166389
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 6.900 руб.;
- курсы повышения квалификации от 1.500 руб.
Престижные документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ 50%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО сейчас!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок")

ИнфоурокКлассному руководителюДругие методич. материалыДоклад на тему: Оқушыларды әлеуметтендіру мақсатында әлеуметтік педагогтың және ата-аналардың іс-әрекеті

Доклад на тему: Оқушыларды әлеуметтендіру мақсатында әлеуметтік педагогтың және ата-аналардың іс-әрекеті

библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.

Оқушыларды әлеуметтендіру мақсатында әлеуметтік педагогтың және ата-аналардың іс-әрекеті



Мақсаты:

Ата-аналар мен педагогтың бірлесе жасаған әр қилы іс-әрекеттері оқушыларды тәрбие тұрғысынан әлеуметтендіру.

Міндеті:

  • оқушылардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін, шағын ортасын, өмір сүру жағдайын анықтау;

  • жеке тұлғалар арасындағы түрлі қарым-қатынастарда кеңестер беріп, әлеуметтік бейімделуіне көмектесу, олардың тұрмысын, тіршілік жағдайларын жақсартуда қажетті көмек көрсету;

  • балаларға қамқорлық көмек көрсету барысында мұғалімдермен, ата-аналармен, арнайы әлеуметтік қызмет орталықтарымен қарым-қатынаста болу;


Әлеуметтік педагогтың көптеген қызметінің бір саласы – отбасымен жұмыс болып табылады.

Ата-аналармен жүргізілетін әлеуметтік педагогикалық іс-әрекет отбасындағы көмекке мұқтаж адамдармен жұмыс істеуге бағытталған.

Әлеуметтік педагогтың ата-аналармен жүргізетін жұмысы аса маңызды болып саналады. Бала тәрбиесіне байланысты ата-аналармен әрекеттене отырып жұмыстану, ата-ананың педагогикалық белсенділігін қалыптастыру болып табылады.

біріншіден, ата-аналармен өзара сенімділік қарым-қатынас, олардың тәрбиеге көзқарасын жандандыру, өз күшіне сенімділік тудыру үшін дұрыс байланыс орнату.

екіншіден, ата-аналарды бала тәрбиесіне ұйымдастыру шеберлігіне теориялық және практикалық бағытта меңгерту. Әлеуметтік педагог пен ата-ана әріптестер ретінде бір-бірімізді толықтырып, жұмыс істеу барысында « жеке тұлға – отбасы – қоғам » жүйесі қалыптасады.

Сондықтанда әр отбасының әлеуметтік тарихына зерттеу жүргізу арқылы, отбасының әлеуметтік тұрмыс жағдайын анықтап алдық. Осындай анықтау жұмыстарын жүргізу арқылы мектепте, барлығы 417 отбасын анықтадым. Оның ішінде толық отбасы 87%, толық емес отбасы 13 % ж.басты ана 12 %,

ж.басты әке 1 % ,

яғни, 777 – ата-аналар санының әлеуметтік тұрмыс жағдайы анықталды. Осы 777 ата-ананың жұмыс жасайтыны 86,1 %, жұмыс жасамайтыны 12,9 %, 0,6 % - мүгедектік топта, 0,4 % зейнеткер жасындағы ата-аналар.

Осыдан келіп бірлесе әрекет етуді ұйымдастырудан мынандай мүмкіндіктер:

  • анықтау мақсатында отбасы мен туысқандарын зерттеу;

  • бала тәрбиелеуде қажетті ата-аналардың адамгершілік , әлеуеттік мүмкіндіктеріне қарай отбасыларын топтарға бөлу ;

  • әлеуметтік педагог пен ата-аналардың бірлесе әрекет ету бағдарламасын жасау;

  • баланың отбасын зерттеу, оның өмір сүру қағидаларын, көп құрылымдылығын, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, рухани құндылықтарын , тәрбие мүмкіндіктерін, оқушының ата-аналарымен қарым-қатынасын терең түсіну.


Сұрақтарға жауап бере отырып «Біз қандай ата-анамыз?» тақырыбында тест өткізу арқылы, ата-аналардың бала тәрбиесіне көзқарасын анықтап алдым. (11-слайд).

  • 6 ұпайдан төмен ата-аналар саны-98.Негізгі тәрбие жөнінде түсініктері бұлдыр.Бақылау жоқ, күні бойы жұмыс істеп, бала тәрбиесіне аз көңіл бөледі.Тәрбие саласындағы білімі кемшін.


  • 7 ұпайдан 14 ұпайға дейін.225 ата-аналар саны, бала тәрбиесінде үлкен қателік жібермегенімен педагогтардың көмегі қажет.Басқа мәселелерді қоя тұрып, балаға толық көңіл аудару керек.

15 ұпайдан жоғары.454 ата-аналар саны бала тәрбиелеуде өз міндеттерін толық меңгерген.Осыған қарамастан біраз нәрселерді жақсарту үшін, әлеуметтік педагогпен әрекеттене жұмыстану қажет





















hello_html_m3ccf0432.gif

hello_html_m3ccf0432.gif

hello_html_m3ccf0432.gif


























Әрбір Нәтижесі

  • , «ия» 2 - ұпай, «жоқ» - 0 ұпай, «кейде» - 1 ұпай

  • 6 ұпайдан төмен.

  • Нағыз тәрбие жөнінде сіздің түсінігіңіз бұлдыр. ”Ештен кеш жақсы” деп айтылса да сіз осы мақалға сеніп қалмай, кідірместен тәрбие саласындағы біліміңізді ұштап толықтырыңыз.


  • 7 ұпайдан 14 ұпайға дейін.

  • Сіз тәрбиелеуде үлкен қателіктер жібермесеңіз де, бірақ сізге ойланатын нәрселер бар. Алдымен, алдағы демалыста достарыңыз бен өндірістік мәселелерді уақытша ұмытып, өзіңізді толық балаларға арнаңыз. Балаңыз сізге осы үшін риза болатынына сенімді болыңыз.


  • 15 ұпайдан жоғары.

  • Сіз өзіңіздің ата-ана міндеттерін толық меңгергенсіз. Осыған қарамастан біраз нәрселерді әлі де жақсартуыңыз керек.

  • hello_html_m3526a970.gif







Әлеуметтік педагогтың іс-әрекетінің әдіс-тәсілдері


Әдіс – ойға алған бір істі жүзеге асыруға бағытталған амал. Ал тәсіл - әдістің құрамды бөлігі ретінде белгілі бір іс шараны жүзеге асырудың реті, қимыл - әрекет немесе іскерлік. Әлеуметтік педагогикалық әдіс-тәсіл, іс-әрекетті жүзеге асыру жолдары. Бұндай әдіс-тәсілдер оқушыларды әлеуметтендіруде, оларға жекелеген , арнайы көмек беруде қолданатын, әлеуметтік педагогтың басты жәрдемшісі. Яғни, бір іс – шараларды жүзеге асыру үшін әдісті қолдану, әртүрлі тәсілдерді пайдалану арқылы шешіледі.

Зерттеуші Э.Ш. Натанзон «жалғастыратын» және «кедергі болатын» әдіс деп екіге бөлген.

Жалғастырушы әдістер – сыйлау, сенім білдіру, үміттену, көңіл бөлу, өз күшіне сүйендіру, кеңесу, өтіну,

Кедергі болатын әдістер – бұйрық беру, ескерту, жазалау, қарсыласу, зекіп айту, сенімсіздік білдіру, ым-шарамен басқару, ызалану – ашулану.

Мен өз іс-әректімде көбінесе сендіру және жаттықтыру әдістерін қолданамын. Бұл әдіс көп жағдайда балалардың ой-санасына, сезім эмоциясына әсер етеді, баланың ішкі жан дүниесін тыныштандырып, үмітін оятып, көңілін көтереді, өз күшіне сенімін туындатады.

Сендіру әдісі-талап қою арқылы - өтірік айтпа, жаман жолға барма, гигиенаны сақтап, таза жүр т.б., ұрлық істеме.

Сендіру әдісі-іс-шара арқылы - әңгімелесу, пікірталас, дәрістер, үлгі-өнеге көрсету, түсіндіріп беру, ұйымдастыру, диспуттар өткізу, талқылау.

Егер сендіру әдісі баланың ой-санасына әсерін тигізсе, жаттығу әдісі баланың жүріс-тұрысына, бойына жақсы әдеттерді дарытуға ықпал етеді.

Осы тақырып төңірегінде ата-аналарға кеңес:

  1. Өз отбасыңыз үшін зиянды әдеттер, нашақорлық, жұқпалы аурулар туралы ақпараттар жинаңыз.

  2. Балаңыз сізден жасырын таспалар көріп жүргенін байқасаңыз, ескерусіз қалдырмаңыз.

  3. Балаңыздың жыныстық жетілуі кезінде психикалық өзгерістеріне сақ болыңыз. Уақытында кеңес беріп, қолдау жасаңыз.

  4. Балаңызбен әңгімелескен кезде ашуға берілмей, ұтымдылықпен жанашырлықпен сөйлескеніңіз жөн.

  5. Әңгіме бір жақты ақыл айтумен шектелмей, керісінше, ашық пікір алмасу тұрғысынан болуы қажет.

Жаттығу әдісі- дұрыс тамақтану ережесін сақтау, жолда жүру ережесін сақтау, тазалық гигиенасы ережесі сақтау.

Жаттығу балалардың мінез-құлық, жүріс-тұрыс ережелерін меңгертеді. Яғни, ережелерді орындау әдетке айналып, көп рет қайталау арқылы, тұлғаның жақсы қасиеті ретінде қалыптасады.



Ата-анамен бірлесіп жұмыстанудың арқасында мынадай жетістіктерге қол жеткіздік:


  • Ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынас жақсарды

  • Отбасының әлеуметтік – психологиялық жағдайы жақсарды

  • Ата-ана мектеп кеңесінде ұсыныстар енгізуге араласты

  • Педагогикалық ұжымның жұмысын бағалайды

  • Отбасында психолог- педагог бола біледі

  • Мұғалімдермен, әкімшілікпен келісіп сабақтарға, мектеп кеңесіне қатысып отырады.

  • Мектептегі жағдайды жақсарту мақсатында ұсыныстар жасай алды

  • Баланы жақсы көру, мейірімді жылы сөзбен сөйлесу, өзімен тең дәрежеде ұстау арқылы тәрбиелеуге бағытталды.




Ата-анамен жасаған жұмыстың нәтижесінде:


  • Оқушылардың әлеуметтік жағдайы анықталады


  • Ата-ананың психологиялық педагогикалық тұрғыдан сауаттылық деңгейі жоғарылайды


  • Жанұя жағдайы зерттеліп, олардың қиыншылықтары, қажеттері, мінездегі ауытқушылықтары анықталады



  • Жанұядағы қатынас бір жүйеге келіп жөнделеді


  • Ата-ананың балаға тәрбие берудегі жауаптылығы артады




Краткое описание документа:

Мақсаты:

          Ата-аналар мен педагогтың бірлесе жасаған әр қилы іс-әрекеттері оқушыларды тәрбие тұрғысынан әлеуметтендіру.

    Міндеті:

-         оқушылардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін, шағын ортасын, өмір сүру жағдайын анықтау;

-         жеке тұлғалар арасындағы түрлі қарым-қатынастарда кеңестер беріп, әлеуметтік бейімделуіне көмектесу, олардың тұрмысын, тіршілік жағдайларын жақсартуда қажетті көмек көрсету;

-         балаларға қамқорлық көмек көрсету барысында мұғалімдермен, ата-аналармен, арнайы әлеуметтік қызмет орталықтарымен қарым-қатынаста болу;  

 

          Әлеуметтік педагогтың көптеген қызметінің бір саласы – отбасымен жұмыс болып табылады.

    Ата-аналармен жүргізілетін әлеуметтік педагогикалық іс-әрекет отбасындағы көмекке мұқтаж адамдармен жұмыс істеуге бағытталған.

 

   Әлеуметтік педагогтың  ата-аналармен жүргізетін жұмысы аса маңызды болып саналады. Бала тәрбиесіне байланысты ата-аналармен әрекеттене отырып жұмыстану, ата-ананың педагогикалық белсенділігін қалыптастыру болып табылады.

Общая информация

Номер материала: 472624

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Психолого-педагогическая компетентность педагога»
Курс повышения квалификации «Роль педагога в реализации концепции патриотического воспитания школьников в образовательном процессе в свете ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Организация образовательного процесса для обучающихся с ограниченными возможностями здоровья»
Курс повышения квалификации «Воспитание и социализация учащихся в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Сетевые и дистанционные (электронные) формы обучения в условиях реализации ФГОС по ТОП-50»
Курс повышения квалификации «Средства педагогического оценивания и мониторинга в работе учителя в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Тайм-менеджмент - персональная эффективность преподавателя»
Курс повышения квалификации «Скрайбинг и веб-квест как инновационные образовательные технологии в условиях реализации ФГОС СПО»
Курс повышения квалификации «Содержательные аспекты профессионального и личностного развития педагогических работников в рамках реализации профессионального стандарта»
Курс повышения квалификации «Система работы специалистов ОО по подготовке учащихся старших классов к сдаче экзаменов»
Курс повышения квалификации «Психолого-педагогическая диагностика в современном образовательном процессе»
Курс повышения квалификации «Организация и проведение культурно-досуговых мероприятий в соответствии с ФГОС ДО»
Курс повышения квалификации «Техники креативного мышления как инструмент формирования общих компетенций по ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Методическое сопровождение педагогического процесса в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Инструменты и методы воспитания российской гражданской идентичности согласно ФГОС»
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.