Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыДокумент на тему "Семинарлар"

Документ на тему "Семинарлар"

Скачать материал

№2 Аманқарағай орта мектебі

 

 

 

 

Описание: ЛОГОТИП 12летка

 

 

Тақырыбы:    12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА ЖАҢА ТҰРПАТТЫ БАСТАУЫШ МЕКТЕП МҰҒАЛІМІН ДАЙЫНДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

 

 

Бастауыш сынып мұғалімі: Аяпбергенова А.Б

12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА ЖАҢА ТҰРПАТТЫ БАСТАУЫШ МЕКТЕП МҰҒАЛІМІН ДАЙЫНДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ


Жас ұрпаққа сапалы білім мен ұлғатты тәрбие беру, өміріне жолдама алуына барлық жағдай жасау үшін білім беру ісін әлеуметтендірудің маңызы зор. Қазіргі уақытта мектеп реформасына көптеген бір жақты өзгерістер енгізіліп, мектеп ісінің ішкі – сыртқы жүйесі түгелімен өзгеріп келе жатқаны белгілі.
Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасына сәйкес 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу жағдайында жас ұрпаққа білім беру ісінде оның жеке даралық ерекшеліктеріне мейлінше мән бере отырып, оқушылардың мектепте алған білімдері олардың бүкіл өмірлік азығы болатындай етіп білім беру, оны өмірге дайындау, мамандық таңдауға бағыттау мәселесі бүгінгі жаңа қоғамның білім саласындағы кезек күттірмейтін ауқымды мәселелер қатарында тұр.

12 жылдық білім беруге көшу:
1. Қазақстандық білім жүйесін реформалауды;
2. Шығармашылықпен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық үлгіні жасауды;
3. Жалпыға арналған біліммен «білім әркімге өмір бойы» үлгісіне саналы түрде көшуді;
4. Әлемдік білім кеңістігіне жедел енуді қамтамасыз етеді.
Бүгінгі күн талабының мектеп реформасына 12 жылдық білім беруге көшу мәселелерінің ерекшелігі сол – 12 жылдық білім беру орталығы ғалымдарының зерттеулері бойынша жаңа қоғамдық формациядағы мектеп пен мұғалімдер алдында тұрған негізгі мәселелер. «Баланы оқуға қалай үйретеміз?», «Ойлауға қалай үйрету керек?» деген сұрақтарға жауап табатындай білім нәрін беруге бағытталып отыр.

Мектеп мұғалімдерінің әдістемелік шығармашылық дамытуында педагог мамандардың біліктілігін жетілдіру жүйесінде ұйымдастыруды олардың кәсіби құзырлылығы негізінде жүзеге асыру қажеті туындайды.Құзырлылық тәсіл идеясы қоғамға қандай,  жеке тұлғаға қандай білім қажет екенін, ол қоғамның қандай қажетін өтей алатынын білуден басталады.   Құзырлылықты қалыптастыру білімнің көптігімен емес, сол білімді қолдана білуімен маңызды.

ҚҰЗЫРЕТТІЛІК – нақты өмірлік жағдайда адамның  жасайтын әрекеттер кешені.

Мынадай жағдайды еске түсіруге болады:: Анасы мектептен келе жатып баласынан сұрайды:

-         "Бүгін сен сабақта нені үйрендің?" Баласы іскерлік түрмен жауап береді:

-          "Бүгін ештеңені үйренгенім жоқ. Сабақ бойы тек мұғалім сөйледі".

Мұнда 2 жағдай көрсетіліп отыр: мұғалім барынша еңбек етуде: сөйлейді, жазады, талдайды, пайымдайды, салыстырады, қорытынды жасайды және бағалайды.

Ал – оқушылар бақылаушылар түрінде қатысады, бірақ оқу үрдісіне қатыспайды, олардың қатысу белсенділігі тек тыңдаумен ғана шектеледі. Ал заманауи сабақта , практикалық оқу жұмысын жоспарлау мен ұйымдастырудағы  негізгі  элементі оқушы болғанын талап етеді.
         Мұғалім - ұйымдастырушы, жоспаршы, режиссер және бірге қатысушы. Оқу деп аталатын пьесадағы басты әрекеттегі тұлға - оқушы.

  Қазір ғылымдағы,техникадағы,білім берудегі жаңалықтар заманы.Егеменді елімізге шығармашылықпен ойлай алатын,

дәстүрден тыс шешім қабылдап,басқа жағдайға өз білімін көрсете алатын оқушы керек.

      Бірізді қалыпқа түскен тапсырмалар оқушының оқуға деген қызығушылығын жоғалтып,ойлау мүмкіндігін шектеп келеді.Ол қиялдау,салыстыру,дәлелдеу әрекеттеріне тұсау болды.Бірақ осы қиыншылықтардан қалай құтылу керек?

       Мұғалім балаға сабақта өздігінен жұмыс жасауға мүмкіндік бермесе,ал балада жасаған жұмысының нәтижесіне қанағаттану сезімдері болмаса,өз ортасында қолынан нәтижелі іс келгеніне қуаныш сезімі ұяламаса,ешқашан сабаққа,пәнге қызығушылық болмайды.

      Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту тапсырмаларын орындауда үлкендердің басшылығы өте қажет.Баланың өз жұмысының нәтижесін талдап,оны бағалауға өрісі жете бермейді.Сондықтан балаға ата-ана,мұғалім бағыт-бағдар беріп,төзімділікпен,мейірімділікпен көмектесу керек және баланың қандай қате жауабы болса да,тапсырманы толық орындай алмаса да,түсінуге тырысқан жөн.Бұл баланың пікірін,

жеке басын сыйлау болып табылады.Алдымызға «жауаптың бәрі дұрыс» деген мақсат қоя білуіміз керек.Баланы өз бетімен білім алуға үйрету – ұстаздың басты парызы.

Мектеп – қазыналар қоймасы, олардың қоймада болуына мұғалім жауап береді. Қоймаға кірген оқушы өз қалтасын қазынамен өзі толтырады, мұғалім оқушының қалтасына қазынаны өзі тықпайы және шекарашы рөлінде болуы тиіс емес. Оқушының өзі сабақта қанша байлық алып кететінін, қанша алып кете алатынын өзі шешеді және қанша байлық алғанын өзі бағалайды.

 

  Оқушы жауабын қисындық ойлау призмасы арқылы ғана бағалау. Бұл кезеңде оқушылардың шығармашылық ойлауды көрсетуі құнды болып табылады. Бұндай шығармашылық түйіршіктерді мұғалім жіберіп алмағаны жөн (Қисындық ойлау және шығармашылық ойлауды салыстыру кестесін қарау).

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес, жалпы адамзаттық қадір – қасиеттердің мән – маңызын түсінетін жаны да, тәні де таза, білімді, жан – жақты мәдениетті, патриот – азаматтар болуын тәрбиелеуге міндеттіміз», - деп атап айтты. Ендеше осындай ұлы істе жеке тұлғаның жан – жақты өсуіне бір кісідей ат салысайық.
Сонымен, қорыта айтқанда, 12 жылдық білім беру жағдайында педагог – бұл қай кезде де, ең алдымен, кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол – оқытудың жаңа технологияларын өмірге енгізуге дайын, оқу – тәрбие ісіне жанашырлық танытатын, қоғамның ең озық бөлігінің бірі. Оқу – тәрбие үрдісінің мазмұнына және ұйымдастырылуына комплексті тұрғыда қарайтын, зерттеушілік ыңғайға бейім, теория мен практика іс - әрекетін біріктіре білетін, өмірлік құндылық қағидалары – адамгершілік, ізгілік еңбекқорлық, парасатты мінез - құлық қасиеттерді бойына сіңірген ұстаз.

«Білекке сенген заманда – ешкімге есе бермедік,
Білімге сенер заманда,
Қапы қалып жүрмелік» - деген ұлы көреген Абылайханның ой – тұжырымы қазіргі уақыттағы еліміздің білім беру кеңістігіндегі көтеріліп отырған мәселелерді шешуге батыл кірісу қажет екендігіне әкеліп соғады.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

семинар

Семинардың тақырыбы

«Жаңа білімге заманауи көзқарас»

Мақсаты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күн тәртібі

 

 

Әріптестерге бағдарлама бойынша теориялық мағлұмат беру, кеңесу, әріптестердің жаңа әдіс-тәсілдерге көзқарастарын көру.

Оқыту семинарының барысында Үшінші (негізгі) деңгейлік 3 айлық курс бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырып,  мастер-кластар жүргізу.

 

 

 

 

1*Теориялық бөлім:

бағдарлама идеяларын ашып көрсету, түсіндіру.

2*Практикалық бөлім:

Топқа бөлу стратегиясын түсіндіру

*Рефлексия: Екі жұлдыз, бір тілек әдісі бойынша семинарға баға беру

 

Мұғалім іс-әрекеті

Әріптестердің іс-әрекеті

1

Кіріспе сөз. Тақырыппен таныстыру

 

2

«Мұғалім не үшін өзгеру керек?» –ой салу, әріптестердің жауабын күту.

Сұраққа толық-қанда жауап беру.

3

«Мұғалімдер неліктен өзгеру керек» үлестірме қағаз тарату

Мұғалімнің берген үлестірме парағымен өз ойларын салыстыру

4

«Әлем өзгереді-без де өзгереміз» бейнематериал көрсету

Бейнематериал бойынша негізгі ойды түйіп алу

5

І. Теориялық бөлім:

бағдарлама идеяларын ашып көрсету, түсіндіру.

Бағдарламаның идеяларын талдау, білімге деген көзқарасты өзгерту керектігін, заман талаптарының күшеюі туралы ой қозғау, талдау.

6

ІІ. Практикалық бөлім:

Топқа бөлу стратегиясын түсіндіру.

Оқушы, ата-ана, мұғалім, мектеп топтарына бөліну.

7

Топ ережесін айқындау

Бірлесе отырып топ ережелерін анықтау, белгілеу.

8.

Топтың атына сәйкес ұранын анықтау.

Оқушылар тобының ұраны: «білімді оқушы-мұғалімнің нәтижесі, санасыз оқушы-мұғалімнің еңбегінің бекершілігі»

Мұғалімдер тобы: «мұғалім мектептің ұйтқысы, негізгі қозғау механизмі»

Ата-аналар тобы: «баланың адамшылығы ата-ана тәрбиесінен басталады»

Мектеп тобы: «Мектеп-кеме, білім-теңіз, теңізде жүзіп жүрген кеменің үнемі жолы болғай»

9

Мағынаны ашу, сыни көзқарас қалыптастыру «Мінсіз...»  (мінсіз оқушы, ата-ана, мұғалім және мінсіз мектеп бейнесін көрсету»

Флипчартта мінсіз «бейнесін» кескіндеу, қорғау.

10.

Қорытындылау: Сухомлинский  сөзі:    “Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым–шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады”

Қорытынды ой: әріптестердің сөзі

11

Рефлексия: Екі жұлдыз, бір тілек әдісі бойынша семинарға баға беру

Стикерлерді толтырып, тақтада тұрған тілектер мен ұсыныстар кітабына жабыстырады.

12

Қосымша материалдар

Бейнефильм «Әлем өзгереді, біз де өзгереміз», топқа бөлу парақтары, «тілектер мен ұсыныстар» кітабы.

 

 

 

 

 

                                                                                                                  

      

        

І. Теориялық бөлім:

Бағдарлама идеяларын ашып көрсету, түсіндіру.

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің Халықаралық Кембридж Университетінің емтихан кеңесімен өзара жинақтаған тәжірибесін еліміздегі жалпы білім беретін мектептерге тарату туралы Елбасының тапсырмасын (2011 жылдың 18-сәуіріндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысы) жүзеге асыру мақсатында 2011 жылы Педагогикалық шеберлік орталығы құрылды (ары қарай – ПШО).

Жарғыға сәйкес, педагогикалық шеберлік орталығы қызметінің басты мақсаты Қазақстан Республикасының педагогика саласы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, сонымен қатар Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептеріне Назарбаев Зияткерлік мектептері мен шетелдік озық педагогикалық тәжірибелерді тарату болып табылады.

ПШО қазақстандық және халықаралық серіктестерімен бірге Қазақстан Республикасының педагогика саласы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру  курсының деңгейлік бағдарламаларын құрастырды (бірінші (жетілген), екінші (негізгі), үшінші (базалық).

Деңгейлік бағдарлама мазмұнының басым бағыттары негізінде өзекті тақырып аумағында келесі модулдер анықталды:

 

 Суреттегі аударма: бірінші (жетілдірілген), екінші (негізгі), үшінші (базалық).

1.    Білім беру мен оқытудағы жаңа тәсілдер

2.    Сыни ойлауға оқыту

3.    Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау

4.    Білім беруде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану

5.    Талантты және дарынды балаларды оқыту

6.    Оқушылардың жас ерекшеліктері қарай білім беру және оқыту

7.    Оқытудағы жетекшілік пен көшбасшылық

Деңгейлік бағдарламаны жүзеге асыру аясында оқыту-әдістемелік материалдар құрастырылды. Оның өзегі:

·         Курс алдында берілетін тапсырмалар

·         Жаттықтырушыға арналған жетекшілік құралдар

·         Мұғалімге арналған жетекшілік құралдар

·         Мектептегі практика кезінде орындауы тиіс тапсырмалар

·         ПШО білім порталындағы құрылымдық оқыту материалдары.

Барлық материалдар үш тілде қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде шығарылады және ПШО сайтына орналастырыладыwww.cpm.kz.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 ж. 29-желтоқсандағы №1440 Қаулысына енгізілген толықтыруларға сәйкес «Мемлекеттік бюджет есебімен қамтамасыз етілетін азаматтық қызметкерлердің, ұйым жұмысшыларының, қазыналық кәсіпорын жұмысшыларының еңбекақысын төлеу жүйесі туралы»  (Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1424 қаулысы) бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беруде оқыту бағдарламасын жүзеге асырушы, ДББҰ бағдарламасы бойынша біліктілікті көтеру курстарын өткен, сәйкестік деңгейіне сай сертификаттар алған: 3-деңгей - лауазымдық еңбекақысына 30%, 2-деңгей - лауазымдық еңбекақысына 70%, 1-деңгей -  лауазымдық еңбекақысына 100% қосымша ақы тағайындалады.  

2013 ж. 4-қаңтардағы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрінің №1 бұйрығымен «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ оқыту бағдарламаларына сәйкес үшінші (базалық), екінші (негізгі), бірінші (жетілдірілген) деңгейлері бойынша біліктілік көтеру курстарына педагогикалық кадрларды қабылдау мен таңдау шаттары нақтыланған  педагогикалық кадрлар біліктілігін көтеруді ұйымдастыру жөніндегі нұсқау бекітілді.

Бұл нұсқау деңгейлік бағдарламаларды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын анықтайды: 

3-деңгей бойынша дайындық – ПШО мен оның филиалдары, «Өрлеу» Ұлттық біліктілікті көтеру орталығы» Акционерлік қоғамы (ары қарай – «Өрлеу» ҰБКО» АҚ) және оның филиалдары;

2-деңгей бойынша дайындық - ПШО мен оның филиалдары, «Өрлеу» ҰБКО» АҚ;

1-деңгей бойынша дайындық - ПШО мен оның филиалдары. 

Деңгейлік бағдарламаларды ұтымды жүзеге асыру және Зияткерлік мектептер тәжрибесін тарату үшін қалаларда ПШО 16 филиалы ашылды: Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавловск, Семей, Талдықорган, Тараз, Орал, Өскемен және Шымкент.

Қазақстан Республикасының педагогика саласы қызметкерлерінің деңгейлік бағдарлама негізіндегі біліктілікті көтеру курстарында оқыту құқығына ПШО Кембридж Университеті эксперттері дайындаған және Халықаралық Кембридж емтихан кеңесі - «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ сертификаты бар жаттықтырушылар ие. Көрсетілген уақыт аралығында үшінші (базалық) деңгей бойынша 304 жаттықтырушы, екінші (негізгі) деңгейі бойныша 165 жаттықтырушы, бірінші (жетілдірілген) деңгей бойынша 133 жаттықтырушы дайындықтан өтті. 237 жаттықтырушы Халықаралық Кембридж емтихан кеңесінің сертификатын алды.

Деңгейлік бағдарлама негізінде оқытылған педагогтардың кәсіби желілік қауымдастығы қызмет ететін бірыңғай ақпараттық-білім кеңістігін құру мақсатында ПШО сайты құрылды. 2013 ж.сәуір айындағы көрсеткішке сәйкес бүгінде сайтқа 10 600 қолданушы тіркеліп, 169 575 қонақ кірген, жалпы бір күндегі орта есеп – 3 218 қолданушыны құрайды.

Сайтта мұғалімдердің күнделікті қызметте кездесетін кәсіби мәселелер ағынымен бөлісуіне, талқылауына арналған форум бар. Форум жұмыс істегелі 61152 хат жазылып, 6038 тақырып талқыланған. 

ПШО сайтының порталында www.cpm.kz қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде деңгейлік бағдарламаға дайындалулары үшін оқыту-әдістемелік кешен орналастырылған, оны тіркелген әр қолданушы еркін түрде қолдана алады.

ПШО Кембридж университетінің білім Факультетімен бірге Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат Министрлігінің ақпарат және мұрағат Комитетінде 2012 ж. 08 маусымында № 12804 – Ж тіркелген қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ақпараттық-әдістемелік «Педагогикалық диалог» журналын шығарады. 

Журналды шығарудағы мақсат - Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептеріне Назарбаев Зияткерлік мектептері мен шетелдік озық педагогикалық тәжірибелерді тарату.

Журналды шығару жиілігі үш айда 1 рет.

Есеп беру айналымындағы уақыт аралығында ПШО республика мұғалімдерінің біліктілігін көтеру жөніндегі қазақстандық-британдық жобаның жүзеге асырылуы туралы екі фильм әзірленді, сонымен қатар атауы ортақ «Әлем өзгереді – біз де өзгереміз» атты Қазақстан Республикасының педагогика саласы қызметкерлерінің біліктілігін көтеру курсының тыңдаушыларының пікірлері жазылған эсселердің екі жинағы жарық көрді.  

 

 

 

 

ІІ. Практикалық бөлім:

Топқа бөлу стратегиясын түсіндіру.

 

            1.Оқушылар тобының ұраны: «білімді оқушы-мұғалімнің нәтижесі, санасыз оқушы-мұғалімнің еңбегінің бекершілігі»

2.Мұғалімдер тобы: «мұғалім мектептің ұйтқысы, негізгі қозғау механизмі»

3.Ата-аналар тобы: «баланың адамшылығы ата-ана тәрбиесінен басталады»

4.Мектеп тобы: «Мектеп-кеме, білім-теңіз, теңізде жүзіп жүрген кеменің үнемі жолы болғай»

 

   

                      

 

 

 

 

 

Мағынаны ашу, сыни көзқарас қалыптастыру «Мінсіз...»  (мінсіз оқушы, ата-ана, мұғалім және мінсіз мектеп бейнесін көрсету» Флипчартта мінсіз «бейнесін» кескіндеу, қорғау.

 

                                                   

 

                          

                     

 

 

 

 

 

 

Қорытынды:

Сухомлинский  сөзі:    “Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым–шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады”

Рефлексия: Екі жұлдыз, бір тілек әдісі бойынша семинарға баға беру

Стикерлерді толтырып, тақтада тұрған тілектер мен ұсыныстар кітабына жабыстырады.

 

 

            Осы орайда, семинарға қатысушылар келесі семинарды аталған мәселелердің шешімін табуға бағытталса деген ұсыныс білдірді. Семинар жұмысын қортындылай келе, келесі семинардарды мұғалімдердің сұраныстарына қарай ПШО (педагогикалық шеберлік орталығы)  деңгейлік курстан өткен екі мұғаліммен бірлесіп өткізу жоспарланды. Ертеңгі күннің еншісі – бүгінгі ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне төгілген тердің өлшемімен таразыланатынын ескерсек, барлық үміт өздеріңізде, құрметті ұстаздар!

 

Семинардың тақырыбы:  «Жаңа ғасырдағы білім беру технологиялары және оны оқу-тәрбие үрдісіне енгізу жолдары»

Күні: 06.11.2014ж

Уақыты: 10-00

Өтілетін орны:   И.Сьянов атындағы орта мектебі

Қатысушылар: аудан мұғалімдері.

Жауапты мұғалім: Аяпбергенова А.Б. 3-деңгей мұғалім

Мақсаты: Оқытудың жаңа әдістерімен танысу

Күтілетін нәтижелер:

 Мұғалімдер1.Оқытудың жаңа технологиялары туралы білімдерін жүйелейді

2.Топтық жұмыстарды ұйымдастыруды үйренеді;

3. «Кафе» , «Жәшіктегі сұрақтар» стартегиясын меңгереді;

 4.Топ ішіндегі бағалау туралы түсінік алады.

Ресурстар: флипчарт, маркер,бағалау парақтары, открытка,  жапсырғыш, рефлексия парақтары, тараптпа мәтіндер.

 Семинардың жоспары:

I.Ұйымдастыру

Кіріспе.

Семинардың тақырыбы мен мақсаты, күтілетін нәтижелері мен жоспары айтылған соң, мұғалімдерге Шопеннің « Весенний вальс» музыкасының сүйемелдеуімен « Көбелек»  презентациясы көрсетілді». Бұл презентация арқылы ұстаздардың назарын тақырыпқа қарай аудару, ой тудыру мақсаты қойылды.

1.       «Көбелек»  презентациясы

 ІІ.Теориялық бөлім

Презентация  «:  «Жаңа ғасырдағы білім беру технологиялары және оны оқу-тәрбие үрдісіне енгізу жолдары»

ІІІ. Практикалық бөлім

1.Топ жұмысын ұйымдастыру;   А) топтарға бөліну;

Ә) топ міндеттерін бөлу;

         Б) топ ережесін құрастыру және қорғау;

Сергіту сәті « Ән жыры»

 

2.      «Кафе» стратегиясы бойынша  жұмыс

А) «Жаңа технологиялар» мәтінін жеке оқу (5минут)

Ә) Мәтінді топ ішінде талқылау  (3минут)  

Б) Постер құру (5 минут)      

В) Әр топ мүшелері басқа топтарға барып «кафе меңгерушісінің» баяндамасын тыңдайды, өздерінің мәліметтерін қосады.

 

3.      « Жәшіктегі сұрақтар» стратегиясы

Әр топтан бір мүшесі жәшікке кіріп сұрақтарға жауап береді, қате жіберген жағдайда жәшіктен шыға алмайды. Бірақ өзінің топ мүшелері қолдау көрсетіп, сұрақтарға жауап беріп  жәшіктен шығара алады.

 4. Көшбасшы арқылы бағалау

IV.Рефлексия.

Сұрақтарға жауап беру

V.Семинардың қорытындысы. Сабақ - оқытуды ұйымдастырудың негізгі түрі. Демек, әрбір сабақ - оқу үрдісіндегі шешуші буын, сондықтан ол- оқытуды жетілдіру, қажетті түрлендірулер мен мақсатты нәтижеге жетуді ойластыратын орталық, сонымен бірге жоғары шеберлікті үнемі қажет ететін, дамуды керек ететін, даму үстіндегі сапалы оқуды іздестіретін үрдіс. Осыған орай, оқыту барысында әр түрлі педагогикалық технологиялары жасалып, мектеп практикасына енгізілуде.

Пайдаланған әдебиеттер:

Жұмыс әдістері Мұғалімге арналған нұсқаулық 78-79бет

2_L2W1D1_«Не үшін ынтымақтастықта және өзара әрекеттесіп жұмыс істеу қажет» таныстырылымы

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ ҚОЛДАНУ АСТАРЛАРЫ

Суранчиева З.Т. – аға оқытушы, Өтелбаева А.Қ.– оқытушы, 

(Алматы қ., ҚазмемқызПУ

 

 

Семинардың практикалық бөлімінде открыткалар қиындылары арқылы 3 топқа бөлінген мұғалімдер топ ішінде қызметтерін бөле отырып, топ ережелерін құрды. Содан кейін әр топ баяндаушы арқылы жұмыс нәтижелерін ортаға салып бөлісті.  

       

  Қорытындысында жалпы жұмыс ережелері қабылданып, тақтаға жазылды.

Ендігі кезек топ ішінде өзара оқыту «Кафе» стратегиясын меңгеруге келді. Әр топ мүшелеріне тақырыпқа байланысты  «Жаңа педагогикалық технологиялар» атты мәтіндер таратылып,  5 минут оқуға уақыт берілді.

               

Мұғалімдер мәтінмен танысу сәтінде

    

     Келесі 8 минут оқылған  ақпаратты топ ішінде талқылап, постер құруға арналды.

        Топтық тапсырманы орындағаннан кейін әр үстел басында  «кафе меңгерушісі» қана қалып,  топ мүшелері басқа топтарға (кафелерге) « қонаққа барды» . Әр «кафе меңгерушісі» (баяндаушы) келген басқа топ мүшелеріне өздерінің жасаған постері бойынша тақырыпты түсіндірді, содан кейін келген қонақтар өздері тақырып бойынша айтылмаған мәліметтерді қосып, постерге жазды. Бұл стратегия бойынша жұмыс жасағанда мұғалімдердің белсенділігі жоғары болғаны байқалды. Олар  оқуға ұсынылған мәтінде болмаған мәліметтерді қосып отырып, өздерінің тәжірибелері туралы қызыға пікір алмасты.Сонан соң  оларға постерлерінің қаншалықта өзгергенің , қандай ақпаратпен толғанына назар аударып, талқылау ұсынылды.

              «Кафе» стратегиясы                                         

 «Кафе» стратегиясы бойынша алған мәліметтерді бекіту мақсатында,  «жәшіктегі сұрақтар» стратегиясы қолданылды. Әр топтан бір мүше кезекпен шығып ортаға қойған үлкен жәшікке еніп, басқа топ мүшелері тақырыпқа байланысты қойған сұрақтарына жауап берді.

             «Жәшіктегі сұрақтар» стратегиясы

 Әр топ жұмысы лидер арқылы бағаланды.  Бағалау критерийлеріне белсенділік, топ ішінде міндетін атқару деңгейі, ұйымшылдық енгізілді. Осы кезде мұғалімдер критериалды бағалаудың  қаншалықты маңызды екенін айта кетті.

   

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Документ на тему "Семинарлар""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Менеджер бизнес-процессов

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 271 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.12.2015 1949
    • DOCX 1.6 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Аяпбергенова Алмагуль Бахитжановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 49848
    • Всего материалов: 20

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания информатики в начальных классах с учетом ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 284 человека

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 64 человека из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 351 человек

Курс повышения квалификации

Возрастные особенности детей младшего школьного возраста

36 ч.

1700 руб. 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 127 человек из 50 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 091 человек

Мини-курс

Фундаментальные принципы здоровья и двигательной активности

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методология физического воспитания

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологические основы профессиональной деятельности педагога-психолога

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе