Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Директору, завучу / Другие методич. материалы / Доклад на тему: "Мектеп табалдырығынан ғылымға"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Директору, завучу

Доклад на тему: "Мектеп табалдырығынан ғылымға"

библиотека
материалов


Мектеп табалдырығынан ғылымға

Ғылыми –зерттеу жұмыстарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда қолданылатын әдіс –тәсілдер:

1. Тақырыпты мамұнына қарай жинақтау;

2. Арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру;

3. Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешу;

4. Әңгімені салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу;

5. Қиялдау арқылы сурет салу;

6.Өлең шумақтарын құрастыру;

7. Мәтін, әңгіме, ертегіні өз бетінше аяқтау;

8. Әр түрлі тақырыпта пікірталас, сайыс өткізіп, алған әсерлерін шығарма етіп жаздыру.

Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді. 
Сондықтан, оқушыларды ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті болып саналады. 
«Ғылыми –зерттеу » түсінігі «Үлкен кеңес энциклопедиясында»: «жаңа білімді өңдеу процесі және таным қызметінің бір түрі болып есептеледі» деп түсіндіріледі. 
Ғылыми -зерттеу тәртібін ғалым А.И. Савенков күрделі психологиялық құбылыс деп түсіндіреді. Ғылыми –зерттеу - дарынды балаларды оқытудың негізі деп қарастырады. Онсыз баланың потенциалды қабілетін ашу, дамыту мүмкін емес. Түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы әртүрлі балалардың ортасынан қабілеті жоғары баланы танып, жұмыс жасау, оның шығармашылық деңгейін бақылау. Ғылыми –зерттеу жұмыспен айналысатын дарынды оқушыны қалыптастыру үшін жұмыстың мақсаты мен міндетін айқындап, оқушының ерекше қабілетін ашу жолдарына бағыт жасау керек. 
Міндеттері: - Оқушының жек ерекшелігі мен қабілетін зерттеп, зерделеу; - Шығармашылық ғылыми ізденіске өзіндік зерделігін дамуын назарда ұстау; - Оқушының өз бетінше әрекет етуіне мүмкіндік беру. 
Ғылыми жоба жарыстарына дайындауда төмендегі мәселелерге ерекше көңіл бөлу керек: 1. Тақырыпты қабілетіне қарай таңдау ; 2. Аталған тақырыпты ашудағы шәкірт еңбегінің сипаты, қосқан жеке үлесі; 3.Шешендік сөз саптауы, сөйлеу мәнері, ойын ұтымды,жағымды жеткізе алуы, өзін ұстауы,аудиторияны тартуы; 4. Көрнекілігі мен ұсынылған материалдың сапалылығы; 5. Жұмыстың көркем безендірілуі. 
Оқушының дарындылығын әлеуметтік қажеттігіне сай ғылыми негізіңде дамытудың шарттарын анықтап, оны қанағаттандыруда оқушылар ұжымының дайындық деңгейінің, дәрежесінің диогностикалық әр кезеңде жүргізу керек, себебі, ғылыми –зерттеу жұмысының екінші, үшінші кезеңдері осыны міндетті түрде талап етеді, өйткені, бұл оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты. 
Ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысатын оқушыны қалыптастыру жолындағы басты мақсат қоғамдық өмірге бейімделген интеллектуалды жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. 
Ғылыми- зерттеу жұмыспен айналысатын дарынды оқушымен жұмыс жүргізу үшін тақырыпты талдауға ақыл-кеңестер беріп,ғылыми –зерттеу орындарымен таныстырып, пайдаланатын әдебиеттерді іздестіру жолдарын көрсету керек. Сонан соң тақырыппен жұмыс жүргізу жолдары, архив материалдарын пайдалану, газет –журналдар тігінділерімен жұмыс істеу, қариялар аузынан фактілер жинақтауды ұғындыру қажет. Білім ғана адамды адам етеді, жетілдіреді және сақтайды. Білім таусылмайтын байлық . 
Ғылыми-зерттеу жұмыстары оқушының интеллектуалдық дамуының өсу деңгейін арттырады. Ғылыми сипаттама беруді үйренеді. Ғалымдардың тәжірибесіне негізделген материалдарды іздестіріп, танымдық белсенділігін арттырады. Ғылыми еңбектермен жұмыс жасау әдістерін меңгереді.Ғылыми жұмыстардың теориялық және тәжірибелік аспектілерін шешуде шығармашылық белсенділік көрсетіп, ғылыми нәтижесін алады. Қоғамдық өмірге бейімделген интеллектуалды жеке тұлға қалыптасады. Еліміздің ғылыми дәрежесін жоғары деңгейде көтеретін ұрпақ даярланады. 
Оқушылардың тиімді ғылыми –зерттеу ізденіс жұмысына осы айтылғандардың беретіні : а) Ғылыми –зерттеу жұмысы әрдайым ізденіске жетелейді және оны шығармашылық түрде орындайды.; ә) Күнделікті ғылыми –зерттеу жұмысына әсер ететін өзіндік білімін жетілдіреді.; б) Алған білімнің әртүрлі ғылыми – зерттеу жағдайларына пайдалана білуге және ұтымды нәтиже алуға бағыт береді
Жеке тұлғаны қалыптастыруын дамыту мен оған жан-жақты терең білім беру мақсатында баланы оқыта отырып оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыра отырып, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру жолында неғұрлым тиімді шараларын енгізу бүгінгі ұстаздың жауапты істері болу керек. Мұндай бағыттағы шараларды жүзеге асыру үшін жоғарыда айтып кеткендей бүгінгі күн талабы – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпаратттандыру, халықаралық ғылыми коммуникациялық желілерге шығу екендігі Қазақстан Республикасының «Білім туралы » заңында белгіленген. 
«Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін білім» - деп ұлы жазушы М.Әуезов айтқандай, Қазақстанның өркениетті әлемге қол созып, бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына бірігудің басты тетігі - білім екендігі анықталған. 
Қорыта келе, жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамыту тәрбие мен оқытудың бірлігін сақтай отырып, сабақты шәкірт жанының ішкі қуатынң оянуына ықпал жасайтындай етіп ұйымдастыру, оқу процесінде әрбір оқушының бойындағы жалпыадамзаттық құндылықтарды қарым –қатынасына түсіру арқылы дамыту және оларды білім, білік, дағдылар негізінде қалыптастыру. Гуманист –педогог Я. Корчактың сөзімен айтқанда «Оқушыны ең алдымен көруге, түсінуге және сүюге үйрету қажет, оқуға үйрету одан кейін келеді». 
Шындығында , оқушының білім алу процесінде жеке тұлға ретінде дамуы, қалыптасуы оқу мен тәрбиенің ұштасып, біртұтас процеске айналған жағдайында жүзеге асады. 


 Зерттеу жұмыстарын ресiмдеуге қойылатын талаптар:

1) жұмыс мәтiнi компьютерде басылуы керек және  мынадай құрылымнан тұрады:

титул парағы;

мазмұны;

абстракты (аннотация) қазақ немесе орыс тiлдерiнде (зерттеу жұмысының қай тiлде дайындалғанына байланысты), сондай-ақ ағылшын тiлiнде жазылады;

кiрiспе;

зерттеу бөлiмi;

қорытынды;

пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi;

2) титул парағында мыналар көрсетiледi:

жұмыс орындалған ұйымның толық атауы, қаласы, мектебi;

автордың (бiрiккен автордың) тегi, аты, сыныбы;

жұмыстың атауы;

жұмыстың дайындалған бағыты, секциясы;

жетекшiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты;

қаласы (жарыстың өтетiн жерi), жылы;

3) абстракт (аннотация) (250 сөзден артық емес):

зерттеудің мақсатын ;

гипотезасын;

кезеңдерiн, зерттеудiң рәсімін;

тәжірибенің әдiстемесiн;

зерттеудiң жаңалығын және дербестiк дәрежесiн;

жұмыстың нәтижесiн және қорытындысын;

нәтижелерді практикалық  қолдану салаларын қамтитын зерттеу жұмысының қысқаша мазмұнын білдіруі керек;

4) кiрiспеде (екi беттен артық емес) мыналар келтiрiледi: зерттеулердің таңдалған тақырыптарының өзектілігін, осы жұмыстың мақсаты (мiндетi), алға қойылған мiндеттердi шешу әдiсi қысқаша көрсетiледi;

5) жұмыстың зерттеу бөлiмi (20 беттен артық емес) жеке тараулардан (параграфтардан) тұруы мүмкiн және мына мазмұнда:

осы жұмысты жүргізудің қажеттiлiгiне көз жеткiзу және оның мақсатын (мiндетiн) құрастыруға мүмкіндік беретін таңдалған тақырып бойынша белгілі нәтижелерге талдама шолу жасау;

алға қойылған мiндеттердi шешудiң әдiстерiн сипаттау;

жұмыстың нәтижелері және оларды талқылау;

безендiрiлген материал (сызбалар, кестелер, фотосуреттер және суреттер т.б.);

6) пайдаланылған әдебиетке сiлтеменi төртбұрышты жақшада беру керек. Мәтiнде кездесетiн сiлтемелерде нөмiрлеу жүйесі болуы керек;

7) қорытынды (бiр беттен артық емес) жұмыстың негiзгi нәтижелерi және олардың негiзiнде жасалған қорытындыларын, жұмыстың нәтижелерiн ғылыми және практикалық мақсаттарға пайдалану жөнiндегi ұсыныстарды қамтиды;

8) пайдаланылған әдебиеттер жұмыс соңында жалпы тiзiммен мынадай тәртiпте берiледi:

автордың тегi және қысқартылған аты-жөнi;

мақаланың және журналдың аты (журналдық  мақалалар үшiн);

журналдың, кiтаптың аты;

басып шығарылған орны және баспасы (кiтаптар үшiн);

басылған жылы, шығу нөмiрi, бетi;

9) әрбiр жұмыста таңдалған тақырыптың өзектілігі, автордың жұмысқа сiңiрген жеке еңбегi, жұмыстың кемшiлiктерi және нәтижелерiн  әрi қарай пайдалану жөнiндегi ұсыныстары айтылатын жетекшiнiң пiкiрi қоса берілуі керек.







1.Шығармашыл мұғалім – зиялы тұлға. Оның сыртқы келбеті ұқыптылық пен жарасымдылықпен сипатталады, педагогикалық әдебі жоғары, басқаны түсіне біледі. Прогрессивті алдыңғы қатарлы ойларды уағыздаушы, сыни ойлау деңгейі жоғары, өзгенің ойын, өзгенің пікірін, құрметтей біледі, ұстамды. Өз білімін тұрақты көтеріп отырумен жүйелі айналысады, өз жұмысына рефлексия жасауға қабілетті. Эрудициясы, жалпы мәдениеті жоғары, эстетикалық талғам және көркемдік мәдениеті жинақталған. Ол саясаттағы, ғылымдағы, өнердегі барлық жаңалық пен озық ойларға қызығушылық танытып отырады. Зиялы тұлға ретінде өз бойына адамзат мәдениетіндегі ең жақсы үлгілерді жинақтайды.

2.Шығармашыл мұғалім – рухани бай тұлға. Оның рухани байлығы алдымен балаға деген махабатында, жоғары адамгершілігінде және арлылығы мен ұяттылығында байқалады. Өмірдің мәнін және мақсатын түсінуге, өзінің кісіби орынын анықтауға ұмтылыста оның руханилығы көрінеді. Ол әлемдегі және адами қарым –қатынастағы сұлулықты өте жоғары сезінгендіктен онда эмпатия және талдай алушылық жоғары дамыған. Өсіп келе жатқан баланың ішкі жан – дүниесінің байлылығын түсінуге үнемі тырысатындығы оның өзінде планетарлық ойлауды дамытуына негіз юолады.

3.Шығармашыл мұғалім - жаңашыл тұлға. Ол бірсарындылық пен біртүрлілікті қабылдамайды, сондықтан жаңалыққа жаны құмар. Шығармашылыққа деген мотивтері жоғары болғандықтан ойлап табу, тудыру , жасап көру -–оның күнделікті кәсіби жағдайы.

4.Шығармашыл мұғалім – еркін тұлға. Оның еркіндігі өмірдегі, кәсіби әрекеттегі  мәдени әлемдегі өз орнын анықтай алу қабілетінде жатыр. Оның ойлау, пайымдау және әрекеттену еркіндігі жеке кәсіби жауапкершілікті сезінумен сәтті байланысады. Рухани және материалдық құндылықтар әлемінде еркін бағдарлай алады, педагогикалық, пендешілік догмалардан еркін. Ол өз ісіне өте жауапты, кейде тіпті тәуекелді талап ететін шешімдерді өз мойынына алады. Өзінің өмірлік позициясы, ұстанымы бар.

5.Шығармашыл мұғалім – ізгілікті тұлға. Оның ізгіліктілігі қайрымдылылығы, барлық тіршілік иелеріне, ең алдымен бабаларға деген сүйіспеншілігінен байқалады. Ол кезкелген уақытта өз оқушыларына, жалпы балалрға көмекке келуге әзір. Өзгеше ойлайтын адамдарды құрметтейді, өз көзқарасына сәйкес келмесе де ол адамдардың қалыптан тыс ойларын түсінуге деген төзімділігі шексіз. Әртүрлі ұлт, дін, мәдениет өкілдеріне бірдей сыйластықпен қарайды. Оның тек оқушылармен ғана емес,ата – аналармен, әріптестерімен ынтымақтаса алу қабілеті зор.

6.Шығармашыл мұғалім – азаматтық белсенді тұлға. Ол айналасында (ауылында, қаласында, елінде) айналасында болып жағдайларға бей жай қарамайды, ол жағдайларға үнемі өзінің қатысын білдіріп отырады.Қоғамдық өмірдегі өзінің азаматтық ролін дұрыс түсінетін, саяси сауаттылығы жоғары маман. Оқушыларын да өмірдегі өзгерістерге сын көзбен қарап, объективті бағасын беруге кемшіліктерге төзімсіз болып, түзету үшін үлестерін қосуға тәрбиелейді.

7.Шығармашыл мұғалім – бәсекеге төтеп беретін тұлға. Жаңа заманға сәйкес педагогикалық қызмет көрсету аясы кеңейген уақытта шығармашыл мұғалім өзініңғ шеберлігін үнемі арттырып отырады,өзінің жетістіктері мен кемшіліктері жайлы өзіндік бағасы бар. Әлсіз тұстарын жетілдіру үшінозық тәжірибені шығармашылықпен қолдану, педагогикалық жаңалықтар кешенінен қалмауды  басты назарда ұстайды.Жаңа технологияларды меңгеру, қолдану арқылы өз ісінің нәтижелі болуына талпынады.

8.Шығармашыл мұғалім – мәдениет адамы. Ол белгілі әлеуметтік мәдени ортада өмір сүріп, еңбек етіп жатқандықтан сол ортаның өнерін тұрмыс салтын, мәдениетін бойына сіңірумен қатар оны құрметтеп басшылыққа алады. Өзінің жалпы мәдениетін көтеру оның айнымасөмірлік қағидаларының бірі.

Оқушыларды шығармашылық іс-әрекетке бастайтын шығармашыл ойлауын қалыптастырып дамыту. Қазіргі оқыту үрдісіндегі мұғалімнің басты міндеті, оқушылардың шығармашылық іс-әрекетке бастайтын шығармашыл ойлауын қалыптастырып дамыта білуі. Бұл орайда шығармашылық туралы зерттеуші ғалымдардың тұжырымдаған ойларын басшылыққа алу, оқыту тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Солардың кейбіреулеріне тоқталайық .
«Шығармашылық адамзат белсенділігі мен өзбетінше әрекетінің ең жоғарғы түрі» (Е.В.Мазалевская). «Танымның түпкі негізінде шығармашылық жатыр» (И.Кант)
«Адамның шығармашылығын дамыту мен қалыптастыру ең алдымен шығармашылық ойлауға байланысты» (А.Н.Лук)
Елбасы Н.Назарбаевтың 2030 жылға арналған стратегиялық жоспарында оқу іс-әрекетімізде айшықты орны бар жеке тұлғаның өзіндік білім алуы, өзін-өзі дамытуы бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі екені айтылған.
ХХІ ғасырда әлем «ашық ақпараттық» қоғамға айналып отыр. Болашақ білім ошағы – бұл «ақпараттық ғасыр» ордасы. Оның негізі — өз бетінше жетіле алуға қабілетті, жалпы және кәсіби мәдениетті меңгерген кәсіби білікті, бәсекеге қабілетті және ынталы маман. Жаңа ақпараттық технологиялар, мултьтимедиялық өнімдер – бұл оқытудың сапасын көтеруге жауапты, білімді, жаңа шешімдер таба алатын, қажетті білімді тез және тиімді қолдана алатын жаңа тұлғаны тәрбиелеудің бірден-бір жолы.
Осы орайда оқушы шығармашылығын дамытуда мұғалімнің рөлі зор және оған үлкен міндеттер жүктеледі. Бұл міндеттерді шешу үшін әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтыр мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәрбиеге, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттілігі туындайды. Соған сәйкес білім сапасында оң өзгерістер болады.
Білім сапасы – ең алдымен мақсатының және нәтижесінің сапасы, ұстаздың педагогикалық әрекетінің, оқушының сапасы.
Жаңа педогогикалық технологияларды пайдаланудың басты ерекшеліктерін назарда ала отырып, оның тиімділігі былайша анықталады.
Ұстаз әрекетінде:
1. Интеллектуалды;
2. Кәсіптік адамгершілігі мол;
3. Рухани азаматтығы жоғары;
4. Әмбебап болуды қажет етсе;
Шәкірт бойында:
1. Өзін-өзі тұлға ретінде қалыптастыруға ынталану.
2. Өз бетінше әрекеттенуіне бағдар ала отырып, шығармашылыққа талпыну.
3. Өз ерік-жігері арқылы білімдерін толықтыру, ұжыммен бірлесе жұмыс жасау.
4. Тұлға арасындағы бірлік пен сыйластық, бір-бірінің пікірін бағалау, сыни тұрғыда талдай білу мәдениетін қалыптастыру.
Бүгінгі оқушы — дамушы жеке тұлға. Шығармашылықты дамытудың бастамасы ол өзі сабақ беретін сыныпта мұғалімнің адамгершіліқ және ішкі сезімдік жағдайларды туғыза білуі. Оқушылардың шығармашылық әлеуметін дамытуда, мұғалім орындауы тиіс ұстанымдарды ескерте кетейік. Бұл ұстанымдарды В.Н.Дружинин ұсынған.
1. Қолайлы психологиялық орта және іс-әрекетке баға қоймау ұстанымы (оқушының өз ойын еркін айтуы, өзін-өзі бағалауға мүмкіндік берілуі, оқушыны көтермелеп отыру, кез келген бастамасын қолдау т.с.с)
2. Мимен шабуыл және үстірттік ұстанымы. (оқушы жауаптарының барлығы біртума болуы шарт еместігі, ойын толық айтқызу және аяғына дейін тыңдау, айтылған ой санына шешуші рөл берілуі т.с.с.)
3. Жарыстың жұмсақтық ұстанымы ( ой айтудың қатал болмауы, материалдық марапатқа жол бермеу, баға қойылмауы, жарыстық топтық түріне басымдық беру т.с.с. )
4. Ынтымақтастық және ұжымдық ұстаным.
5. Әзілді зілсіз қабылдау ұстанымы
Ойлау соның шығармашылық ойлаудың тәсілі де түрі де адамға туа бітті берілмейді. Ол адамның өзін қоршаған қоғамдық тарихи ортасын тану үрдісінде қалыптасады.
Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жүзінде қолдана білетін қоғам мүшелерін талап етеді. Сондықтан мұғалімнің міндеті оқушылардың шығармашылық қабілеттерін барынша ашып, қызығушылығын арттырып, өздігінен білім алуға құштарлығын туғызу, өз бетінше іздене алатын шәкірт дайындау. Ол үшін сабақ құрылымы көп түрлі оқыту әдістерімен толықтырылып, мұғалімнің де дайындығы, ізденісі жоғарғы деңгейде болу керек.
Бүгінгі таңда оқушының алған білімі мен іс-әрекет түрлерін іс жүзінде пайдалана алатындай дәрежеге жеткізудің маңызы зор. Психологтардың зерттеуіне сүйенсек, әрбір жаста шығармашылыққа баулуға өзіндік қабілет, бейімділік болады. Ол үшін баланы жүйелі түрде баулу қажет.
Шығармашылыққа бейім баланың ерекшеліктері:
— Ойлау ерекшелігі басым, түрлі болжам жасауға қабілетті, қиялға ұшқыр, өзін тануға құштар келеді;
— Шығармашылықпен айналысуға, өз білімін сынауға тырысады;
— Қиялы жүйрік, бейнелер сомдауға шебер, жан дүниесі нәзік;
— Өтілетін тақырыпты алдын-ала оқып дайындалады;
— Оқуға деген қызығушылықты тудыратын қосымша шараларға қатысуға дайын тұрады;
— Берілген тапсырманы шын ниетімен орындайды;
— Жұмыс істеуге қабілетті, жауапкершілігі жоғары;

Оқушыларды шығармашылыққа бару үшін психологиялық дайындықтан өткізу керек. Шығармашылық оқушыға қуаныш, жаңалыққа деген құлшыныс сыйлайды. Оқушыларды шығармашылыққа баулуда алған білімді практикада қолдануда пәннің күнделікті өмірмен байланысын нығайтуда математика пәнінің алатын орны ерекше. Математиканың заңдары мен ережелері табиғат пен өмірден алынған және бүкіл адамзатқа ортақ.
Оқушыларды күнделікті өмірмен байланысты осындай шығармашылық жұмыстарға баулуда ғылымға құштар әр жеткіншек еңбектенудің, жаңалық енгізудің қаншалықты қиын екенін сезінген сайын өзін жауапты сезінгіп, құлшынысы артады. Жұмысын жарыстың әр кезеңінде қорғай жүріп, шешендікке, алғырлыққа, мәдениеттілікке тәрбиеленеді. Жаңа достар табады, көпшілік алдында сөз сөйлеуге дағдыланып, қойылатын сұраққа ұтымды жауап беруге қалыптасады, ойын ұшқырлап, өзін еркін ұстауға үйренеді.
Оқушыларға шығармашылық жұмыспен айналысудың осындай көптеген тиімді жақтары бар.
Болашақта Қазақстанда әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосатын құдіретті күш – білімге тән болса, білімді тиянақты меңгерту, шығармашыл шәкірт тәрбиелеу барша ұстаздың міндеті.




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

Ғылыми –зерттеу жұмыстарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда қолданылатын әдіс –тәсілдер:

 1. Тақырыпты мамұнына қарай жинақтау;

2. Арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру;

3. Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешу;

4. Әңгімені салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу;

5. Қиялдау арқылы сурет салу;

6.Өлең шумақтарын құрастыру;

 7. Мәтін, әңгіме, ертегіні өз бетінше аяқтау;

 

8. Әр түрлі тақырыпта пікірталас, сайыс өткізіп, алған әсерлерін шығарма етіп жаздыру. Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді. 


  

Автор
Дата добавления 21.01.2015
Раздел Директору, завучу
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров507
Номер материала 324196
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх