

       Жаттығудың мақсаты: студенттердің сөздіктермен жұмыс жасау қабілетін жетілдіру,  кәсіби сөздің мағынасын өз беттерімен ізденіп, түсіне келе, оларды тілдік қатынаста  еркін қолдану дағдысын дамыту.

      Жаттығудың тиімділігі: студенттер кәсіби сөздердің мағынасын ашу арқылы мәтіндегі негізгі ойды түсінеді, мәтіннің мазмұнын өз сөзімен айтып беруге дағдыланады, сөздерді кәсіби тілдік қатынас жағдаятында еркін қолдануға үйренеді.

      Бірінші кезеңде, мәтін бойынша  техникалық терминмен (ұғым) мен кәсіби сөздердің тіркестік байланыстары арқылы кәсіби сөздердің  мағынасын көрсетіп ашу.

     Тапсырма. Мәтінде кездескен есептеуіш машиналар түрлері атауларының ассоциаграммасын жасаңыздар.

     Оқытушы алдымен ядро ұғымды (есептеуіш машиналар) атайды, студенттердің біреуі тақтаға жазып, онымен қандай сөздердің тіркесетінін айтады. Одан кейін студенттер кезекпен тақтаға ұғымның ашылған мағынасын сұлба түрінде жазды.

      Екінші кезеңде, студенттер мәтін құрастыру үшін баспалық мәтіндер, аудиожазба, бейнефильмдерді де қолдана алады. Олар мәтін мазмұнымен сәйкес келетін суреттерді іздестіріп әкеліп, олармен әртүрлі жаттығу (суреттердің атауын атап, мағынасын түсіндіру; сөздерді тіркестіру; мағыналас немесе қарсы мағыналы  сөздерді табу, т.б) жұмыстарын орындайды. Одан кейін студенттер микротоптарға бөлініп, материалды талқылайды, мәтінді тағы бір рет тыңдап, оның мазмұны бойынша маңызды ақпаратты анықтап, баяндайды.

      Коллаждармен жасалатын жаттығу жұмыстары. Коллаж – кәсіби ұғымдарды  көрнекілік түрінде құрастырудан тұрады.  

     Коллаждау жұмысының мақсаты: шығармашылық әрекет арқылы студенттердің кәсіби қазақ тілінде еркін сөйлеу дағдысын қалыптастырып, жетілдіру.    

      Коллаждау жұмысының тиімділігі: студенттер мамандықтарына байланысты сөздердің мағынасын терең түсініп, кәсіби мәтіннің мазмұнын өз сөзімен қысқаша айтуға дағдыланады, мамандыққа байланысты сұрақтарға дұрыс жауап беруге, қазақша байланысты сөйлеуге үйренеді.

      Мысалы, бірінші микротопқа А типті коллажды құрастыру тапсырылды. «Қарапайым күн жүйесі». Коллаждың ортасында түйінді ұғым ядро бар, одан сателиттік ақпарат сәулелері шашырайды. Бұл коллаждау жұмысына  кәсіби мәтін ішінен ғаламтор сөзі алынды.    Студенттер коллаждау жұмысы арқылы «ғаламтор» сөзінің өрісін жасайды.  Ядро ғаламтор сөзі.  Студенттер алдымен ғаламтор сөзінің мағынасымен танысып, одан кейін осы ғаламтор сөзімен бірнеше сөз тіркесін құрастыруға үйренді. Мысалы,  әлемдік ғаламтор, ғаламтор кеңістігі, еркін ғаламтор, ғаламтор әлемі, спутниктік ғаламтор, ғаламтордың пайдасы.    Сосын  осы сөз тіркестерін қолдана отырып, шағын мәтін, сұхбат құрастырып жаттығады.

     Екінші микротоп В типті коллажды құрастыруы керек. «Ақ дақтар» коллажы деп аталады. Берілген «Ақпарат» коллажында еркін бос орындар бар, студенттер бос орынның қандай мәліметтерге берілетінін анықтауы керек.     

      Мысалы,  «Түсіндірме сөздік» арқылы «Ақпарат»  сөзінің мағынасына әр түрлі анықтама  беріңіздер?

      Бұл микротоптың студенттері түсіндірме, синоним сөздіктер бойынша жұмыс жасап,  коллаж бойынша алдымен ақпарат сөзінің  синонимдерін, сосын анықтамасын тауып, түсіндіріп берді:

І. Ақпарат- хабар, мәлімет, мәлімдеме, мағлұмдама.

ІІ.1. Ақпарат – нақтылы бір жағдай, іс, уақиға туралы дерек, хабар.

    2.Біткен істің нәтижесі туралы басқару органдарына берілетін мәлімет.

   3.  Соңғы жаңалықтар

     Үшінші микротоп С типті коллажды құрастыруы керек. Ол «Соқыр ядро» коллажы деп аталады. Студенттер коллаждың барлық мазмұндық астарымен танысқан соң,  ядролық ұғымды анықтайды.    Сосын,  онымен сөз тіркестерін құрастыра алатын сөздерді көрсетеді: есептеуіш машина жасалды, есептеуіш машина өндірілді. Одан кейін сөз тіркестерімен   сөйлем, сұхбат құрастыру жұмыстары жүргізілді.

       Шығармашылық жаттығулардың тиімділігі: студенттердің кәсіби қазақ тілін үйренуге деген қызығушылығын арттырады, олардың кәсіби қатынаста қазақша еркін сөйлеу, ойын шеберлікпен жеткізу дағдысы қалыптасады.

      2.2.3 Қазақ тілді ақпараттық жүйелер мамандығына қатысты меңгертуге арналған кәсіби-жағдаяттық жаттығулармен жұмыс

       Кәсіби-жағдаяттық жаттығулар – қатысым жасаушылардың бір-бірімен  нақтылы бір тақырып, кәсіби жағдайға байланысты өзара пікір алысу, ойын жеткізу, мәлімет алу, қазақша қатынасқа түсу, сұхбаттасу дағдысын қалыптастыру мақсатында орындалатын жұмыс түрі.

     Кәсіби-жағдаяттық жаттығулар:

1.     жағдаяттық  сұхбаттармен жұмыс;

2.     іскери ойындармен жұмыс жүргізу арқылы жүзеге асады.

      Жағдаяттық сұхбаттармен жұмыс  біріншіден, нақтылы кәсіби өндірістік жағдайдың, ондағы мамандар арасындағы кәсіби тілдік қарым-қатынастың нәтижесінде туындап, студенттердің табиғи кәсіби жағдаяттық тілдесімге қатысу дағдысын қалыптастыруға бағытталады. Екіншіден,  нақтылы бір кәсіп туралы сюжетті сурет, аудио және видеоматериал, теледидар мен радиодан естіген хабар туралы тұлғаның өз ойын, пікірін айтқызу арқылы тілдесімге қатысу дағдысын қалыптастыру бағытында жүзеге асады.

     Жаттығудың мақсаты: студенттердің мамандыққа байланысты  кәсіби сөздік қорларын толықтыру,  қазақша қарапайым тілдесім жағдайында  сөйлесуге үйрету.

     Жаттығудың тиімділігі: студенттер мамандықтарына қатысты шағын сұхбат құрастыруға үйрене келе, бір-бірімен кәсіптеріне қатысты жаңалықтармен, ақпараттармен алмасуға машықтанады.

       Мысалы,      

      1. Сіздің үйіңіздегі компьютер жұмыс істемей қалды. Осындай жағдайда не істер едіңіз? Көршіңізбен сұхбат құрыңыз.

     2. Флешкаңыз  ашылмай қалды. Осындай жағдайда не істер едіңіз?

      Сабақта «Әлемдік IT компаниялары» тақырыбын өту барысында жағдаяттық сұхбатпен жұмыс  былайша орындалды:

      Жаттығудың  мақсаты: Табиғи өндірістік жағдайда қолданылатын

тілдесімді жүзеге асыруға қажетті сұхбаттарды құрастырып үйрету.          

     Жаттығудың тиімділігі: Студент сұхбат құрастырып үйрену арқылы қазақша кәсіби тілдік қатынасқа түсуге   дағдыланады, бір- бірімен  қазақша еркін сөйлесуге үйренеді.

     1-кезең. Студенттерге  осы тақырып бойынша төмендегідей жағдаят  және тірек сөздер ұсынылады.

    1-жағдаят: Сіз «ІNTEL» компьютерлік фирмасының басшысысыз. Болашақта шетелдік бір фирмамен (SONI, LD) бірігіп, қызмет жасағыңыз келеді. Қазақстандағы сол елдің сауда өкілеттігіне телефон шалып, ұсынысыңызды хабарлайсыз. Жұп болып жұмыс істеңіздер.

      Тірек сөздер: а) басшы, қызмет,  ақпараттық жүйелер, бағыт, ұсыныс.               ә) хабарлау, соғу, қосу, айналысу,  талдау,  қабылдау. 

       2-кезең. Оқытушы алдымен тірек сөздермен сөздік жұмысын және әр түрлі жаттығу жұмыстарын орындату арқылы студенттерді кәсіби тілде сөйлесуге қажетті сөйлесім үлгілерін құрастыруға машықтандырады.

       3-кезең. Келесі кезеңде әрбір шағын топ кезектесіп өздері құрастырған сұхбат мәтінін рөлмен оқиды. Қажет болған жағдайда оқытушы сұхбатқа түзету енгізеді.

                               Компания басшылары арасындағы сұхбат

-         «SONI» компаниясы. Сәлеметсіз бе!

-         Сәлеметсіз бе! Мен Динара Куанбаева. «ІNTEL» компаниясынан.

Бастықпен сөйлесуге бола ма? Он күн бұрын хабарласқанмын.

-         Иә, қазір сізді бастықпен қосамын.

-         Рахмет.

-         John k тыңдап тұр. Сәлеметсіз бе!

-         Сәлеметсіз бе! Мен «ІNTEL»  фирмасының басшысымын. Қазақстанда

сіздің компанияның  тауарларын насихаттап, нарыққа шығару  мәселесі жайында жобаны сіздерге жібергенбіз.

-         Иә, біздің фирманың бірнеше филиалдары Азия елдерінде бар.

Тәжірибеміз жеткілікті. Сіздер ұсынған жобамен таныстық, құптаймыз. Жоба  бізді өте қызықтырды.

-         Ұсынысымызды қабылдағаныңызға қуаныштымыз. Болашақта екі

компания ынтымақтаса қызмет ететініне  сенеміз.

-         Рахмет, алдыңғы аптада іскери кездесуді өткізейік.

-         Құптаймын, сау болыңыз!

-         Кездескеше, сау болыңыз!

      4-кезең. Сұхбат мәтіні  рөлге бөлініп, студенттер көрініс қоюға дайындалады.

      5-кезең. Жағдаяттық сұхбаттар бойынша қойылған көріністерді бағалау.

      Іскерлік ойындарға негізделген жаттығулар дегеніміз  әртүрлі кәсіби жағдайға негізделген іскери көріністегі рөлді ойнаудағы іс-әрекеті арқылы студенттердің мамандыққа қатысты меңгерген кәсіби сөздерді практикалық тұрғыда дұрыс қолдану, сөздерді бір-бірімен байланыстырып сөйлем құрастыру, ойын жүйелі түрде дұрыс жеткізу дағдысын олардың ішкі сезім – санасы, психикасы, кәсіби  ойлауы мен іс-қимылымен қатар қалыптастыру мақсатындағы жұмыс түрі.

       Кәсіби қазақ тілі сабағында студенттермен өткізілген «АЛСИ компаниясы шақырады» іскерлік ойыны былайша ұйымдастырылды: 

       Іскери ойынды қолдану мақсаты: Студенттердің сұрақтарды дұрыс құра білу және оларға жауап бере білу дағдыларын жетілдіру, олардың  шығармашылық ойлау қабілеттерін арттыру.

       Іскери ойындарды қолдану тиімділігі:  студенттердің тілді үйрену қабілетін шыңдап,  олардың кәсіби тілді үйренуге сенімділік қабілеті күшейеді, оқу мотивациясы және шығармашылық белсенділігі артады. 

      Іскерлік ойын мазмұны: бос орындарға фирма келесі мамандықтар – жетекші программист, жетекші экономист, техник бойынша хабарландыру жариялайды.  Фирмаға жұмысқа орналасу үшін үміткерлер алдымен өз білім деңгейлеріне байланысты тапсырманы орындайды, сосын барып «жұмысқа қабылданады». Сабақта  іскерлік ойынның келесі жағдаяттық түрі орындалды:                        

       1-кезең.  «АЛСИ» программалық өнімді өндіру бойынша  компанияның директоры білімді жас қызметкерлерді жұмысқа алуды шешті.  Ол үшін  ұтымды ұсыныстар жасап, компания  мамандарды жұмысқа шақырады»

                                           

                                             ХАБАРЛАНДЫРУ

       «АЛСИ» компаниясының  әкімшілік құрылымына келесідей мамандар  қажет:  жетекші бағдарламашы  –  1 бірлік; жетекші экономист  –  1 бірлік; техник  –   2 бірлік.

     Үміткерлерге  қойылатын талаптар:

      -    мамандыққа сай  жоғары білімі болуы керек;

      -   жұмыс тәжірибесі 3 жылдан кем болмауы тиіс;

      -   мемлекеттік тілді жетік меңгеруі тиіс;

      -   бірнеше тілдерде еркін сөйлеуі абзал;

      -   ақпараттық жүйе терминдерін білуі  керек;

      -   ДК(дербес компьютер) бағдарламаларын білуі қажет;

      -   ұйымдастырушылық және қатысымдық қабілеті болуы қажет.  

        Қазақша жазылған түйіндемені мына факсқа жолдау керек:

83272 937585 немесе мына электрондық поштаға жолдауға да болады:

info@ alsikz

     Рөлде oйнаушылар: Компания директоры, әкімшілік комиссия мүшелері – 3 адам, жарнама жөніндегі менеджер, үміткерлер:жетекші программист,  экономист, техник.

     Ары қарай студенттер кезекпен тақтаға шығып, үміткерлердің қай мамандық бойынша жұмысқа қабылданаты, компанияның үміткерлерге қоятын талаптарын орындауы, кәсіби біліктілік деңгейі туралы  баяндайды. Әр студентке 3 минут уақыт беріледі.  

      3-кезеңде үміткерлер кәсіби құзыреттілігін анықтау тестінен өтеді, кәсіби біліктілік разрядын алу үшін тапсырма орындайды. Тапсырманы орындауына байланысты оларға  жалақы тағайындалады. Үміткерлердің біліктілік разряды неғұрлым жоғары болса, яғни тапсырмалар дұрыс орындалса,  жалақысы соғұрлым жоғары болады. 

       2.3 Студенттердің өзіндік жұмысы тілді кредиттік технология арқылы үйрету негізі

       Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру қазақ тілін кредиттік технология арқылы оқытудың ең маңызды мәселелерінің бірі. Техникалық жоғары оқу орындарында қазақ тілін оқыту тәжірибесінде ұйымдастырылатын студентердің өзіндік жұмысы келесідей бөлінеді: студенттердің оқытушының басшылығымен орындайтын  өзіндік жұмыс; студенттердің жеке өздері орындайтын өзіндік жұмыс.  Студенттердің өзіндік жұмысы олардың оқу танымдық әрекетінің ерекше түрі. Оның өзіне тән сипаты мынада: бұл жұмысты орындау барысында оқытушы жағынан тікелей басшылық болмайды. Оқытушы тек кеңес беруші, көмекші рөлін атқарады. СӨЖ-дің оқу үрдісіне енуіне себепші болып отырған кредиттік оқу технологиясының ерекшелігінің де осында. Себебі өзіндік жұмысты орындау барысында студенттердің өз бетімен еркін әрекет жасау дағдысы қалыптасып, дамиды.  

       Кәсіби қазақ тілін кредиттік технология арқылы оқытуда өзіндік жұмыс төмендегідей жүзеге асады:

      - студенттерге кәсіби қазақ тілін кредиттік технология арқылы оқытуда қандай негізгі мақсат, талаптар қойылатыны, әр сабақтың мақсаты нені көздейтіні туралы толық мәлімет беріледі;

      - студенттер әр сабақ мақсатына сай өз бетімен ізденушілік, шығармашылық әрекет жасау технологиясының негізгі ұстанымдарымен танысады;

      - студенттер кәсіби тілді үйренуде өзіндік жұмыстың жеке түрлері бойынша пайдаланатын оқу нұсқауларымен қамтамасыз етіледі;

      - өзіндік жұмысты ұйымдастыруда ең маңыздысы өзара ынтымақтаса әрекет жасауға бағытталған шығармашылық қарым-қатынас, оқытушының студентпен жұмыс жасау барысындағы өзара сеніміне негізделетіні түсіндіріледі.

      Сонымен, студенттердің әрқайсысына нақты, белгілі талаптар мен міндеттер қойылғанда, әрқайсысы қалай жұмыс істеу керек, не міндеттелгенін, не талап етілетінін анық білгенде ғана олардың өзіндік жұмысы өз нәтижесін әкеледі. Ал ол болса, кәсіби қазақ тілді оқып үйренуде студенттердің ішкі мүмкіндігінің ашылып, оқу белсенділігінің  артуына жағдай жасайды.

        2.4 Кәсіби қазақ тілді кредиттік технология арқылы үйретудің тиімділігін  тексеруге арналған эксперимент  жұмыс нәтижесі

      Жоғары оқу орындарының ақпараттық жүйелер бөлімі студенттеріне кәсіби

қазақ тілді кредиттік технология арқылы үйретудің тиімділігін дәлелдеу үшін эксперимент жұмыстары 2002-2010 оқу жылдары аралығында Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті және Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің ақпараттық жүйелер мамандығына оқитын студенттер арасында төмендегідей  кезеңдерде жүргізілді:           

      Бірінші кезеңде  әдістемелік ғылыми зерттеу еңбектер мен әр жылдары шыққан қазақ тілін мамандыққа қатысты оқытуға арналған оқулықтарға шолу жасалынып, диагностикалық тест арқылы студенттердің  қазақ тілі бойынша тілдік біліктілігінің деңгейі анықталды. Сонымен бірге сауалнамалық сұрақ- жауап жұмыстары жүргізілді. Жоғары оқу орындарының студенттеріне қазақ тілін мамандыққа қатысты кредиттік технология арқылы меңгертуге арналған жаттығулар жүйесін жасау тәсілдері айқындалды.

      Екінші кезеңде ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге, қазақ тілін үйрету әдістемесіне, жоғары оқу орындарында қазақ тілін мамандыққа қатысты оқыту мәселесіне байланысты озық тәжірибелерге сүйене отырып, студенттерге кәсіби қазақ тілді мамандығына қатысты үйрету үшін кәсіби тіл минимумы сұрыпталынып,  жаттығу жұмыстарының кешені жасалынды. Студенттерге кәсіби қазақ тілді  үйретуге арналған жаттығулар жүйесінің тиімділігін анықтау тәжірибелік жұмыстары жүзеге асырылды.

        Үшінші кезеңде студенттерге ақпараттық жүйелер мамандығына қатысты кәсіби қазақ тілді үйретуге байланысты жүргізілген тәжірибе жұмысының  материалдары жинақталып, талданды, сараптамадан өткізілді. Зерттеу еңбекте  ұсынылған кәсіби қазақ тілді үйретуге арналған жаттығу жұмыстарының кешені мен әдістемелік жүйенің тиімділігі эксперимент нәтижесінде дәлелденді.

      Эксперименттің мақсаты – жоғары оқу орындарының ақпараттық жүйелер бөлімі студенттеріне қазақша кәсіби тілді кредиттік технология арқылы үйрету әдістемесін тәжірибеден өткізіп, ұтымдылығын анықтау. Тәжірибе жұмысы анықтау, оқыту, бақылау кезеңдерінен тұрды.

      Бірінші кезеңде анықтау эксперименті өткізілді. Бұл кезеңнің негізгі мақсаты – ақпараттық жүйелер бөлімінде оқитын студенттердің қазақ тілінен білімін, қазақша сөйлеу дәрежесін білу және болашақ маманның кәсіби лексика мен терминдердің мағынасын түсіну деңгейін анықтау. Анықтау экспериментінде төмендегідей жұмыс түрлері атқарылды:

      1.  Кәсіби қазақ тілді үйретуге арналған  мамандыққа сай кәсіби сөздер

 мен терминдерді, тілдік материалдарды дайындау.

      2.   Экспериментке қатысатын топтарды анықтау.

      3. Студенттердің қазақ тілінен білім дәрежесін диагностикалық тест арқылы

 анықтау.

      4. Кәсіби қазақ тілді меңгертуге бағытталған жаттығулар жүйесін құрастыру

 тәсілдерін айқындау.

     5. Мамандыққа қатысты кәсіби мәтіндер жүйесін, сөздіктерді, орындалатын жаттығу түрлерін, оқу үрдісінде пайдаланылатын құралдарды, көрнекіліктерді, оларды тәжірибеде қолдану жолдарын анықтау.

     6. Сауалнама өткізіп, талдау және студенттердің мамандық тілін үйренуге деген көзқарастарын білу.

     7. Сауалнама нәтижелеріне  сараптамалық талдау жасау.

      Анықтау эксперименті барысында өткізілген әңгіме, сауалнама жұмыстардың нәтижесінде үш топ іріктелініп, ВТ, ИС топтары эксперимент жүргізетін, КС – бақылау тобы болып белгіленді.  Эксперимент жүргізетін топта студенттер саны – 42, бақылау тобында – 34. Барлығы 76 студент. Анықтау эксперименті нәтижесінде бұл топтарда оқитын студенттердің қазақ тілін үйренуге деген ынталары, қызығушылықтары орташа деңгейде екендігі,  мамандыққа қатысты сөздердің, терминдердің мағынасын жете түсінбейтіндіктері және студенттердің  кәсіби қазақ тілінде сөйлеу дағдылары әлі қалыптаспағандығы анықталды. Бұл кезеңде қазақ тілін оқытудың сапасын қалай арттыру керек, студенттердің мамандығына қатысты кәсіби тілді қалай, қандай  көлемде, қандай тәсілдер арқылы үйрету тиімді  екендігі сараланды. 

     Екінші кезеңде оқыту эксперименті өткізілді. Оқыту экспериментінің басында студенттердің мамандықтарына сәйкес қазақша кәсіби тілді кредиттік технология арқылы меңгерту машықтандыру жаттығулары арқылы іске асырылды. Эксперимент барысында студенттердің мамандыққа қатысты лексиканы меңгертуде машықтандыру жаттығуларын қолданғанда тез қабылдайтыны анықталды. Одан кейін кәсіби тілді шығармашылық жаттығулар, кәсіби жағдаяттармен жұмыс, іскери ойындар арқылы меңгерту ұсынылды.  Студенттерге оқыту экспериментінде мамандығына қатысты кәсіби  лексиканы сөйлесім әрекетінің түрлеріне негіздей игерту әр түрлі әдіс - тәсілдер арқылы жүзеге асып, оң нәтижесін көрсетті.

       Эксперименттің қорытынды кезеңінде студенттерге кәсіби лексиканы меңгертуде кәсіби мәтіндермен жұмыс жүйесін қолдану, кәсіби жағдаяттық тапсырмалар, іскерлік ойындарды пайдалану ұтымды екені байқалды. Өз бетінше іздену арқылы қазақ тілін білуге деген ынталары, қызығушылықтары артты. Қазақ тілді мамандыққа қатысты оқыту экспериментінің нәтижесі тәжірибелік топ студенттерінің білім деңгейін басқа топ студенттерімен салыстырғанда анағұрлым жоғары екенін көрсетті. Сонымен қатар, студенттердің кәсіби сөздік қорының молайғаны, кәсіби  қазақ тілде сөйлесім дағдыларының жақсарғаны, шығармашылық әрекет жасау машықтарының жетілгені, тілді кредиттік технология арқылы үйретудің тиімділігі эксперимент нәтижесі арқылы  дәлелденді.  Төмендегі суретті қараңыздар.

      1– сурет – Кәсіби қазақ тілін машықтандыру жаттығулары арқылы меңгеру дәрежесі

 

     2 – сурет – Кәсіби қазақ тілін шығармашылық жаттығулары арқылы меңгеру дәрежесі

    

 

     3 – сурет – Қазақ тілін кәсіби-жағдаяттық жаттығулар арқылы меңгеру дәрежесі

      Сонымен, жоғарыда көрсетілген эксперимент нәтижелерін тұжырымдай келе, төмендегідей қорытынды жасауға болады.

1.     Қазақша кәсіби тілді кредиттік технология арқылы үйрету студенттердің

белсенділігін  жетілдіруге септігін тигізеді, қазақ тілін өз бетімен ізденіп  оқып үйренуге  деген ықылас-ынтасын, қызығушылығын арттырады.

2.     Кәсіби мәтіндермен жүргізілген жаттығу жұмыстары студенттердің

білімін, танымын толықтырады, кәсіби тілде сөйлеу білігін жетілдіреді.

3.     Кредиттік технология  талаптарына негізделген жаттығулар жүйесі

студенттердің мамандыққа қатысты лексиканы кәсіби қарым-қатынас барысында белсенді қолдану,  нақтылы кәсіби қарым-қатынас жағдаяттарында өз пікірін қазақша еркін білдіру  дағдысын қалыптастырады.

4.     Тәжірибелік жұмыс нәтижесі кәсіби қазақ тілін студенттерге кредиттік

технология арқылы үйрету – қазақ тілін оқытуды жетілдіруге бағытталған жүйе екендігін көрсетті.

 

                                                 Қорытынды

       Қорыта келгенде, зерттеу жұмысы бойынша мынадай тұжырымдар  жасалды:

1.     Кәсіби қазақ тілін кредиттік технология арқылы үйретуде басшылыққа

алынған қағидалар мемлекеттік тілді қатысымдық қырынан ақпараттық жүйелер мамандығына қатысты меңгертуде  ұтымды рөл атқарады.

2.     Кредиттік технология арқылы кәсіби қазақ тілін үйрету түрлі тәсілмен,

көбінесе, оқытушы мен студенттің әлеуетті  мүмкіншіліктерін өнімді пайдалану және оны тәжірибеде ұтымды қолдану арқылы жүзеге асады.    

       3. Қазақ тілін мамандыққа қатысты үйретуге арналған лексикалық минимум

мен кәсіби  мәтіндерді дұрыс іріктеп, таңдау студенттердің ақпараттық жүйелер мамандығына қатысты сөздік қорын, кәсіби тіл байлығын  жетілдіреді, танымдық қабілетін ұлғайтады, пәнге қызығушылығын арттырады.

4. Кредиттік технологияға негізделген жаттығулар жүйесі студенттердің

шығармашылық, белсенділік қабілетін жетілдіріп, мамандығына қатысты кәсіби қазақ тілді өздігінен ізденушілік әрекет арқылы меңгеруіне игі ықпалын тигізеді, қатысымдық құзыреттіліктерін жетілдіреді.

       5.Студенттерге қазақ тілді  мамандыққа сай меңгертуде  кәсіби ұғымдармен

және ақпараттық-танымдық кәсіби мәтіндермен жасалатын жұмыс кәсіп тілін үйретумен қатар оларды елжандылыққа, ұлтжандылыққа, кәсіби шығармашылық іс-әрекетке тәрбиелейді.

       6. Сабақта іскери ойындар мен жағдаяттарды түрлі кәсіби жағдайға негіздеп қолдану сабақты жандандырады, студенттерді кәсіби тілдік қатынасқа еркін түсуге жаттықтырады

       7.  Кәсіби қазақ тілін үйретуде кредиттік технологияға негізделген өзіндік

жұмыстарды орындау арқылы студенттердің мамандыққа қатысты ғылыми ақпараттарды түсіну, ой елегінен өткізу деңгейі артады.

 8. Кредиттік оқыту технологиясы қазақ тілін мамандыққа сай үйренуге

қажетті білімді, іскерлік пен дағдыны өз бетімен игере алатын шығармашыл, өзін-өзі басқара алатын жеке тұлғаны қалыптастырады.

9.     Қазақ тілін кредиттік технология арқылы үйрету студенттің бойындағы

жасырын жатқан ішкі әлеуетін ашып, оның ізденушілік, шығармашылық белсенді әрекеттерін дамытады, кәсібіне қатысты өз ойын шеберлікпен жеткізу қабілетін жетілдіреді. Жүргізілген эксперимент нәтижелері кәсіби қазақ тілін кредиттік технология  арқылы меңгертудің ұтымдылығын дәлелдеді.

 

                 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

     1 «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» ҚР Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы №550 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы // Ана тілі. – №23 (808). –                   7 маусым, 2001. – 2 б.

2         ҚР-ның мемелекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Жоғары

білім. Негізгі ережелер. ҚР МЖМБС 5.04.019-2008. ҚР БжҒМ. – 2008 . – 52 б.

3        Орысша-қазақша қазіргі экономикалық терминдердің түсіндірме

сөздігі. – Алматы: Экономика,1999. 402 б.

4        Әл-Фараби. Қайырымды қала тұрғындары туралы трактат. – Алматы:

 Ғылым, 1987. – 469 б.

5        Оразбаева Ф.Ш. Тілдік қатынас. Оқулық.  Алматы: Сөздік- Словарь,

 2005. 272 б.

6         Жоғары оқу орнындарында кредиттік оқу технологиясы бойынша оқу

 үрдісін ұйымдастыру туралы нұсқаулық хат. 14.03.2008ж.      

 

 

  Тіл арқылы қазақ халқының тарихы, әдебиеті, мәдениеті, ұлттық салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, блмысы танылады. Қазақ тілі мұғалімінің – мәдениетті түрде білімімен, іскерлігімен қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде мәртебесін көтеру, осы мақсатқа жететіндей тиімді жол іздеу.

  Сондықтан қазақ тілінде қатысым әдісі, оның ерекшеліктері мен негізгі қағидалары, тіл үйренудегі осы әдістің ұтымдылығы, оны сөйлесімдік дағдыларына сай қарастырылады.

  Қазақ тіл білімінде қатысымдық әдістің негізін қалаған профессор Ф.Оразбаева берген анықтамаға жүгінсек, «Қатысымдық әдіс дегеніміз – оқушы мен оқытушының тікелей қарым-қатынасы арқылы жүзеге асатын, белгілі бір тілде сөйлеу мәнерін қалыптастыратын, тілдік қатынас пен қағидалардың жүйесінен тұратын; тіл үйретудің тиімді жолдарын тоғыстыра келіп, тілді қарым-қатынас құралы ретінде іс жүзінде асыратын әдістің

 түрі /1/.

   Орыс тілді мектепте қазақ тілін үйретудің мақсаты: қатысымдық әдіс арқылы оқушыларға қазақша дұрыс сөйлеу нормаларын үйрету, қазақша тілдесімді өмірде, іс жүзінде қолдана білу, сөйлеу әрекетінің түрлерін меңгерту.

Міндеттері: 1. оқушылардың танымдық деңгейін көтеру;

                     2. ойлау белсенділігін, ой өрісін, сөздік қорын молайту;

                     3. қатысымдық және жаңа технологияның ұтымды жақтарын пайдалану

                        арқылы тілге қызығушылығын арттыру.

Болжам: егер мектепте қазақ тілін оқыту мынадай тиімді жағдайларда өткізілсе:

-         стандартты басшылыққа ала отырып оқу бағдарламасы бойынша тілді меңгертуде міндетті деңгейді жүзеге асыру, мүмкіндік деңгейді қамтамасыз ету;

-         оқытуда интерактивті жолдармен (көрнекі және ойындар, рөлдік жұмыстар, деңгейлік тапсырмалар, тестер, бақылау жұмысы, ой қозғау және проблемалық жағдаяттар ұйымдастыру,т.б.) оқушының белсенділігін туғызу;

-         оқудың модульдігі (ірі бірліктерге тұтастырылуы мен беріктігі);

-         сабақта диалогтар, монологтар үлгілерін пайдалансам және осындай жұмыстар жүргізу барысында оқушылардың білім сапасы жоғарлайды.

Күтілетін нәтиже:

- оқушы өз біліміне сеніп, оны әрі дамытады, өзіндік ізденіс, шығармашылық деңгейге көтеріледі;

- жұппен, топпен, ұжымда жұмыс істеуге дағдыланады.

8-ші сынып оқулығы бойынша «Өнерлі өрге озар» модулі бойынша «Біздің өміріміздегі музыка» мәтінін өтуде модульдік технология арқылы қандай жұмыстар жүргізуге болытындығына тоқталғым келеді.

 

 

 

Қазіргі мемлекеттік тілдің сапалы оқытылуына ден қойып отырған шақта тілді оқыту жүйесіндей талаптар жалпы білім беру саласындағы жаңа қағидаларға сүйеніп негізделеді. «Тіл – адам жанының тілмашы» ретінде адамды әлеуметтік ортамен байланы стырушы дәнекер, әрі баланың жалпы дүниетанымын қалыптастыратын танымдық іс-әрекеттердің ең маңызды құралы болып табылады.

Тіл арқылы оқушы болмысының, психикасының, мінез-құлық, адамгершілік қасиеттерінің көрінетіндігін, білім-білік деңгейлерінің танылатынын әрдайым ескеріп, оны нақты жұмыстарда дәлелдеп отыру коммуникативтік қарым-қатынасты қалыптастырудың бір арнасы. Қазақ тілі сабақтарында «сауат ашу, қарымқатынас шеберлігін, мәдениетін үйретумен қатар оны белгілі бір этникалық топтың мүшесі ретінде тәрбиелеу, қалыптастыру» мәселесі де коммуникативтік қарым-қатынасқа негізделіп жүргізілуінталап етеді [4]

 

 

 

 

 

 

 

Ассоциограммалармен жасалатын жаттығу жұмыстары. Ассоциограмма – жазбаша тілдік көрнекіліктің көмегімен кәсіби ұғымның барлық мағыналарын ашу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Доклад на тему "Қазақ тілі сабақтарында өздік жұмыстарын ұйымдастыру""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Социальный работник

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Кәсіби қазақ тілі сабақтарында тілдесім құзіреттілігін қалыптастыруға арналған шығармашылық жұмыстар.

       Шығармашылық жаттығулар –студенттердің кәсіби мәтін мазмұны бойынша кәсіптанымдық ақпараттарды саралап, зерделеу арқылы, өз пікірлерін микротоптың басқа мүшелерімен талдай алу, өзара бірлесе ізденушілік іс-әрекет жасау дағдыларын қалыптастыру, соның нәтижесінде кәсіби тілдік қатынасқа еркін түсу қабілетін жетілдіруге бағытталған жұмыс түрі.

       Студенттерге қазақ тілін мамандыққа қатысты кредиттік технология арқылы үйретуде шығармашылық жаттығулардың келесі түрлері қолданылды:

      Мысалы, «Есептеуіш техниканың даму тарихы» мәтінімен келесідей  жұмыстар жүргізілді.

       Жаттығудың мақсаты: студенттердің сөздіктермен жұмыс жасау қабілетін жетілдіру,  кәсіби сөздің мағынасын өз беттерімен ізденіп, түсіне келе, оларды тілдік қатынаста  еркін қолдану дағдысын дамыту.

      Жаттығудың тиімділігі: студенттер кәсіби сөздердің мағынасын ашу арқылы мәтіндегі негізгі ойды түсінеді, мәтіннің мазмұнын өз сөзімен айтып беруге дағдыланады, сөздерді кәсіби тілдік қатынас жағдаятында еркін қолдануға үйренеді.

      Бірінші кезеңде, мәтін бойынша  техникалық терминмен (ұғым) мен кәсіби сөздердің тіркестік байланыстары арқылы кәсіби сөздердің  мағынасын көрсетіп ашу.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 973 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.02.2015 1589
    • DOCX 101.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Каирова Раушан Айтжановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Каирова Раушан Айтжановна
    Каирова Раушан Айтжановна
    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 10973
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 16 регионов

Курс повышения квалификации

Организация работы с молодежью

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 171 человек

Курс повышения квалификации

Медиаграмотность как форма работы с современным родителем

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 126 человек

Курс повышения квалификации

Профилактика компьютерной зависимости и безопасность в сети Интернет среди детей и подростков

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 53 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 144 человека

Мини-курс

Интерактивные материалы на печатной основе

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 58 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 31 человек

Мини-курс

Педагогические идеи выдающихся педагогов и критиков

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология взаимоотношений, прощения и самопонимания

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 130 человек из 53 регионов
  • Этот курс уже прошли 48 человек