Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Доклад на тему "Балабақшада ұлттық ойындарды пайдалану"

Доклад на тему "Балабақшада ұлттық ойындарды пайдалану"

  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

Адам іс-әрекетінің ерекше бір түрі – ойынның пайда болуын зерттеушілердің біразы өз еңбектерінде өнер және көркемдік іс-әрекеттің алғашқы қадамы деп түсіндіреді. Ойында шындықтың көрінісі, оның бейнелі сәулесі қылаң береді. Жалпы ойынға тән нәрсе өмірдің әртүрлі құбылыстары мен үлкендердің түрлі іс-әрекеттеріне еліктеу екені белгілі. Ойынның шартты түрдегі мақсаттары бар, ал сол мақсатқа жету жолындағы іс-әрекеттер бала үшін қызықты. Балаларға ақыл-ой, адамгершілік, дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды тетігі ойында жатыр. Ойын барысында балалар өзін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекет байқатады. Сезіну, қабылдау, ойлау, қиялдау, зейін қою, ерік арқылы түрлі психикалық түйсік пен сезім әлеміне сүңгиді.

Сондықтан да педагогикада бала ойынына ерекше мән беріледі, өйткені ойын үстінде қалыптасатын балалық шақтың түйсігі мен әсері адамның көңіліне өмірбақи өшпестей із қалдырады. Бала ойын арқылы өзін толқытқан қуанышын немесе ренішін, асқақ арманын, мұрат-мүддесін бейнелесе, күні ертең сол арман қиялын өмірде жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Сөйтіп бүгінгі ойын, бейнелі әрекет ертеңгі шындық ақиқатқа айналатын кезі аз емес.

Ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына игі ықпал ететін жетекші, басты құбылыстың бірі деуге болады. Бала ойын арқылы өзінің күш-жігерін жаттықтырады, қоршаған орта мен құбылыстарды ақиқат сырын ұғынып, еңбек дағдысына үйрене бастайды. Былайша айтқанда болашақ қайраткердің тәрбие жолы, тәлімдік өнегесі ойыннан бастап өрбиді.

Ойын мен еңбектің бір-біріне ұқсас сипаттары көп, сондықтан кейбір педагог-ғалымдар «жақсы ойын – жақсы жұмыс сияқты да, жаман ойын – жаман жұмыс сияқты» деп қарап, бұлардың арасында айырма шамалы деген түйін жасайды. Өйткені, әрбір жас кезінде ойын тиісті дәрежеде ақыл мен қажыр-қайрат жұмсауды керек етеді. Белсенді іс-әрекет пен күш-жігер жұмсалмаған ойын, жақсы ойын болып табылмайды. Жақсы ойын да жақсы жұмыс та көңілді қуанышқа толтырып, рахатқа бөлейді. Демек, осы жағынан ойын мен жұмыстың ұқсастығы байқалады. Баланың ойынында да белгілі дәрежеде тиісті жұмыстағыдай жауапкершілік болуға тиіс. Олардың негізгі айырмашылығы мынада: баланың ойыны нақты материалдық рухани байлықты көздемейді, ал жұмыс ондай игілікті өндірудің негізгі жолы екені айқын.

Баланың қуанышы мен реніші ойыңда айқын көрінеді. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада:олар ойланады, эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, ерлік қасиеті, қиял елестері дамиды, мұның бәрі баланың шығарымпаздық қабілеті мен дарынын ұштайды.

Ойын үстінде бала бейне өмірдің өзіндегідей қуаныш, реніш сезіміне бөленеді. Бірақ бала одан ойын екенін білмейді деген түсінік тумайды. Сондықтан шындықтағыдай «сөйтейік, бүйтіп көрейік» деуі, олардың «ойынды ойын» деп түсінуінде жатыр.

а) ойын – тәрбие құралы, ақыл-ойды, тілді ұстартады, сөздік қорды байытады, өмірді танытып, сезімді кеңейтеді тәрбиелейді.

ә) ерік және мінез қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді.

б) ұжымдық сезім әрекеттері өсе түседі.

в) эстетикалық тәрбие беру – өнерді, көркемдікті түсіндіру құралына айналады.

г) еңбек тәрбиесін беру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді.

д) дене күшінің жетілуіне көмектеседі – ойын баланы жан-жақты жарасымды тәрбиелеудің психологиялық және физиологиялық негіздері болып табылады.

Халық жасаған мұралар сан алуан. Аға ұрпақ өз білгенін, өз көкейіне тоқығанын кейінгі буынға мирас етіп, іс-әрекет үстінде көзін қанықтыра беруден бастаған. Солардың бірі – ұлт ойындары халықтың сәби шағымен бүгінгі өскелең дәуірінің куәсі ретінде, адам баласының фантазиялық ой-жүйесінің заңды жалғасы ретінде оны үйретудің тәжірибеде пайдаланудың үлкен білімділік, тәрбиелік маңызы бар.

Ойынға тек ойын деп қарамай халықтың асыл қазынасы, бір жүйеге келтірілген тамаша тәрбиеқұралы деп қараған орынды. Бұл пікіріміз жалаң болмасүшін заманымыздың заңғар жазушысы, ұлы ойшылдарымыздың бірі Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің мына пікірін емке ала кетейік: «Біздің зманымыздың өмір кешкен ұзақ жолында өздері қызықтаған алуан өнері бар ғой. Ойын деген менің түсінуімше, көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір мағыналары болған». Халқымыз ұлт ойындарында ұрпақ қамын ойлаған, бір жүйеге келтіріліп өрнектелген ой мен әрекеттің, құптя философияны түсінуге жетелейтін адамгершілік үлгі-өнегенің желісі бар. Жас бала ойынға алдымен үйренуші, көрушіөсе келе соған белсенді қатынасушы келесі кезеңді үйретуші, жаттықтырушы, ұлғая келе көруші жанкүйер ретінде қатынасады. Кейінгі кезде ұлт ойындарына көңіл бөлмеу нәтижесінде, көбі ұмыт болып, мүлде жоғалуға жуық.

Ұлт ойындарын жанұя тәрбиесінен бастап, балабақшада түрлі тәрбиелік шараларда қосымша материал ретінде пайдаланып келеміз.

Ұлттық мұраның бай қазынасының бірі – халықтың ұлттық ойындары көп салалы, көп қырыл құбылыс, ол тек ойындық сала емес, мәні жағынан да балабақша тәрбиеленушілерінің рухани өресі кең өсіп-жетілуіне, эстетикалық мәдениетін қалыптастыруға тәрбиелейтін негізгі құралдардың бірі. Ұлы педагог В.Сухомлинский «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз,қиялсыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды» дейді, демек, шәкірттің ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы байи түспек. Фольклортанушы ғалым Ә.Диваев «Қазақ балаларының ойындары» деген еңбегінде адамның жас ерекшелігін үш топқа бөледі: «...өмірге келгеннен бастап жеті жасқа дейінгі бала, жеті жастан он бес жасқа дейінгі балалар, он бес пен жиырма жас аралығындағы жастар...».Осының негізінде қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырып, бірінші топқа, сол жастағыларға лайықты: «санамақ, тәй-тәй, айгөлек, соқыр теке, қуырмаш, алақан соқпақ, ақ серек-көк серек» т.б. ойындарын, ал одан кейінгі топқа: «тақия тастамақ, тартыс, сиқырлы қоржын, бәйге, көкпар, асық, хан талапай, теңге алу, қыз қуу, орамал тастамақ, ақсүйек, күрес» т.б. ойындарын жатқызуға болады. Мұндай ойындарбаланы тез ойлауға, тапқырлыққа баулып, жаңа тақырыптарды жылдам меңгеруге ықпал етеді, сөз тіркесіне, ұйқастыруға дағдыландырады. Мысалы, «Соқыр теке» ойыны ( «Ақ сандық, көк сандық» Құраст. Ш.Ибраев.А., 1988, 161-бет) арнайы сызылған шеңбердің ішінде ойналады. Жүргізуші «Тнетек текені» ортаға шығарып, көзін таңа бастағанда, ол былай деп әндетеді:

Қараңғыда көзім жоқ,

Маған жақын келіңдер,

Тиіп кетсем сөзім жоқ,

Бір қызұстап беріңдер!..

Көзі байланған «Соқыр текені» айнала қоршап тұрғандар мазақтап:

Соқыр, соқыр, соқырақ,

Тотияйын салайын,

Оң көзіңе топырақ,

Ал, ұстап көр, батырым,

Топырағын алайын,

Міне, келе жатырмын!

деп өлеңді айтып болысымен әр жаққа қашады, ал «Соқыр теке» олардың бірін ұстауға тырысады. Ұстаған баласы оның орнына тұрады, сөйтіп, ойын жалғаса береді. Ұлт ойындары – ата-бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз, сондықтан оны күнделікті оқу-тәрбие ұрдісінде пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор екендігі сөзсіз. Ұлттық ойындардың адамға тигізетін пайдасын халық ертеден-ақ білген. Алғашқы қауымдық құрылыс, ертедегі тайпалардың одаққа біріккен дәуірлері ұлт ойындарының едәуір дамыған кезеңі болды. Көрпелі өмір кешіп, мал баққан тайпалардың көзін ашқаннан көрген театры да, өнері де, көңіл көтерер қызығы да осы ұлт ойындары еді.

Халық арасында «Денсаулық-зор байлық» деп тегін айтылмаған. Бұл арқылы халық даналығы тіршіліктің негізгі көзі осы денсаулық екенін тағы ескертеді. Адамның денсаулығы жас кезінен бастап қалыптасуы керек. Демек, кезінде ойындарды көп ойнап, жүгіріп, далада, таза ауада жүру-жас организмнің дұрыс та сергек өсуінің көзі. Онымен бірге бүлдіршіндер ойын ойнаған кезде көпшіл, Отанның болашақ азаматы болуға, халқына адал қызмет етуге бағыт алады.

Қазақ халқының сонау, көне заманнан бергі негізгі кәсібі мал шаруашылығы болғандықтан, мал өсіру, мал басын көбейтуі өндіріс процесінің негізгі мақсаты, сондықтан да «халықтың бар байлығы малда болды». Қазақ халқының тіршілігінде төрт түлік (қой, сиыр, жылқы, түйе) мал шешуші орын алған. Бүкіл өмірі мал өсірумен өткен қазақ халқының этнографиялықдаму ерекшеліктері, той-думан, қуанышы мен реніші де осы малмен байланысты болды.

Амандасқанда да жан амандығын сұрамай, мал-жан амандығын сұрауы, қазақтың тіршілігінің тірегі, көзі малға деген көзқарасының ерекше бір сезіммен қалыптасуы болды. Оларды халық ауыз әдебиетінде мақұлықтар дүниесінің өкілі деп ұқпай, адамның өмір сүруінің негізгі тірегі мен жан серігі екендігін шабыттана жырлаған.

Осындай экономикалық құрылыстың негізінде төрт түліктің қасиеті тек қазақ ауыз әдебиетінде ғана жырланып қоймай, барлық мәдениет пен өнердің,соның ішінде ұлт ойындарының дамуының да негізі болды,келе-келе негізгі бас кейіпкерлері осы төрт түліктен тұратын «ақбайпақ»,«көк сиыр»,«түйе-түйе»,«соқыр тек» т.б. сияқты ұлт ойындары да дами бастады.

Бұл ойындардың барлығы дерлік қазақ халқының төрт түлікті аса бір сүйіспеншілікпен дәріптеп,қадірмен тұтып,жануарлардың бойында адам баласының қасиеттері бар,сондықтан жан-жануарлардың бәрі бірдей деген ұғымнан барып шыққан ойындар болды. Ондай қасиеттерді бірі осы ойындардың көпшілігінде дерлік төрт түліктің қай-қайсысы болмасын, аналықтарының өз төлдерін өлімге қимайтындығын аңғартады.Сондай «Ақбайпақ» ойынында,жоғалтқан ботасын іздеген інген қатты күйзеледі. Ақырында ботасын көріп,жаны жай тауып,ботасымен әңгімелесе келіп өзін тыққан ұрылардың кімнен жақсылық,кімнен жамандық көрдің деп,содан ботаның айтуы бойынша інгеннің бұйрығымен ойнаушылар жазасын алады.

Қазақ халқының малды соншалықты қадірлейтін себебі сол,халықтың саяси әлеуметтік және экономикалық жағдайының даму процесінде осы төрт түлік арқасында жеке адамның қай-қайсысы болмасын өмірден мұқтаждық көрмеді.Сондықтан да төрт түлік қазақ халқының ауыз әдебиетінің,өнерінің,мәдениеті мен ұлт ойындарының негізгі кейіпкері.

«Бесік жырынан» бастап ұлт ойындарының барлығы халық тәрбиесінің көзі.Қай дәуірдің ұрпағына болмасын тіршілік жолына бағыт сілтеп өмірге аттандырады.Халық жырлары ата-ананың балаға қойған бірінші сенімі,тілек-талабы.Мұның бәрі баланы ойната,көңілдендіре,бойларын сергіте жүріп айтылады да,өміріне рухани азық болатын өнегелі де ілтипатты сөздерді жас кезінен құлақтарына құя береді.Айталық,ойын үстінде осы айтылған өнеге-өсиет қалыптаса бастайды.Демек,ойын әр түрлі әрекетке,қозғалысқа,денешынықтыруға ғана төселдіріп қоймай,өмірдің рухани азығы-үлкеннің барлық қасиетін,яғни баланың жан-жүйесіне әсер ететін этикалық,эстетикалық тәрбиені қабылдауға қалыптастырады.

Ұлттық ойынның бірі-«Ұшты-ұшты».Бұл ойынға ересек балалар мен кішкентай балалар да қатысса қызықтырақ болады.

Ойын ережесі:Бір бала ортаға шығып жиналғандарды дөңгелете,өзіне қаратып бір қатарға отырады.Содан кейін ойынның ойналу тәртібін түсіндіреді.Сөйтіп ойынды бастайды.Ойын жүргізуші «Ұшты-ұшты бөдене ұшты»деп қолын көтереді.Сол кезде ойнаушылар тыңдап отырады да ұшатын затқа олар да қолдарын көтереді.Ұшпайтын затты ұшты деп қолын көтерсе,ойын жүргізушімен бірге қолдарын көтерген ойыншылар жазасын тартады.Ал ұшатын затты айтқанда,қолдарын көтермей қойса онда да жаза тартады.Сондықтан ойын жүргізушісінің әр айтқан сөзіне өте сақ болу,қырағы болу керек.Ойы жүргізуші ұшатын зат пен ұшпайтын затты ұйқастырып айтып ойыншыларды ылғи да жаңылдырып отыруға тырысады.Тіпті көпшілікке таныс емес құстардың атын айтып та,ұшатын жәндіктердің атын айтып тп жаңылдыруға болады.Мысалы,ұшты-ұшты кекілік ұшты,ізінше кекілік ұшты,қарға ұшты-сырға ұшты,көбелек ұшты-ебелек ұшты,тауық ұшты,уық ұшты,қаршыға ұшты,қанжыға ұщты деп жалғаса береді.

Алданған ойыншылардың ойыншылардың жазасы өлең айтып,би билеп,мақал-мәтел,жаңылтпаш,тақпақ айтады.Алданушылар көбейген сайын ойын қыза түседі,ендеше ойын жүргізуші мен ойнаушылардың арасындағы бірін-бірі аңдаушылық та күшейе түседі.

Бала ойындарының мазмұны байып,түрі өзгеріп отырады.Ата-ананың ойлау,қиялдау,армандау қабілетін қалыптастыру үшін халық ауыз әдебиетінің жанрларын-ертегі,жаңылтпаш,жұмбақтар,санамақтарды айтып үйреткен.

Мысалы:«Тоғызқұмалақ» ойыны:

Қызықтырған есепшіні,ойлыны,

Балалардың бұл ежелгі ойыны

Екі адамға тең бөлінген мал жайы

Ойнау үшін тақтасы бар арнайы

Онда бар он сегіз ұя-кіші отау

Екі қазан-үлкен келген іші отау

Бір жүз алпыс екі-бір құмалақ

Сексен бірден екі ойыншы тұр қамап



Әрқайсының сегіз ұя-ойы бар

Әр ұяның дәл тоғыздан қойы бар

Екі ойыншы-екі қойшы кезекпен

Түсіреді ұяға қой есеппен



Бір-бірінің ұясына айдайды

Қой-құмалақ санын жіті аңдайды

Ұяда қай жұп болса қой-құмалақ

Бәрі қарсы қазанға кеп құмалақ



Солай талай қой қазанға түседі

Есепке оны екі қойшы тізеді

Кімде-кімнің қазаны тез толады

Сол ойыншы ұтып шыққан болады



...Қызықтырғанбүгіндерде ойлыны

Міне,осындай бабалардың ойыны.

Краткое описание документа:

Адам іс-әрекетінің ерекше бір түрі – ойынның пайда болуын зерттеушілердің біразы өз еңбектерінде өнер және көркемдік іс-әрекеттің алғашқы қадамы деп түсіндіреді. Ойында шындықтың көрінісі, оның бейнелі сәулесі қылаң береді. Жалпы ойынға тән нәрсе өмірдің әртүрлі құбылыстары мен үлкендердің түрлі іс-әрекеттеріне  еліктеу екені белгілі. Ойынның шартты түрдегі мақсаттары бар, ал сол мақсатқа жету жолындағы іс-әрекеттер бала үшін қызықты. Балаларға ақыл-ой, адамгершілік, дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды тетігі ойында жатыр.Ойында бала еркін сезінеді. 

 

Автор
Дата добавления 10.04.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров355
Номер материала 479864
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх