Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Доклат на тему "БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢАШЫЛ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ"

Доклат на тему "БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢАШЫЛ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ"



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:



БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢАШЫЛ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ

«№15 орта мектебі» ММ

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және азаматтық құндылықтар мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желіге шығу»

Осыған орай бүгінгі ұстаздардың алдында оқушыға білім, білік, дағдыларын игертіп қана қоймай, қабылдауын, ойлауын, қиялын, сезімдерін, ерік-жігерлерін, яғни жан-жақты, азат, шығармашыл, өз бетімен жұмыс жасай білетін, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дамыту міндеттері де тұр.

Жалпы білім берудің мақсаты – терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытудағы адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, жеке тұлғаны қалыптастыруға негізделген, ақпаратты технологияны терең меңгерген, жылдам өзгеріп жататын бүгінгі заманға лайықты, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру.

Қазіргі кезде мультимедиялық құралдар жиі пайдаланылады. Ақпараттық технологиялардың ішіндегі мультимедиялық құралдардың тиімді тұстарын атап айтсақ, олар:

  1. оқушының пәнге деген қызығушылығын оятады;

  2. этнопедагогикалық тәрбие береді;

  3. танымдық қабілетін арттырады;

  4. оқытушының уақытын үнемдейді;

  5. оқулықтан тыс қосымша мәліметтер береді;

Мектепте сапалы оқу бағытын айқындайтын жолдардың бірі – қазақ тілін модульдік технология арқылы оқыту екендігі теориялық және тәжірибиелік жағынан дәлелденуде. Модульдік технологиялардың ерекшелігі: тек білімді меңгерту емес, оқушының танымдық қабілетін және танымдық процестерді жадының алуан түрлерін есту, көру, қимыл ойлауды, ынтаны қабылдау қабілетін дамытып, оны бекітіп, шығармашылық деңгейін арттыру. Сабақтың қызықты, сапалы өтуі тікелей мұғалімнің шеберлігіне байланысты болады. Осы орайда белгілі ғалым Ахмет Байтұрсынұлы «Шеберліктің белгісі – түрлі әдісті болу,» айтылған сөздері ойға оралады. Сабақтың әр кезеңдерін, түрлі әдістерін орнымен пайдалану арқылы көп нәтижеге жетуге болады. Оқушы санасына білімді жүйелі түрде меңгеруіне және қабілет деңгейлерін дамытуға ықпал етеді. М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясының» маңызы ерекше екені мәлім. Себебі технология әдістері оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, қорытындылар жасауға, жүйелі білім алуға жетелейді, өзін-өзі ,өзгені де бағалай білуге үйретеді.

Оқушының оқу және танымдық әрекеттерінің белсенділігін арттыру – ең негізгі әдістемелік мәселе. Модуль арқылы оқыту технологиясының тиімді белгілерінің бірі – оқушының оқу белсенділігі. Бұл технологияның бір ерекшелігі сабақтың негізгі кезеңдерінің бәрінде оқушыларға шығармашылық жұмысты ұсынуға болады.

Оқушының белсенділігін оның ойлау, есте сақтау, елестету, қабылдау қабілеттерін, жадысы мен зейінін дамытып, қызығушылығын арттыру.

Сабақ формаларының өзгеріп отыруы, әсіресе топтық формалар оқушылар арасында қарым-қатынастың нығаюына ықпалын тигізеді. Оқушының тапсырманы өзінің орындау мүмкіндігіне қарай таңдап алуға еріктілігі, оның өз күшін, бағалай білуге, өзін қауіпсіз сезінуіне, қиындыққа дайын болуға және оны жеңуге жетелейді.

Оқушыларға білім беруде жаңашыл технологияларын қолдану инновациялық бағытта жұмыс жасау заман ағымына сай талап етілуде. Мұғалімнің шығармашылық ізденуі, оқытуда жаңа педагогикалық технологиялар мен инновациялық әдіс-тәсілдерді меңгеруі кәсіби құзырлығының жоғары деңгейде болуы қажет. Қазіргі кезде белгілі бір білім көлемімен қамтамасыз ету жеткіліксіз. Оқушыны білім алуға, оқуға, үйретуге көп мән берілуі тиіс. Оқушыларды білім алумен қатар шешендік шеберлігі мен баяндау жүйелілігі қалыптасқан, өз пікірін ашық білдіретін саналы ұрпақ тәрбиелеу керек.

Жаңа технология жүйесінде проблемалық және іскерлік ойын арқылы оқытудың да маңызы зор. Оқушылар әр түрлі проблемаларды талдайды, оның шешу жолдарын іздестіреді. Мұндай сабақтар оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады.

Дәстүрлі емес сабақтардың психологиялық, педагогикалық ұйымдастыру және өткізу жолдарын жан-жақты зерттеу қажет.

Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің міндеті жан - жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты бөлігі оның, мақсаты болып табылады. Сондықтан танымдылық іс-әрекеті белгілі бір кезеңде белсендірілуі қажет. Бұл әдістемелік жүйенің басқа бөліктерінде «мазмұн, ,әдіс,оқыту түрі мен құралдарының» өзара байланысы қалпында өзгертілуін талап етеді. Мұны орындау үшін төмендегі ұстанымдар жүзеге асырылуы керек:

1. Оқушылардың өзіндік іздену іс-әрекетінің әдістерін меңгеру.Өйткені бұл әдістердің күнделікті пайдаланып жүрген әдістерінен айырмашылығы бар.Яғни, бұл «оқушы-мұғалім»ұстанымының өзара тығыз байланыстығы. Мұнда бірінші орында оқушы тұрады,және оның өз бетінше білім алуындағы белсенділігіне басты назар аударылады.

2. Жаңаша оқытудың негізгі түрлерін оқытудың дербес және топтық түрлері табылады. Бұл жерде қойылатын мақсат – оқушыға деген сенім,оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйеніп, беделі мен қадір-қасиет сезімін дамыту. Ал оқытудың фронтальды түрі, көбінесе бағыт беру, талқылау және түзету енгізуде ғана пайдаланылады.

Оқушыларға білім беруде жаңашыл технологияларын қолдану инновациялық бағытта жұмыс жасау заман ағымына сай талап етілуде. Бүгінде қоғамның жеке тұлғалы дамыған адамын тәрбиелейтін ұстаз өзінің шығармашылық ізденуі, оқытуда жаңа педагогикалық технологиялар мен инновациялық әдіс-тәсілдерді меңгеруі, кәсіби құзырлығының жоғары деңгейде болуы қажет. Оқушыны білім алуға, оқуға, үйретуге көп мән берілуі керек. Оқушыларды білім алуымен қатар шешендік шеберлігі мен баяндау жүйелілігі қалыптасқан, өз пікірін ашық білдіретін саналы ұрпақ тәрбиелеу керек.

Жаңа технология жүйесінде проблемалық және іскерлік ойын арқылы оқ-ытудың да маңызы зор. Оқушылар әр түрлі проблемаларды талдайды, оның шешу жолдарын іздестіреді. Мұндай сабақтар оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады, пәнге қызығушылығын арттырады, өмірде кездесетін түрлі қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді.

Оқушылардың білім, білік, дағдыларын жетілдіру үшін оқытудың жаңа технологиясы негізінде дифференциалдық және дербес деңгейлік оқыту үшін тұрақты оқулықтар мен оқу құралдары керек деп есептеймін.

Сонымен қатар, жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі ақпарат құр-алдарымен жұмыстана білуіне назар аудару керек. Оқушы қызметін активтендіру негізінде педагогикалық технологиялардың бірі – деңгейлік саралау технологиясының элементін қолдану. Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.

1. Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді.

2. Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориадағы балаларға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

3. Деңгейлеп - саралап оқыту құрылымында білімді игерудің үш деңгейі қарастырылады, ең төменгі деңгейі (базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей, сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс.

Әр сабаққа дайындық – мұғалімнің ізденісінің нәтижесі, сабақты ыңғайына қарай түрлендіре түссе, әр сабақта жаңа әдіс-тәсілдерді қолданса, сабақтың мазмұны ашыл«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»,- деп Президентіміз атап айтқандай сабақты ақпаратты-қатынастық технологияларды қолдана отырып өткізу–жаңа білім берудің басты шарты.

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»,- деп Президентіміз атап айтқандай сабақты ақпаратты-қатынастық технологияларды қолдана отырып өткізу–жаңа білім берудің басты шарты.

Өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге жетеді деп есептеймін. «Мұғалім көп әдісті білуге тырысуы керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек» деп Ахмет Байтұрсынов айтқан. Қазіргі заман талабына сай білім беру мәселесі, сол қоғам мүддесіне сай болуы керек. Қазақтың болашағын тәрбиелеу мен білім беру ісінде әлемдік стандартқа сәйкес білім беруді темірқазық қылып ұстансақ қателеспеспіз деп ойлаймын.









Пайдаланған әдебиеттер

  1. Білім заңы. Алматы, [2007]

  2. С.Т. Мұхаметжанова, Ж.Ә. Жартынова, Интерактивті жабдықтармен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдері. Алматы, [2008,8-10бет]

  3. Педогогика журналы [№2-2009]























































Тіркеу формасы

  1. Кубегенова Гүлнар Сериккалиевна

  2. «№ 15 орта мектебі» ММ

  3. 130000, 14 мкр,55 ғимарат

  4. 28_06_06 e-mail.ru

  5. Білім берудің жаңашыл технологиялары

  6. Инновациялық педагогикалық технологиялар – білім сапасын қамтамасыз ету факторы

  7. Қонақүйде бөлме брондау, ия

  8. Секция отырысында





57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 29.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров168
Номер материала ДВ-391258
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх