Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Логопедия / Другие методич. материалы / Доклад на тему: Бүгінгі педагогикалық кеңесіміздің тақырыбы «Оқушылардың жан-жақты дамуындағы сынып жетекшінің рөлі»

Доклад на тему: Бүгінгі педагогикалық кеңесіміздің тақырыбы «Оқушылардың жан-жақты дамуындағы сынып жетекшінің рөлі»

  • Логопедия

Поделитесь материалом с коллегами:

Бүгінгі педагогикалық кеңесіміздің тақырыбы «Оқушылардың жан-жақты дамуындағы сынып жетекшінің рөлі» өйткені


«Егеменді еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» - деп елбасымыз Н.Ә. Назарбаев айтқандай Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған келелі мәселе – білім беру, ғылымды дамыту, өркениет біткеннің өзегі, білім , ғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ.


Тәрбие – халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру.


Тәрбиенің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана- сезімі оянған, рухани дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу.

Жалпы Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 521 бұйрығымен бекітілді және Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру ұйымдарына ұсынылды.

Тәрбие тұжырымдаманың мақсаты – жас ұрпақты тәрбиелеу проблемаларына көңіл бөлуді күшейту, Қазақстан Республикасында балалар мен жастар тәрбие беру міндеттерін шешудегі тәрбие үрдістеріне барлық субьектілердің іс- қимылдарын келістіру.


Тәрбиенің міндеттері

1.Денсаулығы зор, рухани дүниесі бай, адамгершілікті, тәуелсіз жеке тұлғаны ықпал ететін тәрбие жүйесін құру және дамыту:


2. Өзінің және қоғамның, болашақ ұрпақ алдында әлеуметтік, табиғи және мәдени ортада өз іс-әрекетінің нәтижесі үшін жауапкершілікті сезінуде дүниетанымды қалыптастыру;


3. Қазіргі заманғы қоғамдық өмірге және тиімді кәсіби іс- әрекет пен тұлғалық кәсіби сапаларын қалыптастыру;


4. Жастарды азаматтылыққа, отансүйгіштікке, зиялылыққа, адам құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу


5. Өзінің және қоғамның, болашақ ұрпақ алдында әлеуметтік, табиғи және мәдени ортада өз іс- әрекетінің нәтижесі үшін жауапкершілікті сезінуде гуманистік дүниетанымды қалыптастыру;


6. Жастар мен балалардың танымдық қызығушылығын балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту бейімділігін қалыптастыру


7. Мемлекеттік тілді дамыту және басқа тілдерді үйрену арқылы балалар мен жастардың әлем және ұлттық мәдениетті игерілуіне, өз халқы мен басқа Қазақстан халықтарының дәстүрлері мен мәдениетін зерттеуіне және қабылдауына жағдай жасау.


2010 оқу жылына дейін тәрбиенің 9 бағытымен жұмыс жүргізілді. Қазіргі уақытта Тәрбие тұжырымдамасы бойынша тәрбие жұмысының 12 бағыт бойынша жүргізілуде.

Тәрбие бағыттары

1 Азаматтық- патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие

2 Рухани- адамгершілік тәрбие

3 Отбасы тәрбие

4 Өзін- өзі тану мен өзін- өзі дамыту қажеттілігін қаліптастыру;

5 Әлеуметтік- мәнді және жеке қасиеттерін қалыптастыру;

6 Коммуникативті мәдениетті қалыптастыру;

7 Экологиялық тәрбие

8 Эстетикалық тәрбие;

9 Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру;

10. Еңбек және экономикалық тәрбие

11. Кәсіби шығармашылық тәрбие

12. Интеллектуальді мәдениетті дамыту

Жаңа өздеріңіз көріп білгендей мектебімізде осы бағыттардың негізімен тәрбие жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.

Тәрбие жұмыстарын жүргізгенде сынып жетекшінің ролі ерекше. Сапалы білім, саналы тәрбие беруде мұғалім еңбегі ерен. Ерекше тұлға ретінде сынып жетекші деп атап өткім келеді. Өйткені ол-балалар мен ата-аналардың, үлкендердің арасындағы сарапшы. Сондай-ақ баланың психологиялық құпияларын жетік біле отырып тәрбиелейді, білім береді. Ең жауапты, ең негізгі болып табылатын сынып жетекшінің еңбегі аса жоғары жауапкершілікпен сипатталады. Сынып жетекшінің жұмысында нәтижеге жетудің бір жолы ол- іс-әрекетті дұрыс жоспарлау. Сынып ұжымын жоспарлау барысында тәрбие міндеттерін нақты белгілеп, балалардың жеке жас ерекшеліктерін және олардың тәрбиелік деңгейімен өмірдің талабын еске ала отырып атқару қажет. Мектептегі сынып жетекшісінің тәрбие жұмысындағы негізгі міндет-оқушылардың жеке басын қоғамның талабына сай тәрбиелеу.

Сынып жетекші ролі жайына тоқталсақ қазіргі таңда жалпы мектебімізде 27 сынып жетекші бар. Бастауыш сыныптарда – 12 сж, орта буында - 9сж, жоғарғы сыныпта - 6сж.

Жас ерекшеліктеріне тоқталатын болсақ:

  • 20-30 жаста – 5

  • 30-40 жаста - 6

  • 40-50 жаста – 9

  • 50 жоғары – 7

Сынып жетекшілердің білімі:

  • Білімі жоғары - 20

  • Білімі орта арнаулы - 7

Сынып жетекшілердің білімі:

  • Жоғары санатты – 3

  • Бірінші санатты – 10

  • Екінші санатты – 10

  • Санатсыз - 4

Сынып жетекшілердің еңбек өтілі:

  • 1-3 жыл - 4

  • 3-6 жыл - 2

  • 6-9 жыл - 2

  • 9-12 жыл - 1

  • 15-18 жыл - 3

  • 18-21 жыл -6

  • 21-23 жыл - 2

  • 23-26 жыл - 4

  • 26-33 жыл - 4









2 бөлім

1 Еліміз тәуелсіздік алғалы бері білім беру мәселесіне байланысты сан-алуан реформалардың болып жатқаны да ақиқат. Мұның бәрі алып бір мемлекеттің бірнеше жылға созылған дағдылы қоғамдық жүйеден жаңа өмір салтына көшу кезінде болатын заңды құбылыс. Жаңаның енуінен ескінің шығуы қиын болатыны да белгілі.

Қазақстанның әлемдегі дамыған елу елдің қатарына енуі, индустриялануы, инновациялық дамуының негізі де сапалы білімде болмақ.

Мүлдем жаңа, өзгерген қоғамның іргетасын қалап, баянды ету жылдарында қоғамдағы өзге салалар сияқты білім беру бағытында да кемшіліктер болғаны шындық. Мұның барлығы кезең-кезеңімен қабылданып жатқан құжаттарда, бағдарламаларда айтылып келеді. Әсіресе, күні кеше ғана қабылданған «Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» білім берудің бүгінгі жай-күйіне жан-жақты, терең талдау жасалынған.

Аталған бағдарламада «Еліміздің қазіргі әлемдегі орны адам капиталының сапасымен, білім берудің жай-күйімен және өндірісте техника мен ғылымды пайдалану деңгейімен анықталады» делінген. Бүгінгі уақыт талабынан алғанда сапалы білім беру мәселесі тек ұстаздар қауымын ғана емес, барша зиялы қауымды ойлантады. Қоғам да осыныталапетуде, ата-ана да бұғанмүдделідесекартықболмас.

Қазіргідейбәсекелестіккенегізделгеннарықзаманындақайсалағаболмасынбілікті, іскермаманкерек. Ұрпағыныңболашағынойлағаната-ана да баласыныңсапалыбілімалғанынқалайды

«Білім негізі – бастауыштан», - деп бекер айтылмаған. Тыныс-тіршілігі, менталитеті әр түрлі отбасынан келген кішкене бүлдіршіндердің талап-мүддесін бір арнаға ұйыстыру оңай дүние емес. Педагогикалық шеберлікті, психологиялық терең білімді, оған қоса қабілет, парасатты қажет етеді.

Бастауыш мектеп – бұл оқушы тұлғасының, санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезең. Сондықтан бастауыш мектеп – үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да жауапты жұмыс. Айналып келгенде, егер бастауыш-бар білімнің бастауы десек, осы сатының мұғалімдеріне қойылар талап та өзгеше болуы керек.Ол қандай? Осы сұрақтар төңірегінде іс-тәжірибиісемен бөлісуге ортаға бастауыш сынып мұғалімі, бастауыш сыныптарының әдістемелік бірлестігінің жетекшісі, «Жаңа форматтағы ұстаз» байқауына қатысушы, мектепшілік «Жыл мұғалімі» байқауының ІІ орын иегері Измаганбетова Р.А.шақырамын.

Слайд

2 Основа основ начинается с начального класса, а сейчас хочу пригласить учителя начального класса Н.В. Милехину.Это учитель отличает глубокий интерес к личности каждого ребенка, умение диогностировать индивидуалные достижения и развития детей, ставить реальные целевые установки. Доказательством являются результаты ее учеников. Мурашкинцев А. Участник конкурса сочинений «Моя Родина», Ыскак Аида участница конкурса чтецов «Знамя Независимости», ІІ место в олимпиаде по рус. Яз Хохлачева А.

Слайд

3 Мектеп - өткен мен бүгіннің, бүгін мен ертеңнің арасындағы дария. Ал, мұғалім сол дариядағы заман талабына сай ағыспен қайық есуші. Оқу-тәрбие үрдісіндегі жаңа, озық педагогикалық технологияларды тиімді пайдалану арқылы мұғалімдік бейнесін анықтап алса, яғни ескегі мықты болса, қандай болмасын толқындарға қарсы тұрып, жағаға жетеді.

Ұстаз қоғам айнасы, оқытушы, оқулық авторы, технолог, жаңалықты дәріптеуші, таратушы.

Ұстаз - деген құрметті атаққа ие болудың өзі бір бақыт деп санайтын мектебіміздің тәжірибелі ұстазы, көптеген байқаулардың жүлделі орын иегері, мысалы: Республикалық «Еуропа-Азия» шаңғы туризмі техникасы жарысының «Спорттық бағдарлау» қашықтығы бойынша І орын, мектепшілік «сынып жетекші» байқауының І орын иегері, «Жайық толқыны» фестиваліне қатысушы технология пәнінің мұғалімі

Самаркина А.А. ортаға шақырамын

Слайд

Духовно развитая, социально зрелая, творческая личность, компетентный специалист, профессионально владеющий всем арсеналом педагогических средств, стремящийся к постоянному самосовершенствованию.Он несет ответственность в формировании и развитии высокообразованной творческой личности и максимальной самореализации.Именно такой специалист должен уметь подвести к двери в мир знаний, дать ключ и научить ученика ползоваться этим инструментом.Помнить: никто кроме самого ученика, не сможет войти мир знаний.

Любому обществу нужны одаренные люди, и задача общества состоит в том, чтобы рассмотреть и развить способности всех его представителей.

Часто про одаренных людей говорят, что в них есть «Искра свыше», но чтобы из этой искры разгорелся пламя, а рименительно к науке это пламя таланта, нужно приложить немалые усилия.Именно поэтому на протяжении многих лет своей педагогической деятельности

Н.И. Алышева занимается развитием и воспитанием одаренных детей.Постоянная и кропотливая работа не только с учащимися, но и над собой приносит свои плоды.Основным направление работы Н.И. Алышевой является использование краеведческого материала на урокаах и внеурочное время. Под ее руководством в школе работает историко-краеведческий музей. І место в конкурсе музеев Документация», ІІ место в Областномконкурсе музеев, Участница конкурса «Одаренный ученик одаренный учитель» 2012г,

Слайд

Ұстаз – өмірлік тәжірибесі мол, нағыз еңбекқор, ізденімпаз, ұшқыр ойлы жан. Жақсы ұстаз шәкіртінің мәңгілік мақтанышына айнала алады. «Ұстазы жақсының - ұстамы жақсы» демекші, шәкірт бойындағы ұстамдылық пен тәрбиелілік көбіне ұстазға байланысты. Нағыз мықты ұстаз ғана, салауатты да саналы, рухани бай, тәрбиелі, жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыра алады.

Өмірден қымбат нәрсе бар ма адамда,

Орындыға жұмсасаң өлмес дәрі.

Қасиетін өмірдің білу керек,

Басыңда ми бар болса, бетінде ары – деп Шәкәрім ақын жырлағандай, біздің жастарымыздың өз өмірлерін бос өткізбей, білімге жұмсауды, артында өшпес із қалдырып, мәнді де,сәнді де бақытты өмір сүруге ұмтылуына көмектесуіміз керек.Өнеріміздің , мәдениетіміз бен дәстүрлеріміздің алдыңғы қатарлы үлгілерін, тіліміздің орасан зор байлығын жас жеткіншектердің жан дүниесіне сіңіріп, сол арқылы әлемдік рухани өркениеттің өріне шығы, нәр алу - бүгінгі күн талаптарының маңыздысы.

Қорытындылай келе «Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады, яғни тәрбиенің түпкі мақсаты- қоғамның нарықтық қарым- қатынасқа көшу кезінде саяси- экономикалық және рухани дағдарыстарында жеңіп шыға алатын, ізгілігімен XXI ғасырды дамытушы, іскер, өмірге икемделген жан-жақты мәдениетті дара тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру» деп тұжырым жасады және бәрімізде осыған бір кісідей атсалысайық.






































Сынып жетекші қандай болуы керек:

Кәсіби сауатты, білікті

Жаңашыл, қиялы бай

Кез келген сәтте көмек көрсетуге даяр

Ұйымдастырушы, психолог

Жоғары мәдениетті, рухани бай, эстетикалық талғамы жоғары

Мәселелерді шешуде батыл, жан-жақты

Өзіне тән ерекшеліктері бар



Сынып жетекшісі мыналарды білуі тиіс:

Педагогиканы

Балалардың, ересектердің әлеуметтік психологиясын

Мектеп гигиенасын

Педагогикалық этиканы

Тәрбие жұмысының теориясымен әдістемесін






Сынып жетекшісі қызметінің мазмұны

Балаларды

Еліміздің егемендік алуымен байланысты әлеуметтік – экономикалық және рухани салаларда көптеген өзгерістер болып жатқандығы баршаға аян. Солардың бірі – білім беру жүйесіндегі жаңа технологиялармен оқыту.Оқушыларды шығармашылық бағытта жан – жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы. Осы талап тұрғысынан алғанда оқу – тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі әдіс – тәсілдерін іздестіру жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың маңызы ерекше. Қазіргі таңда оқытудың елуден астам технологиясы бар екенін ғалымдарымыз айтып, осылардың кейбіреуі біздің білім беру жүйемізге еніп, тәжірибемізден орын алуда. Қазіргі ұстаздар қауымының алдында тұрған үлкен мақсат - өмірдің барлық саласында белсенді, шығармашылық іс- әрекетке қабілетті, еркін және жан – жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Өмірдегі сан алуан қиындықтарды шеше білу тек шығармашыл адамның қолынан келеді. Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту үшін бірнеше шарт орындалуы тиіс


Краткое описание документа:

«Егеменді еліміздің ертеңі бүгінгі  жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» - деп елбасымыз  Н.Ә. Назарбаев айтқандай Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған келелі мәселе – білім беру, ғылымды дамыту, өркениет біткеннің өзегі, білім , ғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ.

 

Тәрбие – халықтың ғасырлар бойы  жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру.

 

Тәрбиенің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық  сана- сезімі оянған, рухани дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды  тәрбиелеу.

Жалпы Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы  Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы    № 521 бұйрығымен бекітілді және Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру ұйымдарына ұсынылды.

Тәрбие тұжырымдаманың мақсаты – жас ұрпақты тәрбиелеу проблемаларына көңіл бөлуді күшейту, Қазақстан Республикасында балалар мен жастар тәрбие 

Автор
Дата добавления 03.04.2015
Раздел Логопедия
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров347
Номер материала 472614
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх