Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Документ на тему "Пед. совет баяндама"

Документ на тему "Пед. совет баяндама"

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

«Әулиекөл ауданы әкімдігі білім бөлімінің

2 Аманқарағай орта мектебі »ММ















БАСТАУЫШ СЫНЫП ЖӘНЕ ОРТА БУЫН АРАСЫНДАҒЫ САБАҚТАСТЫҚ

























Дайындаған: Аяпбергенова А.Б. бастауыш сынып мұғалімі





БАСТАУЫШ СЫНЫП ЖӘНЕ ОРТА БУЫН АРАСЫНДАҒЫ САБАҚТАСТЫҚ

Бастауыш сынып пен орта буын арасындағы сабақтастық ол кенже қалған мәселе. Бұл мәселеге аса мән берілмейтін сияқты. Сабақтастықтың болмаған салдарынан бастауыш сатыдан орта буынға жаңа келген оқушылардың білімдері де, тәртіптері де өзгереді, төмендейді.

Қазіргі заманда, әсіресе қарқынды өзгеруіне байланысты кез-келген жағдайда өзін жақсы сезіну, жағдайларға икемделе, бейімделе алу өте маңызды.

Бала кіші мектеп жасынан орта мектеп жасына өтуде психологиялық өзгерістер болады.Өйткені бастауыш сыныпта  оқушы тек бір мұғалімге, бір кабинетке, тұрақты қалыпқа үйренген. Ал орта  сыныпқа келген кезінде балаға бірнеше мұғалімдер сабақ беруі, сабақ кестесінің ауысуы, жаңа сыныптастармен, жаңа мұғалімдермен қарым қатынас жасау, мұның барлығы оқушының оқу мотивациясына әсер етеді. Сондықтан, бүгінгі күнде педагогика, психология, әлеуметтану ғылымдарында  балалардың әлеуметтік-психологиялық бейімделу мәселесі өзекті болып табылады. Оқушылармен жұмыс істеу барысында, ортаңғы буынға ауысқан кезде   оқу және   қарым қатынас  үрдісінде туындайтын мазасыздықтары жоғары, әрі мұғалімдермен  және сыныптастармен қарым- қатынаста қиындықтар пайда болатыны белгілі болды. Сонымен бірге оқудағы жүктеменің және сабақтың бірден көбейіп кетуі балалардың психологиялық денсаулығының нашарлауына әкелді: қорқыныш, үрей, невроз. Орта буын оқуындағы өзіндік  қиындықтар, оқушы психикасының өзгеруіне, эмоционалдық сферасын игерудегі қиналыстар, оқу үлгеріміне, психикалық саулығының төмендеуіне  әсер етеді.Демек,  отбасы және мектепте жағымды психологиялық жағдай тудырып, айналасындағылар  балаға жағымды қолдау көрсетсе  ғана бала бейімделуде қиындықтарды жеңе алатынына еш күмән жоқ деп ойлаймын. Психолог,  педагогтар,  ата-аналармен жұмысты бірлескен іс әрекетте жүргізсе, қиындықтардың азаятынына және балалардың  психологиялық денсаулығын нашарламауын қамтамасыз етеміз деген ойдамыз. Мәселе көп, олар тек  оқу үрдісімен шектелмейді, сонымен қатар мектептегі өмірді ұйымдастырумен қатар, жанұядағы психологиялық атмосфераға да байланысты.Өзін түсіну жолы қиын, өзін тұлға ретінде айқындау,осы уақытқа дейін балаға әсерін тигізетін, ол бірінші кезекте жанұясы, ата-анасынан, өзін басқалардан алшақтатуға қажеттілік туындайды. Сырттай бұл алшақтық – ересектердің сезімдеріне, кез-келген ұсыныстарына қарсы болу, негативизм ретінде көрініс береді. Осыдан ересектермен конфликтіге түседі. Кіші жеткіншек бала өзінің қайталанбас даралығын, өзінің жеке «Менін» тануға тырысады. Кейбір жағымсыз жағдайлар туындауына ішкі дискомфорттың және конфликтіге әкеледі. Кіші жеткіншекте адаптацияның сәттілігі, оның интеллектуалды дайындығына емес, сонымен қатар сыныптастарымен және мұғалімдермен жақсы қарым-қатынасжасай білулеріне, мектеп ережелерін сақтауға, жаңа жағдайларды шеше білулеріне де байланысты.

Адаптацияның қиындықтары туралы келесі белгілер куәландырылады:

Баланың шаршаған келбеті.

Өткізілген күні туралы өз ойымен бөліскісі келмеуі.

Мектеп өңірегіндег әңгімеде  ата-аналарының зейінін басқа тақырыпқа аударып жіберуі.

Үй жұмысын орындағысы келмеуі.

Мектеп, мұғалімдер мен сыныптастар атына жағымсыз мінездеме беруі.

Мектеппен байланысты жағдайларға шағымдануы.

Тынышсыз ұйықтауы.

Таңертең қиын оянуы.

Өзінің көңіл-күйінің болмауын айтуы,өзін-өзі үнемі салғырт сезінуі.

Адаптация процесінің аяқталмаған жағдайында, бұл адаптацияның сәтсіздігі, яғни, дезадаптация дейміз, өмірдің әртүрлі жағдайларын шеше алмау белгісі.

Осы орайда біздің жалғыз міндетіміз бастауыш сыныптан орта буынға өткен оқушылардың сәтті оқуына жағдай жасаумен қорытындыланады. Ең бастысы – орта мектепте баланың адаптациялық жағдайына көмектесу, оның әрі қарай дамуын, оның психологиялық саулығын қамтамасыз ету.

Осыны түсіну үшін балаға қандай көмек қажет екенін,  ол қандай қиындықтармен кездесетінін, қазіргі жағдайда қандай мәселелер орын алып тұрғанын білу маңызды.  Оқу әрекетінде, сабақта, балалардың жұмыс істеу әдісі ғана әр түрлі емес, сонымен қатар жауап беру мәнері, сабақтағы белсенділік деңгейінің біркелкі еместігі, шаршау деңгейлері  де әртүрлі екендігі белгілі. Қоршаған адамдардың күтуіне сай келмеуі үнемі қорқынышқа әкеледі, қабілетті бала да өзінің мүмкіндігін қажетті деңгейде көрсете алмайды.

Қиыншылықтар мен мұғаліммен қарым-қатынас жасаудағы қорқыныштар барлық 5 –сынып оқушыларының үштен бір бөлігі мен жартысы сезінеді.  Ал  ата-ана өз тарапынан, баланы «баға үшін» оқуға бағыттау арқылы, өз күшіне сенімсіздік тудырып, жағымсыз бағаға қобалжуы, мектепшілік қорқыныштың туындауына итермелейді. Сондықтан, барлығында туындайтын:  5- сынып оқушыларына қалай көмектесу керек деген сұрақтың себебі белгілі.

Жылдан жылға оқушылардың бастауыш сыныптан орта буынға бейімделу кезеңі өзекті мәселе болып туындайды.Оқушылар мектепке, мұғалім талабына, сыныптастарына үйренсе де, бейімделу проблемасы бар. Сондықтан бейімделуге дайындық жұмысты төртіншіде бастап, бесінші сыныпта жалғастыру қажет.

Бастауыш сыныптың түлегінің орта буындағы оқуы табысты болу үшін,  бейімделу кезінде  балаға көмектесу оны психологиялық жағынан дайындау  мақсатында мектебімізде бастауыш сынып пен орта буын сабақтастығындағы  жұмыс жүргізуде апталық  өту қажет.Апталықты өткізудегі міндет:Орта мектепке бейімделу кезінде балаға көмектесу, оны психологиялық жағынан дайындау.

Бастауыш сыныптың сабағына қатысуы, күнделікті ұстауларын бақылау ;

*       Ата-аналарымен танысуы;

*       Болашақ пән мұғалімдерімен класс жеттекшілері анықталып, әр пәннен сабақ өткізу, сабаққа қатысу

*        Бастауыштағы сынып жетекшісімен оқушылар туралы мәлімет алу бағытында пікір алмасу;

*        Психолог тарапынан әр оқушының жеке даму деңгейіне байланысты психологиялық - педагогикалық мәліметтер алу.

1 . Мұғалімдермен жұмыс

•          5 сыныпқа сабақ беретін педагогтардың тізімін құру;

•         Орта буын мұғалімдеріне әр оқушының жеке даму деңгейіне байланысты мәліметтер беру;

•         Педагогтармен бастауышпен сабақтастығында  апталық  ұйымдастыру , ортақ мәселелерді талқылау.

•         Пед консилиум өткізу

Жұмыстың нәтежесінде

1.Бастауышпен орта буын сабақтастығындағы жұмыс жүргізудегі апталық  барысындағы пән мұғалімдері өзара пікір алмасады.

2.Орта буында кездесетін қиындықтар және оны жеңу жолдары туралы өз ойлары айтылып, әр түрлі әдіс-тәсілдер ортаға салынды

3. 5 сынып оқушылары орта буынға жақсы бейімделді.

































Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-237554
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>