Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Доклад на тему Тіл сабақтарында иновациялық технологиялардың тиімділігі
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Другое

Доклад на тему Тіл сабақтарында иновациялық технологиялардың тиімділігі

библиотека
материалов

Тіл сабақтарында иновациялық технологиялардың тиімділігі



Жоспар



І Кіріспе бөлім

Қазақ тілі пәнін оқытудың ғылыми – педагогикалық проблемалары.

ІІ Негізгі бөлім

1. Жаңа технологиялар – білім сапасын арттырудың кепілі.

2. Қазақ тілі сабағында оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру.

ІІІ Қорытынды бөлім



























Оқыту үрдісіндегі жаңа әдіс – тәсілдердің тиімділігі

«Адам ұрпағымен мың жасайды» дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз – оқу. «Надан жұрттың күні – қараң, келешегі-тұман» деп М. Дулатов айтқанындай, егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ. Сусыз құрғақ, таса, көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты жас ұрпағымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді. Сондықтан өз ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуі үшін оқу-тәрбие үрдісін тиімді жүргізу - әрбір ұстаздың міндеті. Осы орайда елбасы Н.Ә. Назарбаев: «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» дегені бар. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің білгірі болу емес, жаңалыққа жаны құмар, оқытудың жаңа технологияларын шебер меңгерген, білімі мен білігі жоғары тұлға болу, ақпараттық сауаттылық талап етіледі.

ХХІ ғасырдың жан – жақты зердері, дарынды, талантты адамын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында. Егеменді ел болып, таңдаулы елу елдің қатарына ену басты мақсатымыз болған соң, білім мен ғылым саласы дүнеие жүзілік деңгейге сай болуы керек. Елімізде болып жатқан өзгерістер мектеп жұмысына да елеулі жаңалықтар әкеліп отырғаны даусыз. Қазақ тілі мемлекеттік тіл дәрежесіне көтеріліп жатқанда қазақ тіл пәнін оқыту ісі де жаңаша бағыт алып келеді. Демек, оқушыларға жүйелі білім беруге жаңа талап тұрғысынан қарап, оқыту тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыруға міндеттіміз.

Білім – теңіз, оның тереңіне құпиясын аша алатындар ғана бойлай алады. Ондай адамдарды дайындайтын, білім беретін бала жанының бағбаны – мұғалім. Ал мұғалім білімді оқушы санасына сабақ арқылы жеткізеді. «Білім беру – табиғат пен қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруі және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуі» дейді Ж. Қоянбаев. Ендеше келер ұрпаққа тәрбие мен білім берудің, білім сапасын жақсартудың бірден – бір жолы – жаңа технологияларды қолдану. Бүгінгі таңда озат педагог – ғалымдар, тәжірибелі мұғалімдер ойлап тапқан сабақты түрлендіре өткізудің неше түрлі жаңа тәсілдері жеткілікті. Қазақстанда да мектептер үшін оқыту технологияларын дайындау мәселесімен айналысып, ғылым мен практиканы қоса алып жүрген отандық ғалымдарымыз баршылық.

Қазақ тілі және әдебиеті сабағындағы жаңа технологиялар

hello_html_3b75eed6.gif











Технология дегеніміз – белгілі бір үрдістерді жүзеге асыру әдістері жайындағы білімдердің жиынтығы, оқу үрдісін жандандыру мақсатында ұйымдастырылған, білгілі бір мақсатқа жұмылдырылған алдын – ала ойластырылған ықпал мен әсер. Сонымен бірге оқу үрдісін ойдағыдай жүзеге асырудың мазмұнды техникасы және білім алудың жоспарланған нәтижелерге жету үрдісінің сипаттамасы.

hello_html_1a7f77f6.gif

























Педагогикалық технологиялар – оқу – тәрбие үдерісінің шығармашылықпен терең ойластырылған көптеген факторларының үйлесімділігі оқыту мен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жаңа құрамдас бөлігі.

Оқушылардың оқу белсенділігін қалыптастырудың бір көзі – жаңа технологиялар қолдану арқылы сабақты түрлендіріп өткізу. Қазіргі кезде заман талабына сай білім беру үрдісіне 50 – ден астам жаңа технология қолданылады екен. Олардың бірнешеуіне тоқталып өтейік:

Дамыта оқыту технологиясы – күрделі құрылымды біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін - өзін өзгертуші субъекті дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдай жасалады.

Деңгейлеп оқыту технологиясы – қазақ тілін деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту үшін тиімді болып табылады. Деңгейлеп оқыту - әрбір оқушы өзінің деңгейінде оқу материалын меңгеруін қамтамасыз етеді және әр баланың танымдық белсенділігін арттырады.

1. Әр оқушыға өз мүмкіндігін барынша пайдалана отырып білім алуына жағдай жасайды.

2. Балаларға бірдей зейін аударып, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

3. Оқушының жеке ерекшкліктеріне, өз эмоциясын басқара білуіне назар аударады.

6-сыныпта «Еліктеу сөз» тақырыбындағы сабағымды өткізу барысында деңгейлеп оқыту технологиясын пайдаланып көрдім.

Деңгейлік тапсырмалар

1. Көп нүктенің орнына төмендегі еліктеу сөздердің тиістісін қой.

Үйдегі жұрттың бәрі ... боп тысқа қарай ақтарылды. Бұл кезде әр жақтан да түн тыныштығын қақ жырып шыққан шошынған шулар естіліп жатыр еді. Сол дауыспен аралас тасты жерде тарсылдатып шапқан көп аттың ... сатылдап қатты қағысып жатқан сойыл даусы да естілгендей болды.

Тысқа шыққан ер –азамат қарбаласып ... жүгіріп, қақтығысып, жүріп, сойыл қаруларын табысып алып, бірі ілгері, бірі кейін ... етіп аттарына мініп жатты. Алғашқы шу мен жылқы жақтан аттанды естіген ат – айғырлар тықыршақ атып шыдай алмай, басты байлаулы болса да, кермені сүзіп жөнеліп тынышсызданып тұр еді (М. Әуезов)

Еліктеу сөздер: абыр – дабыр, лек – лек, шақыр – шұқыр, қалбалақтай, дабыр – дұбыр, сатыр – сұтыр.

2. Бейнелеуіш сөздің астын сыз, жұмбақты шеш. Есіңе сақта!

1. Жылт-жылт еткен,

Жылғадан өткен.

Жауабы: _______________

2. Көк көйлекті жеңешем,

Көлбең – көлбең етеді.

Желмен ұшып кетеді,

Жер түбіне жетеді.

Жауабы: _______________

3. 297- жаттығу. Еліктеу сөздерді тауып, қандай сөздермен тіркескенін тап.

( күмп бердім, дүр етті, селк етті, бұлт-бұлт етіп, жарқ-жұрқ етіп)

8-сыныптың «Қазақ тілі» оқулығында екі жаттығудың біреуі деңгейлік тапсырмалармен беріледі.

Бұл технологияны пайдаланудың нәтижесінде оқушының пәнге қызығушылығы артады. Оқушыны алдына мақсат қоюға жетелейді. Жаңаны бұрынғы білетіндерімен ұштастыра білуге дағдыландырады. Сабақ белсенді өтіп, таным қабілеттері мен шығармашылық серпіліс туындайды.

Сатылай кешенді талдау технологиясы – оқушыларға білімді ғылыми негізде сатылай, жүйелі, кешенді меңгертіп оқыту. Сатылай кешенді талдау технологиясы – тек қана білімді белгілі бір көлемде беріп, қажетті шеберлік пен дағдыны қалыптастырумен ғана шектелмейтін, сондай-ақ білім алушының жалпы тұлғалық дамуына, ойлау, есте сақтау, қиялдау сияқты танымдық қасиеттерінің үйлесімді дамуына және жоғары деңгейде жетілуіне бағытталған оқытудың түрі. Қазақ тілі бойынша сөз ететін болсақ, тілдік бірліктердің жүйелі орналастырылуы, тілдің әр саласынан өтілген материалдарды, ондағы түрлі грамматикалық тұлғалардың атқаратын қызметтерін, тыныс белгілерінің қолданылу ерекшеліктерін талдап, саралап, жинақтап меңгертуге негізделеді. Сатылай кешенді талдаудың өзегі – тірек сызбалар. Тіл білімінің барлық салаларынан өтілетін материалдардың негізгілері, нң басты теориялық мағлұматтары сызбаға жүйелеп орналастырылады. Әр саты бір – бірімен үндесіп, бір –біріне сілтеме жасап, бірін – бірі толықтырып, тұтас кешенді береді.

Мысалы, 7-сыныпта өткізген «Есімшенің сөйлемдегі қызметі» деген сабағымда 188-жатығуды орындау барысында «шапқанын» сөзіне оқушылармен бірге сатылай кешенді талдау жасап көрдік.

hello_html_m3cf8755a.gifШапқанын

1.Бұл сөз 3 құрамнан тұр. Шап-қан-ын

2.Тұлғасына қарай: Шап-негізгі түбір.

3. –қан есімшенің жұрнағы

4. –ы тәуелдік жалғауының ІІІ жағы

5. –н табыс септігінің жалғауы

6. Құрылысына қарай Дара етістік

7. Заттық мағынада жұмсалған (-ған жұрнағы заттық мағына беріп тұр)

8. Сұрағы Нені?

9. Сөйлемдегі синтаксистік қызметі – есімше тұлғалы толықтауыш

Нәтижесінде оқушы бір сөзге жан-жақты талдау жасай отырып, бұрынғы сыныпта оқығандарын еске түсіреді, ойлау, есте сақтау, өзіндік пікір түю сияқты танымдық қабілеттері дамытады.

Көптеген технологиялар арасында оқушылардың оқу белсенділігін қалыптастыруға аса қолайлы технология – сын тұрғысынан ойлау жобасы. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы- біріншіден сын тұрғысынан ойлау өзіндік және жеке ойлау болып табылады. Ал, сабақ сын тұрғысынан ойлау принциптеріне негізделген болса, әркім ойлары мен пікірлерін тәуелсіз құратын болады. Екіншіден, сұрақтар қойылып, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтаудан басталады. Үшіншіден, көңілге қонымды дәлелге ұмтылады, мәселені шешудің жолын іздеп табады. Ал, оқушы белсенділігін қандай тәсілдер арқылы арттыруға болады деген смұрақтарға байланысты «сыни ойлауды дамыту» жобасы авторларының бірі Ч. Темпл төмендегідей әдістерді ұсынады:

  • күтілетін нәтижелерді нақты айқындау

  • жазба жұмыстарын жиі орындау

  • оқушылардың ой-өрісін дамытатын сұрақтар қою

  • бірлесе оқу тәсілдерін қолдану

  • оқыту пәндерінің әлеммен, күнделікті өмірмен байланысын орнықтыру

Сын тұрғысынан ойлау сабақтарында оқушы өзін -өзі еркін ұстап, өзгеге сенімін, жылуын күшейтеді. Оқушының тақырыпты толық меңгеруіне, уақыт үнемдеуге, өз бетінше жұмыс жасауына өте ыңғайлы. Сондықтан өз сабақтарымда сын тұрғысынан ойлау стратегияларын үнемі пайдаланып отырамын. Мысалы, 8-сыныпта қазақ тілінен «Жалаң және жайылма сөйлемдер» тақырыбын өту барысында үй тапсырмасын «Кубизм» әдісі бойынша пысықтадым.

«Кубизм» стратегиясы

  1. Сөйлем дегеніміз не?

  2. Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?

  3. Сөйлемнің құрылысына қарай қанша түрі бар?

  4. Жай сөйлем дегеніміз не? Жай сөйлемнің түрлерін ата.

  5. Құрмалас сөйлем дегеніміз не?

  6. Жақты, жақсыз сөйлем дегеніміз не?



Ал сабақты бекітуде «Венн диаграммасы» әдісін қолдандым.

Жалаң сөйлем

Ұқсастығы

Жайылма сөйлем

Тұрлаулы мүшелерден тұрады.

Тұрлаусыз мүше қатыспайды.

Жақты, жақсыз болады

Жай сөйлемнің түрі.

Тұрлаулсыз мүшелері қатысады.



Сол сияқты осы 8- сыныпта «Талғаулы салалас» тақырыбын өткенде сабақтың үй тапсырмасын пысықтау және қорытындылау бөлімдерінде «Топтастыру» стратегиясын тиімді пайдаландым.

-Салалас құрмалас сөйлемнің түрлерін ата.

hello_html_m7c9cfee.gif









hello_html_2b22c0f9.gif























Сын тұрғысынан ойлау стратегияларында оқушы төмендегідей нәтижелерге жетеді.

  • оқушы өздігінен жұмыс істеуге мүмкіндік алады.

  • тапсырмаларды өзі талдай алады

  • өз ойын анық жеткізе алады

  • бір – бірін бағалайды

  • өз қателерін түзетеді

  • жеке қабілеттері анықталады

  • бір-бірінен қалмауға тырысады

Топпен орындалатын жұмысты тапсыру да – маңызды әдіс. Бұл әр оқушының өзін-өзі танытуына да, өзіндік қасиеттерін қалыптастыруға да әсер етеді. Топтық жұмыстарға тапсырмаларды бірігіп отырып орындау, өзара пікір айту, бірге мәтін құрау жатады. Мысалы, 8-сыныптағы жоғарыда келтірілген сабақтарда мынадай топтық тапсырмалармен жұмыс жүргіздім.

Топпен жұмыс

Тапсырма. 1. Салалас құрмаластың екінші жай сөйлемін тауып, сөйлемді аяқта.

2. Салаластың қай түрі? Түсіндір.

3. Сөйлем мүшесіне талда.

І топ Бұл істің шындығын не көзімен көрген айтар,(не құлағымен

естіген айтар.)

ІІ топ Сонда я жүрегім жеңер, (я білегім жеңер.)

Тапсырма: Жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге, жайылма сөйлемді жалаң сөйлемге айналдыр.

1. Абай – ақын. 1.______________________________

2.________________________ 2.Осындайда сен досқа зар боласың.

3. Түсуім керек. 3.______________________________

4.________________________ 4. Домбыраның дауысы шықты.

5.Арманым бар. 5.______________________________

6. ________________________ 6. Бүгін бізге тынығу керек.

Нәтижесіндежаңа технология әдістерін сабақта пайдалану білімді және іскерлікті меңгеруге әсер етеді, себебі оқушының танымдық қабілеттері білімді иеленуге ұмтылдырады. Дамытушылық рөлі бар, яғни ойлаудың дербестігін, қызығуды және ынтасын дамытады.

hello_html_m3401fd4c.gif































Осындай жүйелі жұмыстар нәтижесінде оқушының күннен күнге білімге деген ынтасы арта түседі, олар өз бетімен бағалап, өз күшіне деген сенімділік пайда болады, оқудың мәні мен мақсатын айқын түсінеді. Сондықтан сабақ барысында деңгейлеп саралап оқыту технологиясын қолдану өте тиімді деп ойлаймын.

Иә, жүйелі қашанда жемісін бермек «Мектептің тірегі де, тілегі де оқыта білетін мұғалім» деп А. Байтұрсынов айтқандай оқытудың озық технологиясын меңгермейінше жас ұрпаққа заман тамабына сай білім беру тиімсіз. Жаңа технология әдістерін тиімді пайдалана білсек мол жетістіктерге жетеріміз сөзсіз. Ол қызығушылықтан бастап тақырыпқа болжам жасатып, мақсат қойып, сұрақ беріп, жауап алуға, мазмұнды толық түсінуге жағдай туғызады.

1. Еркін ойлауға мүмкіндік береді

2. Ақыл – ойын дамытады

3. Шығармашылық белсенділігі артады

4. Тіл байлығын жетілдіреді.

5. Ұжымдық іс –әрекетке тәрбиелейді.

Біз оқушыларымыздың таланттарын шыңдай түсуін және оның жетілдіре меңгеруін қалаймыз. Осы тұрғыда оқытудың жаңа әдіс – тәсілердін пайдалану тиімді деп әбден айтуға болады. Бұл әдіс – тәсілдер балаларды сауатты жазуға, сөйлей білуге, өз ойларын ауызша – жазбаша еркін баяндауға баулиды, танымдық қасиетін дамытады. Сонымен қатар өзім сабақ берген сыныптарда осы әдіс – тәсілдерді тиімді пайдалану арқасынада оқушылардың пайыз көрсеткіші жоғары болды.

Өзімнің 6 – 7 жыл мұғалімдік тәжірибемде әр сабағымда оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруды басты назарда ұстадым. Сондықтан сабақтың типін, әдісін өзгертіп, сабақты өмірмен байланыстырып, оқу үрдісіндегі жаңа технологияны тиімді пайдаландым. Бұл тәсілердің көптеп қолданылуы оқушыларды шаршатып жалықтырмайды деп толық айта аламын.

Мен өзім сабақ беретін сыныптарда жаңа әдіс – тәсілдерді өз тәжірибемде қолданып жүрмін. Кез келген әдісті қолдану арқылы жұмысымда оң өзгерістер болғанын байқап жүрмін. Біріншіден, оқушылар өз ойын айта алатын болды, кез келген нәрсені сыни тұрғыдан ойлауға үйренді. Екіншіден, пәнге деген қызығу арта түсті. Сондай – ақ топтық жұмыстар мен жекелей жұмыстар оқушылардың білім деңгейін көтеруге септігін тигізетініне көзім жетті.

«Қыран түлегіне қайырылмас қанат сыйлайды, ұстаз түлегіне алға бастар талап сыйлайды» дейді халқымыз. Жаңа технологияларды пайдалана отырып, жас ұрпақтың танымдық қабілетін дамытып, тілге, әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыру – мақсатым, құнарлы жерге сепкен «білім» егінімнен мол өнім алуға тырысып бағамын.













11



Краткое описание документа:

«Адам  ұрпағымен  мың  жасайды» дейді  халқымыз.  Ұрпақ  жалғастығымен  адамзат  баласы   мың  емес  миллиондаған  жылдар  жасап  келеді.  Жақсылыққа  бастайтын  жарық  жұлдыз – оқу. «Надан   жұрттың  күні – қараң,  келешегі-тұман»  деп М. Дулатов  айтқанындай,  егеменді  еліміздің  тірегі – білімді  ұрпақ.  Сусыз  құрғақ,  таса,  көлеңке  жерге  дән  ексең  өнбейтіні  сияқты  жас  ұрпағымызды  тәрбиелемесек   өспейді,  өнбейді.  Сондықтан  өз  ұрпағының  өнегелі,  өнерлі,  еңбексүйгіш, абзал  азамат  болып  өсуі  үшін  оқу-тәрбие  үрдісін  тиімді  жүргізу - әрбір  ұстаздың  міндеті.  Осы  орайда  елбасы  Н.Ә. Назарбаев: «Болашақта  еңбек  етіп,  өмір  сүретіндер – бүгінгі  мектеп  оқушылары.  Мұғалім  оларды  қалай  тәрбиелесе,  Қазақстан  сол  деңгейде  болады.  Сондықтан  ұстазға жүктелетін  міндет  ауыр»  дегені  бар.  Қазіргі  заман  мұғалімінен  тек  өз  пәнінің  білгірі  болу  емес,  жаңалыққа   жаны  құмар,  оқытудың  жаңа  технологияларын  шебер  меңгерген,  білімі  мен  білігі  жоғары  тұлға  болу,  ақпараттық сауаттылық  талап  етіледі.  

      ХХІ ғасырдың жан – жақты зердері, дарынды, талантты адамын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында. Егеменді ел болып, таңдаулы елу елдің қатарына ену басты мақсатымыз болған соң, білім мен ғылым саласы дүнеие жүзілік деңгейге сай болуы керек. Елімізде болып жатқан өзгерістер мектеп жұмысына да елеулі жаңалықтар әкеліп отырғаны даусыз. Қазақ тілі мемлекеттік тіл дәрежесіне көтеріліп жатқанда қазақ тіл пәнін оқыту ісі де жаңаша бағыт алып келеді. Демек, оқушыларға жүйелі білім беруге жаңа талап тұрғысынан қарап, оқыту тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыруға міндеттіміз.

        Білім – теңіз, оның тереңіне құпиясын аша алатындар ғана бойлай алады. Ондай адамдарды дайындайтын, білім беретін бала жанының бағбаны – мұғалім. Ал мұғалім білімді оқушы санасына сабақ арқылы жеткізеді. «Білім беру – табиғат пен қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруі және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуі» дейді Ж. Қоянбаев. Ендеше келер ұрпаққа тәрбие мен білім берудің, білім сапасын жақсартудың бірден – бір жолы – жаңа технологияларды қолдану. Бүгінгі таңда озат педагог – ғалымдар, тәжірибелі мұғалімдер ойлап тапқан сабақты түрлендіре өткізудің неше түрлі жаңа тәсілдері жеткілікті. Қазақстанда да мектептер үшін оқыту технологияларын дайындау мәселесімен айналысып, ғылым мен практиканы қоса алып жүрген отандық ғалымдарымыз баршылық.

Автор
Дата добавления 16.05.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров748
Номер материала 535145
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх